Шығыс Қазақстанның шикізаты

Шығыс Қазақстан облысы - еліміз бойынша индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына бөлінген қаржы көлемінен көш басында тұрған өңір. Бір ғана «Қазмырыш» ЖШС-не 124,5 млрд теңге бөлінген. Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыру бағдарламасының аясында экспортқа бағытталған мал шаруашылығын дамыту жобасы бастау алған аймақ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шығыста заманауи үлгіде 3 ауыл салынған (898 жаңа үй) республикадағы қуатты бірден-бір облыс. Бір ғана Тарбағатай ауданының су тасқынынан зардап шеккен Жәнтікей және Көкжыра ауылдары 6 ай ішінде қалпына келтірілді, мыңдаған отбасы жаңа қоныс тойын тойлады. Ал облыс орталығы Өскеменде «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында жаңа ауыл тұрғызылды. Этносаралық пікір қалыптастыруда тың бастамалардың ордасы мен отанына айналған киелі өлке. Осыдан біраз уақыт бұрын мемлекет басшысы алғашқы Достық үйі мен тұңғыш этноауылдың тұсауын өзі кескен-ді.

Көктемнің лебі шырайлы шығыста да жылылық танытқандай. Кенді алтайлықтар Елбасының шығысқа келуін асыға күткен еді. Президент облыста болған барлық кездесулерде қарапайым халықтың Көшбасшысына деген ықыласы ерекше болды. Әсіресе, мемлекет басшысының «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Өскеменнің іргесінде салынып жатқан ауылдағы қандастарымызбен болған кездесу, «Шығыс-сүт» зауытындағы жұмысшылармен Елбасының жүрекжарды пікірлесуі және осы жерде облыс кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары өкілдерімен болған әңгіме-жүздесуі кезінде біздің байқағанымыз Президенттің халқына, Отанына, еліне деген кереметтей қамқорлығын әрбір адам өз сөйлеген сөзінде ерекше бір сезіммен, тамаша тебіреніспен жеткізіп айтып жатты.

Ауыл құрылысының бірінші кезеңіне 2010 жылы республикалық бюджеттен 3,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда 363 үй, 600 орындық мектеп пен балабақша салынуда.

Елбасы оралмандармен кездесу кезінде соңғы 20 жылда республикамызға 823 195 оралман келгенін, олардың еңбекке жарамдылары толық жұмысқа орналастырылғанын айта келе, «дәл осындай сіздерге деген үлкен қамқорлықты әлемде Қазақстан мен Израиль мемлекеті отандастарына көрсетіп отыр. Ендігі кезекте сіздер елге маңдай терлеріңізді төгіп, адал еңбек етулеріңіз қажет» деді Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде.

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстанға Қытайдан Моңғолия мен Өзбекстаннан жүздеген отбасы оралды. Бұл күндері шығыста 50 мыңға жуық қандастарымыз мекен етіп, тіршілік етуде. Қоныстойын тойлап жатқан қандастарымызға Елбасы өз атынан жаңа баспаналарына тоңазытқышты сыйға тапсырды. Қоныстойын тойлаушыларға жақсылық тіледі. Жаңа ауылда оралмандар «Қара жорға» биін билеп, өздерінің арнауын, жүрекжарды тамаша тілектерін Елбасына жеткізді. Президенттің кортежі түске қарай Ертістің сол жағалауындағы «Жібек маталар комбинаты» ықшамауданында орналасқан «Шығыс-сүт» зауытына бет алды. Мұндағы серпінді жобалардың барысымен танысқан Елбасы сүт өндірушілердің жұмысына жақсы баға берді. Бір кездері жабылып қалған нысан қайта жөнделіп, іске қосылуда. Құрылысқа 1,2 млрд теңге қаржы құйылды. Кәсіпорынның бірінші кезегі іске қосылғанда тәулігіне 70 тонна шикізат, 83 тонна дайын өнім, ал толығымен пайдаға берілгенде күніне 120 тонна шикізат, 140 тонна дайын өнім шығарады. Яғни жылына 30 мың тонна сүт өндіреді. Шикізатпен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан, Шемонаиха, Көкпекті, Зырян аудандарындағы 13 шаруа қожалығы қамтамасыз етеді. Кәсіпорын іске қосылғанда, 150 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

шығыс Қазақстанның шикізаты - student2.ru

«Шығыс-сүт» зауытының директоры Сейілжан Сайлаубаев алдағы уақыттары өндірісте арнайы сүт кластері құрылып, тәулігіне 400 тоннаға дейін сүт өндіруге, сүт өнімдерінің 60 түрін дайындауға кәсіпорынның мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. Сонымен қоса, мұнда сапа менеджменті жүйесін енгізу, жаңа технология түріне көшу, ұзақ мерзімге сақталатын пастерленген сүт өндірудің технологиялық жүйесін құруда атқарылып жатқан жаңа істерге жан-жақты тоқталды. Сүт өндірушілермен кездесу барысында Нұрсұлтан Әбішұлы: «Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша сүт өндіруде бірінші орында келеді, ал өкінішке қарай, оны өңдеу мұнда 30-ақ пайызды құрайды. Сол себепті алдағы уақыттары сүт өңдеп, оның өнімдерін арттыру үшін Үкімет мықты бағдарламаларды қолға алып, осы салаға үлкен мән беру керек. Ал біздің бүгін танысып-көрген «Шығыс-сүт» зауыты сүт өңдеудегі өндіріс орындарының алғашқы қарлығаштарының бірі және өте маңызды кәсіпорындардың бірегейі» деді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақта атқарып жатқан жұмыстарына Президент жоғары баға беріп, бай өлке, өндірісті өңір, индустриалды облыстың Қазақстан экономикасына қосып жатқан сүбелі үлесін, бүгінгі қарқынды дамуын айрықша атап өтті. «Екі жылдан бері Шығыс Қазақстанды елімен бірге көріктендіріп, қай салада болмасын алға жылжытып келе жатқан аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлының баянды бастамалары, Кенді Алтайдың жақсы жаңалықтары осындағы мықты инженер мамандардың жоғары тәжірибесі еліміздің басқа өңірлеріне үлгі болуы керек» деді Президент. «Жаңа инновация Шығыстан бастау алады» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының Семейдегі «Приречное» ЖШС-нің атқарып жатқан жұмыстарына да көңілі толды. Бұл шаруашылық Семей қаласын түгелдей азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп отыр. Оның өндірген картоп, сәбіз, көкөніс өнімдері қазір ең арзан бағамен саудалануда. Бұл шаруашылықтың 14 мың тонналық көкөніс сақтайтын қоймасы, көкөніс өңдейтін цех орындары бар. 1574 га суармалы жерді шаруалар игерген. Голландиялық тәсілмен картоп өсіреді. Шаруашылық директоры Мұхит Тұрысқанұлы Тұмабаевтың айтуы бойынша, шаруашылық өткен жылда 50 млн теңге пайдамен аяқтаған. Елбасы алдында сөз алған кәсіпкер ағамыз өздеріне Үкіметтен көрсетілген қаржылай көмекке ризашылығын білдірді. Жаңа жобалардың іске асуына 5 млн АҚШ долларынан артық қаражат бөлінген. Шаруашылық Америка, Канададан 1 мың бас асыл тұқымды ірі қара сатып алмақ. Елбасы Жолдауында айтылғандай ендігі кезекте семейлік шаруалар ет өңдеуді, оны экспортқа шығаруды қолға алмақ.

Өндірісті шығыс өңірінде индустрияландыру картасына құны 493,5 млрд теңгені құрайтын 29 инвестициялық жоба кірген, соның 8-і республикалық маңызға ие. Былтыр 11 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланса, жүзеге асқаны - 12 жоба. Жалпы, бұл жобалардың құны - 139 млрд теңге. Жаңадан 670 жұмыс орны ашылып, еңбек өнімділігі 2,8 млн теңгені құраған. Орташа жалақы мөлшері 83 мың теңге. Ал 2011 жылдың екі айында 15,0 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Осыған орай 2000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Ал «Бақыршық» кен байыту кәсіпорнының жұмысымен танысқан Президент шетел инвесторларына да алғысын білдірді. 2013 жылы зауыт іске қосылған жағдайда өзінің арнайы осы зауыттың ашылу салтанатына келіп қатысатынын жеткізді. «Зауыт іске қосылған жағдайда жүздеген ауылдық қарапайым адамдар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Мұндағы жобаның жалпы құны 104 млрд теңгені құрап отыр. Қазірдің өзінде канадалық әріптестер ол қаржыны кезең-кезеңмен өндіріске құюға әзір. Өскемендегі ірі өндіріс орындары, Үлбі металлургия зауыты, «Қазмырыш» АҚ, «Титан-магний комбинаты» АҚ өздерінің айналасында шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, олардың дамуына ықпал ету керек. Ал Үкімет әрқашан да жақсы жобаларды қаржыландыруға әзір. Өздеріңіз білесіздер, тұрғын-үй саласында Қазақстанда көп өзгерістер болып жатыр. Металл, арматура, құрылыс материалдарының бәрі отандық кәсіпорындардың өнімдері. Және мыңдаған адам жұмысқа тартылуда» деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Өңірде егін шаруашылығының қарқыны қарымды. Көрсеткіштер көңіл көншітерлік. Ауыл шаруашылығы өнімдері 1 030 мың га аумағына алқапты алып жатса, соның 473 мың га аумағына астық егілді. Ылғалды сақтау сияқты тың тәсілдерді тиімді қолданып, технологияны дамытудың арқасында 589,4 мың тонна астық түсті. 29,4 мың тонна таза қарақұмық, 19 мың тонна қарақұмық ұнтағы жинақталған. Бұл бүкіл республикаға жетеді. 180 мың тонна күнбағыс жиналып, одан 62 тонна май алынды. Шығыс Қазақстан күнбағыс майымен облысты ғана емес, көрші аймақтарды да қамтамасыз етіп отыр.

Наши рекомендации