Ірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918). 5 страница
М.Шоқайдың Петербург университетінің заң факультетіне түсуі сол кез үшін үлкен дәреже. Бұған Орынбор генералы – губернаторы Перовскийдің ұсыныс хаты көмек болады. Бәрі бір реакцияшыл көзқарастағы губернатор ішікі саясаттағы ерекшеліктерді есепке алды. Әділет үшін айту керек орыс мемлекетінің билеуші топтары Түркістан тұрғысындағы отарлық саясат жүргізсе де, Петербургтың ғылым төңірегіндегі зиялы қауымы таланттарды бағалай білді.
М.Шоқай университетті 1917 жылы ақпан төңкерісіне бұрын бітірді. Зеректілігі арқылы универсиет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шықты. Оның ішінде қазақ, орыс, түрік, ағылшын, француз, неміс және поляк тілдері бар еді. Мұндай жетістік М.Шоқайдың мәдени көкжиегін кеңейте түскені мәлім. Ал, өмір тәжірибесінен, ұлтаралық саясаттың аса салмағын 1914 жылы думада Мұсылман фракциясына хатшы бола жүріп үйренді. Фракция Дума депутаты Әлихан Бөкейханның ұсынысымен келіп, А.Байтұрсынұлы, Ш.Кәрі секілді қазақ зиялыларымен жақын танысады. Мұндағы қызметі де өз жерлестерін отаршылардың зорлық-зомбылығынан қорғау болады. Жазықсызды жаладан сақтау, әлсізді қорғау Мұстафаның мақсатына айналады.
Ресей патшалығының көзге көрініп тұрған бір зорлығы – қоныс аударған орыстарға көшпелі қазақтың жайылымы мен қыстауларын күшпен тартып алып бергені. Мұстафа мәселені сенатқа дейін апаратын. «Бастықтың пиғылы түзу болмаса, заңнан қайран жоқ» деп Бисмарк айтқандай, орыс мемлекетінің отарлау саясатына қарсы тұратын күш жоқ еді. Халық орыс патшасынан осы кезде күдер үзеді. кейін Марияға жазған хатында бала кезін еске алып: «Теміржол біздің ауылдан біраз қашық болатын. Жол басы телеграф бағаналары менжарысатынбыз. Үлкендер бізге осы сымдар арқылы орыс патшасы Николай тұратын қаламен сөйлесуге болатынын әңгіме қылып айтатын. Бар қолымыздан келетіні – бағаналарды қамшыларымызбен осып-осып жіберіп, патшаны сөгу ғана еді», - деп бала кездегі түйсігінің кейіннен расқа шыққанына таңданады. 1917 жылы университет бітіріп, кейбір тарихшылар «Ақпан төңкерісін қуаттап, ол еліне бостандық алып келеді деп түсінді. Эсерлер партиясына мүше болды» - деп жазғандай, Мұстафа Шоқай ұлттық саяси өмірдің тоқсан тарау айрығында тұр еді. Эсерлер партиясына мүше болғаны, болмағаны мұрағаттық деректер арқылы әлі ашылады. Бірақ патшалық Ресейдің аз санды ұлттарға қатысты саясатына М.Шоқай үзілді кесілді қарсы болды.
Тарихшы-ғалымдар М. Қойгелдиев пен А. Нүсіпханның «М.Шоқай және Түркістан» мақаласында: «1916 жылы Түркістандағы ұлт азаттық қозғалысты аяусыз басып жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппозиция құрып талқылады. Осы мәселе бойынша ресми баяндама дайындау үшін Түркістанға арнайы сапармен келген депутат эсер А.Ф. Керенский және фракция жетекшісі К.М.Тевкеловпен бірге мұсылман фракциясының хатшысы М.Шоқай да болады» - деп жазады.
Бұл М.Шоқайдың өз ұлтына араша түсудің бірден-бір жолы – түрлі партия, уақытша үкімет және эсер жұмысшы солдат кеңесімен түсінісу керек болады.Осының бәрі Орта Азияда өз тағдырын өзі шешетін Түркістан автономиясын құру мақсатында жасалған еді.
Құрылтайшылары Түркістан автономиясы деп, оған Сырдария, Ферғана, Самарқан уәлияты толығымен қатысса да, орыс большевиктер кемсітіп, «Қоқан автономиясы» деп атаған аз күндік жаңа құрылым М. Шоқай идеясының түпкі мақсаты болатын.
М.Шоқай Түркістан жамиғатының келешек өз тағдырын өзі анықтайтын жеке мемлекет болуын мақсат етіп қойды. Осы мақсатта ептеп уақытша үкіметтің аз айлық билігін пайдаланып қалғысы келді. Бірақ «ұлттың өзін-өзі билеу мүмкіндігін береміз» деген бірде бір орыс демократтарына сенген жоқ. «Олар үкімет басына келген соң сөзсіз айнып» кетеді деген пікірін сөз арасында түсіндірумен болды. Сондықтан Ресейден енші алуды қызбалыққа, үстірттікке, асығыстыққа ұрынбай жан жақты ойластырылған саясат жүргізу керек еді. Ресейдің «демократ» билеушілері іш тартып алмас үшін М. Шоқай «ұлттардың өз өзін билеуін», Ресеймен шекаралық, қаржылық және сыртқы саясатта бірлігін жоққа шығармайтынын дәлелдеп береді.
«Қоқан автономиясының» келешегіне М.Шоқай күмәнсіз сенді ме, күмәні болды ма, бірақ ол адам қолынан жасау мүмкін емес тарихи төтенше оқиғалардан үміттенеді. Адамды үміт жетелейді, үміт апатқа да соқтырады. Соның бәріне Мұстафа бастаған ұлтжанды азаматар басы қиып еді.
М.Шоқай Түркістан халқы арасындағы қоғамдық белсенділіктің, сауатың, ұйымшылдықтың, рулық жіктелетін қандай деңгейде екенін жақсы білді. Жаңа автономияда сот жүйесін қазылар алқасы, немесе шариғат жолымен жүзеге асыруды ұсынған кезде «руластық тамыр белен алып кетеді» деп бірден қарсы болған.
Мұстафа түркі тектес халықтың психологиялық дәстүрлі ерекшелігін жақсы білетін. Сондықтан жалпы мемлекеттік сот құруын ұсынды.
Қоқан автономиясының 1918 жылдың қаңтарында құлауына себеп көп. Жергілікті халықтан кең көлемде қолдау таппады. Уақытша үкіметпен сенімді байланыс жоқ. Ел ішінен іріткі салатын алуан түрлі қоғамдық қозғалыс өріс алды. Ең бастысы Петербургтен бастау алып, Ташкенде өрістеген жұмысшы-солдат депутаттарының үкіметі, Қоқан автономиясын Түркістан өңірінде қауіпті аймақтың бірі деп санап, көзін жаймаққа жанталаса кірісті. Ақыры, Қоқан автономиясы қанды қырғынға ұшырады. Соның салдарынан елде басшылық қозғалыс өріс алды. М. Шоқай сол күндер жайлы тарығып жазған бір мақаласында: «...Қоқан ұлттық үкіметінің большевиктерге қарсы күресі кезінде, яғни 1918 жылғы ақпанда, осыдан бір жыл бұрын Ақмешітте 1917 жылдағы мамыр айында орыс жұмысшы солдаттары қолына өліп кетсемші деп өкінгенім бар» деп жазады.
Мақала көлеміне М. Шоқайдың тарих бетіне таңбалы із болып қалған барлық қызметін түгелдеп беру мүмкін емес.1918 жылы Грузияда одан Түркияда кейін Париж бен Берлинге ұласқан қоғам қайраткерінің өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі жол.
М. Шоқайға комунистік қоғам идеологтарының күллі Түркістанға жасап отырған зорлық-зомбылығы, қарапайым алаңда берген ақыреті оның өмірінің қайғысы, мұңы болды. Орыс демократтарына үміт артуы да үзілді кесілді тоқтады. Тіпті, сенімді деген Сұлтанбек Қожановтан «Қоқан автономиясының» мүшелеріне Кеңес үкіметі кешірім береді деген хабар тигенде де компартия басшыларына екіжүзділік саясатын күні ілгері біліп, елге оралмады. Грузияда «Вольный Горец», «Борьба», «На рубеже», Стамбулда «Жаңа Түркістан» кейіннен «Жас Түркістан»газет-журналдары арқылы күллі өмірін азаттық үшін күреске жұмсады. Ал, 1920 жылы Варшавада Сталиндік режимге қарсы Кеңес одағының қудалауына түскен ұлт зиялылары «Прометей» ұйымын құрған болатын. Ал, Варшавадағы шығыстану институты 1929 жылы «Кеңес одағының ішкі және сыртқы саясаты туралы» ғылыми теориялық конференция ұйымдастырды. «Сталин социализмі – тонаушылықты қамтамасыз ететін саяси жүйе» деген 1937 жылы жазған мақаласында Кеңес үкіметінің өз халқына жасаған тонаушылық саясатына экономикалық тұрғыдан талдау жасайды. Осылайша М. Шоқай Кеңес үкіметінің шетелдегі басты дұшпанына айналады. Білімі – терең, ақылы асқан қазақ перзенті түрік жамиғатының бірлігі мен коммунистік қоғамның халыққа тигізер ықпалы жөнінде ондаған мақала жазды. Мақала дерегі талдау мен таразылаудан тұрды. 1936 жылы КСРО конституциясындағы логикалық қайшылықтарды дәлме-дәл түсіндірді. Белсенді, саналы, ынталы азаматары ғана коммунистік ұйымдарға біріге алады» деген конституция бабын сөзбе-сөз жүйелей келе, «Компартияға кірмеген адамдар белсенді, ынталы және саналы болып саналмайды деген сөз. Ал КСРО-да коммунист емес адамдар халықтың 98 %» деп жазады. Сондай-ақ жеке адамның тарихтағы рөлін жоққа шығаратын марксизм идеяларын, Сталиннің жеке басқа табынушылығын атап көрсетіп береді.
М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған М.Шоқай 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның бойында біз біліп үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр. Ол Түркістан халқын орыс диктатурасынан қорғауға күш салды, бірақ озық және адал ойлы славян халқының өкілдері Я.Газовский, И.Пильсудский, В.Чайкин, В.Наливкинге деген құрметі ерекше еді. Өмірлік досы Мария Яковқызы да орыс ұлтынан болатын.
М.Шоқай осынау таза табиғи қалпымен, көптің көзі жетпейтін шың басындағы шынар секілді еді. Тамырын тасқа жайған шынар жалғыз өседі, жүзін күн сүйіп, жапырағын жел тарайды. Діні қатты болады. Шыңдағы шынар секілді М.Шоқай да жиырмасыншы ғасырдан өтіп, асыл ой, азаматтық қалпымен жиырма бірінші ғасырға келді.
лттық мемлекет құру жолындағы қазақ интеллегенциясының қызметі. «Алаш» Қозғалысы және Екінші бүкілқазақ сьезі.
"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
2 - Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.
Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
А.Байтұрсынов
М.Дулатов
Ә.Бөкейханов
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.
Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдыңқызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі.
Алаш қайраткерлері[өңдеу]
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7 – ауылында дүниеге келген. Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып, медресеге оқуға берген. Ол онда оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепті оқып шығады. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезінде–ақ саяси талас-тартысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысты.Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті, сол себептен 1937 жылы ату жазасына кесілген.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде, құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші беріпті. Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік обылыстарына жер аударылады.Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.[1]
2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.
Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.
13) 1918-1920 жж. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан . Саяси күштердің қарсыласуы: ”қызылдар ” мен “ақтар”
Интервенция мен азамат соғысының басталу себептері.Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).Интервенттердің негізгі мақсаты:1) Большевизмді қоршауға алып, жою. 2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді. 3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті. 4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды. 5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді.Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған шоғырлар келді.1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.