Банктердің форфейтингтік операциялары: мәні және ұйымдастыру тәртібі
Форфейтинг фр.сөзінен «құқықтан бас тарту». Форфейтинг алғаш рет ІІд.ж. соғыстан кейін Еуропа елдерінде пайда болды. Форф-ң факт-тен айырмашылығ сатылған тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты 1рет жасалатын операция. Форф-к опер-ға 3 тарап қатысады: 1) экспорттаушы – тауарды орта мерзімге несиеге беруші. 2) импорттаушы – тауарды несиеге алушы. 3) форфейтор – мәмілені қаржыландырушы банк.Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. 2-ші кезеңде болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор-банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады ж/е оған авальдың берілуін, яғни 3-ші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді. Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда 7 жыл. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты.
Форфейтингтік несие — сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180күнге дейінгі) несиелеу нысаны.
Сыртқы экономикалық қатынастарда халықаралық сауданы қаржыландыруда қолданылатын әдістердің бірі форфейтинг операциялары.
Форфейтингтік операциялар коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілелері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сатушы үшін айналымсыз сатып алу арқылы экспортты несиелендіру; коммерциялық кредитті банк кредитіне көшіру нысаны.
Форфейтинг механизмі мәміленің екі түрінде қолданылады:
1) Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді тез арада өткізу мақсатында қаржылық мәмілелерде;
2) Экспорттық мәмілелерде шет елдік сатып алушыға несие беруші экспортерға қолма-қол ақшаларыдың түсуін қамтамасыз ету үшін.
Форфейтингтік инструменттер ретінде қолданылатын негізгі айналым құжаттары вексельдер. Сонымен қатар бағалы қағаздардың басқа да түрлері қолданылады. Міндетті түрде бұлардың абстрактілі міндеттемесі болуы керек. Яғни олар «таза» бағалы қағаздар болуы қажет.
Форфейтинг жәй және аудармалы весельдерді тұрақты ставкалар бойынша есепке алумен байланысты. Форфейтинг экспортерға экспорттың бірден төленуін, ал шетелдік сатып алушыға банк- форфейтингтен орта мерзімді несие алу мүмкіндігін береді. Несиенің қайтарылу мерзімі ұзартылған.
Мәміленің орындалуы келесі кезеңдерден тұрады:
- Мәмілені дайындау. Мәміленің бастамашысы ретінде экспортер, экспортердің банкі немесе импортер болуы мүмкін. Экспортер үшін негізгі мәселе форфейтердің кепілге қоятын талаптарын және дисконт мөлшерін анықтау болып табылады. Бұл жағдай орындалмаса экспортер келісімнің нақты бағасын анықтай алмайды.
- Өтінімді қарау. Мәміленің қаржылық немесе тауарлық сипаты анықталады, себебі қаржылық қағаздар сатылуы алдын-ала ескертілуі керек.
- Жасалатын мәміле туралы ақпарат жинау(валюта, қаржыландыру мерзімі, импортер, экспортер, олардың орналасуы жайлы).
- Несиелік талдау- экспортерға тұрақты бағаны жеткізеді.
- Құжаттарды рәсімдеу. Экспортер аудармалы вексельдерді дайындайды немесе сатып алушыдан жәй вексельдерді алуға келісімге қол қояды, сонымен қатар өзінің вексельдеріне кепілдік алады.
Халықаралық операцияларды жүргізетін банктер кейбір жағдайларда форфейтинг арқылы басқа елдердің дебиторлық қарыздарын несиелейді. Атап айтқанда мемлекеттік экспорттық несиелер немесе кепілдер берілмейтін болса; сондай-ақ экспортер кейбір елдерге ұзақ мерзімде несие беруден бас тартқан кезінде.
Форфетирлеу- мәміленің барлық қатысушыларына тиімді сыртқы саудалық клиенттік операцияларды несиелеудің шұғыл тәсілдерінің бірі. Экспортер үшін форфейтингтің тиімділігі: 1) Дисконттың ставкасы мәміле мерзімінде тұрақты болғандықтан экспортер өзінің ұсыну бағаларын нақты есепке алады. 2) Бұл операция экспортерға қаржылық тәуекелдердің форфейтерге аударылыуын қамтамасыз етеді. 3) Экспортер негізгі келісім бойынша тауарлар жеткізілгеннен кейін қаржыларды бірден алуға мүмкіндік береді. 4) Форфейтингтік мәміленің шарттары тез арада келісу мүмкіндігін береді. 5) Мәміленің конфеденциалдығы. 6) Экспортер дебиторлық қарызды басқару мәселесі жайлы ойланбайды.
Импортер үшін форфейтинг орта және ұзақ мерзімді несие алу мүмкіндігін береді және мәміле бойынша құжаттардың тез рәсімделуін қамтмасыз етеді. Экспортер және импортер қосымша қаржыландыру есебінен операциялардың көбею мүмкіндігін алады.
Форфейтер банк үшін мәміле қарапайым несиелеумен салыстырғанда жоғарылау табыс әкеледі, сонымен бірге банк алынған қарыз міндеттемелерін екінші реттік нарықта сата алады.
Форфетирлеудің кемшіліктері. Экспортер үшін форфейтер қызметтерінің қымбаттылығы. Вексель бойынша төлеуге міндетті импортер үшін кемшіліктер сапасы төмен стандартқа сай келмейтін тауарлар алу тәуекелімен немесе сыртқы саудалық келісім шарттарының орындалмау қатерлерімен байланысты. Банк үшін мәміле бойынша коммерциялық тәуекелдер деңгейі жоғары болуы мүмкін; импортер қарызын төлемеген жағдайда банктің кері талап ету құқы жойылады; банк кепіл беруші банктің және мәміленің басқа да қатысушыларының барлығының несиелік қабілеттілігіне жауапты.
Форфетирлеу қызметтері өте тез дамып жатқан қызметтердің бірі. Бұндай қызметтерді банктер өздері немесе ірі трансұлттық банктердің мамандандырылған еншілес компаниялары жүргізеді.
Ең бірінші болып форфетирлеуді Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін швейцарлық банктер жүргізе бастады. Кәзіргі кезде форфетирлеудің негізгі орталықтары – Цюрих, Вена, Лондон.