Бап. Адамныңағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеунемесе заңсыз алып қою
1. Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адамның агзалары мен тіндерін алып қоюга мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, сол сияқты тірі адамның ағзалары мен тіндеріне қатысты заңсыз мәмілелер жасасу -
2. Мынадай:
1) кінәлі адамга дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;
2) көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты; 3) екі және одан да көп адамга қатысты;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган;
5) бірнеше рет;
6) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды ңолданып;
7) кінәлі адамга жүктілік жагдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты;
8) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;
9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
10) жәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдаланып жасалган дәл сол іс-әрекеттер -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан не қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -
Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің Бұл түрі адамның ор-гандарын немесе тінін басқа адамның өмірін сақтап қалу немесе қалпына келтіру үшін ауыстырып салуға қол жеткізу болып табылады.
Медицинадағы бұл жетістік ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамдардың органдарын немесе тінін алуға мэжбүр ету сипаты криминалдық жағдайлардың көрініс алуына экеліп соқты. Осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте осы тэдэғыдағы қылмыспен күрес жүргізетін арнаулы норма — П6-бап пайда болды. Бұрынғы Қылмыстық ко-дексте мұндай норма болмаған еді. Қылмыстың объектісі - адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдары мен тінін алуға мэжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тініне қатысты заңсыз мэмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.
Мэжбүрлеу дегеніміз донорға күш қолдану, қорқыту, материалдық жэне басқадай тэуелділігін пайдалану арқылы оны еріксіз органдары мен тінін беруге көндіру бо-лып табылады. Адам органдарын немесе тінін алу тек қана донордың келісімі бойын-ша жүзеге асырылады жэне мұндай іс-эрекеттер арнаулы заңмен реттеледі. Егер адам органдары мен тіні донордың келісімінсіз, занда көрсетілген басқадай талаптарды көрінеу бүза отырып, жүзеге асырылса, онда мұндай эрекет заңсыз деп танылады. Адам органдары мен тініне қатысты заңсыз мэмілелерге донордың келісімінсіз немесе заңда көрсетілмеген негіздерсіз эртүрлі келісім-шарттарды жүзеге асыру, органдар мен тіндер-ді заңсыз айналымға салу жэне т.б. эрекеттер жатады. Қылмыс қү_рамы формальдық жэне ал ҚК-тің 116-бабының 1 -бөлігінде көрсетілген заңсыз іс-эрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті эр түрлі болуы мүмкін: ауру адамға жэрдем көрсету; бастығының алдында жақсы көріну; пайдакүнемдік немесе атаққұмарльщ жэне т.с.с.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.
Егер қылмыс кінэліге көрінеу дэрменсіз күйде екендігі белгілі немесе көрінеу кэмелетке толмағанға қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты адамдар тобы-мен, алдын-ала сөз байланысуы бойынша адамдар тобымен; бірнеше рет, қару неме-се қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; кінэліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі эйелге қатысты; алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен; өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып; жэбірленушінің материалдық немесе өзге де тэуелділігін пайдаланып жасалғанда, онда бұл эрекеттері осы құрамның ауырлататын түрі болып табылады (116-баптың 2-тармағы).
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақгарында көзделген, абайсызда жэбірленушінің қайтыс болуына немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соққан не қылмыстық той жасаған іс-эрекеттер - осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (113-баптың 3-тармағы). Өзге ауыр зардаптарға жэбірленушінің психикалық дертке ұшырауы, өзін-өзі өлтіру немесе ауыр дене жарақатын алу т.с.с. жатады. Қылмыстық кодекстің 113-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай қылмыс занда көрсетілген осы зардаптардың біреуінің орын алған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.