Нарықтың пайда болуының экономиканың алғышарттары. Нарық функциялары және құрылылымы.
Нарықтың қалыптасуы еңбектің қоғамдық бөлудің пайда болуымен тікелей байланысты. Еңбекті бөлудің күшеуі, оның дифференсалдануы мен мамандануы тек қана қоғамдық өндірістің өнімділігі мен артуына алып келген жоқ, сонымен қатар осы еңбектің өнімдерін міндетті түрде айырбастауға да әкеледі. Мұндай айырбас бірте-,бірте күшейе түсіп, қазіргі таңдағы нарыққа дейін жетілдірілді. Тауар өндірісінің дамуымен қатар нарықта дамыды және күрделене түсті. Нарық көпжақты, оны әртүрлі зеттеуге болады. Сондықтанда да экономикалық әдебиеттерде оның анықтамалары да көп. Қорыта айтқанда, нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында, өндіру,бөлу,айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Қысқаша айтқанда, нарық дегеніміз сұраныс пен ұсыныс негізінде сату сатып алу процесі жүретін ресми орталық. Кез келген нарық, оның нақтылы түріне қарамастан, үш негізгі элементке негізделіп құралады: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Нарықтық тепе теңдікті дәл осы элементтер анықтайды. Нарықтың белгілі бір құрылымы болады. Нарықтың құрылымы – бұл нарықтың жекелеген элементтерінің ішкі құрылысы. Ол өзіне тән әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі.
1.Экономикалық белгіленуі бойынша тауар мен қызмет көрсету нарығы,өндіріс құралдары нарығы, бағалы қағаздар нарығы, қаржы нарықтары болып бөлінеді.
2.Географиялық орны бойынша жергілікті, ұлттық, аймақтық,әлемдік нарықтар болып бөлінеді.
3.Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша: монополиялық,олигополиялық,еркін, аралас деп аталады.
4.Сату сипаты бойынша бөлшек және көтермн деп бөлінеді.
Нарық инфрақұрылымы және оның нарықтың қызмет етуіндегі рөлі.
Қазіргі кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы дегеніміз нарықтық қатынастардың қызмет етуін табысты қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы. Барлық нарықтардың олардың формаларының, көлемдерінің көптүрлілігіне қарамастан экономикалық қызметті ұйымдастырудың басқа да типтерінен ажырататын бес белгісі бар. Олар мыналар:
Нағыз нарық оған еркін кіруді және одан еркін шығуды көздейді. Сондықтан да, нарыққа қатысушылардың еш уақытта да шектелмейді.
Нарыққа қатысушы тауар өндірушілердің елеулі санының әрқайсысының белгіленген бағаларының жалпы нарықтық бағаға әсерінің төмендігінен, кез келген тауар өндіруші нарықта тұтынушыға өзінің бағасын еріксіз жіктеу үшін нарыққа сонша тауар шығара алмайды.
Нарықта материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары емін еркін қозғалады.
Нарық, оған қатысушылардың барлығына бірдей мүмкіндіктер беруі қажет.
Еркін нарықта белгілі бір сатушылар тобы үшін артықшылықтар көзделмейді.
Сұраныс пен ұсыныс заңы және олардың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік.
Сұраныс дегеніміз- адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпалын тигізеді. Сұраныс заңы- сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды. Ұсыныс дегеніміз- сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсынысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер етеді. Ұсыныс заңы- ұсыныс шамасының баға деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды.Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса, артық ұсыныс пайда болады, немесе ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.Сұраныс мөлшері мен ұсыныс қөлемі бір- біріне дәл келеді. Егер ұсыныс сұраныстан асып кетсе, онда тауарды сатып алу азаяды, сондықтан сатушылар тауарларының бағасын түсіруге мәжбүр болады. Ал егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда тауар бағасы өседі.