Коммерциялық табу бонусы.

Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген төлемi қол қойылатын бонус болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар қол қойылатын бонус төлеушілер болып табылады.

Коммерциялық табу – келісімшарт аумағы шегінде ашылған,өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі бір түрінің қорлары. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын:

Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде мынадай жағдайларда:

- Барлауға арналған келісімшарт шеңберінде осы жер қойнауын пайдаланушы тиісті келісімшарт аумағында бұған дейін жариялаған елісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір комерциялық табу үшін;

- ҚР-ның осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бастапқыда белгіленген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде төлейді.

Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.

роялти – мыналар үшiн:

- пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;

- авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерiн, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем;

Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушiлер болып табылады.

3.Әлеуметтік салық ҚР-дағы негізгі салықтардың бірі. Ол 1999жылдан бері қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген еді.

Әлеуметтік салықты төлеушiлер:

1) дара кәсiпкерлер;

2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;

3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Әлеуметтік салықтың салық салу объектілері:

Дәріс. Жер салығы. Көлік құралдары салығы. Мүлік салығы.

Жоспар:

Жер салығы. Салық салу объектісі. Салық субъектілері.

Көлік құралдары салығы. Салық төлеушілер. Салық салу объектілері.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық.

Наши рекомендации