Кесте. Ұрпақтардың аралықтары

Жануардың түрі Йогансен бойынша жылдардағы аралық Дж. Лаш бойынща жылдардағы аралық
Ұрпақ
әкесінің шешесінің орташа аралық
Жылқы 9,5 8,9 9,3 10-13
Сүт бағытындағы сиыр 4,6 6,0 5,3 4-4,5
Қой 3,6 4,3 3,9 4-4,5
Шошқа 2,4 3,0 2,7 2,5
Тауықтар - -   1,5

И. Иогансен және Дж. Лаш бойынша ауылшаруашылық жануарларының әртүрлі түрлердің тұқым қуалаушылық арасындағы аралық келесі (49-кесте) қой шаруашылығының тәжірибесінде де, асылдандыру өнімділігінің болжамы бойынша, толық көрсетілген.

Мысалы, бір ұрпақтың және бір жылдық селекция тиімділігін келесі берілгендермен анықталады, 10000 бас саулықтардың жүнінің орташа қырқымы – 5,0 кг құрайды. Ұрпақтың толық өзгеруі 5 жылдың ішінде болады. Жыл сайын 2000 саулық жүнінің қырқымы төмен болғандықтан отардан алынады. Іріктелген 8000 бас қой саулықтарының орташа қырқымы - 5,5 кг-ға тең. Сонда тұқым қуалаушылық коэффициент һ2 = 0,3 құрайды. Бұл жерде 2 жағдайды ескерту керек: біріншіден – таңдап алынған саулықтар басқа саулықтар ұрықтандырылған қошқарларға сәйкес қошқарлардың ұрығымен ұрықтандырылуы қажет, екінші жағдай – іріктеп алынған саулықтар жалпы популяцияда пайдаланған қошқарлардың қырқымынан 0,6 кг-ға жоғары қошқарлардың ұрығымен ұрықтануы қажет.

Бірінші жағдайдағы есеп:

Кесте. Ұрпақтардың аралықтары - student2.ru

Екінші жағдайдағы есеп:

Кесте. Ұрпақтардың аралықтары - student2.ru

Ой өсіру әдістері мен түрлері

Қой өсіру деп белгілі бір қоршаған ортаға бейімделген малды таңдап алып, оны жоспарлы түрде шағылыстырып, қажетті деңгейде өнім беретін ұрпақ алуды айтады. Әрине, шағылыстыру үшін жұп таңдау алға қойылған мақсатты қамтамасыз ететін, ата-анасының нақты көрсеткіштерін жағымды бағытта қысқа мерзімде (барынша аз ұрпақ айналымында) жақсартатын болуы тиіс. Тұқым қуалаушылық заңдылығын терең біліп, оларды дұрыс, тиімді қолдану мал тұқымын жақсарту жұмысының нәтижелі болуына кепілдік бере алады. Сондықтан зоотехник-селекционер мал өсірудегі генетикалық ғылым негіздерін терең білуі керек.

Сонымен қатар қой өсірудің зоотехникалық әдістерін, оларды әр қайсысын орынды қолдану қажеттіктерін терең ойластырып атқару қажет.

Мал өсіруде тиімділігі жоғары, қойылып отырған экономикалық талапқа сай, алдыңғы өндіріс міндеттеріне лайықты малды таңдап алудың өзі де көптеген білімділікті, шеберлікті маманнан талап етеді. Сол таңдап алынған малды тиімді де пайдалы ұрпақ беретін жұп таңдау, онымен жұптаудың өзі де селекционерлерден білімділік пен көрегендікті және шеберлікті талап етеді.

Алынған ұрпақты жақсы өсіру, олардан адасып қалмау, оларды шатастырмау үшін, жүйелі және дәйекті зоотехникалық - селекциялық жұмыс жүргізу үшін әдейі ғылыми негізделген жоспарлы жұмыстар атқарылып отырылуы тиіс. Бұның барлығы да белгілі жүйемен жүргізіліп, құжаттармен хатталып отырылуы тиіс. Зоотехния ілімі қазір осындай жүйелі жұмысты селекционерден талап етеді, оның басты міндеті.

Наши рекомендации