Батыс Қазақстанның шикізаты

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км2, тұрғындары 617,6 мың адам (1999). Әкімш. жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімш. ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Сурет1. Батыс Қазақстанның шикізат мөлшері

батыс Қазақстанның шикізаты - student2.ru

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км2-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.

Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты, “Металлист”, “Зенит”, “Металл өңдеу”, “Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комбинаты, сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн. га (1997).

Өсiмдiктен алынатын шикiзат базасында емдiк препараттар өндiрiсiн одан әрi дамыту дәрi-дәрмек алудың осы заманғы технологияларына көшпейiнше атап айтқанда:

эфир майларын өндiру;

көмiрқышқыл экстрактiлерiн өндiру;

криопрепараттар өндiру мүмкiн емес.

Қазiргi уақытта эфир майларының орнықты рыногы қалыптасып отыр, оның жалпы тенденциясы - өнiмге деген тұрақты сұранымы. Эфир майларының аса iрi тұтынушылары фармацевтiк саламен қатар парфюмерлiк және тамақ өнеркәсiбi болып табылады. Эфир майының әлемдiк рыноктағы 1 кг-ның бағасы оның түрiне қарай 1,6-дан 3990-ға дейiнгi АҚШ долларын құрайды. Халықаралық саудада эфир майының 200 түрi бар. Сату көлемi бiрнеше килограмнан 10 мың тоннаға дейiн және одан жоғары деңгейге ауытқып тұрады. Әлемдiк өндiрiстiң жалпы деңгейi 40 мың тоннаға жуық. Оның 40 проценттейi америка континентiнiң үлесiне тисе, Азия елдерiнiң үлесi 30 процентке дейiн, қалғандары Африка, Австралия және Океания мемлекеттерiнiң үлесiнде.

батыс Қазақстанның шикізаты - student2.ru

Бұл өнiмдi көтерме сатып алушыларға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР жатады. Соңғы 10 жылда эфир майларының импорты Еуропа мемлекеттерiнде 2 есе, АҚШ-та 2,5 есе, Жапонияда 1,5 есе өскен. Бұрынғы КСРО аумағында эфир майын шығаратын және плантациялық шикiзатпен жұмыс iстейтiн 40-тан аса кеңшар-зауыттар болған. Алайда сол кездiң өзiнде бұл өнiмге деген сұраным 40 процентке ғана қанағаттандырылды. Қазақстан Республикасында таяу уақытқа дейiн эфир майлары мен көмiрқышқылды экстрактiлерiнiң өндiрiсi болған жоқ. Қазiргi кезде Қазақстанда меншiк түрлерi әртүрлi бiрқатар кәсiпорындар эфир майлары негiзiнде жаңа дәрi-дәрмек препараттары өндiрiсiн игерiп үлгердi. Қазақстанның эфир майларына деген iшкi сұранымы үлкен емес, бiрақ шет елдер оны жылына 60 мың литр мөлшерiнде сатып алуға дайын. Сөйтiп, эфир майларының өндiрiсiн құру негiзiнен республика үшiн басқа фармацевтiк жобаларды жүзеге асыруға соншалықты қажет валюта табу мақсатында экспортқа бағытталған.

Алайда эфир майының мұнша мөлшерiн алу үшiн орта есеппен 6000 тоннаға дейiн шикiзат өңдеуге тура келедi. Мұнша мөлшердегi жабайы өсетiн шикiзатты дайындауды және өңдеудi ұйымдастыру экономикалық жағынан да, экологиялық тұрғыдан да тиiмсiз, сондықтан эфир майы дақылдарының плантациясын құру қажет.

Медициналық препараттар алу үшiн дәрiлiк өсiмдiктердi өңдеу базаларын құрған кезде экологиялық таза аудандардың шикiзатын пайдалануға баса ден қойылады. Алайда оны дайындау, сақтау және өңдейтiн жерге тасымалдау көбiне-көп экономикалық тиiмсiз болып табылады. Осыған байланысты жабайы өсетiн шикiзатты жинаудан гөрi оны плантациялық өсiруге және қазақстандық ғалымдар жасаған қалдықсыз технологияны пайдалана отырып эфир майын алатын жылжымалы шағын зауыттар құруға көшу пайдалы. Осы технология бойынша өңделген өсiмдiк шикiзатынан азықтық витаминделген ұн алынады.

Жылжымалы эфир майы зауытының негiзгi технологиялық модулi КрАЗ автомобилiнiң шассиiне орнатылған өнiмдiлiгi бiр ауысымда (8 сағат) 4-5 литр эфир майы болатын бу генераторлы қондырғы болып табылады. Жобаның есептiк құны 25-30 мың АҚШ доллары. Өтем мерзiмi 1-1,5 жыл. Осы зауыттардың өндірісін, сондай-ақ дәрілік шикізатты өңдеу, жинау және ұқсату үшін мамандандырылған басқа да техникалар осы өнімдерді шығаруға барлық мүмкіндігі бар Қазақстанның конверсиялық кәсіпорындарында жолға қойылуы қажет.

Сонымен қатар өсiмдiктiң бұл түрлерiн өңдеу үшiн Алматы облысында жалпы өңдеу көлемi жылына 400 тонна шикiзат болатын және 4000 литр эфир майын алатын үш қондырғыдан тұратын тұрақты өңдеу кешендерiн құру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының аумағында эфир майы бар 450-ден астам өсiмдiк түрлерi анықталған, олардың 68-i өзiнiң жоғары эфир майымен және мол құрамды бөлiгiмен ерекшеленедi. Эфир майының құрамы 1 проценттен асатын 38 түр анықталған. Эфир майлары өндiрiсiн құрудың бiрiншi кезеңiнде эфир майлы дақылдардың құраушы бөлiгi құнды мына түрлерi таңдалынған: киiкоты, Бунге зизиформасы, лимон мелиссасы, ақ топырақ жусаны, ақбас жусан. Алдағы уақытта, ұзақ мерзiмдiк кезеңде, Қазақстан Республикасы Ғылыми министрлiгi - Ғылым академиясының ХҒИ Өсiмдiктер химиясы лабораториясында және "Вита-Вент" ШҒЕК - да жасалған негiзбен Қазақстанда аршадан, самырсыннан, жусаннан, тас шөптен, құлмақтан, шалфейден, иссоптан, андыздан, түймедағынан, шышадан және т.б. жалпы саны 50-ден астам атаудағы эфир майын өндiрудiң нақты мүмкiндiгi бар.

Көмiрқышқылды экстракция - шығымдылығы жоғары (2 процентке дейiн) және өз бетiнше тиiмдi дәрiлiк зат болып табылатын аралық өнiмнiң жоғары биологиялық белсендiлiгiмен сипатталған эфир майын алудың тәсiлi. Бұл технологиялық процесс жоғары экологиялық тазалығымен сипатталады.

Көмiртегiнiң сұйық қос тотығының сұрыпталушылығы мен жоғары диффузиялық қасиетi көмiрқышқылды экстрактiлердiң қасиетi мен құрамын реттеуге мүмкiндiк бередi. Бұл орайда алынатын биологиялық активтi заттар (БАЗ) табиғи ортада болады және витаминдерге, провитаминдерге және карантиноидтерге бай болады, ол көмiрқышқылды экстрактiлердiң тканьдарды радионуклеидтерден қорғайтын биокатализаторларға жақындата түседi.

Реактор көлемi 100 кг болғандағы көмiрқышқылды экстракцияның технологиялық мүмкiншiлiктерi жылына 120 тонна шикiзат өңдеуге және 4800 кг экстракт алуға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасындағы алғашқы көмiрсутектi экстракция цехы Талғар қаласындағы "Аромат" ШК-да пайдалануға берiлген, оның өнiмдiлiгi күнiне 10 килограмға дейiн эфир майы.

Көкiнiс пен жемiс-жидектен вакуумды кептiру және криогендi ұнтақтау арқылы ұнтақ алу тәсiлi бастапқы шикiзаттың биологиялық құндылығын толық сақтауға мүмкiндiк бередi және алынатын өнiмдi арнайы сақтауды талап етпейдi. Алынатын криоұнтақ - түйiршiктерiнiң өлшемi 5 мкм-ден аспайтын және ылғалдылығы 2-3 процент болатын ұсақ дисперстi жүйе сақталу мерзiмi шектелмеген витаминдердi, пектиндiк заттарды, микроэлементтердi және т.б. қоса алғандағы биологиялық активтi заттардың бiрқатарының табиғи концентраторы болып табылады. Ең төзiмсiз витаминдердiң бiрi - С витаминiнiң өзi мұндай әдiспен кептiргенде барлық сақтау мерзiмiнде өзiнiң бастапқы деңгейiнiң 63 процентiн сақтап қалады.

Криоұнтақтардың жоғары сапалық сипаттамалары оны балалар тағамын жасауда бағалы шикiзатқа айналдырады. Криоұнтақтарды балаларға арналған ұндық және сүттiк негiздегi құрғақ қоспаларға қосу, сондай-ақ оларды сусын даярлауда пайдалану Қазақстанда әлi кездеспеген балалар тағамының жаңа өнiмдерiн алуға мүмкiндiк бередi.

Наши рекомендации