Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері: 1.Жердіңтартыпалынуы(қоныстандырусаясаты); 2.Салықтарменалымдардыңкобеюі; 3.Еңбекшілердіүстемфеодал-байлартобыныңқанауыныңкүшеюі;
4.Ұлттықараздықтыңөршітілуі;
5.Соғысқабайланыстыбұқаражағдайыныңкүртнашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.Көтерілістің қозғаушы күші -өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:1.Феодалдықбасшытоптар және жергіліктіәкімшілік жарлықты қолдады.
2. Революцияшыл топ өкілдері- Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
3. Либералдық-демократиялықзиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 1.Жетісуда –Т.Рысқулов,.Бокин,Б.Әшекеев,Ұ.Саурықов,К.Мәмбетов,А.Қосаков. 2.Төрғайда -Ә.Жангельдин,А.Иманов. 3.Оралоблысымен БөкейОрдасында –С.МендешевӘ.Әйтиев. 4Маңғыстауда –Ж.Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігіеді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.

1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.

Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.Салдары: . 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

54. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы. Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.

«Айқап» жур­на­лы.1911 жылғы 10 қаңтар­да Тро­ицкіде қазақ халқының та­рихын­дағы тұңғыш «Айқап» ұлттық жур­на­лының бірінші нөмірі шықты. Ұйым­дасты­рушы және бас­па­гер, иде­ялық бас­шы­сы және ре­дак­то­ры М. Се­ралин (1872–1929) бұрын пе­дагогтік және жур­на­листік қыз­метпен ай­на­лысқан, сол кез­ге қарай белгілі ақын, әде­би­етші, қоғам қай­рат­кері болған

«Айқап» жур­на­лы 1911 жылғы қаңтар­дан 1915 жылғы қыркүйек­ке дейін әуелгіде айына бір рет, ал со­нан соң екі рет шығып тұрды. Бар­лығы 88 нөмірі шықты, та­ралы­мы 1000 да­наға дейін жетті. «Айқап» жур­на­лы ағар­ту ісі мен мәде­ни­еттің жар­шы­сы бол­ды.

М. Се­ралин «Айқап» бет­терінде мұсыл­мандар­дың қаси­етті кіта­бының мазмұнын ыңғай­лы, түсінікті ны­сан­да ба­ян­дауға ты­рысқын ав­торлар­дың мақала­ларын жа­ри­ялап отыр­ды. «Айқап» жур­на­лының қазақ фоль­кло­рын зерт­те­удегі, абай­та­нуды қалып­тасты­рудағы, орыс және дүни­ежүзілік клас­си­калық әде­би­етінің ру­хани мұра­сын на­сихат­та­уда атқарған рөлі зор.

Бірінші дүни­ежүзілік соғыс­тың бас­та­луы жағдайын­да едәуір ши­еленіскен зор қар­жы қиын­дықта­ры, зи­ялы­лар­дың бір бөлігінің сол кез­ге қарай өзінің көркемдік то­лысқан­дығымен, қазақ әде­би тілін түле­туімен, стилінің сын­дарлы­лығымен және ең бас­ты­сы толғағы жет­кен жал­пыұлттық проб­ле­малар­ды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» га­зеті жағына шығуы 1915 жыл­дың та­мызын­да «Айқап» жур­на­лы шығуының тоқта­тылу­ына се­беп бол­ды.

«Қазақ» га­зеті.«Қазақ» га­зеті ап­та­лық ба­сылым бо­лып шықты. 1913 жылғы ақпан­нан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі ке­зең ішінде 3000 да­на та­ралым­мен 265 нөмірі жа­рық көрді. Же­келе­ген нөмірлері 8000 да­наға дейін же­тетін та­ралым­мен шықты. Ре­дак­ци­ялық алқа 1914 жылғы жаңа жыл­дық 45-нөмірінде га­зетті 10 об­лыстың қазақта­ры жаз­ды­рып ала­тынын ха­бар­лаған. Бұған қоса оны Орын­бор, Уфа, Қазан, Пе­тер­бург, Мәскеу, Томск қала­ларын­дағы, басқа да бірқатар қала­лар­дағы, сон­дай-ақ Түркия мен Қытай­дағы оқыр­мандар алып тұрды.

«Қазақ» га­зетінің ре­дак­то­ры Орын­борда ай­да­уда жүрген кезінде сол кез­ге қарай ағар­ту­шылық қозғалыс­тың та­нымал көшбас­шы­сы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің ма­маны, ой-өрісі кең және ұлт да­му­ының жол­да­рын көре білген жа­лын­ды қоғам қай­рат­кері Ах­мет Байтұрсы­нов бол­ды. 1914 жылғы 19 ма­мыр­да Бас­пасөз істері жөніндегі бас басқар­ма­ның кеңсесі М. Ду­латовқа «Қазақ» га­зетінің екінші жа­уап­ты ре­дак­то­ры міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» га­зеті 1918 жы­лы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібе­ков­тың ре­дак­ци­ялауымен шықты.

XX ғасыр­дың ба­сын­дағы де­мок­ра­ти­яшыл қазақ зи­ялы­лары­ның бүкіл азат­тық қозғалы­сы сияқты, бұл га­зеттің де же­текші бағытын белгіле­уде қазақ халқының бос­тандығы жо­лын­дағы аса көрнекті күрес­кер, са­ясат­шы, эко­номист, та­рих­шы, эт­нограф, әде­би­ет­та­нушы, ста­тис­тик-со­ци­олог, көсемсөзші, эн­цикло­педи­ялық тұрғыдағы ғұла­ма Ә. Бөкей­ха­нов зор рөл атқар­ды.

Біртұтас бо­лып біріккен үштік – А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, Ә. Бөкей­ха­нов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шам­шы­рағы болған ғасыр­дың ұлттық га­зетін құра білді.

Га­зетті оның негізін қала­ушы­лар «Қазақ» деп ата­ды. Ха­лықтың өз атын қал­пы­на келтіріп, олар сол арқылы отар­шы­лар та­рапы­нан бұра­тана­ларға менсінбей қарауға қар­сы на­разы­лық білдірді, қазақтар ара­сына ұлтжан­ды­лық мақта­ныш және бірлік иде­ясын та­рат­ты

55.Патша үкіметі құлағаннан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы саясаты.1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.

1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.

Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.Уақытша үкіметтіңұстаған бағыты-капитализмді дамыту.Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесібағыты – социализм құру.

Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.

Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.

56.1917 ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты. Оның себептері:

1) Монархияның ауыр мұрасы

2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағ-тық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.

3)Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917ж-ғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 1917 ж 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды. Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917ж 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917ж 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

57.1917-1920 жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар. 1917-1920 жылдар аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы). Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті. Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталығындағы аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылдың наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір қазақ әскерлерінң билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкітеттің жергілікті к-ттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғмдық-саяси ұйымдары құылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылдың 4–5 шілдеде Петропавлда Уақытша үкімет большивиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И.Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді.1917 жылдың 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайлары күрт өзгеруіне байланысты 21–26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.

20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары : қосшылар одағы, шарком және жұмжерорман одақтары маңызды орын алды . Бұл одақтар бір жағынан Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның , екінші жағынан миллиондаған шаруалар бұқарасының арасындағы байланыстырушы буын болып табылды . 20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірін айтқанда қайғылы ерекшелігі мынада болды : Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халық зердесін жоюға , бұл зерденің иелері ұлттық интелегенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады . 20 ж.ж екінші жартысында Қ-нның қоғамдық саяси өмірі күрт өзгерді . 1925 ж. Желтоқсанда өткен өлкелік партия өкіметінің V конференциясының Ауылды кеңестендіру туралы шешімі тап күресінің шұғыл шиеленісінуіне түрткі болды . Республикада Кіші Қазан төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды , бұл күшпен ұжымдастыру және 1937-38 жж . жаппай жазалау дәуірінде қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты . 1937-38 жж. Қ-нның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов , Н. Нұрмақов , С.Қожанов, О. Жандосов , А. Асылбеков , Ж. Сәдуақасов З. Төреғожин және басқа да көптеген адамдар өтірік жаламен жазаланды . Ә. Бөкейханов , А Байтұрсынов , І . Жансүгіров , Ж. Шанин т.б. жазықсыз жазалаудың құрбаны болды. Сөйтіп 20 – жж. мен 30-жж. қоғамдық саяси өмірдің барлық саласында бекіді .Өлкедегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер , Қазақстанға Одақтас республика дәрежесін беру , мәдени құрылыстағы , халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар тоталитарлық жүйенің қатаң идеологиялық қыспағында өтті . міне, осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму жолын айқындап берді

20ғ. бас. Қаз\ғы саяси партиялар мен қозғалыстар.Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен , орыс жұмысшыларымен , солдаттармен қарым қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті . Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды . Мыс: Верныйда- «Қара жұмысшылар одағы » (жетекшісі Жүсіп Бабаев ) Сергиөпілде (Аягөз)- «Солдаттардың орыс мұсылман ұйымы » Петропавлда –«Жас арбакештер ұйымы » Жастар ұйымдары құрылып , белсенді жұмыс жүргізді : Әулиеата мен Меркеде –«Қазақ жастарының революцияшыл одағы » , Ақмолада- «Жас қазақ » ұйымы , Петропавлда- «Талап» ұйымы Спасск зауытында –«Жас жүрек » ұйымы , Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар 1905 жылы- «Алаш» қозғалысы , 1917жылы – «Алаш » партиясы . Әлеуметтік негізі капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар . Мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден азат ету , Автономиялық ұлттық мем-т құру . Бағыты – реформистік капитализм жолы . Жетекшісі - Әлихан Бөкейханов . Мүшелері : А . Байтұрсынов , М. Дулатов , Ш. Құдайбердиев , М. Тынышпаев , Ғ . Қарашев , С. Торайғыров , Х. Ғаббасов , Ә. Ермеков , ағайынды Досмұхамбетовтар . «Алаш» партиясы жетекшілері Қазан төңкерісін , Қазақ мемлекеттігін кеңестік негізде құру идеясын қабыламады . 1917 жылғы күз –«Үш жүз» партиясы құрылды . Жетекшісі – Көлбай Тоғысов . Мақсаты большевиктік бағыт ұстау . 1917 жыл- Ақпан төңкерісінен кейін Семейде , Петропавлда , Қостанайда , Оралда , Өскеменде Кадеттер ұйымы құрылды . Мақсаты : бөлінбес , біртұтас Ресей конс. Монархиясын құру , қоныстандыру саясатын құру . 1917жылғы көктем - өлкеде эсерлер ұйымы құрылды . Мақсаты: Жерді шаруаларға беру , жер бүкіл халықтың меншігі ұранын көтеру . Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау . Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе құрылды . Билік жолында күрескен партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан бағдарамаларын ұсынды.

58.Қазақстандағы азамат соғысы. Кеңестердің «әскери коммунизм» саясатының мәні.

Азамат соғысының салдарлары:1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты:Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті

59.Алаш қозғалысының Қазақстан тарихындағы орны.-

1917 ж көктемінде болып өткен облыстық Қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комиттерінің мүшелері «Алаш» партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 ж. өзінде-ақ құруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917ж мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 ж желтоқсанында жүзеге асқан еді. Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. 1917 ж 21 қараша «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. «Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды.

Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды

Қазақстан­да қазақ ин­телли­ген­ци­ясы басқарған қазақтар­дың ұлттық об­лыстық және уездік ко­митет­тері де ұйым­дасты­рыл­ды. Оларға ко­мис­сарлар бо­лып ұлттық ин­телли­ген­ци­яның өкілдері, атап айтқан­да, Торғай об­лы­сын­да Ә. Бөкей­ха­нов, Жетісу об­лы­сын­да М. Ты­ныш­ба­ев, Түркістан­да М. Шоқаев, т. б. тағайын­далды.

Уақыт­ша үкіметтің Қазақстан­дағы жергілікті ор­ганда­ры ку­лак­тарға, қазақтар­дың бас­шы топ­та­рына, қазақ ауыл­да­рының бай-ма­нап­та­рына арқа сүйеді. Олар жұмыс­шы­лар мен еңбекшілердің ре­волю­ци­яшыл­дық ша­бытын әлсіре­туге ты­рыс­ты, ха­лықты то­на­ула­рын жалғас­ты­ра берді, бұқара­ны им­пе­ри­алистік соғыс­тың ауырт­па­лықта­рын өз мойын­да­рымен көте­руге мәжбүр етті. Қазақтар­ды са­яси құқықта­рынан айырған ескі заңдар күшінде қал­ды, ора­сан зор жер иеліктері мен орыс-ка­зак әскерінің сос­ло­ви­елік ар­тықшы­лықта­ры сақтал­ды, қазақ халқының таңда­улы жер­лерін тар­тып алу­шы Қоныс ауда­ру басқар­ма­сы өз қыз­метін өзгерт­педі. Сөйтіп, Уақыт­ша үкімет Қазақстан­да бұрынғы пат­ша өкіметінің са­яса­тын одан әрі жалғас­тырды.

Пат­ша өкіметі құла­тылған соң, Қазақстан боль­ше­вик­тері ас­тыртын жағдай­дан шықты. Боль­ше­виктік пар­ти­яның қата­рына С. Сей­фул­лин, Б. Серікба­ев, Т. Рысқұлов, С. Арғын­ши­ев және басқала­ры кірді.

Ақпан ре­волю­ци­ясы жеңген­нен кейінгі Қазақстан жұмыс­шы та­бының еле­улі та­бысы – кәсіпшілер одақта­ры ұйым­да­рының құры­луы еді. Олар­дың қалып­та­су­ын­да Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның Қүрыл­тай съезі және Ом­бы темір жол жұмыс­шы­лары мен қыз­меткер­лерінің бірінші съезінің үлкен маңызы бол­ды. Бұл съез­дердің күн тәртібінде бірқатар маңыз­ды са­яси және эко­номи­калық мәсе­лелер қарал­ды. Олар: Уақыт­ша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағат­тық жұмыс күні, жұмыс­шы, сол­дат және ша­ру­алар де­путат­та­ры Кеңес­теріне қатыс­ты­лық, конт­рре­волю­ци­ямен күрес, Құрыл­тай жи­налы­сына қаты­су, пен­си­ямен қам­та­масыз ету және т. б. мәсе­лелер.

Осы кез­де Ом­бы, Орын­бор, Таш­кент, Се­мей т. б. қала­лары оқу орын­да­рының қазақ жас­та­ры алғашқы кез­де мәде­ни-ағар­ту істерімен шұғыл­данған жас­тар үйірме­лері мен ұйым­да­рын құрды. Орын­борда «Еркін да­ла», Ом­бы­да «Бірлік», Орал­да «Жас қазақ», Тро­ицкіде «Үміт» деп ата­латын және басқа жас­тар ұйым­да­ры, 20 шақты үйірме­лер мен топ­тар пай­да бол­ды. Бұл ұйым­дардың белгілі бір бағдар­ла­мала­ры бол­ма­ды, әле­уметтік құра­мы жағынан да біркелкі емес еді. Алай­да, олар қазақ халқын пат­ша өкіметінің ұлттық ор­та­лық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қала­ды, өз халқының білім алу­ын та­лап етті, еңбекшілердің са­насын­да ұлттық бірлік, бос­тандық пен тәуелсіздік иде­яла­рын оятуға ұмтыл­ды. Со­лар­дың бірі Тұрар Рысқұлов ұйым­дастырған «Қазақ жас­та­рының ре­волю­ци­яшыл одағы» еді. Оның құра­мына қазақ халқының ор­та­ша және ке­дей топ­та­рынан шыққан ал­дыңғы қатар­дағы жас­тар енді. Орын­бор қала­сын­да шоғыр­ланған қазақ оқыған­да­ры өза­ра кеңесіп, ке­зек күттірмейтін ұлттық мәсе­лелер­ге бай­ла­ныс­ты бір тұжы­рымға ке­лу үшін жал­пы қазақ съезін шақыру ту­ралы шешім қабыл­да­ды. Олар «Қазақ» га­зеті арқылы қазақ және қырғыз ха­лықта­рына ар­найы үндеу жол­да­ды. 1917 жылғы 21–26 шілде­де Орын­борда болған «Бүкіл қырғыз­дық» съез­де «Алаш» пар­ти­ясы қалып­та­сып, бас­шы ор­ганда­рын сай­ла­ды. Оның құра­мына Әли­хан Бөкей­ха­нов, Ах­мет Байтұрсы­нов, Міржақып Ду­латов, Ел­дос Ома­ров, Мұста­фа Шоқай, Мұха­мет­жан Ты­ныш­ба­ев, Ха­лел Досмұха­медов, Жан­ша Досмұха­медов, Ха­лел Ғаб­ба­сов, т. б. кірді. Бұл пар­ти­яның сол жы­лы 5–13 (18–26) жел­тоқсан­да Орын­борда өткен екінші съезінде қазақтың ав­то­номи­ясы – Ала­шор­да Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрыл­ды. «Алаш» пар­ти­ясы­ның Бағдар­ла­масы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұра­ды. Олар:

Ре­сейдің де­мок­ра­ти­ялық фе­дера­ция бо­лып жа­ри­яла­нуы ту­ралы;

Ре­сей құра­мын­да Қазақ ұлт ав­то­номи­ясын құру;

Ха­лықтар ара­сын­да тең құқықтық ор­на­ту;

Дін ту­ралы, дінді мем­ле­кет­тен ажы­ратып шығару;

Ел­дегі билік және сот ту­ралы;

Елді қорғау, әскер және ха­лықтық ми­лиция құру;

Ха­лықтың та­бысы­на қарай са­лық са­лу;

Жұмыс­шы­лар ту­ралы;

Ғылым және білім ту­ралы;

Жер мәсе­лесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құра­мына 15 адам, Ха­лық Кеңесі төрағасы бо­лып Әли­хан Бөкей­ха­нов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақса­ты ұлттық бірлікті жан­данды­ру са­яса­ты болған еді.

1918 жылғы 5 қаңтар­да Бүкілре­сейлік құрыл­тай жи­налы­сының күшпен та­раты­луы Алаш ав­то­номи­ясын құру мүмкіншілігіне де зар­да­бын тигізді. Ала­шор­да бас­шы­лары мен боль­ше­вик­тер ара­сын­дағы қай­шы­лық те­реңдей түсті. Егер Алаш пар­ти­ясы, біріккен ұлттық зи­ялы­лар боль­ше­вик­терге қазақ қоғамы­на мүлдем жат әле­уметтік тәжіри­бені күштеп та­нушы, қазақ жұрты­на іріткі са­лушы күш ретінде қара­са, боль­ше­вик­тер Алаш қозғалы­сына ұлттық бур­жу­азия мен фе­одал­дық топ­тардың тап­тық мүддесін қорғай­тын төңкеріске қар­сы кер­тарт­па күш есебінде қара­ды.

Сөйтіп, қазақ елінің ғасыр­лар бойы мыңдаған асыл аза­мат­та­ры ба­сын тіккен биік ар­ма­ны – ұлттық мем­ле­кетті қал­пы­на келтіру ісі – Алаш қозғалы­сы, Ала­шор­да үкіметімен бірге то­тали­тар­лық өктемдік пен им­пе­ри­ялық зор­лық-зом­бы­лықтың ша­бу­ылы­на көміліп, та­рих қой­на­уын­да қала берді.

Наши рекомендации