Сыныс пен сұраныстың нарықтық экономиканы талдаудағы рөлі

Осыған дейін көрсеткендей, бәсекелі рыноктагы тепе-теңдік бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамыз. Одан кейін ұсыныс қисығын, яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді талдаймыз. Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамның қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту, көптеген сатылардан өту арқылы мүмкін болады. Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді. Мысалы, адам үшін, бірінші бөлшек тағам ең үлкен пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір келесі бөлшек барған сайын аз пайдалылықта болады. Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін экономикалық ғылымда шекті пайдалылық ұғымы қолданылады, яғни тауардың соңғы бөлігіне қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып шекті пайдалылықтың азаю заңын тұжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен сайын оның шекті пайдалылығы кемиді.

Тұтынылған тауардың саны өскен сайын, жалпы (қосындылық) пайда-лылық өседі, бірақ пайдалылықтың есімі (торланған тікбұрыштар) әрбір жаңа бөлік тауарда нөлге жеткенше, қыскарады. Егер игілікті шексіз кіші бөліктерге бөлуге болады деп жорамалдасақ, онда жалпы пайдалылықтың өсуінің бәсеңдеуін баспалдақты диаграмма түрінде емес, үздіксіз дөңес сызық ретінде бейнелеуге болады.

Осы айтқандардан шығатын қорытынды: шекті пайдалылықтың мөлшері тауардың саны мен соған қажеттіліктің дәрежесіне тәуелді болады. Сонымен бірге адамның әр түрлі қарқындылық дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері көп болады. Қажеттіліктердің қарқындылығын бағалау субъективті болғанмен, объективті түрде бірінші шұғыл қажеттіліктерді маңыздылығы кем қажеттіліктерден айыруға болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруды адам ең шұғыл қажеттіліктерден бастайды да, біртіндеп шұғылдығы аздауға көшеді, осындай қимылдардың арқасында ен соңында тұтынылған игіліктердің шекті пайдалылығы бірдей болады. Бірақ адам рыноктан қажетті игілікті сатып алғанда, әр түрлі сомадағы ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр тауардың өз бағасы бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын оның бағасына бөлсек, онда елшенген шекті пайдалылық табамыз. Осыны еске ала отырып, әрбір тұтынушы жекелеген тұтыну түрлерін қашан шекті пайдалылық бағаға пропорционалды болғанша, немесе өлшенген шекті пайдалылықтар бірдей болғанша кеңітеді.

Қарапайым тілмен айтқанда, етке жұмсалған соңғы теңге, нан немесе апельсинге жұмсалған соңғы тенгенің келтірген пайдасындай пайда келтіруі керек.

34.Қоғам өмірінде өндірістің мәні. Табиғи және әлеуметтік өмір сүру жағдайы. Адамдарға өмір сүру үшін белгілі жағдайлар мен игіліктер қажет. Бір игіліктер күш жұмсаусыз алынса, басқалары олай алынбайды, оларды жасау керек, алу керек. Өндірілген игіліктерэкономикалық игілікнемесеөнім деп аталады.

Өндіріс дегеніміз қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қажеттіліктерді жасау мақсатында адамдардың табиғат заттарына әсер ету процесі. Өндіріс – бұл адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты қызметі. Кез-келген өндірістің мақсаты – тұтыну.

Қоғамдық өндіріс– бұл қоғамның, жеке адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді жасауға бағытталған әлеуметтік-еңбектік қатынастар процесі. Қоғамдық өндіріс:: Материалдық :Материалдық игіліктер өндірісі

1.өндіріс

2.ауыл шаруашылығы

3.құрылыс

Материалдық қызметтер өндірісі

1.транспорт

2.байланыс

3.энегетика

Материалдық емес:Материалдық емес игіліктер өндірісі

1.музыка

2.архитектура

3.әдебиет

Материалдық емес қызметтер өндірісі

1) білім

2) денсаулық сақтау

3) тұрмыстық

Экономикалық цикл, фазалары

Наши рекомендации