Меровинг жəне Каролинг монархиялары тұсындағы франктардың мемелекеттік құрылысы.

Меровинг - бұл алғашқы франк королдерінің династиясы. Оның бұлайша аталуы V ғ. орта тұсында салистік франктердің королі болған Меровей королінің есімімен тығыз байланысты. Ол көрші алеман тайпаларын жеңіп франк мемлекетінің негізін салды. Алайда бұл династияның дамуы мен франк мемлекетінің одан әрі дамуы оның ұрпақтарымен тығыз байланысты. Соның ішінде Меровей немересі Хлодвик өзі билік құрған 481ж 511жылдары рипуарлық және салистік франктердің басын біріктіріп, королдіктің аумағын Меровей кезіндегі королдікпен салыстырғанда үш еседей ұлғайтты. Хлодвик христиан дінін алғаш қабылдаған франк королі. Ол өте ақылды және батыр болатын. Хлодвик қайтыс болған соң королдің төрт ұлы: Тьери, Хдолдомир, Сигоберт пен Хлотарға өсиет бойынша Франк королдігніңі жерлері бөлінді. Алайда осы мұрагерлік жерді бөлісу Хлодвик ұрпақтары арасында 250 жылға созылған соғысқа ұласты . Осының әсерінен франк мемлекеті әлсіреді.

Осыдан соң династияның бірігіп франк мемлекетінің қайта дамуы , елде монархияның орнауымен тікелей байланысты. Бұл VII ғасырдың бас кезіндегі Догоберт пен ІІ Хильдерик корол болған кезең. Франк мемлекеті бұл уақытта еуропадағы ең қуатты мемлекеттке айналады. Шіркеудің ықпалы артады. Ең бастысы аристократия пайда болады. Король енді олардың мүдделерімен санасатын болды. Аристократияға ірі жер үлестерін беру арқылы корол өзінің дегенін жасатуға тырысты. Осылайша майрдомдар лауазымы пайда болып олар королдің кеңесшілеріне айналды . Міне осы майрдомдар Меровинг династиясының құлауына себеп болады.

Сыйлыққа берілген жерлер мұрагерлік арқылы беріліп отырды ж\е меншікке айналды. Яғни жеке меншікке айналған жерлер аллода д\а. Осыған сәйкес феодалдардың жағдайы жақсарды. Меровинг кезеңінің бір ерекшелігі осындай процесстер үлкен көлемде етек алды. Сонымен қатар шіркеу иелігіндегі жерлердің де көлемі де ұлғайды.

Шаруаларды қанауды күшейту ж\е бұл жағдайдың шеттен шығуы жоғары лауазым иелерінің мемлекеттің билігін өз қолдарына алуларына мүмкіншілік жасады. Феодалдық мемлекеттің нығаюы король билігінің нығаюымен тікелей байланысты болды. Қанды жазалау (6 ғ.) Меровингтер әулеті үшін шешуші болды. Олар өздеріне тисілі бүкіл жерді таратып беруге мәжбүр болды. Корольдердің жер қорының азаюына қарамастан, атақты әулеттердің лауазымы өсе бастады.7 ғ. бір сәтті король билігінің әлсіреуін ескермеді ж\е сол ғасырдың соңына қарай король билігі толығымен күйреді.Осы кезеді «еріншек корольдердің» кезеңі деп айтуға болады. Мемкеттік билік атақты адамдардың қолында болды ж\е осыған байланыстымойордомбилігі құрылды. Ең алғашында мойордом (үйдің үлкені) король сарайын басқарды. Бірақ уақыт өте келе олардың мемлекет басшысына дейін өсті. (7-8ғ.) Бұл билік атақты ж\е бай әулеттердің мұрагарлікпен берілетін мұрасына айналды.Әрине өз кезегінде бұл Королингтер әулетінің келуінің бір белігісі болды.

Бұл Франция тарихында жаңа кезең еді. Дегенменде каролингтер династиясы түпкілікті билікке келгенше , осы динатияның өкілі Пипин Қысқаның әкесі Карл Мартелл, франция үшін көптеген істер атқарды.

Карл Мартелл әскер басы ретінде, 732 жылы Пуать түбіндегі араб жаулап алушыларымен қарсы соғыста оларды жеңіп шығады . Осылайша арабтардың жалған дін тарату соғысы, Европа жерінде тоқтатылады. Сонымен бірге Карл Мартелл елде көптеген реформалар жүргізеді. Карл Мартеллдің ұлы Пипин Хильдерик ІІІ нің орнына король болады. Осылайша билік Меровингтерден Каролингтерге ауысады. Пипин король басқарған жылдары, ол котоликтік шіркеуге әскери көмек көрсетеді. Осының есесіне Рим папасы Пипиннің король болуын жарылқап, шіркеу осыдан өзге әулеттерден король сайлауға болмайтынын жариялайды.Каролингтер димнастиясы осылайша өздерінің билігін нығайтып алды. Алайда каролингтер династиясының дамуына тек Пипин король әсер етпеді. Пипиннің ұлы Бертарт тек франция королі болып қана қоймай, ол Францияның алғашқы императоры болды.Осыған орай оны Ұлы Карл деп атап кетті. Ұлы Карл жастайынан саяси істерге, оқу білімге араласты.Ол оқу білімнің Франция үшін маңызын түсінді. Ол өзі оқып қана қоймай оқудың барлығына қол жетімді болуы үшін көптеген істер атқарды.789 жылы ол мектептер ашуға бұйрық береді. Ұлы Карл Францияны одан әрі біріктіруді жүзеге асырады.Ол елде нағыз әкімшілік жүйені қалыптастырады. Осыған орай елді облыстарға бөліп,оларды басқаруға өзі тағайындаған өкілдерін жіберіп отырды. Ұлы Карл басқарған уақытта мемлекеттің аумағы кеңейіп бүкіл Батыс европаны қол астына алды. Оның мұрагері Людовик І франция королі болып жарияланады. Ұлы Карл немерелерінің арасындағы тақ үшін күрес империяны әлсіретеді, және империяның құлауына әкеліп соғады. Осы жағдайды пайдаланған нормандардың викинг тайпасы қайта қайта империя астанасына шабуыл жаксайды.Осы факторлер каролингтердің беделін түсіреді. Алайда олар билік басында 987 жылыға дейін отырады. Каролингтер динвстиясының соңғы өкілі король Людовик V болатын.

Каролинг тұсындағы франк мемелекетінің құрылысы. 751жбилік басына жаңа әулет келді. Зиялы ж\е діни жиналысында Пипин – Карл Мартельдің ұлы, сол кездегі мойордом билігін иемденген, король болып жарияланады. Биліктегі өзінің дәрежесіне монархия оның ұлы Карлдың арқасында жетеді. Оның «Ұлы» \а. Үлкен жаулап алушылық саясаттың нәтижесінде Франк мемлекетінің құрамына қазіргі батыс Германия, Солт Испанияның құрамындағы ж\е т.б. елдер кірген болатын. Мемлекеттің нығаюының бірден-бір себебі Карлдың император болып сайлануы.Оның қолында биліктің бәрі болды. Бірақ бұл мемлекеттің шексіз монархия болды деген сөз емес еді. Мемлекет басшысы өзінің билігін дәулетті адамдармен бөлісуіне тура келді. Лауазымды зиялылар мен діни уағыздаушы феодалдар императордың жиі шақырған кеңесінің құрамына кірді. Сонымен бірге бұған қатысты орталық биліктің күшейтілуі мемлекеттік органдардың құрылуына алып келді. Бұл органдардың ерекшеліктері: 1) лауазымды тұлғалар шаруашылық билікті феодалдар меншігінің көмегімен ж\е бір уақытта сол жерде тұратын тұрғындарға әкімшілік сот билігін жүргізді. Шаруашылық ж\е мемлекетті басқару жүйесінің ажыратылмауы қарастырылған феодалдық мемлекеттің маңызды кағыдасын көрсетті. Бұл кезеңде саяси билік жер меншігінің ерекше белгісі болатын; 2) қызмет үшін марапат ретінде жерді таратты; 3) мемлекеттік құрылыстың бөлек орталардың арасындағы ретпен келетін шек қою болған жоқ. Қызметтегі тұлғалар әдеттегідей әскери, қаржы, сот істерін қосатын болған . Тек орталық басқару жүйесінде кейбір құзыреттіліктегі алшақтық байқалды. Бірақ осы жерде де ерекше билік болмады.

Мемлекеттік биліктің орталық органдары.Достық қауым ірі жер иелеріне иелеріне айнала бастағандықтан ж\е король сарайында жиі тұрмағандықтан жоғарғы лауазымды адамдардың қызметтегі септігі жоғарлай бастады. Бұл менистриалдаркызметтері болатын. Ең басында олар өздерін король сарайын басқарушы д\а. Сол кездің өзінде мемлекеттің ж\е крольдің жеке меншігі арасында айырмашылық болмайтын. Жалпы мемлекеттік сұрақтар король сарайының жеке ісі ретінде қаралды. Сонымен қатар менистериялдар мемлекет билігі мен сотты басқарды. Уақыт өте келе олар үлкен латифундиялардың иелірі бола бастады. Аса маңызды менистриялардың қатарына мойордом, бұл қызметтің атауын олар король тағына отырғаннан кейін өзгертті. Польсцграф– ең басында король қызметшілерін бақылайтын, кейін сарай сотын басқарды. Тезаурарий– қазына сақтаушы корольдің кірісін қарастырып есептеп, оған жауап беріп оны басқаратын адам шындығында бұл мемлекеттің қазынасы болатын, өйткені мемлекеттік қазына монархтың жеке меншігімен бірдей болды. Маршал –король сарайының ат қорасының үлкен бақылаушысы болды, ал атты әскердің басшысы ылғи соның басқаруымен әскери шабуылдар жүргізеді.

Наши рекомендации