Азақстан Республикасындағы кітапханалардың типтері мен түрлері

Кітапхана ісі ғылымында оқырмандарға көрсететін қызметтеріне байланысты кітапханаларды типтерге, түрлерге бөлу қағидасы бар. Бірақ іс-тәжірибеде олардың түрі мен типке бөлінуде нақты бір ерекшеліктер жоқ. Уақыт ағымына сай белгілі бір қызметке жауапты кітапханалар үлкен ақпараттық орталыққа айналып дәстүрлі көпшілік кітапхана деген ұғымға сыймай қалып жатады. Көп жағдайда атқаратын миссиясы бөлек кітапханалардың арасындағы қызмет айырмашылықтары жойылып типке, түрге бөлу мүмкін болмай, атқаратын қызметтері бірдей болып жатады.

Кітапханаларда ғылыми түрде ерекшелендіру теориясы әлі де бір жүйеге салынбағанымен ЮНЕСКО кітапханаларды жүйелеудің келесі тәртібін ұсынды:

1. Ұлттық кітапханалар

2. Ғылыми-әмбебап кітапханалар

3. Көпшілік кітапханалар

4. Жоғарғы оқу орындарының кітапханалары

5. Мектеп кітапханалары

6. Арнайы кітапханалар ( ғылыми-зерттеулер институттарның, қоғамдық ұйымдардың , мекемелердің, кәсіподақ, мұражай т.б)

Солардың ішінде көпшілік кітапханалардың өзінің бірнеше түрлері бар

· Көпшілік кітапхана

· Балалар кітапханасы

· Жасөспірімдер кітапханасы

· Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана

Лттық кітапхана

Ұлттық кітапхана белгілі бір мемлекеттің не аймақтың не аймақтың тарихи жадын сақтаушы, мемлекеттің барлық ұлт пен ұлыстарының мүддесіне сай кітапханалық, библиографиялық және ғылыми-ақпараттық қызмет аясын ұйымдастыратын қоғамның әмбебап ақпараттық сұраныстарын орындауға бағытталған ғылым мен білімнің ордасы.

Ғылыми-әмбебап кітапханалар- ғылыми-әмбебап кітапханаларды 2 топқа бөлуге болады:

1. Ғылыми кітапханалар (салалық кітапханалар)

2. Ғылыми-әмбебап кітапханалар (көпшілік кітапханалар)

Ғылыми кітапханалар-кітапхана ісі саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын ғылыми-зерттеуші мәртебесі бар мекеме.

Ғылыми – әмбебап кітапханалар-негізінен көпшілік оқырман қауымның ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруға арналған кітапхана. Кітап қоры көпсалалы әмбебап болып келеді.

Әмбебап кітапханалар оқырмандардың жас ерекшеліктеріне қарай:

Ø Көпшілік

Ø Балалар

Ø Жасөспірімдер кітапханасы, статусына байланысты

Ø Республикалық

Ø Обылыстық

Ø Аудандық

Ø Қалалық

Ø Ауылдық деп қарауға болады.

Балалар кітапханасы - 1-11 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға дәріс беретін және балалар оқуына басшылық жасайтын адамдарға қызмет көрсететін көпшілік кітапхана.

Жасөспірімдер кітапханасы – 14 пен 21 жас аралығындығы жас оқырмандарға арналған, содай-ақ мұғалімдерге, жастар ісімен шұғылданатын мекемелер мен ұйымдарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсететін жан-жақты мемлекеттік көпшілік кітапхана.

Аудандық кітапхан –әкімшілік-территориялық бөлінуде аудан орталығы деп бекітілген елді мекендегі ауданның орталық кітапханасы болып саналатын көпшілік кітапхана.

Қалалық кітапхан-белгілі бір қала көлеміндегі ықшамауданда орналасып, сол ықшамаудан тұрғындарына кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсететін кітапхана.

Ауылдық кітапхана - аулдық жерде орналасқан, бір ауылдың немесе кітап қоры орталықтанған кітапханалар жүйесіне кіретін бірнеше ауылдың тұрғын халқына қызмет көрсететін әмбебап көпшілік кітапхан.

Жоғары оқу орнының кітапханасы-жоғарғы оқу орнының құрылымына кіретін оқу орнының оқу бағыты бойынша қор қалыптастырып, студенттерді оқулықтармен және оқу құралдарымен, мұғалімдерін оқыту-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді.

Мектеп кітапханасы- жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына, мұғалімдер ұжымына білім алу мен тәрбие беруге, шығармашылық мүмкіндіктері мен мәдени, кәсіби деңгейлерін арттыруға көмектесетін, кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын кітапхан.

Арнайы кітапханалар-зағип және нашар көретін азаматтарды кітаппен қамтамасыз етіп, қызмет көрсету үшін ұйымдастырылады.

Жеке кітапхана –жеке тұлға, азаматтардың өз қаражаттарына ашқан кітапханасы. Кітапхананың бұл түрі шаруа қожалықтарына тән.

Электронды кітапхана-заманауи кітапхана. Интернет желісі арқылы пайдаланушыларға толық мәтінді ақпарат ұсынады. Электронды кітапханалар тақырыбы жағынан әралуан-әмбебап немесе белгілі бір тақырыпқа не автордың шығармашылығына арналуы мүмкін.

Наши рекомендации