Тақырып. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігіжәне құрамы.

2.Ауыл шаруашылықмақсатына арналған жерлергеменшік құқығы жәнеөзгеқұқықтар, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.

3.Арнайы жер қорының түсінігіжәне құрамы.

4.Ауыл шаруашылығымақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі.

Негізгі ұғымдар: ауыл шаруашылық мақсатындағы жер, жерге меншік құқығы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері.

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердіңқұқықтық жағдайының түсінігі және құрамы.Статистикалық мәліметтер бойынша Қазакстан Республикасының жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылык жерлері - 222513,6 мың гектарды құрайды. Сонғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылык өндірісінін мақсатында пайдаланылатын жердің баска да санаттары құрайды.

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдык аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрактылығын камтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандык өнімнің бәсекелестік артыкшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруашылыгын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамак өнеркәсібін 15-ю дамыту үшін жағдай жасау аркылы ауыл халкының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, техникалык жарақтандыру мен баска да ілеспе кызмет салаларын камтамасыз етуге, ауылдык аумак- тардың әлеуметгік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өндеуді және өткізуді, сондай-ақ тамак өнеркәсібін, оларды казіргі заманғы техникамен, технологиялык жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қам­тамасыз ететін ілеспе өндірістер мен кызмет салаларын, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын эконо­мика салаларының жиынтығы.

Ауылшаруашылык қызметтің кез келген түрі ауылшаруашылык мақсатындағы жермен тығыз байланыста болады. Яғни, аталған жер учаскесіз бұл қызмет түрін жүзеге асыру мүмкін емес.

Ауыл шаруашылыгы мақсатындагы жерлер дегеніміз—ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарга арналган жерлер болып табылады Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылы қабылданған Жер кодексiнiң 97-бабына сəйкес жер қоры нысаналы мақсатына сəйкес, мынадай санаты бар, ол ауылшаруашылығы мақсатындағы жерi жатады [151, 12 б.].

Ауылшаруашылық жерлер - ерекше қорғалуға жататын, Қазақстанның басқа жер санаттарына қарағанда ең шұрайлы, құнарлы жерлер. Сондықтан, бұл жерлерге байланысты қандай да болмасын шешiм жүктелген жауаптың ауырлығы ескерiлiп, күрделi ой елегiнен өтiп барып қабылдануы тиiс.

Ауылшаруашылығындағы жер құрамына ауылшаруашылығының алқаптары мен ауылшаруашылығы жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр жəне ауылшаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауылшаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиiс. Бұл жердi ауылшаруашылығы өндiрiсiне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол берiледi.

Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер деп ауылшаруашылығы қажеттiлiктерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер аталады. Ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлер өз кезегiнде 3 топқа бөлiнедi:

- Ауылшаруашылық алқаптары;

- Ауылшаруашылық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған құрылыстар, өзге объектiлер су айдындары орналасқан жерлер;

- Өзге де алқаптар; құмдар, тақырлар т.б.

Ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлердiң құрамына фермерлер, қырмандар, жүру жолдары жəне т.б ауылшаруашылығы объектiлерiнiң аумағында жерге ауылшаруашылығы өнiмдерiн кəсiпкерлiк, ұйымдық, фермерлiк аграрлық шаруашылықпен айналысуға қажеттi болып табылады

Ауылшаруашылық алқаптары бiрнеше түрге бөлiнедi: егiстiк, жайылым, шабындықтар, көп жылдық екпелер, т.б.

Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер құрамына ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер жəне iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су қоймалары, мелиоративтiк желi, ауылшаруашылығында жұмыс iстеуге қажеттi қосалқы үй-жайлар мен құрылыстар алып жатқан жерлер, сондай-ақ басқа да пайдаланылатын жерлер (сортаң жерлер, құмдар, тақырлар жəне басқа ауылшаруашылығының пайдаланатын жер көлемiне қосылған басқа да өзге пайдаланылатын жерлер) бөлiнедi.

Ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлерге: жыртылған жерлер, тыңайған жерлер, көпжылдық отырғызу алып жатқан жерлер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.

Жыртылған жер – көпжылдық өсiмдiктер егiстiгiн қоса, ауылшаруашылық дақылдарының егiстiгi ретiнде жүйелi түрде өңделiп, пайдаланылатын жер учаскесi, сондай-ақ таза егiстiк жерлер. Жыртылған жерге тамырын жақсарту үшiн қопсытылған алдын ала (үш жылдан артық емес уақыт iшiнде) дақылдар егiстiгi алып жатқан шабындықтары мен жайылымдар, сондай-ақ егiстiк ретiнде пайдаланылатын бақтардағы қатарлар арасы жатпайды.

Тыңайған жер – бұрын жыртылған жер құрамында болған жəне бiр жылдан артық, күзден бастап ауылшаруашылық дақылдарын себу үшiн пайдаланылмайтын жəне егiстiк жер ретiнде дайындалмаған жер учаскесi.

Көпжылдық отырғызу – жасанды жасалған көпжылдық ағаш, бұта отырғызу ретiнде пайдаланылатын, жемiс-жидек, техникалық жəне дəрiлiк өнiм түсiмiн алуға, сондай-ақ өңiрдi сəндiк көрнектеуге арналған жер учаскелерi.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шабындық ретiнде жүйелi пайдаланылатын жəне жануарларды жаюға арналған жер учаскелерi. Тамыры жақсартылатын шабындықтар мен жайылымдар – егiн екпеу арқылы жаңадан тұрақты шөп өскен шабындықтар мен жайылымдар учаскесi.

Суландырылған жайылымдар – аумағында су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, су шашырату немесе суландыру каналдары, құбырлы немесе шахталы құдықтар) бар, барлық мал басын тиiстi сапалы сумен қамтамасыз ете алатын жайылымдар

Суландыру деңгейiне байланысты суарылатын алқаптар (суландыру деңгейi табиғи тұрде 75 пайызды құрайды) жəне суарылмайтын алқаптар болып бөлiнедi. Суармалы ауылшаруашылығы алқаптарына ауылшаруашылығында пайдалануға жəне суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен байланысты тұрақты жəне уақытша суару жүйесi бар жер жатады.

Жайылма суару жерi қар суын жəне көктемгi тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру үшiн суару жəне суландыру каналдарынан берiлетiн суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды жəне қайта бөлудi қамтамасыз ететiн су бөгейтiн белдеулерi, суды реттейтiн бөгеттерi мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады.

2. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқыгы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.2003 жылғадейін Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы қарастырылмаған болатын. 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің қабылдануы Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылык мақсатынадағы жерлерге жеке меншік құқығын толығымен заңдастырып, аталған жерлерді шаруашылык құқықтық айналымға енгізді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке;

2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру үшін, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беріледі.

Пайдалануға беру мерзімі кемінде он жылды құрайтын шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiн көрсетілген мақсаттар үшiн жер пайдалану құқығымен беру мерзiмi кемiнде бес жылды құрайды. Жер учаскесiн осы тармақшада көрсетілген мерзімдерден аз мерзiмге беруге оны алуға мүдделi өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi;

3) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

7. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады.

Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiк құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылым) уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске және Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңдарына сәйкес берiледi.

Жер учаскесiн шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын азаматтар пайдаланады.
Қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметін тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесін сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкін сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

3. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы.Арнайы жер коры Қазақстанда 1991 жылы Жер реформасы туралы заңына сәйкес пайда болған болатын. Казіргі танда арнайы жер қорынын құкықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 100-бабына сәйкес анықталады.

Жерді ауыл шаруашылык өнімін өндірушілердін арасыңда жер учаскелерін қайта белу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер және босалкы жерлерден арнайы жер коры құрылады. Арнайы жер коры:

жер учаскесінен өз еркімен бас тарткан жағдайда; Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда; егер зан бойынша, өсиет бойынша мұрагерлері жоқ, немесе бірде - бір мұрагері мұраны қабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мұрадан айырған жағдайда, не мұрагерлер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайдағы жер учаскелерінен құралады.Белгілі жер учаскесін арнайы жер қорынын құрамына енгізу туралы шешімді аудандык атқарушы орган қабылдайды.

4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі.Ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыс- тыру (трансформациялау) қажеттігі табиғи факторларға, оларды кейін де баска жер алкаптарының құрамында пайдаланудың экономикалык тұрғыдан орындылығына негізделеді.

Жер учаскесі меншік иесінін немесе жер пайдаланушының жер учаскесінін орналасқан орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға берген өтінімі, сондай - ақ жергілікті аткарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге негіз бола алады.

Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жерге орналастыру жүмыстарын қаржыландыру - жергілікті бюджет каражаты есебінен, ал жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардыңөтініштері бойынша - олардың ез каражатының есебінен жүзеге асырылады.

Топырақ - мелиорациялық жай - күйі оларды басқа алқап түріне ауыстыруды қажет ететін ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар жоспарлау - картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ - мелиорациялық, геоботаникалық ізденістер материалдарын, тұзданудың түсірілген суреттерін, жер кадастрының, жерді түгендеудің деректерін зерделеу негізінде алдын ала анықталады.

Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы төменгілеріне ауыстыруға:

егістік үшін - жердін агроондірістік топырак сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейі; көпжылдық екпелер үшін — екпелердін шекті жасы, олардын сиреуі, жердің кен құрамының жұтандығы, қолайсыз топырақ - мелиорациялық сипаттамасы;

шабындықтар үшін - жердің шелейтгенуі, шалғындык өсімдік- тердің сиреуі, жердің мелиорациялык күйінің нашарлауы; жайылымдар үшін - тапталып бүлінуі негіз болып табылады. Суармалы жерді суарылмайтын жерге ауыстыру кезінде жоғарыда санамаланған факторлардан баска, суару көзімен байланыстың үзілуі, сумен камтылмауы, шаруашылық ішіндегі суару жүйелерінің техникалық жай - күйі, ал жайылма суармалы жер үшін - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, кұрылыстардың техникалык жай - күйі ескеріледі.

Қажет болған кезде жергілікті аткарушы органдар багалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы томенгілеріне ауысты- рудын баска да көрсеткіштерін ауыл шаруашылығы алкаптарынын өнімділігінін тым төмен болуы, топырактың тұздану, сорлеңген және алқаптардын сапалык сипаттан баска да өлшемдерді белгілейді.

Наши рекомендации