Кәмелетке толмағандрдың қылмытсық жауапкершілігі
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-бабына сәйкес. қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар адам өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi т.б осындай қылмыстар жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады.
Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
Республика бойынша жалпы әрбір 15-ші ауыр қылмысты, әрбір 20-шы кісі өлтіруді, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыз зиян келтіруді, әрбір 8-ші қарақшылықты, әрбір 5-ші тонауды және әрбір 13-ші ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды. Жыл сайын ішкі істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіледі, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткізілгендердің жалпы санының 9,4%-ы панасыз және қадағалаусыз қалған балалар.
Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу,ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.
Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т.б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады.
1997 жылы 16 шілдеде (№167-I) қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің, Ерекше бөлімінің 2-тарауында "Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар" деп жеке тарау берілген.
Кәмелетке толмаған қылмыскер жайлы айтатын болсақ, қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған балалар арасында қылмыс көбейе түсуде. Оның көбі ұрлық, тонау, қарақшылық секілді мүліктік тұрғыдағы қылмыстар. Сонымен қатар, жиі кездесетіні бұзақылық болып отыр.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жаза тағайындауына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жалпы бөлімінде бөлек тармақ арналған. Бұл кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық дамуының ерекшеліктеріне, әлеуметтік деңгейінің жетіспеуіне, психофизикалық жас жағының жетіспеуіне, мораль туралы пікірінің төмендігіне, мінез-құлқының ерекшеліктеріне, жасы үлкен адамдардың және формальды емес лидерлардың ықпалына түсуіне байланысты.
ҚР-сы ҚК-нің 78-бабына сай кәмелетке толмағандар деп - жасы он сегізге толмаған тұлғалар танылады. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық істі қарау кезінде, сот оның жасын (күні, айы, туған жылын) дұрыс анықтау үшін барлық шаралар жасауға міндетті. Қылмыскерлердің жеке басы туралы, оның тәрбие, оқу, жұмыс жағдайын толық білу үшін, сот мәжілістеріне олардың заңды өкілдерін, еңбек ұжымының, оқу орнынан және тұрғылықты тұратын жерінен өкіл, сонымер қатар, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекция өкілдерін қатыстыру қажет. Қылмыстардың толық, түпкілікті тізімі ҚР-сы ҚК-нің 15-бабында қарастырылған. Қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілік деңгейі олардың кәмелетке толмағандар арасында тарауы және олардың мұндай жас кезінде жасаған қылмысының іс жүзіндегі сипаты мен ауырлығын ұғынып, түсіне алуы ескерілген. Бұл қылмыстар тізіміне, тек қана қасақана, соның ішінде кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам өлтіру, зорлау, терроризм, адамды кепілге алу және т.т.) енгізілген. Осы қылмыстарға қатысты кәмелетке толмағанның жауаптылығы 14 жастан басталуы қарастырылған. 14 жасқа дейінгі балалардың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына жол берілмейді.
Заң шығарушы айтылған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін 14 жасқа толғандардың түсінуін, сезінуін ескере отырып, жоғарыдағы тұжырымға келген. Сол себепті, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға кейбір жағдайларда қатаң жаза тағайындалуы тиіс.
Сонымен қатар, сот тәжірибесінде кәмелетке толмағандарға қатысты үш талап орындалған жағдайда, яғни мыналар: 1) қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасағанда; 2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағанда; 3) тұлғаның түзелуіне мүмкіншілік бар жағдайда қылмыстық жаза қолданбау тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану негізі болады.
Кәмелетке толмағандарға ҚР-сы ҚК-нің 49-бабына сай өлім жазасы және ҚР-сы ҚК-нің 48-бабына сай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Егер тұлға үкім шығару кезінде 18 жасқа толмаса да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, онда олар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына жіберіледі.
Сонымен, кәмелетке толмағандарға жасалған қылмыстары үшін келесі:
а) айыппұл
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
в) қоғамдық жұмыстарға тарту
г) түзеу жұмыстары
г-1) бас бостандығын шектеу
д) бас бостандығынан айыру жазаларының түрлері жатады.
Бүгінгі таңдағы елдің ертеңі деп сенген жастардың қиын тәрбиесі негізінде, сот өз міндеттеріне немқұрайлы қараған балалардың ата-аналарымен көшеде бақылаусыз, қараусыз қаңғып жүріп, балалықпен, түсінбеушілікпен әртүрлі қылмысқа ұрынып қалмауы үшін тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізу қажеттігін, оқушыларға полиция қызметкерінің қатысуымен әртүрлі лекциялар мен кездесулер ұйымдастыру керектігін ескерген жөн.
Жоғарыдағыларды тұжырымдай келе, кәмелетке толмағандар қылмыс, қылмыскер деген ұғымдарға онша мән-бере бермейді. Көбіне сот үстінде балалықпен жасалған іс екендігін айтып қынжылады. Сондықтан барлығымыз жұмылып тәрбие мәселесіне қатты көңіл аударуымыз керек. Бос уақыттарында әртүрлі үйірмелерге қатысып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасағанымыз дұрыс. Сондықтан, ата-ана бала тәрбиесін мектепке жүктемей, өздері де айрықша көңіл бөліп отыруы тиіс. Осы тұста дана қазақ «Тәрбие басы-тал бесік» деп қате айтпағаны бесенеден белгілі. Бір рет қылмысқа барған баланың болашағы не болмақ? «Не ексең, соны орарсың»,-деген сөздің мағынасын кеш болмай ұғынғанымыз дұрыс. Тәрбие бар жерде қылмыс та аз болмақ. Ендеше, ата-аналар қылмыспен бірге күресейік!
ОРЫТЫНДЫ
Қылмыстық жазалау шараларының мәні мемлекеттік айыптауды және мәжбүрлеуді арнайы тәсілмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты Н.Сергееевский былай деп жазады: «Жазада қылмыстық іс-әрекеттерді қандай формада болмасын, қандай мазмұнда болсын айыптау, бетке басу әрқашанда болады». С.Познышев өш алу теориясын сынады. «Егер жаза нақты қолданылса, -дейді ол, -тежеуші әсерге артық қатыгездік жасамай-ақ қол жеткізуге болады, ал қолданылмаса –қандай үрей туғызсаң да әсері болмайды». Жаза қылмыс жасаған адамға қолданылатын мемлекеттік арнайы мәжбүрлеу шарасы ретінде құқықтық қудалаудың кейбір түрлерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар ол қылмыскерге тәрбиелік ықпал етуді де көздейді.
ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 16 шілдедегі 1997ж. №168 - 1 ҚР - ның заңымен 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. (25.12.2008ж. өзгертулер мен толықтырулар).
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. Ақмола, 13 желтоқсан 1997ж. №206 - 1. (10.12.2008ж. өзгертулер мен толықтырулар).
3. 5 шілде 2000 жылғы №72 - II «қылмыстық іске қатысатын тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы. (20.12.2004 жылғы №13 - III ҚР - ның заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару кодексі (10.12.2008ж. өзгертулер мен толықтырулар) Ақмола, 13 желтоқсан 1997 жыл №208 -1.