Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған сұрақтар

1. Мемлекеттің түсінігі, негізгі белгілері.

2. Мемлекеттің пайда болу себептері.

3. Мемлекеттің функциясы туралы түсінік.

4. Мемлекеттің нысаны туралы түсінік.

5. ҚР құрылымдық нысаны.

6. ҚР саяси режимдік нысаны

7. ҚР басқару нысаны

8. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.

9. ҚР – егеменді, демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік

мемлекет.

10. Қылмыс түсінігі және белгілері.

11. Қылмыстық әрекетті болдырмайтын мән – жайлар.

12. Жауапкершілікті ауырлататын , жеңілдететін мән – жайлар.

13. Қылмыс. Құрамы. Санаттары.

14. Қылмыс жасау сатылары , қылмысқа қатысу.

15. Қылмыстық жаза туралы түсінік.

16. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

17. Құқық бұзушылық және оның түрлері

18. ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күресу

19. ҚР Қылмыстық іс жүргізу.

20. ҚР Азаматтық іс жүргізу.

21. Құқықтың анықтамасы және негізгі белгілері.

22. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі.

23. Азаматтық мәселесі.

24. Азаматтық алу және тоқтату.

25. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі және құқық қабілеттілігі.

26. Құқықтық мемлекет ұғымы.

27. Азаматтық қоғам туралы түсінік.

28. ҚР Конституциясы туралы түсінік

29. ҚР азаматтарының жеке басының құқықтары .

30. ҚР азаматтарының әлеуметтік - экономикалық құқықтары.

31. ҚР азаматтарының саяси құқықтары.

32. ҚР азаматтық құқық түсінігі.

33. Шарт және оның түрлері.

34. Мәміле және оның түрлері.

35. ҚР мұрагерлік құқығы, мұрагерлік алу кезеңдері.

36. Міндеттеме түсінігі, түрлері.

37. Жеке кәсіпкерлік және оның түрлері.

38. ҚР интелектуалдық меншік құқығы.

39. Авторлық құқық және оның қорғалуы.

40. ҚР сайлау құқығы.

41. Сайлау алдындағы үгіт насихат.

42. ҚР сайлау органдары туралы түсінік.

43. ҚР сайлауды қаржыландыру, сайлау қорытындылары.

44. ҚР Президентінің конституциялық – құқықтық мәртебесі.

45. ҚР конституциялық кеңесі.

46. ҚР Парламенті.

47. ҚР Үкіметі.

48. ҚР атқару органдары.

49. ҚР Соты, жүйесі, буындары.

50. ҚР құқық қорғау органдары туралы түсінік.

51. ҚР Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

52. ҚР әділет органдары.

53. ҚР ішкі істер органдарының қызметі.

54. ҚР Нотариалдық қызметі.

55. ҚР Адвокатурасы.

56. ҚР Экология құқығы.

57. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

58. ҚР Отбасы құқығы.

59. Ата – ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар.

60. Бала асырап алу , қорғаншылдық , қамқоршылдық.

61. Неке. Некенің тіркелуі және тоқтатылуы.

62. ҚР Еңбек құқығы туралы түсінік.

63. Жеке еңбек шарты туралы түсінік.

64. Демалыс уақыты.

65. Жұмыс уақыты.

66. ҚР Әкімшілік құқығы.

67. ҚР Әкімшілік құқық субъектілері.

68. Заңды тұлға ұғымы.

69. Заңдық айғақ түсінігі.

70. Жер құқығы және оның қайнар көздері.

71. Мемлекеттік қызмет ұғымы.

72. ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

73. ҚР қаржы құқығы.

74. ҚР бюджет құқығы

75. ҚР салық құқығы.

Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған тест тапсырмалары:

1.Мына аталған ғылымдардың қайсысы салалық заң ғылымдарына жатады?

A) қылмыстық құқық,конституциялық құқық ,азаматтық құқық

B) криминалистика,сот психиатриясы,сот медицинасы

C) мемлекет және құқықтың жалпы тарихы,мемлекет және құқық теориясы

D) тарих,философия,әлеуметтану

E) саясаттану,логика

2. Мына құбылыстардың қайсысы тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға жатады:

A) заңдылық,нормативті- құқықтық актілер,құқықтық сана,мемлекеттік аппарат

B) саяси сана және саяси мәдениет

C) салт-дәстүр,ізгілік,мәдениет

D) әдет-ғұрып,мораль,дін

E) экономика,өндіргіш күштер,қаржы,салықтар

3. Мемлекет және құқықтың жалпы теориясы заң ғылымдарының қай түріне жатады?

A) тарихи-теориялық ғылымдарға

B) салалық

C) салааралық

D) қолданбалы заң ғылымдарына

E) шет елдердің мемлекеттері мен құқықтарын зерттейтін ғылымдарға

4. Заң ғылымдары жүйесіне жататын бөліктерді атаңыз:

A) аталған ғылымдардың барлығы

B) тарихи теориялық заң ғылымдары

C) салалық заң ғылымдары

D) қолданбалы заң ғылымдары

E) салааралық заң ғылымдары.Шетел құқықтарын зерттейтін ғылымдар

5. Күштеу теориясы бойынша мемлекеттің туындауына басты себептерді атаңыз:

A) тайпалардың бірін-бірі жаулап алуы,олардың жеңгендерінің үстемдік құруы

B) ақшаның пайда болуы,қалалардың,қолөнер кәсібінің дамуы,пайда болуы

C) таптардың пайда болуы,олардың араларында ымырасыз,бітіспес күрестің туындауы

D) климаттық жағдайдың өзгеруі,өндіріс құралдарының дамуы

E) мемлекет құру үшін адамдардың арасында еркін,өз ықтиярларымен келісімдердің жасалуы

6. Мемлекеттің негізгі белгі- нышандары қандай

A) мемлекет егемендігі,жалпыға бірдей ережелерді қабылдау,билік аппаратының және салық жүйесінің болуы

B) ұлттық валюта,әскер,полиция

C) аумақ,халық,әдет-ғұрып

D) астана,жалау,елтаңба,әнұран

E) сан алуан саяси партиялар,абақты,банк,қоғамдық ұйымдардың міндетті түрде болуы

7. Гумплович, Дюринг, К.Каутский мемлекет және құқықтың пайда болуы жөніндегі теориялардың қайсысын зерттеп зерделеді?

A) күштеу теориясын

B) патриархалдық

C) психологиялық

D) таптық

E) органикалық

8. Мемлекет пен құқықтың п.б.таптық теория тұрғысынан түсіндіруді ұсынған ғалымдар:

A) Маркс,Энгельс,Ленин

B) Макиавелли,Гамильтон

C) Михайловский,Бакунин

D) Аристотель,Фильмер

E) Ф.Аквинский,Маритэн

9. Мемлекет егемендігі дегеніміз...

A) мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саясатты өз еркімен жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі

B) қоғамда билік жүргізуге өкілеттік алған бұқаралық саяси ұйымның болуы

C) аумағы мен халқының болуы

D) елтаңбасы,әнұраны,туының болуы

E) салық және салық жүйесінің болуы

10. Т.Гоббс,Д.Локк,Ж.Руссо мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін теорияның қайсысын дамытты?

A) шарт

B) теологиялық

C) патриархалдық

D) күштеу

E) психологиялы

Глоссарий

Ұғымы Мазмұны
Авторитарлық Саяси бостандықтар,оның ішінде опозициялық ұйымдардың ақпарат құралдарының әрекеттерінің бостандығы жоғары деңгейде шектеледі. Билік бір немесе бірнеше тұлғаның қолына шоғырланады
Әкімшілік акт Мемлекеттің басқару органдарының нақтылы құқықтық қатынасты тудыруға,Өзгерту немесе жоюға бағытталған актісі
Аккредитив Бір немесе бірнеше мекеменің біреуге белгілі сама төлегені жөніндегі басқаға жарлығы туралы құнды құжат
Акцепт Шарт жасасу туралы қарсы жақтың ұсынысын қабылдау
Апатрид Отансыз адам-азаматтығы жоқ азамат
Апартенд Нәсілдік келістуге негізделген бөлу,жіктеу саясаты.Адамзатқа қарсы бағытталған халықаралық қылмыс
Вето ( латынша тиым салу) Мемлекетте қандай да болсын органның шешімін күшіне енгізбеу орындалуын тоқтату. (Парламент заңын тоқтату президентке,корольге беріледі)
Виндикация (латын-қорғаймын,талап етемін) Меншік өз мүлкін басқа біреудің заңсыз иемденуінен қайтарып алуы иесінің
Вердикт Жоғарғы сот шешімі
Құқықтық нормалар болжамы Құқықтық режимді қолдану шарты
Әрекет қабілеттілігі Адамның өз әрекетімен құқық алу және оны жүзеге асыру,өзі үшін міндеттер тудырып,оны орындау қабілеті
Демпинг ҚР аумағына өзінің қалыпты бағасынан төмен баға мен сатылатын тауар әкелу
Де - факто 1мемлекетті 2-ші мемлекеттің ресми түрде толық мойындалуы
Де- юре 1мемлекетті 2-ші мемлекеттің ресми түрде толық мойындауы
Құқықтық норманың диспозициясы Онда азаматтардың мемлекет органдарының құқықтары мен міндеттерімен мазмұны баянды етіледі
Дотация Мемлекеттік жәрдем қаржының түрі
Заң Ең жоғарғы күші бар нормативтік акт
Диверсификация Зейнетақы активтерінің жоғалып кетуі қатерін азайту мақсатымен оларды орналыстыру жөніндегі бағалы қағаздар рыногын реттеу туралы міндетті талаптар
Кассация (қайта қарау)төменгі инстанцияның сот ісін жүргізу заңын бұзуына байланысты жоғарғы инстанциялардың сот шешімін өзгертуі
Конфедерация Одақ,қоғамдық, бірлестік
Лизинг Мүлікті жалға алу
Кворум Мәжіліс шешімінің заңды болуы үшін қатысушылар санының жеткіліктілігі( әр палата депутаттарының 2/3 қатысса өткізіледі)
Конституциялық кеңес ҚР Конституцмясын қорғауға арналған ерекше орган.Өкілеттілігі-6 жыл,төрағасын, 2-санат төрағасы тағайындайды.
Лоббизм Жоғарғы органдарға белгілі бір топтың немесе жеке бір адам атынан жүргізілетін қысым
Құқық нормасы Мемлекет органы қабылдап, бекіткен жалпыға міндетті мінез – құлық ережесі
Оферта (ұсыныс) шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше жақтарға жасалған нақты ұсыныс
Нормативтік-құқықтық акт Референдумда қабылданған өкілетті орган немесе лауазымды адам қабылдаған,құқықтық нормаларды белгілейтін,тоқтатып жазбаша ресми құжат
Опцион Келісілген баға бойынша және шартта белгіленген мерзімі ішінде бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің белгілі бір мөлшерін тараптың сатуға 2-ің сатып алуға міндеттемесін белгілейтің 2 жақты шарт
Плагиат Біреудің ғылыми,әдеби өнерге арналған шығармасын қасақана иемдену
Регламент Қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін ережесі. 1) Жиналыс,мәжілісті жүргізу тәртібі 2) Халықаралық конгрестің бір қатар актілерінің атауы
Репатриант 1 мемлекетте тұратын, бірақ әртүрлі жағдайға өзге мемлекетке тап болған адам
Реквизия   Мүлікті мемлекеттің өз қарауына алуы
Референдум Бүкілхалықтық сайлау
Репатриация Әскери тұтқындардың, қоныс аударылғандардың.Отанға қайта оралуы
Менталитет Тұлғаның ішкі әлемі,оның руханилығы,жеке адам мен топтарға тән ойлау тәсілі,ақылы,дүниені қабылдауы
Секвест 1. Қаражат жұмсауға шек қою 2. Даулы заттарды сақтау
Сервитут Адамның жеке меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайданалу құқығы
Тоталитаризм Әкімшіл-әміршіл мемлекеттік басқару формасы қоғамның бар саласында бақылау орнату
Унитарлы мемлекет Өз ішінде қандай да бір мемлекеттік құрылымы жоқ,аумағын әкімшілік – аумақтың бөліністерге бөлген мемлекеттің құрылымдық
Факторинг Ақшалай талапты беріп қаржыландыру ( 1 тарап ақшаны басқа тараптың белгілі билігіне беруі)
Федерация Автономиялардың бірігіп одақтық мемлекет құруы
Цензива Орта ғасырда Францияда шаруалардың жерді мұра ретінде иемденуі
Цессионарий   Меншілік құқығы берілетін тұлға
Эмитент Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын және бағалы қағазды иеленушілері алдында өз атынан міндеттемелері болатын тұлға.
Этатизм Озбырлық теориясы мемлекеттің қоғамның әлеуметтік – экономикалық және мәдени өміріне шексіз араласуы
Юрисдикция   Заңды бұзуға байланысты істі қарау өкілеттілігі
Узурпазия Зорлық, озбырлық-өкілеттің немесе басқа адамның белгілі бір құқықтарын заңсыз тартып алу
Эмбарго 1.Тауарды ,бағалы затты шетелге шығаруға немесе әкелуге тиым салу 2 Шет мемлекеттің мүлкін ұстап қалу.
Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған сұрақтар - student2.ru І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ П/ОӘК09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы Ф.4.09-33
28.05.2015.
Құқық негіздері________________________________      

(пәннің атауы)

Кафедра философия және саясаттану

Тьютор_Игенбай А.Н.

Кредит саны 2

Пән цикілі міндетті

Студенттер саны 159

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескер ту
Кітапханада   %
Негізгі Х62(2К)я73 Қ18   Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Құраст. К. Баянов.- Алматы, 2009.- 692б.    
Х0я73 Ж69   Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық / Алматы: Нұр-Пресс, 2007.- 296б.      
Хя73 Б21   Баққұлов С.Д. Құқық негiздерi: Оқулық.-2-шi басыл.-Алматы,2004.-248 б:    
Х628.11(2К)я73 А23   Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық . Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 584 бет.    
Х62(2К)я723 С21   Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық- Астана: Фолиант, 2007.- 336 б.    
Қосымша Х 623.013я73 Қ33 Қиздарбекова А.С. Кәсіпкерлік құқық.- Алматы, 2011..- 272 б.    
Х628.10(2К)я73 А23   Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм: Оқулық.- 4-Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 360 б.      
Х0я73 А 22   Ағдарбеков Т. Құқық негіздері: Оқу құр- Алматы: Заң әдебиеті, 2009.- 260 б.      
Х 625(2к)я73 Е 68 Еркінбаева Л.Қ. ҚР Жер құқығы Жалпы және ерекше бөлімі. – Алматы, 2010.- 312 б.    
Х627(2К)я73 Қ 14   Қағазов О. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: Оқу құралы - Тараз: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, 2006.- 165б.      
  Х620.12(2К) Қ 18   Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы, 2011- 96б.      
Хя73 О78   Құқық негіздері: Оқу құралы / Қ.И. Оспанов.- Алматы: Жетi жарғы, 2009.- 296б.      
Х620.12(2К)я73 С21   Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық - Алматы: Жетi жарғы, 2008.- 480бет.      
Анықтама материалдар Х0я21 З 22   Заң терминдерінің сөздігі.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 832б.        
  Хя21 С 28   Сәбікенов С. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 688    
Интернет қоры   WWW.zakon.kz      
  WWW.akorda.kz/      

Дәрістер кешені

1- дәріс.«ҚР Құқық негіздері» курсының пәні және жүйесі. Мемлекет теориясының негіздері

Жоспар

1. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
2. Мемлекет туралы негізгі түсініктер
3. Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі

Негізгі ұғымдар: құқық, мемлекет, теориялар, мемлекеттің нысаны.

«Құқық негіздері» ‑ кешенді оқу курсы, оның құрамына мемлекет пен құқық туралы негізгі мәліметтер кіреді. Құқықтық ілімдер жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы заңды емес мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған құқықтық теорияның, Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне құқық нормалары, заңдар, мемлекет пен құқық туралы негізгі білімдерді түсіну үшін қажет оқулық, монографиялық, арнайы және номативтік‑құқықтық әдебиеттер кіреді.

Құқық негіздері курсының пәніне негізгі құқық салаларын, құқықтық қатынастардың негізгі түрлерін және олардың мазмұнын, заңдық жауапкершіліктің негізгі түрлерін және олардың қолдану тәртібін оқып үйрету жатады.

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: КР Конституциясының нормаларының жүйесін, материалдық және процессуалдық құқығының негізгі анықтамалары мен категорияларын. Алған білімінің негізінде студент түрлі құқықтық институттарды және құқықтық қатынастарды ажырата білу қажет.

Мемлекет - халықты белгілі бір аумақ шеңберінде өз ырқына көндіретін, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, халыққа міндетті заңдар шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын саяси ұйым.

Қоғам- адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, оның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп тұтынылады. Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады, қоғамның дамуының белгілі кезеңіндегі нәтижесі.

Мемлекеттің пайда болу себептері: еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, мүлік теңсіздігінің пайда болуы, қоғамның әлеуметтік қабаттарға бөлінуі, тап шиеленісінің күшеюі, қосымша құнның пайда болуы.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:

1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық құдайдың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. ( А.Августин, Ф. Аквинский, Ж. Маритен)

2. Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжіридесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. (Аристотель, Михайловский, Фильмер)

3. Келісім шарт теориясы – қоғамның табиғи жағдайының мемлекеттілікке ауысуын келісім жолымен байланыстырады: халық өз еркімен билікті мемлекеттің қолына береді; мемлекет халық мүддесін қорғайды. Теориясы (Г. Гроц, Д. Локк, Д. Дидро,Ш. Монтескье)

4. Органикалық теория – адамзат қоғамының мемлекеттілігіне ауысуын эволюциялық дамумен байланыстырады.( Платон, Блюнчли, Спенсер, Вормс)

5. Күштеу теориясы - күшті тайпалар әлсіздерге зорлық, зомбылық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсінеді( Гумплович, Каутский, Дюринг)

6. Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деп түсіндіреді (Петражецкий, Фрезер )

7. Диалектикалық-материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы,т.б.( К,Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин).

Мемлекеттің функциялары ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі: экономикалық, әлеуметтік, қаржы реттеу, мәдениет бағытындағы, экологиялық, құқықтық тәртіпті реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне: шет мемлекеттермен екі жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту, мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту, мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру, дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру, мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және т.б. жатқызуға болады.

Мемлекеттің нысаны үшке бөлінеді:

І. Басқару нысаны:

1. Монархиялық ( биліктің мұрагерлік жолмен берілуі): абсолюттік монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді(Египет, Вавилон, Қытай, Жапония); конституциялық монархия – монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі(Ұлыбритания,Үндістан).

2. Республикалық (биліктің сайлау жүйесі арқылы қалыптасуы): парламенттік республика – мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған(Италия, Германия); президенттік республика – мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады, президент – республика бірлігінің тұтастығының символы(АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан); аралас (президенттік- парламенттік).

ІІ. Құрылымдық нысаны:

1. Унитарлы («унитас» деген сөз – бір, жалғыз деп латын тілінен аударылады) – жері тұтас, бөлінбейді, қол сұғуға болмайды, тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға ғана бөлінеді.

2.Федерация («федус» деген сөз-одақ деп латын тілінен аударылады) – құрама мемлекет,бірнеше автономиядан тұрады.

3.Конфедерация - белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы.

ІІІ.Саяси режимі:

1.Демократиялық-биліктің қайнар көзі – халық.

2.Антидемократиялық (демократияға қарсы) : Авторитарлық ( жеке адамның билігіне негізделген саяси тәртіп); Тоталитарлық ( әкімшілдік- әміршілдік жүйе )

Құқықтық мемлекет - демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жеке адамның құқықтары қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін – еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі.

2-ші дәріс.Құқық теориясының негіздері. Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихы

Жоспар

1.Құқықтың ұғымы және белгілері. Құқықтың пайда болуы

2.Мемлекет, құқық туралы негізгі түсніктер

3.Мемлекеттің, құқықтың пайда болуы.

4.Құқықтың қайнар көздері .

5.Қазақстандық құқықтың негізгі салалары.

Негізгі ұғымдар:Құқық, норма, заң.

Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік‑құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

Мемлекет дегеніміз өзі орналасқан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Бүгінгі күнгі мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік және қоғамдағы істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам құру болып табылатындығында.

Құқық дегеніміз мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез‑құлық ережелерінің ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.

Құқықтың қайнар көздері – құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың жиынтығы (мемлекет, таптар, идеологиялар және т.б.) , оған құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, жарлық, қаулы,декрет және т.б.). Құқықтың бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана танылады.

Құқықтық норманың құрылымы – оның құрылысы, элементтері: гипотеза, диспозиция және санкция.

Құқықтың ең алғашқы тарихи қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығын құқықтық дәстүр деп атаймыз.

Әкімшілік немесе сот прецеденті - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені қарап, реттеп шешуге негізгі норма бола алады.

Құқықтық мемлекеттің ұлы мұраты мемлекет өз органдарының әрекеті үшін жауап беретін, ал азаматтар мемлекет алындағы жауапкершілік сезімін толық сезінетінмемлекет пен жеке адамның арасындғы өзара міндеткерлік болып табылады. Құқықтық мемлекетте заңдар мен басқа да нормативтік жүзеге асыру барысындағы пәрменді қадағалау мен бақылаудың маңызы зор. Заңдардың бұрмалануына ешқандай да жол берілмеуі керек.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады:

1. Құқық - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі.(еңбек ету, білім алу, денсаулығын сақтау)

2. Құқық – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы ( адамның еркіне байланысты емес)

3. Оқу пәні ретінде қолданылады. ( конституциялық, азаматтық,әкімшілік және т.б.)

4.Тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады ( құқық жүйесі деген түсінік қалыптасады)

Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа ресми құжаттарда анықталған құқытық норма ережелердің жиынтығы.

Негізгі белгілері: Жүйелілігі, нормативтік сипаты ( ереже, қағида, рәсімдерден тұрады), формальдық анықтылық ( құқықтың мемлекетпен байланыстылығы), мемлекеттің күшіне сүйенуі, адамдардың еркін білдіруі.

Қоғамдық қатынастарды реттеу тәртіптеу ереже, қағида нормалар негізінде болады. Норма – жүріс- тұрыстың, мінез –құлықтың үлгісі, мөлшері, эталоны. Құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде көрсетілген.

Құқықтың қайнар көзі – нормативтік құқықтық актілер. НҚА – мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған жалпыға бірдей міндетті құжат.

ҚР қолданылатын нормативтік құқықтық актілер: ҚР Конституциясы, Конституциялық заңдар, заңдар, кодекстер, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Парламенті мен палаталарының қаулылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Конститутциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының қаулылары, ҚР Министрлері мен Мемлекеттік орган басшыларының бұйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің шешімдері.

Нормативтік - құқықтық актілерді жүйелеу. Инкорпорация – Нормативтік актілерді белгілі бір тақырыпты қамтитын нышандарына қарай жүйелейді.

Кодификация – нормативтік актілерді жүйеге келтіру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ескірген нормаларды өзгерту, жою.

Консолидация - бірнеше нормативтік актілерді бір ірі құрамаға біріктіру.

Құқықтық норманың үш элементі болады: Диспозиция ( мінез-құлық ережесі )

Гипотеза ( жорамал); Санкция ( шара, жаза),

Құқық нормалары реттеуші және қорғаушы болады. Реттеуші құқық нормалары: міндеттеу; тыйым салу, құқықты белгілеу.

Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау. Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Заңдық айғақтар ( фактілер ) - нақтылы өмірлік мән- жайлар.Сипатына қарай: құқық құратын ( еңбек шартын жасасу), құқық тоқтататын ( үйді сату ), құқық өзгертетін ( үйді айырбастау).

Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы,қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.

Құқық бұзудың өзіне тән ерекшеліктері: нормативтік актілерді дұрыс орындамау, қоғамға, тұлғаға қауіпті, кінәлі іс-әрекет, қоғамдық тәртіпке, мақсатқа зиян келтіру.

Құқық бұзудың объективтік және субъективтік жақтары болады.

Объективтік жағы – нщрмативтік кесімге келетін қарсы – іс-әрекет және оның зияны; теріс қылық пен зиянның арасындағы байланыс.

Субъективтік жағы – теріс қылық жасаған адамның есінің дұрыстығы, оған қоса әрекет қабілеттігі болуы.

Құқық бұзушылық теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді.

Теріс қылық – құқықтың саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: әкімшілік теріс қылық, азаматтық теріс қылық, тәртіптілік теріс қылық.

Қылмыс - өте зиянды, қауіпті құқық бұзушылық. Сондықтан оған қарсы өте қатаң жауапкершіліктің түрлері қолданылады.

Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі. Заң бойынша жауаптылықтың екі түрі бар: айып төлеу және құқықты бұзуды түзеу. Айып төлеу әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық жасағанда қолданылады. Құқықты бұзуды түзеу – жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы еріксіз қалпына келтіруге мәжбүр ету.

Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана туындайды. Жауапқа тартылушы тұлға мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы тек қана құқық бұзушылықтың бар екендігі анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ған мойын ұсынуға құқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың процессуалдық ережелерін бұзса немесе оған нұқсан келтірсе, олар жауапқа тартылуға тиісті.

3-дәріс.ҚР конституциялық құқық негіздері

Жоспар

1.Конституциялық құқық туралы түсінік. К.қ. нормалары.

2.ҚР Конституциясы . Негізгі белгілері.

3.Жеке тұлғаның мәртебесі

4.ҚР конституциялық құрылымы түсінігі. ҚР – егеменді, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет.

5.ҚР Президенті. ҚР Парламенті

6.ҚР Конституциялық Кеңесінің мәртебесі

7.Сот билігінің Конституциялық негіздері

8.Үкімет.

Негізгі ұғымдар: Конституция, норма, мәртебе, билік

Конституциялық құқық - құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар және оның пәнін құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды, мемлекеттік билікпен тікелей байланысты. «Конституция» деген сөз латынның «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ- та қабылданды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды.

Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлығы тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нормаларға - құқықтық қатынас мүшелеріне субьективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субьектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбірлеу шүараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.

Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларына тоқталайық.

Өкілеттік беруші конституциялық құқытық нормалар субьективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Қысқасы субьектіге қандай да бір жағымды әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Тыйым салушы адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді.

Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Мысалы: Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.

Қазақ тарихында конституция 1926,1937,1978,1993,1995 жылдары қабылданды.

ҚР 1995 ж. 30 тамыз Конституцияның ерекшелігі:

- бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды ( референдум)

- заң қабылданған күн демалыс- мемлекеттік мереке

ҚР Конституциясы кіріспеден (преамбула), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады( 9 бөлім, 98 бап). 1998 жылы 7 қазанда, 2007 жылы 21 мамырда, 2011 жылы 2 ақпанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымының толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысында көрінеді.

( азаматтықпен тікелей байланысты)

ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтары:

1. Жеке басының құқықтары ( өмір сүру, ар-ождан, еркін жүріп- тұру, діни сенім бостандығы, жеке қаражатқа құпиясы)

2. Әлеуметтік – экономикалық құқықтары (білім алу, денсаулығын сақтау, демалу, тұрғын үй, шығармашылықпен айналысу т.б.)

3. Саяси құқықтар ( сайлау және сайлану, мемлекеттік басқару ісіне қатысу, мемлекеттік қызметке кіру, жиналыстар мен шерулерге қатысу).

Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік –экономикалық ұйымын мұндағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

ҚР Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға (41 бап) және Президенттің «Сайлау туралы» Жарлығына сәйкес белгіленген. Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғарғы лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Президенттікке ҚР кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы, мемлекеттік тілді еркін меңгере алатын, кез келген ұлт өкілі сайлана алады. Өкілеттілігі 5 жыл, 2 мәрте сайлана алады, бірақ бұл тұңғыш Президентке қолданылмайды.

Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттік өкілеттік мерзіміне Сенатқа 15 депутатты тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады; Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды; Сенат төрағасы лауазымына кандидат ұсынады; Парламент Палаталарының кез келген бірлескен және жеке өткізілетін отырысында қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы;

ҚР мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді:

1. Заң шығарушы - Парламент – екі палатадан: Сенат( жоғарғы палата, 47 депутаттан), Мәжіліс( төменгі, 107 депутаттан тұрады) Парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, заңдар қабылдайды,соғыс және бітім мәселелерін шешеді ,

2. Атқарушы – Үкімет Атқарушы органдардың жүйесін басқарады. ( министрліктер, агенттіктер,ведомстволар) Мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының, қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын әзірлейді және жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

3. Сот билігі ( жоғарғы және жергілікті сот жүйесі) ҚР сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады.ҚР Жоғарғы соттың төрағасын, алқа төрағаларын президенттің ұсынысымен сенат сайлайды.Аудандық (қалалық) сотты Әділет министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады.аудандық сотты жалпы санын Президент белгілейді. Облыстық және оған теңестірілген соттар әр облыста Президент арқылы құралады. Әр облыстық сот үшін судьялар санын да Президент белгілейді.

Конституциялық кеңес - ҚР Конституцияның жоғары тұруын және Қазақстан аумағында тұтас қолданылуын қамтамасыз ететін, Конституцияға ғана бағынатын дербес орган. Өкілеттілігі 6 жыл. Жеті мүшеден тұрады. Төрағасы мен екі мүшесін Президент, екі мүшесін Сенат төрағасы, екі мүшесін Мәжіліс төрағасы тағайындайды.Экс-президенттер Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойғы мүшесі болады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады: олар ҚР азаматы болуы тиіс; жасы 30-дан төмен болмау керек; Қазақстан аумағында тұруы тиіс және жоғары заң білімі болуы тиіс, заң мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

4-дәріс.ҚР әкімшілік құқық негіздері

Жоспар

1.Мемлекеттік басқару жүйесі. Субьектісі. Обьектісі.

2.Әкімшілік құқық туралы түсінік. Ә.қ. нормалар. Субьектілері. Заңды тұлға. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеу.Әкімшілік құқықтық қатынастар түрлері

3.Атқарушы билік органдары

4.Жергілікті атқару органдары

5.Мемлекеттік қызмет.

6.Әкімшілік – саяси аяны басқару.

Негізгі ұғымдар: Басқару, әкімшілік құқық, билік органдары, мемлекеттік қызмет

Әкімшілік құқық –ҚР құқық жүйесінің үлкен бір саласы. Қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік басқару процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдің бірі

Әкімшілік құқық –мемлекеттік қызметке қатысушылардың құқықтық және ұйымдық нысанын бекітеді , өкілетті органдар , лауазымды адамдар үшін мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Құқықтық мемлекет құру ісін жүзеге асырады. Әкімшілік құқық –атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы басқаша атауы басқару құқығы.

Мемлекеттік басқару –мемлекеттік билікті жүзеге асыру, билікті іске асыру жөніндегі ҚР мемлекеттік органдар қызметінің түрлерінің бірі. Мемлекеттік биліктің мәні мен құрылымы Конституция мен конституциялық заңдарда көрсетілген.

Атқарушы билік органдары:

Қызмет сипатына қарай : салалық құзіретті органдар, сала аралық құзіретті органдар, бақылау, қадағалау, мандандырылған мемлекеттік органдар.

Салалары мен қызметінің сипаты бойынша :

Экономика саласы бойынша: экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, қаржы т.б.

әлеуметтік – мәдени сала бойынша: білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, туризм және спорт т.б

Әкімшілік- саяси қызмет саласы бойынша: әділет органдары, ішкі істер, қорғаныс, кедендік бақылау т.б.

Жоғарғы атқару билігі: ҚР Президенті мен Үкіметіне беріледі.

ҚР Орталық атқару органдары: министрліктер, агенттіктер, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ведомствалар, жергілікті атқару органдары.

Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың басты негізгі талаптары ҚР Конститутциясында қарастырылған (33-бап). Сонымен қатар 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңынан.Қазақстан Республикасының өзге де норматиатік-ұқықтық актілерінен тұрады.Аталған Заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметтердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым-қатынастарының реттелуін анықтайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметі- мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамып\на кірмейтін, мемлекеттік органдар тұрақты кәсіби негізінде лауазымдық өкілеттілік жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтік –құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелге құрылымдық бірлігі; мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлкеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметі атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Наши рекомендации