Дістемелік нұсқаулар. Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет

Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет, сол себепті шығынның мәніне, оның түрлеріне, сипатына толық зерттеу жасау. Бір өнімге кеткен шығынды анықтау үшін қандай шығындарды есептеу қажет?

Пайда мен табыс арасындағы айырмашылықты ажырата білу. Пайда түрлері. Капиталдың түрлері, негізгі капиталдың тозуы, капитал айналымының шапшаңдығы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет

2. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 стр

3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А-Полиграфия» 2004 - 453 бет

Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар

1. Еңбек нарығы және жалақы.

2. Капитал және процент.

3. Жер нарығы және жер рентасы.

Мақсаты: Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасы. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Абсолюттік рента; Дифференциальды рента; Еңбек нарығы; Жалақы; Лоренц қисығы; Нақтылы мөлшерліме жалақы; Несие пайызы; Номинальды мөлшерліме жалақы; Рента

Дәріс мәтіні

1.Табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны білу қажет.

 
  Дістемелік нұсқаулар. Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет - student2.ru

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1. Номиналды жалақыға.

2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына, жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша жұмысшыны жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді. Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімінен түскен шектік табыс деп аталады. Шектік өнім әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандағы өнім шығару көлемінің өзгеруін көрсетеді.

Шектік өнімнен түскен табыс төленетін еңбек ақыдан жоғары болғанда ғана қосымша жұмысшыны жалдауға болады. Сондықтан жетілген бәсекелестік нарықта еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады; жалақы және шектік өнім құны. Жалақы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшері арасындағы тәуелділік еңбекке сұраныс қисығын береді (график 1.1). Егер шектік өнім басқа өндіріс факторларын қолданғанға қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса, онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше.

Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбек ақы өскенде еңбек ұсынысы көбейгенін көрсетеді. Ал жалақы түссе, еңбек ұсынысы да түседі (график 1.2).

Дістемелік нұсқаулар. Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет - student2.ru Жалақы ставкасы Жалақы ставкасы

Жұмысбастылық көлемі Жұмысбастылық көлемі

график 1.1 график 1.2

Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады, ондағы халықтың еңбекке жарамды бөлігі орта сағат санымен, бір жылдық істеген жұмысшы жұмысы, жұмысшының еңбек сапасы жақтарын қамтиды.

Еңбек ұсынысына әсер ететіндер:

1. Еңбекке қабілетті елдегі халықтың саны.

2. Жұмыс күшінің ұзақтығы.

3. Халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы.

П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы саны;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.

Наши рекомендации