Аналитикалық тәсіл деп

А. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің өзгермеген сол тұлғаларында тұрып бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтады.

В. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстаркциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы қазақ тілінде негізгі грамматикалық-семантикалық процесс болып табылады.

С.Қосымша арқылы грамматикалық мағынның берілуі.

Д. Өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте бола алатын бірнеше (кем дегенде екі түрлі) тектес, мәндес граммтикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі.

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Қазақ грамматикасы. А., 2002.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

3. .Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

4. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

Практикалық сабақ тақырыбы. Морфемалар. Оның түрлері, қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары.

Сабақ жоспары:

1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

1. Морфемалар туралы түсінік.

2. Морфемалардың түрлері.

3. Түбір морфема, оның белгілері, сипаттары.

4. Қосымша морфемалар, олардың деривациялық және реляциялық мағыналары.

5. Қосымшалар (аффикстер). Жұрнақтар мен жалғаулар.

6. Жұрнақтар, олардың түрлері мен белгілері.

7. Жалғаулар, олардың түрлері мен белгілері.

2. Жаттығулар орындау.

2.1 Мына сөздерге жазбаша морфологиялық талдау жасаңыздар:

Қызметкер, басшы, ұшқыш, қоғамдық, жаңалық, талантты, алғашқы, астаналық.

Үлгі: қайраткерлік

1) бұл сөз құрамы үш морфемадан тұр: қайрат – кер –лік

1 түбір морфема (қайрат), 2 қосымша морфема (-кер, -лік- - өнімді, есімнен есім туғызатын жұрнақтар);

2) Тұлғасына қарай:

а) қайрат – негізгі түбір

ә) қайраткер –туынды түбір;

б) қайраткерлік -туынды түбір

3) Құрылысына қарай: дара. Себебі синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған бір ғана туынды түбірден тұрады.

2.2. Төмендегі сөз құрамындағы аффикстерге сипаттама беріңіздер:

Бұдырландыру, бұдырлану, бұдырлау, бұдырлы, бұдырсыз, бұжырландыру, бұжырлану, бұжырлау, бұзақылану, бұзақылау, бұзақылық, бұзаубас.

Қаққыш, қаққыштау, қақпақты, қақпақтық, қақпақыл, қақпақылдау, қақпалау, қақпалы, қақпаншы, қақпашы.

Қалбақта, қалбаңда, қалбақтау, қалбалақ, қалбалақтау, қалбаңдау, қалбаң-құлбаң, қалғу, қалғызу, қалдық, қалдырту.

Бақылау сұрақтары

1. Морфема дегеніміз не?

2. Ең негізгі морфеманы атаңыз және оның анықтамасын беріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.

3. Қосымша морфема дегеніміз не?

4. А.Ысқақовтың топтастырған қосымша морфеманың үш тобын атаңыз.

5. Жұрнақ дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

6. Жалғау дегеніміз не және оның түрлерін атаңыз.

7. Қосалқы сөздер қандай морфема қатарында аталады?

8. Түбір морфема мен қосымша морфеманың айырмашылығын санамалаңыз.

9. Лексика-грамматикалық категория қатарына жататын қосымша морфеманы атаңыз.

10. Функционалды-грамматикалық категория қатарына қандай қосымша морфема жатады?

11. Жалғаулар қандай категорияға жатады?

Глоссарий

Деривациялық мағына - өз алдына дербес қолданылмайтын сөзжасам жұрнақтары білдіретін үстеме мағына. Ол арқылы сөздің лексикалық мағынасына өзгеріс кіріп отырады: көл – көлшік.

Реляциялық мағына – сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі сөздердің өзара қарым-қатынасынан туатын грамматикалық мағына.

Аффикс – қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема.Ол түбірге қатысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: түбір алдынан қосылатын аффикс – приставка, префикс бей –мәлім, түбірдің ортасында қосылатын – инфикс (stand- стоить, stood-стоял ), екі түбірді жалғастыратын – интерфикс (фон-о-логия), префикс пен постфикстің комбинациясынан жасалған – конфикс (бей-қам-дық), постфикс: 1) сөз соңында қосылатын сөзжасам қосымшасы- суффикс (жылқы-шы), 2) сөз соңында қосылатын жалғау – флексия (бала-ға)

Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтамыз.

Құранды жұрнақ деп мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я онан да көне жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақты атаймыз.

Тапсырма

1. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991.32-38-бб. аралығындағы материалдарды негізге ала отырып, «Жұрнақ және оның түрлері» тақырыбына кесте сызыңыз және соған сүйене отырып, жұрнақтардың мағыналары мен ерекшеліктерін сипаттаңыз.

2. Абайдың « Қырық бірінші сөз» мәтінінен алынған үзіндідегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек.

Әуел – бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балалрын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдары бар, сол әрбір жолдабір медресе бар, соларға тоздырып, бірін сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.

Екінші – ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлим берсе, сонда түзелер еді.

3. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991.38-80-бб. аралығындағы материалдарды негізге ала отырып, 10 тест тапсырмасын құрастырыңыз. Ол тапсырманың әрбіріне ұсынылатын жауап нұсқалар саны 5-еу болсын.

4. Реляциялық және деривациялық мағына тудырушы қосымшаларға талдау жасаңыз.

1. «Неткен жан, әлде даңғыл, әлде мұңғыл?

Бұл өзі ән күңірентіп айтады жыр»,

Осылай ертегі қып кетуінде

Елдің де ескі аузында жоқ па екен сыр? (І.Ж.)

2. Екпіні үй соққандай пысқырғанда,

Шалдырмас көктен құсқа, жерден аңға.

Жықпаса жалғыз қазық жануарды,

Бұл әзір жеткізбей тұр жылқы малға (І.Ж.).

3. Кей уақыт өткелі жоқ теңіз келер,

Кей уақыт ат табылмай өгіз келер.

Жақсыға тасып, жаманға жасуым жоқ,

Бар ынтам есік ашу мақсатқа өнер (С.Тор.).

4. Дұрыстыққа шаттанып, бұрыстыққа –

Жәбірленіп, кек тұтып, күйгім келер.

Сыйлағанды сыйлағым менің келер,

Қинағанды қинағым менің келер.

5. Анау Жақып, сән түзеп, сауық құрған,

Құрдасым емес пе еді бір күн туған?

Мен туғанда табылмай қара сабын,

Ол туғанда иіс сабын тәнін жуған.

Менің сорлы шешеме қалжа қайда?

«Қой сат» деп, әкем шапты көрші байға.

«Тағы бізге жүрерсің не болмаса...»

Деді оған, қой бере ме байлар жайға.

Ол туғанда малына тойға сойған

Ауыл тұрсын, бір тайпы елі тойған.

Құттықтап әркім келіп, қалау алып,

Ат мінді молдадағы атын қойған.

Сүйіншіге тай беріп жақындары,

Құтты болсын айтысты жас пен кәрі.

Мен туғанда білген жоқ аулым тегіс,

Ол туды деп қуанды елдің бәрі.

Тілеулес біреуі әже, біреуі ата,

Солай деп келгендер көп, тарту тарта (С.Тор.).

6. Ақын жаны жараланады, оңай жазылады, емі көп (Ғ.М.). 7. Мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан мынау қиянаты мен күнәсі мол дүниеде күнәһар болмай, тал бойын таза алып жүрген жалғыз кісі бар өзі сияқты (Ә.Н.). 8. Енді бұрынғыдай біреудің ығын паналамай, жауласқан жерде бойын көрсетіп қап жүр. (Ә.Н.) 9. – Сізді тыңдап тұрған кезекші кіші лейтенант Ақәділов, айта беріңіз, - деді де, өңі бір қуарып, бір қызарып, даусы дірілдеп шықты (Ә.Ш.). 10. Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды, Екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды (мақ.). 11. Аттының несібесі – алтау, жаяудың несібесі – жалқы (мақ.). 12. Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар (мақ.). 13. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді (мақ.).

Блиц-тест

1. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе сөз құрамының өзгеру, түрлену, мағына тудыру, сөздердің тіркесу, сөйлем құрау туралы ережелерінің жиынтығы – А) тілдің грамматикалық құрылысыВ) тілдің дыбыстық құрылысы С) орфография мен пунктуация Д) фонология мен синтаксис Е) көркем мәтінді талдау ережелері

2. Сөздердің грамматикалық сипаттарын зерттеп айқындайтын тіл білімінің саласы – А) лексикология В) морфология С) синтаксис Д) фонетика Е) сөзжасам

3. Сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарды, сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау қасиеттерін қарастыратын тіл білімінің саласы – А) мәтін теориясы В) фонетика С) грамматика Д) морфология Е) сөзжасам

4. Қазақ тіліндегі көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын морфологиялық форманы белгілеңіз: А) –ыз, -із, -з; -қ, -к В) –ым, -ім, -лар С) –лық, -лік Д) көп, аз Е) –сын, -сін

5. Көптік ұғымның лексикалық тәсілмен берілуі дегеніміз – А) көптік ұғымның сөздің лексикалық мағынасымен берілуі В) көптік ұғымның сөз тіркестерімен берілуі С) көптік ұғымның тиісті қосымшалармен берілуі Д) қос сөздермен берілуі Е) біріккен сөздермен берілуі

Әдебиеттер

А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.23-80-бб.

Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 409-410-бб.

С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

Қосымша әдебиеттер

С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.

Практикалық сабақ тақырыбы. Қосымшалар, олардың түрлері, пайда болу, даму жолдары Қосымшалар, олардың түрлері, құрамы, мағыналық түрлері, қолданыс ерекшклігі, қос функциялы жұрнақтар.

Сабақ жоспары:

1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

1. Морфема туралы түсінік. Түбір және қосымша морфемалардың айырым белгілері.

2. Қосымшалардың жіктелуі.

3. Сөз тудыратын (сөзжасам) қосымшалардың өзіндік белгілері. Функциялы қосымшалар.

4. Форма тудыратын (сөз түрлендіретін) қосымшалардың белгілері, түрлері.

5. Қазақ тіліндегі модификациялық жұрнақтар

6. Қазақ тіліндегі грамматикалық жұрнақтар

7. Функциялық қосымшалар.

8. Қазақ тіліндегі қосымшалардың түбірге жалғану рет тәртібі.

9. Қосымшалардың мағыналық, құрамдық ерекшеліктері.

10. Қосымшалар, олардың түрлері, құрамы, мағыналық түрлері, қолданыс ерекшклігі, қос функциялы жұрнақтар.

11.Жұрнақтардың мағыналары, қолданылу ерекшелігі.

12. Омоним жұрнақтар.

13. Төл және кірме жұрнақтар

14. Көне, жаңа жұрнақтар

15. Тірі және өлі жұрнақтар

16. Жалаң, құрамды жұрнақтар

17. Бақылау сұрақтары

18. Бір немесе бірнеше мағынаны білдіретін жұрнақтар?

19. Қос функциялы жұрнақтар.

20. Құнарлы және құнарсыз жұрнақтар болып бөліну негізі

21. Омоним жұрнақтарға мысал келтіріңіз.

2. Жаттығулар орындау.

2.1 Мәтіндегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз, қосымшалардың әрбіріне толық сипаттама беріңіз.

Келген күннің ертеңінде Абай шешесімен ұзақ әңгімелесіп отырып, өздері кеткеннен бергі ел ішіндегі жаңалықтарды есітті. Сол әңгімелерге қарағанда Құнанбай жиын жиып, тынымсыз қимыл үстінде екен. Алғаш келген кезегі көкқасқа, ақсарбас сойылған топтардан басқа, кейін де талай әңгіме дүкен құрыпты. Біреуге сый беріп, біреуге серт, уәде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сәлем хатпен тартып, әйтеуір бір ай шамасында талай туды қайырып, баурап апты. Сол ретпен анықтап кеп, қолтығына кірген Қаратай сияқты белділер бар. Бұрын ара ағайын боп, сулық тартып жүрген рудың көбін де жақынырақ тартқан тәрізді. Қысқасы, ел сыртқа шығуға бет алып, қыстау-қыстау тұсынан өтер кезде, Құнанбай қарсысында қалған шалғай топ, белгілі үш-төрт қана ру бопты (М.Ә.).

2.2. Төмендегі аффикстерді сипатына қарай екі бағанға бөліп топтастырыңыздар:

Сөзжасам қосымшалары Форма тудырушы қосымшалар

-шы, -ім, -лық, -лік, -дік, -ғы, -гі, -сыз, -сіз, -дай, -дей, -лап, -леп, -н, -м, -үр, -ғылт, -шыл, -ша, -ше, -ы, -ар, -ер, -нікі, -тікі, -дікі, -ым, -ім, -ыңқыра,

-іңкіре,- ңқра, -ңкре, -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

3. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» кітабынан 71-78- беттер аралығын оқып шығып, кесте құрастырыңыздар.

1. Кестені толтырыңыз.

1. Сөз тудыру өнімділігіне қарай: құнарлы құнарсыз.

2. Формасы бірдей, мағыналары басқа: синоним

3. Формасы басқа, мағынасы бірдей: омоним

4. Бір бірнеше мағыналы: - дара, көп

5. Құрамындағы морфем-ң дара күрделігіне қарай: жалаң құрамды.

6. Сөз тудыру қабілеттілігі бар, жоқ: тірі, өлі.

7. Ерте, кеш қалыптасуына қарай: көне, жаңа жұрнақ.

8. Басқа тілден енгендігіне қарай; төл, кірме.

4. Сөздердің қосымшаларын ажыратып, талдаңыз

1. Тәңірберген оны оңаша алып отырып, қайын атасы мен екеуінің арасына делдел дәнекер болуын өтініп еді: анау құлшына кірісетін пейіл білдіріп, жүгініп отыра қалды (Ә.Н.). 2. Сопы пәтуасын айтқанда, олар да шұғыл құптап, бастарын шұлғып құнжыңдады да қалды. (Ә.Н.). 3. Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп, оң тізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді (Ә.Н.). 4. Жарайт, Ебейсіннен базарға қосқан малыңның құнын өндіріп алыпсың (Ә.Н.). 5. Арғы ойы белгілі: соңында сырқатынан тәуір боп қызметке орналаса қалса, қысылған жерде оны өздерінің бір кәдесіне жаратпақ (Ә.Н.). 6. Ақбала басқа кісінің сөзіне шұбәланса да, Тәңірбергенге сенетін, әсіресе оның ісінде қателік болмасына кәміл сенуші еді (Ә.Н.). 7. Мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан мына қиянаты мен күнәсы мол дүниеде күнәһар болмай, тал бойын таза алып жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты (Ә.Н.). 8. Оны осы сәтте көрген кісі: «Ойпырмай, мына баланың иман жүздісін-ай!» - деп ойлаушы еді. Болыс ағасы өлгесін бұрынғы мүләйім мінезін қойып, бет пердесін сыпырып тастады (Ә.Н.). 9 Мұнда келгесін Ебейсін өзінің дағдылы кәсібіне кірісіп, жұрттың тері-терсегін шай, шекерге айырбастай бастады (Ә.Н.). 10. Қасына келген кісіні сезбеді: ауру мен азаптан басқа, бұл дүниеде ана махаббаты, әке жүрегінің ыстық лүпілі болатынын сезбей, шерлеп өскен балапан (Ә.Н.).

Бақылау сұрақтары

1) Жіктік жалғауының ықшамдалған түрлері туралы баяндаңыз.

2) Жіктік жалғаудың болымсыз түрде жалғануына сипаттама беріңіз

3) Жіктік жалғаудың қолданылмайтын орындары әңгімелеңіз

4) Жіктік жалғаудың өзге жалғаулармен қабаттасуы туралы баяндап беріңіз.

5) Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

6) Көптік категориясы, оның берілу жолдары

7) Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын 3 түрлі морфологиялық форма, олардың қалыптасуы.

Глоссарий

Қосымша морфемалар дегеніміз - өз алдына жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әр түрлі қосымша мағыналар үстейтін морфемалар.

Жалғаулар – сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар.

Тәуелдеу категориясы – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.

Тәуелдік жалғау – бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін, зат есімге және заттанған басқа да сөз таптарына жалғанатын қосымша.

Блиц-тест

1 Грамматикалық форма арқылы берілетін мағына – А) категориялық грамматикалық мағына В) жалпы грамматикалық мағына С) қатыстық грамматикалық мағына Д) морфологиялық Е) синтаксистік

2 Сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы берілетін мағына – А) қатыстық грамматикалық мағына В) жалпы грамматикалық мағына С) морфологиялық Д) синтаксистік Е) лексикалық

3 Арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына білдіруші форма – А) нөлдік форма В) грамматикалық мағына С) грамматикалық категория Д) лексикалық мағына Е) сөз форма

4 Тек лексикалық мағынаға тән белгі А) бірінші пайда болатындығы В) екінші пайда болатындығы С) сөздің түрленуі негізінде пайда болатындығы Д) грамматиканың зерттеу нысаны екендігі Е) бір сөзде бірнешеу болатындығы

5 Басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа түсуі не сөздің түрленуі арқылы пайда болатын мағына – А) лексикалық В) грамматикалық С) лексика-грамматикалық Д) синтаксистік Е) морфологиялық

6.Тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер,

а) сорпа, қымыз, тұз, ә) қыз, билор, ұн; б) өзбек тәжік, адам; в) көбелек, құрт – ұмысқа, жәндік; г) шөп, арпа, өсімдік.

7. Көптік ұғымды сөздің тікелей лексикалық мағынасы арқылы білдіру –

а) морфологиялық тәсіл; ә) лексикалық тәсіл б) семантикалық тәсіл; в) лексика-синтаксистік; ә) синтаксистік,

8. Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілуі –

а) морфологиялық тәсіл; ә) лексикалық тәсіл б) семантикалық тәсіл; в) лексика – синтаксистік; ә) синтаксистік.

9. Көптік ұғымдардың сөз тіркестері арқылы берілуі –

а) морфологиялық; ә) лексикалық; б) семантикалық в) лексика- синтаксистік; г) синтаксистік;

10. Синтаксистік тәсіл арқылы көптік ұғымның берілуі –

а) жас – кәрі, ә) апа –іні, жора –жолдас, б) елу дәптер, он оқушы; в) ұн, тары, нан г) оқушылар, студенттер, біздер.

Әдебиеттер

А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.23-80-бб.

Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 175-190-бб.

С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

Қосымша әдебиеттер

С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996. 57-73-бб.

№ 9-10- сабақ тақырыбы: Жалғаулар оларға тән белгілер, көп вариантты болуының себептері, түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.

2. Сабақ жоспары: Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

1.Жалғаулар, оларға тән белгілер, көп вариантты болуының себептері, түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.

2. Морфемалар, олардың түрлері.

3. Көптік жалғаудың ерекшеліктері.Көптік категориясының тарихы. Көптік категориясының берілу тарихы.

4. Тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясы, тарихы, зерттелуі және тәуелдік жалғау.

5. Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі. Септеудің екі түрі: жай және тәуелді септеу, оларға тән ерекшеліктер. Септік жалғауының көп вариантты болу себептері.

6. Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Ықшам түрлерінің пайда болу себептері.

Бақылау сұрақтары:

7. Жалғаулардың көп варианты боллуының себебін түсіндіріңіз.

8. Жалғаулардың мағыналық, тұлғалық дербестігі туралы баяндаңыз.

9. Көптік жалғаудың қолданылуындағы негізгі грамматикалық ерекшелік қандай?

10. Көптік жалғаудың грамматикалық қызметімен байланысты стилистикалық ролі қандай

11. Тәуелдеу категориясын жасайтын синтаксистік тәсіл мен аралас тәсілдің ерекшеліктері?

12. Жіктік жалғаудың қолданылуындағы кейбір ерекшеліктерге тоқталыңыз.

3. Тапсырма:

- нікі формасына қатысты А. Ысқақовтың пікірін тауып, талдаңыз,өзге ғалымдардың бұл тұлғасында қандай ой айтқан?

- Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігіне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.

3. Жалғауларын ажыратып түрлеріне талдау жасаңыз

1. Әйел ферма меңгерушісіне ілесіп бастырмаға кіріп кеткенде, колхоз председателі шоферіне иек қақты (О.С.). 2. Машинасы түскірдің передний мосты отырып қалып... жаяу жүрмін. Әлгінде исполкомға шақырып жатыр еді (О.С.). 3. Августың ортасында егінге орақ түсті. Таңқыбай отағасының күріштігі өзге звеноларға қарағанда бұрынғырақ піскендіктен, колхоз басшылары ең озық комбайнерлерді әуелі осында жұмсап, қос басында кішігірім митинг өткізді (О.С.). 4. Сестра-хозяйка бұдан әрі қазбалап ештеңе сұраған жоқ. Бірақ осыдан кейін коридорда әрлі-берлі өтіп жүріп, тоқайласып қалсақ, алдымен өзі бас изесіп амандасатын болды. Ал мен, әрине, ақ халат кигеннің бәріне құлдық ұрып, құрақ ұшамын (О.С.). 5. Палатаға қайтып келгесін, серігім бір бөтелке минералды суды басына төңкеріп, сіміріп салды да, пердесі түрулі тұрған терезеден сыртқа көз тастап біраз үнсіз отырды (О.С.). 6. Әдетте документ-қағаздар түстен кейін дайындалушы еді, соған шейін сабырым кетіп коридорда сенделіп жүрмін (О.С.). 7. Ортасында мемлекеттік гербтің белгісі бар, оның үстінен «бес», «бес», «төрт» деп сатылай толтырылған көгершін қанат жиырма бес көк аттестат бәріміздің қолымызда отырды (Ә.Нұрш.). 8. Жақсы семьяға қызығуға, сондай семьям болса-ау деп арман етуге болады ғой (Ә.Нұрш.). 9. Алтайдың кенін қайдан кездестірмейміз елімізде. Алтай кені – космоста самғаған корабльдерде! Алтай кені – жасанды спутниктердің денесінде! Аспанда шарықтаған «Ил-18» сияқты самолеттерде де Алтай кені! Мен осыдан екі-үш жыл бұрын Москваға ұшып бара жаттым, ағай. Самолет Свердловскіге қонғанда, мен оның қанатынан сипадым (Ә.Нұрш.). 10. – Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, базардан сатылып алынғаны жоқ, - дегенді өте бір мақтанышпен айтады, - біз қазір ара-тұра болмаса, магазин дегенге бармаймыз, бәрін де жерден өндіреміз (Ж. Ж.).

Глоссарий.

Жалғаулар – сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейді.

Тәуелдеу категориясы – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.

Әдебиеттер

А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Қосымша әдебиеттер

С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

№ 11-12 сабақ тақырыбы: Сөздің негізгі түрлері. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір.

Сабақ жоспары:

1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз,

1. Сөздер формалық типтеріне қарай жіктелуі. Сөздің негізгі түрлері.

2. Құрамына қарай түрлері: Жалаң және күрделі сөздер.

3. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір

4. Күрделі сөздерді топтастыру,

5. Негіз түбірлер, оларға тән белгілер, қасиеттер. Негізгі түбірлерді ажырату принциптері

. Негізгі түбір сөздердің буын құрамы.

6. Туынды түбір, типтес туынды түбірлер. Туынды түбір тудырудағы жұрнақтардың қызметі, жалғаулардың қатысы.

7. Күрделі сөздер, негізгі белгілері (семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық, фонетикалық факторлар), түрлері (біріккен, қос сөз, қысқарған сөз, құрама сөз). Күрделі сөздерді фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінен ажырату жолдары.

Бақылау сұрақтары:

1. Субстантивтену, адъективтену, проминалдану, адвербиалдану, вербалдану терминдеріне анықтама беріп, мысалдармен дәйектеңіз.

2. Делексикалану дегенді қалай түсінесіз?

3. Тірі түбірлер, өлі түбірлер қалай ажыратылады?

4. Туынды сөзге анықтама беріңіз?

Глоссарий

Сөз тудыру – жаңадан сөз жасау заңдары менережелер жинағы.

Жалаң сөз – құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөз.

Күрделі сөз – құрамында ең кемінде екі (я одан да көп) негізгі түбір бар сөз.

Түбір - әрі қарай бөлшектенбейтін, морфемаларға мүшеленбейтін, нақты зат я құбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрам.

Тапсырмалар:

1. Морфологиялық талдау жасаңыз

1.Абайдың бұл келісі: ұрын келу деп, жартыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те аталады (М.Ә.). 2. Екі жақтың арбасып, қабақ торысқан болыстары: «Бұл билікті кім айтады?» дегенге келгенде, нені тілерін біле алмай жүрген-ді. Ояздарға «өздерің айтып шешіп бер» деген де арыз болған. Бірақ ұлықтар бұдан бас тартқан. Ал төбе биді Асылбекке беруге, керей қарсы. Бұны «Сыбанның күйеуі» деп, «қанды мойын, дұшпан ауылымның бірі – Ақтайлақтың күйеуі» деп, Керей «тіретей» билер алдынан қашып отыр. (М.Ә.). 3. Бір сөзде жұрт: «Құнанбай балалары төбе билікті өзімізге бер деп қанша жабысса да, Абай қарамапты. Ағайын тіліне азбапты. Жұртқа адалдығымен пайда келтірсін деп, алыс ата баласына төбе билікті өз туыстарынан тартып алып беріпті» деседі. Екінші лақап дәл соңғы бірер күн ішінде тарады: «Жатаққа өзі жоқшы бопты, өзі би де боп, кесік айтыпты» (М.Ә.). 4. Мақпал ерінің басына қиындық түскенде қолына қылыш алып, үстіне сауыт киіп, бұрымын дулығаның астына жасыратын да, қас сарбаздай қасына еріп жорыққа бірге аттанатын (Ә.Әлім.). Тоғыз санды торғауыт, Он сандайын оймауыт, Барабан соғып, шың қағып (Ер Тарғын). 6. Қыдыра жалды қыл құйрық, Жылқыдан қалмас дегіздім (Қыз Жібек). 7. Аламанға жол бердік, Аса жұртты меңгердік (М.). 8. Күресте қалың қолды адақтаған, Майданда бетіне жау қаратпаған (С.С.). 9. Жібектейін жеңгемнен бір жауап әкеп бер, аға (Қыз Жібек). 10. Көргендей жол бейнетін жүзің сарық (сонда).

2. Сөздерден негіз бен түбір сөздерді, күрделі сөздерді ажыратыңыз

1. Бұлай ұйғарғанда жұмыс күшінің бағасы мен қосымша құнның относительді мөлшерлері үш жағдаймен анықталады: 1) жұмыс күшінің ұзақтығымен немесе еңбектің экстенсивті мөлшерімен; 2) еңбектің қалыпты интенсивтілігімен немесе оның интенсивті шамасымен, - белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір мөлшерлі еңбектің жұмсалатындығымен; 3) ақырында, еңбектің өндіргіш күшімен, - өндіріс жағдайларының даму дәрежесіне қарай белгілі бір мөлшерлі еңбектің белгілі бір уақыт ішінде өнімді не аз, не көп бере алатындығымен анықталады (К.Маркс.). 2. Кең көлемді жекешелендірудің тағы бір қыры – оның республика экономикасын Батыс Европа, Азия және Таяу Шығыс экономикалық кеңістігіне бірігуін алдын-ала бағдарлау. Соңғы жылдың ішінде біздің қандай сыртқы және дипломатиялық жұмыстар жүргізгендігімізді сіздер білесіздер. Оның барлық маңызы мынаған – егеменді Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа өркениетті кіруінің барынша қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге келіп саяды. Басқа уақытта ондаған жылдар керек болатын нәтижелерге жету үшін бізге бір жылдан астам ғана уақыт қажет болды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық хұқылы мүшесі болды. Батыста және Шығыста көптеген лайықты достар тапты. Ондаған жоғары дамыған елдермен және әлемнің жетекші фирмаларымен тиімді сауда-экономикалық келісімдер жасады («Е.Қ.»).

Блиц –тест.

1. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз,

а) білім, білгір, білгіш; ә) ал, біл, аш, б) оқулық, оқу, үздік; в) арзан. арғын; г) мол, мас.

2). Тіліміздегі сөздер құрамына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 3 ә) 2 б) 5 в) 4 г) 5

3) Жіктік жалғау мен көптік жалғаудың қатар қолданылуы

а) сендер барыңдар, біздер оқушылармыз.

ә) оқушымын, оиламын в) оқушысың, б) үйлер, үйшіктер. г) мұғаліммін

4. Сөз тудыру –

а) сөз түрлендіру,

ә) жаңадан сөз жасау заңдары

б) көптеу категориясы

в) жіктеу категориясы

г) грамматикалық мағына үстеу

5. Құрамына қарай қалай бөінеді?

а) жалаң, күрделі ә) түбір, б) біріккен, кіріккен в) қос сөзі г) қысқарған сөз

Әдебиеттер

А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Қосымша әдебиеттер

С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

Наши рекомендации