Тақырып. туынды бағалы қағаздар
Мақсаты:
Коммерциялық банктің сыртқы тәуекелдерінің жалпы сипаты, яғни жалпы сыртқы тәуекел түсінігін беру. Және оның түрлеріне жеке-жеке тоқталу.
Лекция жоспары:
1. Фьючерстік сауда түсінігі, механизмі және фьючерстік шарт түсінігі
2. Биржа опциондармен сауда
Тақырыптың негізгі ұғымы:
Фьючерстік сауда деген фьючерстік шарт бойынша биржалық тауарды биржалық саудада сату формасы. Фьючерстік шарт ол стандартты үлгідегі шарт, онда мәміле жасасқан тараптардың айқындаған бағасымен шартта көрсетілген мерзімде биржалық активті жеткізіп беру көзделеді. Фьючерстік шартта бір көрсеткіштен, яғни бағадан басқасы жан-жақты стандартталған ал сатылатын тауар бағасы, жоғарыда айтылғандай, биржалық сауда барысында белгіленеді.
Фьючерстік шартты стандарттағанда төмендегі негізгі көрсеткіштер бар ізге салынады (бір-бірімен үйлестіріледі), тауардың тұтыну құны, оның саны және нарықтық айналыс жағдайлары, тауардың түрі, оның базистік саны және одан ауытқыған қосымша төлем мөлшері, тауар партиясының мөлшері, жеткізіп беру мерзімі және оның жағдайы, төлем формасы, шарт жағдайын бұрмалағаны үшін санкция, арбитраж тәртәбі және басқалар. Фьючерстік сауда тек мәмәле жасақан тауар түрінің ғана, сондай-ақ мәміленің саны, жеткізіп беру айы және ең негізгісі, сол тауардың шартта көрсетілген бағасының ғана маңызы бар. Стандартталған фьючерстік сауданың ерекшелігі- шарттың негізденуі. Фьючерстік шартта оның екі жағы болып әдеттегідей сатушы мен есеп айырысу палатасы немесе сатып алушы емес, сатушы мен Есеп айырысу палатасы шығады. Бұл сатушы мен биржаның Есеп айырысу палатасы шығады. Бұл сатушы мен сатып алушының бір –біріне тәуелсіз әрекет жасауына мүмкіндік береді, яғни кері мәміле жасау жолымен бұрынғы рәсімделеген шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін жоюға мүмкіндік алады. Фьючерстік сауданың обьектісі өте ауқымды. Фьючерстік шарттармен сауда – ол тауармен емес, тек биржалық шарттармен ғана жүргізілетін операция болғандықтан олардың негізі материалдық игілік ретіндегі тауар ғана емес, жалпы сауданың кез келген обьектісі, мысалы, әртүрлі бағалы қағаздармен сауда. Сондықтан сауданың обьектісі шарт болғасын онда шартқа жасалған шартпен, бір топ шартқа шартпен сауда жасау және с.с. Бұл шексіз сауданың табиғи шектеуі- тек нақты тауар нарығымен нақты капитал нарығымен байланыстар болады.
Фьючерстік шартты форвард шартымен салыстыру арқылы түсінуге
болады. Форвардтық шарт деген оның орындалу мерзімі шарт жасаған кезде сай келмейді және ол уақыт шартта көрсетілетін келісім. Ал фьючерстік шарт-ол биржалық активті болашаққа дәл қазір екі жақ айқындаған бағамен сатып алу келісімі. Сонда фьючерстік шарттың форвардттық шартпен бірсыпыра айырмашылықтары бар. Олар:
Біріншіден, фьючерстік шарт тек биржаларда, ал форвардттық шарт биржадан тыс нарықта жасалады.
Екіншіден, фьючерстік шарт- ол формасы бойыншада, мазмұны бойынша да стандартты шарт. Ол жан-жақтыстандартталған, тек бағасы сауда барысында белгіленеді. Ал форвардтық шарттың формасы типтік болғанымен, барлық нақты жағдайлары, мысалы, алғашқы активтің саны, оның сапалық сипаттамасы және с.с. жағдайлары мәміле жасасқанда екі жақпен (арасында)ескеріледі.
Үшіншіден, фьючерстік шарт бойынша оның орындалуы мен барлық есеп айырысуына биржа мен Клирингтік палата кепілдік береді.
Төртіншіден, форвардтық шарт алғашқы активті сатып алуға (сатуға) жасалады. Оның орындамаған жақ ірі айыппұл төлейді. Ал фьючерстік шарттың механизмі бойынша мәмілеге келген екі жақтың мақсаты - алғашқы активті сатып алу-сату емес, сол мәміледен фьючерстік нарықта пайда табу. Ол көбінесе алыпсатарлық шарт.
Бесіншіден, форварттық шарт қор нарығының кез-келген алғашқы активіне жасалуы мүмкін, ал фьючерстік шартта алғашқы активтер биржаның мамандануына байланысты шектеулі болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, белгілі –бір биржалық активті жеткізіп беру мақсатында жасалған фьючерстік шарт шын мәнінде ол форвардттық шарт. Себебі мәмілені бекіту мен орындау аралығындағы уақыт форвардтық шарттың мәні болып есептеледі.
Фьючерстік сауданың мәнін екі жақтан биржа тұрғысынан және жалпы нарықтық шаруашылық жағынан қарастырған жөн. Биржа тұрғысынан фьючерстік сауда ол нарықтық шаруашылық жағдайында биржалық сауданың табиғи дамуының нәтижесі. Басқаша айтқанда, ол нарықтық делдалдық құрылымдардың әртүрлі типтерінің тұрақты бәсекелестігінің нәтижесі. Нақты тауар саудасымен салыстырғанда фьючерстік сауданың зор артықшылығының арқасында нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында биржаларға жұмысын жалғастырып, одан әрі дамуына каптиал жинақтауға мүмкіндік туғызады. Биржаның мақсаты – фьючерстік сауданы дамытып, нарықтық ортада қызмет істеу үшін қажетті мөлшерде табыс табуға қол жеткізу.
Нарықтық шаруашылық тұрғысынанфьючерстік сауда –ол нарықтық шаруашылық жағдайында биржалық сауданың табиғи дамуының нәтижесі. Басқаша айтқанда, ол нарықтық делдалдық құрылымдардың әртүрлі типтерінің тұрақты бәсекелестігінің нәтижесі. Нақты тауар саудасымен салыстырғанда фьючерстік сауданың зор артықшылығының арқасында нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында биржаларға жұмысын жалғастырып, одан әрі дамуына капитал жинақтауға мүмкіндік туғызады. Биржаның мақсаты – фьючерстік сауданы дамытып, нарықтық ортада қызмет істтеу үшін қажетті мөлжерде табыс табуға қол жеткізу.
Нарықтық шаруашылық тұрғысынаналғанда фьючерстік сауданың мақсаты –нақты тауар нарығында бағаның өзгеруінен сақтандыру , сөйтіп кәсіпкерлердің мүддесін қорғау әсіресе, жетекші шикізат және отын тауарының бағасын болжау арқылы биржалық саудадан мол пайда табу.
Нарықтық экономикада бағаны болжау мүмкіндігі өндірістің қарқынды дамуы мен қоғамдастануынан және оның халықаралық интеграциялануынан туындайды. Осындай алдын-ала жасалған шаралардың негізінде фьючерстік сауда бағаның нарықтық болжам механизмін құрады. Тауар әлі өндірілмеген (өсірілмеген, қазылмаған, өңделмеген) бірақ фьючерстік шартты сатып алу сату арқылы олардың болжам бағасы бар. Ол баға нақты өмірдегі процестердің әсіресе душар болады. Фьючерстік нарық нақты тауар нарығынан ерекше. Ол қатысушылардың құрамында, сауда орнында, нарықтың деңгейінде және басқалар да болатын ерекшеліктер.
Биржалық фьючерстік сауда механизмініңнегізгі элементтері:
§ биржалық сауданы фьючерстік шарттармен ұйымдастыру;
§ есеп айырысу тәртібі және фьючерстік шарттарды жою тәртібі;
§ фьючерстік шарттардың орындалуын ұйымдастыру.
Фьючерстік шартпен сауда оны жүргізуші брокерлік фирманың өзіне клиенттің мәлімдемесін беруден басталады. Мәлімдемені ауызша немесе жазбаша беруге болады. Мәлімдемеде тауар туралы, жеткізу мерзімі, шарт саны және баға туралы мәліметтер болуы керек. Брокерлік фирманың өкілі мәлімдемені, әдетте телефон арқылы немесе тікелей биржа залындағы осы фирмаға қызмет етіп отырған брокерге береді. Егер биржаның жұмыс күні аяқталып қалса, мәлімдеміні ақпараттық орталыққа береді. Сауда барысында биржалық брокер шартты сатып алуға (немесе сатуға) алған тапсырысын, ұсынатын бағасын және шарт санын айғайлап айтады. Өз кезегінде басқа брокерлер шарттың осындай түрін сатуға (немесе сатып алуға) алған тапсырыс бойынша өз бағасын ұсынады. Егер сатып алу бағасы мен сату бағасы дәл келсе мәміле бекітілген деп есептеліп, биржалық жүйелерде тіркеледі. Биржалық сауда аяқталған соң брокерлер бекітілген мәмілелердің реквизиттерін тексеріп, одан соң ақпаратты клиенттерге жеткізеді.
Фьючерстік шартты «сатып алу» деген биржадан алғашқы актив (мысалы, белгілі бір облигациялар) бойынша өзіне міндеттемені қабылдап алу. Содан кейін фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде осы шарт үшін айқындалған тәртіпке сай, яғни шартты сатып алу кезінде анықталған бағаны биржаға төлеу.
Фьючерстік шартты «сату» деген фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде биржаға алғашқы активті жеткізу (сату) міндеттемесін өзіне қабылдап алу. Содан кейін осы шартты сату бағасына сай биржадан ақша қаражатын алу.
Фьючерстік шарт бойынша есеп айырысу формасы әр елде әртүрлі болады, Әдетте есеп айырысу чекпен жүргізіледі.
Фьючерстік шартты сатып алу- сату мәмілелерін жасасу және орындау тәртібі. Фьючерстік шартты сатып алу-сатуды ұйымдастырушы әрбір биржа өзінің нормативтік актілеріне сәйкес шарттарды жасасу және орындау тәртібін белгілеуге құқылы.
Фьючерстік шартты сатып алу- сатудың технологиялық процесін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.
1. Клиенттің шешімі Клиент фьючерстік шарт нарығының өтімділігін бағалайды, яғни оларды еркін және тез арада сатып алу сатуды бағалайды, сатып алу-сатуды жүзеге асыруға байланысты шығындарды анықтайды, атап айтқанда маржаны төлеу мәмілені жасасу мен тіркеу үшін комиссиялық төлемді, делдалдар қызметін және салықтарды төлеу. Содан кейін клиент фьючерстік шартты сатып алу-сату туралы, яғни фьючерстік саудаға қатысу туралы шешім қабылдайды.