Аржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау –қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің (жоспарлау, есеп және талдаумен қатар) бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Қаржылық бақылау жеке емес, басқа функциялармен етене байланысты іс-әрекет етеді.

Ғылыми негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық механизмді қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржылық-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.

Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі – оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында. Оның объекті Аржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары - student2.ru қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру үдерістері, ақшалай қорларды жасау және пайдалану болып табылады.

Алайда қаржылық бақылаудың объекті тек ақшалай қаражаттарды ғана тексерумен шектелмейді. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті ақшалай қатынастардың кең тобына таралады, өйткені қаржы басқа құндық категориялармен: еңбекке ақы төлеумен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі, айналым қорларымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен тығыз байланысты. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік қаражаттарды дұрыс пайдалануын бақылау олардың қызметінің барлық жақтарын – желілер мен контингенттердің толымдылығын, қаржаттарды жұмсаудың белгіленген нормаларын сақтауды шалады. Түпкі қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдерісі ақшалай қатынастармен ортақтастырылатындықтан ол елдің материалдық, еңбек, табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.

Қаржылық бақылау іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық,саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржылық жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылықтық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржылық операциялардың көбінде шаруашылық қызметтің басқа үдерістері бейнелеп көрсетіледі.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімді қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Тәуелсіздік қағидаты – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың жұмыскерлерінің қызметті жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың объективтілік қағидаты – бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.

Анықтық қағидаты – бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен, бақылау объектінің өзге құжаттарымен растау.

Бақылаудың ашықтық қағидаты – бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасы Президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.

Құзырлылық қағидаты – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

Жариялылық қағидаты – құпиялылық режімді, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлкеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.

Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады. Бұл стандарттарды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.

Қаржылық бақылаудың алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады:

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақшалай ресурстарды (бюджеттік және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін, бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру;

мемлекет, ұйымдар және халық алдында қаржылық міндеттіліктердің орындалуын тексеру;

қаржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнім, қызметтер рентабелділігін арттыру жөнінде ішкіөндірістік резевтерді анықтау;

кәсіпорындарда, ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде қаржылық операцияларды, есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай қаражаттарды сақтау ережелерін сақтауды материалдық құндылықтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жұмсауды тексеру;

қаржылық тәртіпті бұзуларды жою және ескерту. Оларды айқындап білген жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке және ұйымдарға залалды өтеу қамтамасыз етіледі.

Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдылық жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп нығаяды. Қаржылық тәртіп – бұл мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін айқын сақтау.

Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық үдерістерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халықтық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында болды.

Басқарудың әкімшілік нысанынан рыноктық нысанына өту кезеңінде қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.

Алайда рыноктық қатынастар жағдайларында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі барлық келеңсіз көріністерге сенімді тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді,әлеуметтік әділеттілікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндігін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу үдерістеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын,әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.

Рынок жағдайларында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр.

Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі , кешендік бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:

мемлекеттік бақылауды нығайту;

тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;

түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;

бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.

Наши рекомендации