Азақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.
Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. ӘрқайсысыКонституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.
Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.
Жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы болып өтті. Президент болыпН.Ә. Назарбаев сайланды. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.
Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.
Мемлекеттік органдар арасындағы жанжалдарды болдырмаудың елеулі механизмі Президенттің вето (тыйым салу) құқығы. болып табылады. Вето құқығы: "Парламент қабылдаған заңды Президент түзетуге қайтара алады" дегенді білдіреді. Бұл "кейінге қалдырушылық ветосы" деп аталады.
Президенттің түзетуге қайтарған мына заңдарын көрсетейік: "Қазақ КСР-дағы меншік туралы" (1990 ж.), "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін бақылау палатасы туралы" (1993 ж.), "Нотариат туралы" (1997 ж.) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" (2005 ж.) және басқалары. Заңдарды түзетуге қайтарудың себептері: Конституция талаптарына сәйкес келмеуі, заңдарды талдаудың әлсіздігі, құқықтық сараптаманың төмен денгейі, заңдарды өмірде пайдаланудың мүмкін еместігі.
Конституцияда Президент өкілдігін шектейтін жағдайлар да көзделген. Президенттің Парламент, мәслихат депутаты болуына, басқа да жалақылы қызмет атқаруына және кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады. Президент өзінің міндеттерін атқаруы кезінде іс-әрекеті үшін тек қана мемлекеткеопасыздық жасаған жағдайда жауап береді жөне бұл үшін Қазақстан Республикасының Парламенті оны қызметінен кетіруі мүмкін. Бұл институт импичмент деп аталады.
Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Конституцияда көзделген ретте Президент зандық күші бар заңдар, сондай-ақ жарлықтар шығарады.
47. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Жұмыс уақыты дегеніміз – жұмыскердің жұмыс беруші актілерімен және жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес еңбектік міндеттерін орындау уақыты қарастырамыз. Еңбектік міндет деп – жеке еңбек шартына байланысты жұмыскер мен жұмыс берушінің міндеттері деп отандық заңнама кµрсетеді (ҚР ЕТЗ 1-бабы).
Жұмыс уақытының ұзақтығы заңмен бекітілген. ҚР Конституциясының 24 бабының 4 тармағында бекітілгендей “Әркімнің тынығу құқығы бар”. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндеріне жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. Еңбек туралы заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Жеке еңбек шартында жақтардың келісімі бойынша жұмыс уақытының аздап созылуы қарастырылуы мүмкін.
ҚР-ң еңбек туралы Заңында қалыпты жұмыс уақыты және қысқартылған жұмыс уақытының түрлері қарастырылған. Жоғарыда кµрсетілгендей кәсіпорындағы жұмыскердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан асуы мүмкін емес. Бұл ұзақтылықтың шегі және бұл норма ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асырушы барлық жұмыскерлерге таралады.
Қысқартылған жұмыс уақыты - бұл қалыпты уақыттан кем. Қысқартылған жұмыс уақыты да заңмен бекітілген, бірақ қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен µндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, µндіріске кәмелетке толмаған жеткіншектерді және еңбекке қабілеттіліктері тµмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
а) 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан;
б) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін µндірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (µте зиянды) және ауыр (µте ауыр), қауіпті (µте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жµнінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Мерзімінен тыс жұмыс – бұл осы заңның 45-бабында бекітілгендей жұмыс уақытының қалыпты ұзақтылығынан тыс жұмыс.
Мерзімнен тыс жұмысқа тарту тек жұмыскердің келісімімен жіберіледі. Бұл жұмысқа 18 жасқа толмағандар жіберілмейді.
Мерзімінен тыс жұмысқа заң шек қояды (ҚР ЕТЗ 50-б.). Мерзімінен тыс жұмыс күнтізбелік күн реттілігінде әр жұмыскер үшін екі сағаттан (ауыр дене жұмыстары мен жағдайының ең ауыр және қауіптілігіне байланысты жұмыстар –1 сағаттан) аспауы тиіс.
Мерзімінен тыс жұмысқа заң тиым салады: еңбек жағдайларының аса қауіпті және аса зияндылығы жағдайында мерзімінен тыс жұмысқа рұқсат етілмейді.
Заң зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайлары және ауыр дене жұмыстарына анықтама береді. Сонымен, зиянды еңбек жағдайларына - белгілі бір µндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілетінің тµмендеуіне және ауруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады.
Қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайларына – белгілі бір µндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен, күрт нашарлауына және жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Ауыр дене жұмыстары – қызметкердің ауыр заттарды қолмен кµтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметтерінің түрлері не 300 ккал/сағаттан астам күш қуат жұмсайтын басқа да жұмыстар.
ҚР ЕТЗ 5 –бабына сәйкес қызметкерлерді олардың келісімінсіз мынандай ерекше жағдайларда ғана мерзімінен тыс жұмыстарға тартуға жол беріледі:
1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ тµтенше жағдайларды, немесе дүлей апаттарды, µндірістік аварияларды болғызбау немесе олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;
2) сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылыту, жарық беру, канализация, кµлік байланыс жµніндегі қоғамдық қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде- олардың дұрыс жұмыс істеуін бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшін;
3) егер жұмыс үзілісті кµтермейтін болса, ауыстырушы қызметкер келмей қалған кезде заңда кµзделген сағаттар санынан аспайтын уақытқа жұмысты жалғастыру үшін.