Аржының экономикалық категорияларымен өзара байланысы: құнмен, ақшамен, бағамен, несиемен, жалақымен, сақтандырумен

Қоғамдық өнімді бөлу үдерісі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың əрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың əрқайсысы ерекше, тек өзіне тəн рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, баға, еңбекке ақы төлеу, кредит, сақтандыру жəне басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады жəне өзара іс-əрекет жасайды. Ақша және қаржы.Қоғамдық ұдайы өндіріске қызмет көрсететін ақша жалпы категория ретінде құнның жай-күйін (бағалануын) жəне қозғалысын қауыштырады, ал оның негізінде іс-əрекет ететін қосалқы категориялар – баға, қаржы, кредит, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру оның (құнның) қозғалысын неғұрлым нақтылы бағытта жəне айрықшалықты нысандарда нақтылы түрде көрсетеді, яғни қосалқы жүйелер тауар-ақшалай қатынастардың – ақшаның жұмыс істеуінің жалпыға ортақ нысанын реалдық мазмұнымен толтырады. Сөйтіп, ақша бастапқы категория болып табылады, ал оның функциялары (құн өлшемі, айналыс қаражаты, төлем қаражаты, қорланым қаражаты, əлемдік ақша) негізінде қатынастарды қамтудың түрлі дəрежесімен қалған, бағынышты категориялар (қосалқы категориялар) іс-əрекет етеді.Баға және қаржы.Баға – жұртқа мəлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды жəне одан ары бөлінетін үдерістің алғашқы негізі болып саналады.Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлу тек бөлумен, ал қаржылық бөлу бөлумен жəне қайта бөлумен сипатталады. Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. Əсіре инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті жəне бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына ықпал жасайды.Қаржы және кредит.Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Əрі қайта бөлгіштік үдерістер кредиттік қатынастардың сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредиттік қатынастарда да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін кредиттік деп аталатын ақшалай қорлар қалыптасып, пайдаланылады. Екі категория да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл категориялардың материалдық сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері өндірістік капитал болып келеді. Қаржы жəне кредит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе отырып, олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларының айналымын ұлғаймалы негізде қамтамасыз етеді.Қаржы және еңбекке ақы төлеу. Қаржыеңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуы үшін алғышарттар жасайды, өзара іс-қимылда ұдайы өндіріс үдерісін ынталандырады. Жалақы мен қаржының іс-əрекет етуінің айырмашылығы:1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына – еңбек құнына жəне оның ақшалай өтемақысына қатысты.Қаржы және сақтандыру.Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік жəне əлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Қоғамдық-экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі сипатымен байланысты, бұл қатынастардың кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын ойда болмаған сипаты болады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіпқатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы тəрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан сақтану жəне басқа жағынан, бұл құбылыстардан болған шығасыларды өтеу қажеттігін тудырады. Сондықтан өндірістік үдерістерді жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен əл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық немесе аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларында немесе резервтерін де, сондай-ақ ақшалай ресурстарды да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар əдетте резервтік жəне сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсатықоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үдерістерді қоғамдық жəне ұжымдық қорғау болып табылады.Сақтандыру категориясының қаржылық категориямен ортақөзгешебелгілерібар:1сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;2сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;3оның іс-əрекеті ақшалай қорларды жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;4сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;5ақшалай қорларды жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермеді (қатынастардың баламасыздығы)

Билет

Наши рекомендации