Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
Қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 бұйрығымен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулығының 3, 4 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынылады. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған туынды авторының тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарий туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) туындының данасы;
3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) туынды жазылған тасушы, туындының мәтіні, ноталары немесе партитурасы;
3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Тең авторлардың жеке жасаған музыкалық туындыларына берілетін құқықтар жеке де, сондай-ақ бірге де тіркелуі мүмкін.
Хореография, пантомима, дыбыстау-бейнелеу туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) туынды жазылған тасушы;
3) туынды сипаттамасы;
4) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Сәулет, қала құрылысы, бау-саябақ өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) нобайлар, сызбалар, суреттер;
3) туындының егжей-тегжейлi сипаттамасы;
4) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Кескіндеме, мүсіндеме, графика, бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) туындының нобайлары, суреттері, безендірулері немесе туындының суретке түсіру түріндегі бейнесі, сондай-ақ қажет болған жағдайда сызбалары;
3) туындының егжей-тегжейлi сипаттамасы;
4) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен жасалған туындыларға, сондай-ақ карталарға, жоспарларға, нобайларға, безендірулерге және географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын үш өлшемді туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) туындының данасы;
3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Электронды есептеуіш машинаға (бұдан әрі - ЭЕМ) арналған бағдарламаларға немесе дерекқорларға құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) ЭЕМ-ға немесе дерекқорларға арналған бағдарлама мен бастапқы коды (бастапқы мәтіні) бар тасушы (дискета және өзге электронды тасушы);
3) ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, өтініш берушінің атауын (тегі, аты, әкесінің аты) жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндігін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асыратын ЭЕМ-ның түрін қамтитын ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның немесе дерекқордың рефераты;
4) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Құрамына ЭЕМ-ға арналған бірнеше бағдарлама енген (бағдарламалық кешендер) ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар тұтастай тіркелуі тиіс.
Қызмет міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін ұсыну қажет. Қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілі туралы автор мен жұмыс берушінің арасында шарт жасалған жағдайда осындай шарттың көшірмесін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін ұсыну қажет.
Құқық иеленуші заңды тұлға болған жағдайда тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін ұсыну қажет.
Құрамдас немесе туынды шығармаларға құқықтарды тіркеу кезінде түпнұсқа туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушімен (құқық иеленушілермен) жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірлеуі, тігілуі және тұтынушының қолы қойылуы тиіс.
Комитетке мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін ұсынылатын туындылар тасымалдағыштарда олардың объективті нысанда болуын тексеру үшін қарауға жатады.