Тәуекелдерді басқару саясаты

Банктің даму стратегиясын орындау, жоспарланған пайданы алу және оның ағымдағы жұмыста тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді шектеу жүйесі тәуекелдерді басқару деп түсініледі.

Банк тәуекелдерін жіктеу Банктің мақсаттары мен стратегияларынан шығады және сыртқы әрі ішкі факторларға байланысты болып, Банктің үздіксіз әрі тұрақты қызметіне қауіп төндіруі мүмкін тәуекелдердің мынадай түрлерін қамтиды:

  1. Қаржылық тәуекелдер;
  2. Қаржылық емес тәуекелдер.

Тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында Банк әртараптандыру, шек белгілеу, түрлі қорғау механизмдері мен хеджирлеу құралдарын қолдану арқылы тәуекелдерді басқару әдістерінің кешенін қолданады. Осыған орай Банкте қаржылық, қаржылық емес және елдік тәуекелдерді басқару тәртібіне регламент белгілейтін ішкі нормативтік құжаттар әзірленген және қолданылады.

Тәуекел-менеджмент басқармасы Банк активтері мен пассивтерін және банктік тәуекелдерді басқару секторларына бөлінеді.
Активтер мен пассивтерді басқару секторы Банк активтері мен пассивтерін басқару саясатын басшылыққа ала отырып, Басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Банк балансының құрылымдық тәуекелдерін басқару;
  2. активтердің әрбір бизнес-қоржыны (кредиттік қоржын, қазынашылық операциялар қоржыны, қолма-қол ақша қоржыны және т.б.) бойынша тәуекел/табыстылық қатынасының белгіленген стратегияларына қарай активтердің бизнес-қоржындары арасындағы оңтайлы қатынасты іздеу;
  3. түрлі бизнестер мен үрдістерге, сондай-ақ түрлі тәуекелдер немесе бизнес-үрдістер кесігінде өнімдерге, құралдарға, операцияларға тән тәуекелдерді басқару, Банктің баланстық және баланстан тыс есептерін, сондай-ақ экономикалық жағдайдың өзгеруіне сезімтал табыс және шығыс шоттарын сараптау.

Банктік тәуекелдерді басқару секторы Басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Банк қызметіне тән кредиттік, қаржылық, қаржылық емес тәуекелдерді анықтау және жіктеу;
  2. заемдарды кредиттік тәуекел деңгейіне орай реттеу және белгіленген шектермен салыстыру (скоринг);
  3. кредиттік шешімдер қабылдау кезіндегі өкілеттіктерді бөлу: авторизация, кредиттерге мониторинг жүргізу, несиелік қоржынды басқару және проблемалы кредиттерді қалпына келтіру;
  4. кредиттік қоржын сапасын бағалау және кредиттік қызмет шығындарын жабу үшін резервтер құру;
  5. операциялық тәуекелдерді сандық әрі сапалық бағалауды жүзеге асыру, ұсынымдар әзірлеу;
  6. эмитент, қаржылық құрал түрлері, айналым мерзімдері, валюта түрлері мен инвестиция мақсаттары бойынша Банктің инвестициялық қоржынына мониторинг жүргізу.

Тәуекел түрлерінің жіктелуі*

Наши рекомендации