Жекелендірудің маңызы және мақсаты

Жекешелендірудің мақсаты:

- өтпелілік мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;

- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық

құрылымдарға мемлекеттік бюджеттітолтыру үшін сату.

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:

- «қатаң» вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу;

- «жұмсақ» вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу.

Жекешелендіру – мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропа және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ- та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономикаға түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.

Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.

АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.

Венгрияда кәсіпорындарды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылад.

Чехославакияда шағын кәсілорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірді. Сондай – ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатп алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.

Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты – мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль болды. Иегелері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600 – дей жекешелендіру қорының кез келген салуға мүмкіндік жасады.

Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехославакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды.

Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын – үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді ) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120 – дай болды.

Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек қана оны инвестициялық қорына сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.

Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамда, акционерлік қоғам – шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 процентін мемлекетке жатты.

Орытынды

XX ғ. соңы бүкіл КСРО мемлекеттері үшін бетбұрыс кезеңі болды.Қазақстан мемлекеті де өз тәуелсіздігін алып , дамудың даңғыл жолына түсті. Тәелсіздіктің алғашқы жылдары еліміз үшін оңайға тимеді.Экономикасы КСРО –ға тығыз байланысты болғандықтан өнеркәсіптер құлдырап еліміз болашағы бұлыңғыр елдердің қатарыга кірді.Осыған байланысты ел билігі халықты сақтап қалу үшін жаңа реформалар үлкен өзгерістер жасауға мәжбүр болды.Сол себепті мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшті,мемлекеттік мүлікті жекелендірді,өзізнің ұлттық ақшасын шығарып ,мемлекет билігін қалыптастырды.Жекелендіру бірнеше кезеңде жүзеге асырылды Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.

2.

Наши рекомендации