Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету
Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету (КЭҚ) – өнімді өндірушіден тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша барлық оталар мен қызмет көрсетулердің кешенін қамтитын тасымалдау аумағындағы жұмыс.
Көліктік-экспедициялық қызмет көретудің жұмысы мынаған негізделген: жүкті жүк иесінен қабылдап, тасымалдауға дайындайды және көлік құралына тиеледі, бір көлік түрінен басқа көлік түріне қайта тиеледі, егер де қажет болса керекті жерде сақталады, көлік құралынан түсіріледі және жүк қабылдаушыға тапсырылады.
КЭҚ құрылымын талдау үшін оның үш құраушысымен байланысын қарастырамыз: көліктік, экспедициялық және делдалдық қызмет көрсету.
Көліктік қызмет көрсету жүк жіберушіден жүк қабылдаушыға жүкті жеткізуді іске асыру және тасымалдау барсысында барлық жол бойы тиеу-түсіру жұмыстарын (ТТЖ) орындауға бағытталған қызмет. Тиеу-түсіру оталары жүктерді жеткізу үрдісіндегі міндетті элементтер болып табылады және тікелей клиенттердің территорияларында орындалады, ол таратушы орталықтарда, көлiк түйiндерiне, сонымен бiрге өнімді бір көлік түрінен басқасына ауыстырып тиегенде.
Экспедициондық қызмет көрсету – жүкті тұтынушыға дер кезінде және сапалы жеткізуді қамтамасыз ететін және өзіне даярлық-қорытынды қызмет көрсету, қоймалық және экспедициондық қызметтерді қосатын қызмет.
Даярлық-қорытынды қызмет көрсету жүкті жеткізу технологиялық үрдісінің элементі болып табылады және өзіне жылжымалы құрамды (ЖҚ) тиеу орнына беру, жүктерді тасымалдауға дайындау (жүкті тасымалдау жағдайына келтіру, маркировкасын жапсыру, жүктің сапасы мен санын тексеру, өлшеу, контейнерлер мен поддондарды бөлу және т.с.с.), жүкті қабылдау мен тапсыруды қосады.
Делдалдық қызмет көрсету өзіне делдалды-ұйымдастыру, консультациялы-аналитикалық және ақпараттық қызмет керсетулерді қосады және бірінші кезекте жүкті жүк алушыға сапалы жеткізуге негізделген.
Экспедитор – көліктік экспедициялық қызметтерді (КЭҚ) ұйымдастыратын және ұсынатын, көліктік экспедиция шартының тарабы.
Көліктік-экспедициялық қызметтің тұтынушылары (тапсырыс берушілер, клиенттер) –заңды немесе жеке тұлғалар, олар үшін көліктік экспедицияның келісім шарты бойынша экспедитор КЭҚ-ны жүзеге асырады.
Жүкжөнелтуші – экспедиторға жүкті тапсыруға көліктік экспедиция-ның келісім шарты бойынша уәкілеттендірілген, КЭҚ тұтынушысы.
Жүк қабылдаушы – экспедитордан жүкті қабылдаудан көліктік экспедицияның келісім шарты бойынша уәкілеттендірілген, КЭҚ тұтынушысы.
Тасымалдаушы – өзіне тапсырылған жүкті тағайындалған пунктке жеткізуге және жүкті жүк қабылдағышқа беруге немесе басқа көліктік ұйымға беру міндеті жүктелінген, тасымалдау келісім-шартының тарабы.
Жүкті жекізу – мерзіммен, тәртіптермен, сақтықтармен және т.б. байланысты анықталған шарттардың орындалуымен жүкті жөнелтушіден жүкті қабылдаушыға дейінгі жүктің орын ауыстыру үрдісі.
Жүкті тасымалдау – жөнелту пунктінен тағайындалу пунктіне дейінгі анықта
Аралас тасымалдау – жүкті екі немесе одан көп тізбектей жұмыс істейтін көлік түрімен тасымалдау.
Аралас тасымалдау операторы – өз атынан немесе басқа оның атынан әрекет ететін тұлға арқылы жүк иесімен аралас тасымалға келісім-шартқа отырады, желісім-шарт тарабынан өкілдік етеді және оның орындалуына жауапекршілікті өзіне қабылдайды.
Тікелей аралас тасымалдау – барлық жүру жолында бір тасымалдау құжатымен рәсімделеді, мысалы теміржолдық, автокөліктік немесе ішкі су көлігімен.
Комбинирленген тасымалдау – жүкті түсіріп-тиеусіз орындалатын аралас тасымалдау. Бұл жағдайда жүк барлық жүру жолында бір контейнерде, ағытылатын шанақта және т.б. тасымалданады.
Контрейлерлік тасымалдау – төмендетілген биіктігі бар темір жол платформасы бойынша автокөліктік құралдардың тасымалдау жүйесі (автокөліктер, жартылайтіркемелер).
Соңғы кезде тассымалдауды ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін белгілеу үшін жалпы түбірі modal негізделген терминдер кең қолданысқа ие болды, ол тасымалдаудың ұйымдастыру түрін айқындайды (көлік түрін).
Интермодальды тасымалдау – бір жүктік бірлікте немесе жүктің өзін тиеп-түсірусіз көліктік құралда көліктің бірнеше түрлерімен жүкті тізбектей тасымалдау.
Мультимодальды (трансмодальды) тасымалдау – бир тасымалдау құжатын рәсімдеу кезінде тасымалдауды ұйымдастыратын тұлға оған қатысатын көлік түрлерінің санынан тауелсиз барлық жүру жолында жауапкершиликти өз мойнына алатын тасымалдау түрі.
Амодальды тасымалдау – көлік түріне тәуелсіз бір диспетчерлік орталықпен басқарылатын және анықталған маршрут бойынша орындалатын тасымалдау.
Юнимодальды тасымалдау – көліктің бір түрімен жүкті тасымалдау (бір немесе бірнеше тасымалдаушылармен) егер тасымалдаушы біреу болса, ол өзінің жеке көліктік құжатын құрады – накладная, коносамент және тағы басқалары. Егер тасымалдаушылар бірнешеу болса олардың біреуі барлық тасымалдауды қамтитын өтпелі коносамент жасауына болады.
Жүктерді вагондап және шағын жөнелтіліммен тасымалдау ГУ-27 нысанды (14-қосымша) жүк қағазымен не болмаса жүк қағазынан, жол тізімдемесінен, жолдық тізімдеме түбіртегінен және жүкті қабылдау туралы квитанциядан тұратын ГУ-29-0 нысанды (15-қосымша) тасымалдау құжаттарының жинағымен ресімделеді.
Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесін қолданып ресімделген жағдайда электрондық тасымалдау құжатының көшірмесі ГУ-27-У-ВЦ нысанды (16-қосымша) әмбебап жүк қағазынан, жол тізімдемесінен, жол тізімдемесінің түбіртегінен және ГУ-29-У-ВЦ нысанды (17-қосымша) жүкті қабылдау туралы квитанциядан тұратын жинақ болып табылады. ГУ-27-У-ВЦ нысанды (16-қосымша) жүк қағазы тасымалдардың барлық түрлерін ресімдеуден тұрады және тасымалдаушы ресімдейтін жеткізу темір жол жүк қағаздарының барлық түрлерін ауыстырады. Әмбебап жүк қағазы басуға телетайптық форматтағы(тар) орама қағазбен де, 11 форматтағы жеке парақтармен де беріледі.
Коммерциялық актілер формасы ГУ-22 (43-қосымша) келесі жағдайларды куәландыру үшін жасалады:
жүктің атауының, массасының, орындары санының тасымалдау құжатында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі;
жүктің зақымдануы (бүлінуі);
жүктің тасымалдау құжаттарынсыз, сондай-ақ тасымалдау құжаттарының жүксіз екендігін анықтау;
тасымалдаушыға ұрланған жүкті қайтару;
тасымалдаушының жүкті беру туралы құжаттарды ресімдегеннен кейін 24 сағаттың ішінде жүкті жалпы пайдаланудағы кірме жолға бермеуі кезінде - жүк алушының талабы бойынша ғана жасалады.
722. Тасымалдаушы жүк алушының өтініші бойынша шартқа сәйкес жүктің жағдайын, оның массасын, орындары санын тексеруге және осы Ережелерге сәйкес жағдайлар анықталған кезде коммерциялық акт жасауға қатысады.
723. Коммерциялық акт:
жалпы пайдаланудағы кірме жолдарда жүктерді түсіру кезінде - жүктерді түсіру күнінде, тиісті жағдайларда - жүктерді беру күні;
клиенттің кірме жолдарында жүктерді түсіру кезінде - жүктерді түсіру күнінде, бұл ретте жүктерді тексеру оларды түсіру немесе тікелей жүктерді түсіргеннен кейін;
жүктердің жүру жолында - коммерциялық актімен ресімдеуге жататын жағдайлар анықталған күні.
Коммерциялық актіні осы пунктте көрсетілген мерзімдер ішінде жасау мүмкін болмаған кезде, ол келесі 24 сағат ішінде жасалады.
724. Коммерциялық актідегі деректер тасымалдау құжаттары, жүктерді вагондық және тауарлық таразыларда қайта өлшеу кітаптары және олар бойынша жүктерді салыстырып тексеру жүргізілген басқа құжаттар негізінде көрсетіледі
ГУ-23 Жалпы нысандағы актілерді (42-қосымша) тасымалдау процесіне қатысушылар мына жағдайларды:
жүк жөнелтушінің жүк қағазына қосып берген, темір жол көлігінде жүктерді тасымалдаудың тиісті ережелерімен көзделетін құжаттардың жоғалуын;
вагондардың тағайындау станциясында олардың жүгін түсіруге беруді күтіп тұруы, сондай-ақ жүк алушыға, кірме жолдың иесіне (пайдаланушыға) қатысты себептер бойынша вагондардың, контейнерлердің рұқсат етілген жүк көтергіштігінен артық тиелуі жағдайларында кідіртілуін;
жүк тиелген вагондардың аралық станцияларда жүк алушыға, теміржолдық кірме жолдың иесіне (пайдаланушыға) және жанасу станциясында вагондарды жинақтаудың техникалық мүмкіншіліктері болмауына қатысты себептер бойынша оларды жанасу станциясының қабылдамауынан кідіртілуін;
жүк жөнелтушіге қатысты себептер бойынша жүктерді тасымалдауға қабылданған өтінімге сәйкес бос вагондарды жүк жөнелтушіге беруді кідіртуді;
жүк алушының, жүк жөнелтушінің оларға тиесілі немесе темір жол көлігі кәсіпорындарынан өздері жалға алған вагондарды, контейнерлерді қабылдауын кідіртуді;
жүктері түсірілгеннен кейін жүк алушының құралдарымен вагондардың, контейнерлердің жүк қалдықтары мен қоқыстардан (құю пункттерінде немесе жуу-булау станцияларында толық құйып алынбаған жүк қалдықтарымен цистерналар және бункерлік үсті ашық вагондар табылған жағдайлардан басқа) тазартылмауын;
құйғаннан және қотарып алғаннан кейін цистерналар мен бункерлік үсті ашық вагондардың сыртқы беттері тазартылмауын;
тасымалдаушының тазартылмаған вагондарды, контейнерлерді жүк жөнелтушінің құралдарымен жүк тиеуге беруін;
вагонда, контейнерде БПҚ-ның болмауын (егер жүк қағазында немесе вагон қағазында олардың вагонда, контейнерде барлығы туралы белгі болса);
БПҚ-ның зақымдалғанын ауыстырылғанын (егер бұл ретте оларды растау үшін коммерциялық акт жасалған жағдайлар болмаса);
жүру жолында немесе тағайындау станциясында вагондарда, контейнерлерде әдейі зақымдау іздерінсіз анық жазылмаған ақпаратымен БПҚ табылғанын (егер оқылатын ақпарат жүк қағазы мен вагон қағазындағы деректерге сәйкес болса);
жүру жолында вагондарда, контейнерлерде әдейі зақымдау іздерінсіз БПҚ табылғанын және олардағы ақпараттың жүк қағазы мен вагон қағазындағы деректерге сәйкес келмейтінін;
жүк жөнелтушіні, жүк алушыны хабардар ете отырып вагондарды әкету үшін жіберілген темір жол көлігі кәсіпорындарына тиесілі локомотивтің жүк жөнелтушінің жүк алушының кінәсынан кідіртілуін;
жүктерді темір жол көлігімен жеткізу мерзімдерін есепте ережелерінде көрсетілген жағдайларда жүктің жүру жолында кідіртілуін;
жүру жолында қозғалыс қауіпсіздігіне және тасымалданатын жүктердің сақталымына қауіп төндіретін коммерциялық ақаулықтарымен вагондар, контейнерлер табылғанын;
вагонның, контейнердің зақымдалуын; тасымалдаушының жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, басқа ұйымдарға тиесілі немесе олар жалға алған вагондарды, контейнерлерді өз бетімен қажетіне алуын;
жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа ұйымдардың темір жол көлігі кәсіпорындарына тиесілі вагондарды, контейнерлерді өз беттерімен пайдалануларын;
жүк жөнелтуші жүктерді тасымалдау үшін ақы төлеуден және тасымалдаушыға тиісті басқа төлемдерден бұлтарған жағдайда жүктерді беруді кідіртуді;
жөнелту (тағайындау) станциясында әскерилендірілген күзет күзететін жүктердің жүк жөнелтушінің, жүк алушының кінәсынан кідіртілуін;
темір жол көлігі кәсіпорындарына тиесілі локомотивтің аралықтарда, белгіленген тәртіппен коммерциялық операцияларды жүргізу үшін ашылмаған бөлек пункттерде (разъездер, блокқосындар, басып озу пункттері) бос тұруы;
жүк жөнелтушінің комиссиялық беруге келген вагонды немесе контейнерді тасымалдаушының өкілдерінсіз ашуын;
жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа ұйымдардың вагонның зақымдалуы туралы актіге, контейнердің зақымдалуы туралы актіге, қабылдаушы-тапсырушының жаднамасына, вагондарды беру және әкету тізімдемесіне, тасымалдауға өтінімді орындаудың есепті карточкасына және темір жол көлігі жұмысының технологиясымен көзделген басқа құжаттарға қол қоюдан бас тартуларын немесе бұлтаруларын куәландыру үшін жасайды.
Басқа жағдайларда тараптардың материалдық жауапкершілігі үшін негіз бола алатын, егер бұл ретте коммерциялық актіні немесе басқа арнайы нысандағы актіні жасау талап етілмеген болса, жағдайларды куәландыру үшін жасайды.
Мұндай жағдайларда аталған құжаттардың қол қою көзделген орнында, оның нөмірі мен жасалу датасы көрсетіле отырып жалпы нысандағы актіні жасау туралы белгі қойылады, оған тасымалдаушының станциядағы өкілі қолын қойып, станцияның жолдық мөрқалыбымен куәландырылады.
739. Жалпы нысандағы актіні осы Ережелермен белгіленген санда тасымалдаушы жасайды. Жалпы нысандағы актінің әрбір данасында "Тасымалдау процесіне қатысушы _____________станциясы" станцияның жолдық мөрқалыбы қойылады.
740. Жалпы нысандағы акт (42-қосымша) жөнелту және (немесе) тағайындалған станцияларда жасалады: егер жалпы нысандағы акт бойынша тасымалдаушының немесе жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, басқа ұйымдардың жауапкершіліктері көзделген болса, онда жалпы нысандағы актінің бірінші данасы ол бойынша айыппұлды, алымды және (немесе) басқа төлемдерді өндіру және төлеу жүргізілетін тасымалдау құжатына қосып беріледі, екінші данасы - жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, басқа ұйымға (талап етуі бойынша) беріледі, үшінші данасы - оны жасаған тасымалдаушыда сақтауға қалдырылады; жүк жөнелтуші, жүк алушы, басқа ұйымдар вагонның зақымдалуы туралы актіге, контейнердің зақымдалуы туралы актіге, қабылдаушы-тапсырушының жадынамасына, вагондарды беру және әкету тізімдемесіне, тасымалдар жоспарын орындаудың есепті карточкасына қолдарын қоюдан бас тартқан немесе бұлтарған жағдайда жалпы нысандағы актіні жасау кезінде жалпы нысандағы акт аталған екі жақты қол қойылмаған құжаттардың екінші данасымен бірге жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа ұйымдардың адресіне тапсырысты хатпен жіберіледі.
Хатты жөнелтудің пошталық квитанциясы хаттың көшірмесімен және қол қойылмаған құжаттың бірінші данасымен және жалпы нысандағы актімен бірге оны жасаған станцияның істерінде сақталады.
Tасымалдау құжаттары – рәсiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар
-Жол жүру құжаты(билет)
-Багаж бен жүк-багаж түбіртегі
- Темiр жол көлiгi жүкқұжаты
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау
қағидасын бекіту;Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау шарты темiр жол көлiгi жүкқұжатын толтыру арқылы
ресiмделедi.Жүк жөнелтушiге темiр жол көлiгi жүкқұжатына жөнелту станциясының күнтізбелік мөртабанықойылған жүктің қабылданғаны туралы түбіртек берiлген кезден бастап жүк тасымалдау шарты жасалды
деп есептеледi.
Темiр жол көлiгi жүкқұжаты
Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбiр жөнелтiлiмүшiн темiр жол көлiгi жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қажеттiжағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендiкдекларацияларды) тапсыруға мiндеттi.Темiр жол көлiгi жүкқұжаты мен өзге де тасымалдау құжаттарының нысаны, олардыресiмдеу тәртiбi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ ол темір жолкөлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен, дәл еместiгiнен немесе толықеместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн Қазақстан Республикасыныңзаңдарымен көзделген жауаптылықта болады.