Ежелгі Үндістан халқының құқықтық жағдайының ерекшеліктері: Варналар жүйесі. Құлдық.
Ежелгі Үндістанның мемлекеті мен құқығында Ежелгі Шығыстың бүкіл құл иеленушілік мемл/не тән типтік белгілерімен қоса біраз өзгешеліктер де бар. Ол өзгешеліктерге қоғамның касталық құрылымы жатады. Бұл құрылым мемл/к белгі ретінде бүгінгі күнге дейін сақталған.
"Каста" португал тілінен шыққан сөз, ол тайпалық рудың тазалығын көрсетеді. Арийлер мен дравидтердің түстері əр түрлі, сондықтан каста Үндістанда адамдардың түсімен де белгіленген. Касталар бір аудандағы туысқан адамдар, жалпы мамандығы да, діни əдеттері мен əлеуметтік деңгейіне де бірдей болған. Касталарға брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар жатады. Жоғары үш каста-екі туған, "двиджати", "движати-ариас". Жоғары касталар үстемдік жасауға жəне жеңілдіктерге ие болуға құқылы.
Брахмандар. Пуруши деген алғашқы адамның ауызынан жаратылған. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне жəне өзгеге арнап садақа үлестіру жəне садақа алу ісін құдай брахманға белгілеген. Ману зандарының 96-бабында (бірінші тарау) былай делінген: "Тірі нəрселердің бəрінің ішіндегі ең қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар болып саналады".
Бағыныштыларын қорғау, садақа үлестіру, құдайы құрбандық шалу, дін ілімін оқып-тану істерін құдай кшатрийгебелгіледі. КшатрийПурушидің қолынан жаратылған. Тек кшатрийлер қарулануға құқығы бар.
Вайшийлер.Мал бағуды, үлестіруді, құдайы құрбандық шалуды, дін ілімін оқып үйренуді, саудамен жер өңдеуді құдай вайшийге көрсетті. Сонымен, бүкіл пайдалы жұмысты вайшийлер істейтін болды. Олар Пурушидің санынан жаратылған, олар қауымның толық құқығы бар қарапайым мүшесі.
Ең төменгі төртінші каста-шудралар, олар бір рет туғанға жатады жəне Пурушидің табанынан жаратылған, сондықтан тек қана жоғары үш варнаға аянбай қызмет қылуға тиісті. Шудралар ең лас жерде жүретін адамдар. Шудралар қауымның теңсіз мүшесі.
Касталардың арасындағы те өтпейді, неге десек, олар қауымға қарсы шығатын бөтен адамдардан құралған, қауымның көмегінен айырылған, жерін жоғалтқан, яғни тəуелді əрі толық құқығы жоқ тайпалардың өкілдерінен тұратын. Инициация əдетінен өтпегеннен кейін олар тек қана бір рет туды деп саналады. Шудраларға қасиетті Веда кітаптарын оқуға тыйым салынды. Олардың кейбір діни салыстар мен қоғамдық мерекелерге қатысуға да құқығы болмайтын еді. Сонымен бірге жер иеленуге, жоғарғы өкімет аппаратында қызметке тұруға құқығы жоқ.
Үндістанның сословиелік бөлінуі өте мықты жəне айқын болатын. Жоғары топтар сословиелік-касталық бөлінуді пайдаланып, өздерінің құқықтарын қорғап, өзара ынтымақта өмір сүрді. Үндістанның этникалық ала шұбарлығында, мемлекеттер бірігіп жəне ыдырап жатқан жағдайда қасталық жүйесі, олардың топтық сословиелік бірлігін қорғады.
Қасталардың арасында мықты шекара құрылған. Тек қана өзінің кастасынан шыққан адаммен ғана некелесу шарт. Екі рет туғандар алғашқы некеге əйелді өзінің варнасынан алады, ал екінші некеге тұрғанда төменгі кастадан (бір каста төмен) əйел алуға болады (3-тарау, 13-бап). Брахманның баласы шудрадан əйел алса немесе шудраның əйелі одан бала тапса, брахман өзінің брахман атағынан айырылады жəне оның баласы чандал болып саналады. Ману заңдарында əке - шешесін сыйлайтын, жақсы адам болатын бала тек қана екі жағы бір біріне тең некеден туатын балалар деп айтылады.
Ақсүйектер мен құлдардың арасындағы шекара өте терең. Брахманға тиіскен адамның тиген жері кесіліп алынуға тиісті. Брахмандар өлім жазасына кесілмейді, оларға тартылатын ең ауыр жаза - шашын алу. Əлемдегі бар нəрселер түгелдей брахмандардың меншігі болып табылады, туған кездегідей мəртебесінің жоғары болуына байланысты тек брахман ғана осының бəріне құқылы, -делінген 100-бапта. (Ману зандары. 1-тарау). Брахман шудраны өлтірсе оған тек қана тазарту жазасы кесіледі, өйткені шудраның өмірі иттің, мысықтың, қарғаның өміріне тең болып саналған. Шудра брахманды жамандаса немесе абыздың жүріс-тұрысы туралы жаман сөз айтса, оның ауызына ені он бармақ ыстық темір тығады. Каста жүйесі рулық ақсүйектердің жəне арийлердің тазалығын енгізгені түсінікті. Екі түрлі касталардың жəне басқалардың бір біріне қарыздары болатын болса, төменгі касталардың өкілдерін қарызы үшін құлдыққа айналдыру салтқа енгізген. Ал жоғары кастаның өкілдері қарызын бөліп төлеуге құқығы болатын. Брахмандардың меншігін ешкім, тіпті патша да тартып ала алмайды. Брахмандардың патшаға ақыл-кеңес айтуға құқығы бар, патша оларға сыйлық беруге міндетті.
Құлдар.Құлдықтың басты көздері: соғыс кезінде тұтқынға түсу, қарызын бере алмай құлдыққа түсу, қылмыс істегені үшін құлдыққа түсу болып саналады. Ерікті адамдардың ең төменгі сатысында және варнадан тыс тұрған адамдар тобы ол «аластатылғандар». Бұларды «чандылдар» деп те атайды. Бұл топқа ауыр қылмыс жасап, ортасынан қуаланғандар, отбасымен ауруға (жұқпалы) шалдыққандар, аралас некеден туғандар жатады. Чандалдардың мекен – жайы көпшіліктен бөлек, киімдері де өзгеше, олар иттің терісінен тігілген киімдер киюі қажет. Басқа жұртшылық бұлармен ешқашан, ешқандай қарым – қатынас жасамайтын. Тек қайыр-садақа ғана беретін. Бірақ «аластатылғандар» ол садақаны шіркеулердің жанында қара киініп, қара жамылып, қолын көрсетпей алулары шарт.
Ежелгі Үндістанда аса көп болмағанмен, құлдар да бар еді. Құлдар сияқты еріксіз көпшіліктің шығу себептері мынадай:
1) соғыс кезінде тұтқынға түскен әскери тұтқындарды құлға айналдыру нәтижесі;
2) құлдардың табиғи түрде пайда болуы(яғни, құл мен күіңнің балалары құлға айналдырылатын);
3) еріктілердің құлдыққа сатылуы;
4) қарызын өтемеген ерікті адамдар құлдарға айналдыру;
5) қылмыс жасағаны үшін еркіті адамды құлға айналдыру.
Ежелгі Үндістанда құл еңбегі онша кеңінен пайданыла қойған жоқ. Құлдарды тек үй іші жұмыстарына ұстайтын. Құл еңбегі өндірісең негізін құрай алмады. Себебі, олардың саны өте аз еді. Құлдар құқықтан жұрдай болған топ. Ману заңында оларды түрлі бостандықтар мен құқықтардан жан-жақты шектейі. Мысалы,8 –тараудың 416-бабында көрсетілгендей: «Құл, әйелі және баласы тіптен өздері пайдаланып жұрген мүлкітің де иегері бола алмайды. Бірақ бұл елде сол сияқты құлдықтан шығу да жеңіл ботын. Жағайдайлары ескеріліп, жоғары орындарды арыз шағымдары талқыға салынып, рұқсат етілетін. Ал қарызын тез арада өтеп болса, ол адам сол сәтінде еркіндікке жіберілетін.