Осман империясы құрамындағы славян халықтарының қозғалыстары

Қырым соғысынан кейінгі изоляциялық жағдайдан шығу үшін Ресей үшін ең тиімді жол Осман империясы құрамындағы ұлт-азаттық көтерілістерді пайдалану болатын. Портаға бағынышты халықтың мәдени дамуы мен саяси құқықтарын негізге ала отырып Орыс дипломатиясы алдында Балкандағы ықпалын күшейте алатын мүмкіндік туды. Ресей царизмінің көксегені «ағайынды-бауырларын» түрік езгісінен құтқару емес, тек олардың Еуропа мемлекеттерінің ықпалында қалмауын қадағалау еді. Үкіметаралық деңгейде орыс-түрік саясаты шектелгенімен, қоғам арасында бұл жағдайды қысқарту мүмкін емес еді. Православты халықтардың арасында славян мәселесі қашан да өзекті болған еді. Сондықтан Ресей үкіметі үшін Осман империясы құрамындағы халықтарға үндеу тастау көп қиындық тудырмады. Елде либералды және консервативті ағымда славяндық идеяның негізі таралып кетті. Ұлт-азаттық көтеріліс көп ұзамай әлеуметтік-революциялық сипатқа ие болды. Бұл орыс дипломатиясы үшін Шығыс мәселесін қайта қолға алудың бірден бір жарқын себебі еді.

Ресейдің Шығыс мәселесіне қайта араласуымен елде бірте-бірте ұлт-азаттық көтерілістер орын ала бастады: 1862 жылы – Герцоговинада, 1866 жылы – Крит аралындағы қозғалыстар, болгар халқының шіркеуді қалпына келтіру жөніндегі ереуілі, Балкандағы этникалық және революциялық ұйымдардың пайда болуы, т.б. жағдайлар Осман империясындағы радикалды көңіл-күйдің дамуын көрсетіп отыр. Аталмыш Портаға деген қарсылық жай ғана көтерілістен мемлекеттердің ірі бірлестігіне ұласты. Жаңадан құрылған Балкан мемлекеттері 1866-1868 жж. Сербия мен Черногория, Греция мен Румыния және болгарлар мен хорваттардың екіжақты келісімдері негізінде құрылған Балкан одағы аталатын ұйымға бірікті. Мемлекеттердің ұлт-азаттық ұстанымдары дамығаны соншалық Портаға жарияланатын соғыстың күні де белгіленіп қойды (1868 ж. 1 қазан). Әйткенмен Балкан одағы саяси жағынан әлсіз болып шықты. Одақтың негізін қалаушы Михаил Обренович қаза тапқан соң одақ түпкілікті ыдырап кетті.

Осман империясындағы славян халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы тек 1875 жылы қайта қарала бастады. Босния мен Герцеговинадағы көтерілістер 1875-1878 жж. Шығыс дағдарысына әкеліп соқты. Босния мен Герцеговинадан бастау алған ұлт-азаттық көтерілістер 1875-1876 жж. Болгарияда, кейіннен Сербия мен Черногорияда жалғасын тапты. Олардың талабы бірдей еді: түрік сұлтандарының феодалды-абсолютистік және ұлттық-діни қанауынан босату, ұлттық өзін-өзі билеу саясаты.

Христиан халықтарының ұлт-азаттық көтерілістері өзге державалардың мүддесін қозғамай қоймады. Әсіресе Ресей славяндардың ұлттық козғалысына барынша қолдау көрсетіп, оларды Осман және Австро-Венгрия империяларына қарсы одақтас ретінде пайдаланғысы келді. Ресейден өзге Шығыс мәселесі Англияның да ұлттық мүддесін толғандарды. Ағылшын дипломатиясының алдында тұрған басты тапсырма Балкан аймағындағы үстемділігінен айырылып қалмау еді. Бұл арада Англия Ресей царизмімен бақталастыққа түсті.

Ресей басшылығының Осман империясының ішкі қақтығыстарына қол сұғуы кезекті орыс-түрік соғысына әкелді. 1877 жылы 24 сәуірде басталған бұл соғысқа бұл жолы Ресейден өзге Балкан мемлекеттері – Румыния, Сербия, Черногория да қатысты. Сөзсіз жеңіліске ұшыраған түрік әскері мен Ресей әскері 1878 жылы 3 наурызда Стамбұл маңайындағы Сан-Стефано жерінде уақытша бейбіт келісімге қол қойды. Аталмыш келісім Түркияға өте ауыр талаптар қойды: Сербия, Черногория және Румыния тәуелсіздігін жариялады, Босния мен Герцеговинаға автономия құқығы берілді, Болгарияға Мезия, Фракия мен Македония территориялары қосылды. Түркия Ресейге 1 410 млрд рубль көлемінде контрибуция төлеуі тиіс еді. Онымен қоймай Ардаган, Карс, Батум, Баязет; Добруджа және Дунайдың сағалары

Ресей қарамағына өтті.

Еуропа мемлекеттері бұл келісіммен мүлдем келіспеді. Әсіресе Англия мен Австро-Венгрия Ресейдің Жеророта теңізіне өтуіне жол бергісі келмеді. Англия Кипрдыкепілдікке ала отырып, Түркияны қорғауға келісті. Батыс Еуропалық державалардың талпынысымен Сан-Стефано келісімі Берлин кконгресінде қайта қаралды. 1878 жылы маусым-шілде айларында өткен аталмыш отырыс Ресейдің барлық иеліктерін және орыс-түрік соғысындағы жеңісін жоққа шығарды.

Алайда Берлин трактаты Балкан мемлекеттірінің тағдырына терең өзгерістер енгізді. Сербия, Румыния және Черногория тәуелсіздігін жариялады. Болгария өзін-өзі басқару құқығына ие болды. Босния мен Герцеговина бейтарап позициясын жариялады. Греция болса Берлин конгресінің нәтижесінде жаңа территориалды иеліктерге (Фесалия, Эпир) ие болды. Крит аралы әкімшілік автономия құқығын иеленді.

Сонымен Осман империясы құрамындағы ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтырған, оны өз пайдасына қарай асырғысы келген орыс дипломатиясы бұл кезеңде үлкен жеңіліске ұшырады. Берлин трактаты Еуропалық державалардың мүддесін қанағаттандыра отырып, Осман империясындағы статус-кво саясатын жойып жіберді.


Наши рекомендации