Сауда еркіндігіне жол беру

Нарықтық қатынастарды босатудың аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне жол беру болды. Алайда мемлекет алғашқыда идеологиялық сарынмен айырбас саласына өз бақылауын орнатуға тырысты. Ол бірнеше ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті тауар айырбасын ұйымдастыруға әрекет жасады. Сөйтіп айырбас операцияларының арасындағы делдалдық қызметті Кеңес өкіметінің басшылығы, бақылауымен және тікелей тапсырмасымен жұмыс істеген кооперация атқарды. Мемлекет арнаулы декретпен (1921 жылғы 7 сәуір) оған «азық-түлік органдарының фабрика-зауыт және қолөнер кәсіпшілігі бұйымдарын дайындау мен ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастау салаларындағы міндетті тапсырмаларын орындауды» жүктеді, «барлық азық-түлік өнімдерін (мәтінде осылай. — авт.), мемлекет дайындаған және национализацияланған фабрикалар мен зауыттардан алынған... сонымен қатар шет елден әкелінген көпшілік қолды тауарларды бөлу» тек солар арқылы жүзеге асырылды. Декретте «РКФСР-дің барлық азаматтары тұтыну қоғамына бірігеді», ал «әрбір азамат тұтыну қоғамы пункттерінің біріне жазылады» деп атап көрсетілді.[1].

Кооперация туралы айтқанда мемлекет айтарлықтай қулыққа барды, бұл шын мәнінде еркіндік принципі немесе кооперациялаудың кез келген нысанының императивті жағдайы толықтай ескерілмеген, қайсыбір мемлекет иелігіне алынған құрылымдар болды.

Жалған кооперация осылайша жеке меншік нарық айналымы стихиясын мемлекеттік реттеу мен тежеу құралына айналады деп есептелінді. Бұлай болуы әбден мүмкін еді, оған Ленин күдік келтірген жоқ. Партияның X съезінде ол былай деді: «Біз пролетариаттың саяси өкіметін әлсіретпей, қайта нығайта отырып, жергілікті еркін тауар айналымына едәуір дәрежеде жол бере аламыз. Мұны қалай істеу керек — бұл практикаға байланысты іс. Менің міндетім — теория жағынан мұның жүзеге асыруға болатын нәрсе екенін сіздерге дәлелдеп беру».[2].

Алайда бұл идеяның мүлдем жарамсыз екенін практиканың өзі көрсетті. Қазақстанда 15 млн сом алтын ақша және 1921 жылғы ақшаның 14 млрд сомасында тауар айналым қоры (мануфактура, бақалшық, металл бұйымдары, ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары, тұрмыстық заттар, махорка, керосин, сіріңке және т.б.) құрылды.[3]. Алайда белгіленген көлемдегі астық өнімдерінің тек 37%-ын және ет өнімдерінің 26%-ын ғана дайындауға қол жетті.[2].

Сөз жоқ, бұған тауар айналым қорының жеткіліксіздігі және жұтандығы, бөлу желілерінің дамымағаны, ауыл шаруашылығында астықтың аз шығуы мен күйзеліс әсер етті. Дегенмен, ең басты себеп мемлекеттік тауар айналымының жекеше сауда-саттықпен қай жағынан болса да бәсекеге түсе алмауы еді. 1921 жылдың күзінде Ленин амалсыз: «Тауар айналымынан ештеңе шықпады, жекеше нарық бізден мықты болып шықты және тауар айналымының орнына біз қарапайым сатып алу-сату, сауда-саттыққа ғана қол жеткіздік» деп мойындады.

Кооперацияға сүйену де өзін-өзі ақтамады. Осы кезден бастап оның қызмет аясы тарыла түсті. Ал КСРО ОАК-і мен ХКК-нің желтоқсандағы (1923) азаматтардың бірыңғай тұтыну қоғамына міндетті жазылуының күшін жойған, оған кіру мен одан шығу тек халықтың өз еркінде екендігін жариялаған декретінен кейін, ол «халықты жаппай қамтыған» жүйе рөлін тоқтатты. 1925 жылдың соңында бөлу мен айырбас саласында кооперациялау «еуропалық» тұрғындардың 20%-ын (сол жылдардағы есептерде жазылғандай) және қазақ шаруашылықтарының 8,6%-ын ғана қамтыды.[4].

Осы кезге дейін-ақ кооперация, мемлекеттік сектор сияқты, жекеше сауда-саттықпен тең бәсекелік күреске түсуге қабілетсіздігін (әр түрлі мемлекеттік дотациялар, несие және тауармен қамтамасыз ету түріндегі жеңілдіктер, тауар босату бағасын төмендетуге мүмкіндігі бола тұра және түптеп келгенде идеологиялық қолдау да солардың жағында болғанмен) көрсетті. Қалалардың тауар өткізу желілері құрылымында оның үлес салмағы барлығы 3-ақ пайызды құрады, ал бұл кезде жеке секторда ол 95,3%-ға жетті (мемлекеттік саудада - 1,6%). Республиканың ауылдары мен қыстақтарында тиісінше 12,9 және 85,1%-ды (мемлекеттік саудада - 2,0%) құрады.[5]. Сауда айналымына келетін болсақ, ол қалалық жеке меншік иелері есебінен 84,7%-ды, кооператорлар есебінен — 14,0%-ды (мемлекеттік саудада - 1,3%) құрады. Ауылдар мен кыстақтарда (кооперациядағы бағаның төмендігі есебінен) екі сегменттіңде үлесі бірдей дерлік болды: жеке меншікте - 50,5%, ал кооперативтік саудада - 49,5%.[6]. Демек, экономикалық логикадан тыс әрекет ету талпынысы, яғни тауар-ақша қатынастарына сүйенбей, оны айналып өту сәтсіз аяқталды.

ЖЭС сипаты мен қиыншылықтары Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында – 100 мың, Оралда – 400 мың, Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тұра келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді. Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай соракылыққа қарсы шыққан Т. Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті Т. Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайындалады. Бұл ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттеріне ұшырайды. Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс емес” дейді. Үкіметтің құрамында аштықпен күресуге міндетті толып жатқан “экономикалық органдар бола тұра, мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз” дейді. Өткір пікір таластардан кейін, яғни Т. Рысқұловтың аса зор еңбегінің арқасында Түрікатқару комитеті мен ХКК-і бұл Орталық комиссия қорына құнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша бөледі. Орталық комиссияның облыстар мен уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мекемелері мен бөлімшелері ашылады, олардың басына сауатты мамандар отырғызылады. Партияның Х съезінде қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді.Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерізімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға беріледі. Сауда бостандығы жүзеге асырылады, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат беріледі Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды. ЖЭС-тің аясында нарықтық қатнастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін партияның ХІІ съезі (1923 ж. сәуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді. 36. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы мен оның қатерлі мазмұны Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы.Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды дегенжаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды. Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бұліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты. Қазақстан тарихының тағылымдары үшін,брынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлт саясатын зерттеп, ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егер бүгін таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналды, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ — қатты қателесер едік. Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сан деңгейіндегі түсініктеріміз объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген тұрпайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойындауымыз керек.. Міне осыдан барып тұжырымдаудағы ұшқарылықтар—«ақтаңдақтарға» тек қана қара бояу жағудан бастап, таяудағы өткенді мінсіз етіп көрсетуге дейін орын алды. Осының екеуі де жаңарып жатқан қоғам үшін бірдей қауіпті, өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа ештеңе де бермей, олардың парасатты шешімдер қабылдауына бөгет жасап, неше түрлі саяси жалдаптықтың негізіне айналады. Оның үстіне демократиялық институттарды енгізудің өзі жағдайды өздігінен түзеп, ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешеді деп есептеу қате болар еді. 37. Индустриализация: масштабы, екпіні Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған Жезқазғанмыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашкы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделтетілген геологиялық-барлау жұмыстарының ғылыми елшемдерін толығымен ақтады. Геологиялық зерттеулердің және Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кең байлықтарының енеркәсіптік меңгерілуімен қатар республикадағы геологиялық ғылымдардың қалыптасуына негіз салған іздеу-барлау жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Мыс өнеркәсібін дамыту мәселелерін зерттеумен қатар темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі басталды. Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты бодды. Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы. Индустрияландырудың жетістіктері. 1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды. Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады. Алайда осындай жетістіктерге қарамастан КСРО жүйесінде шикізат аймағына айналған Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% - дан аспады. Республика өндіріс көсіпорындары тұтыну бұйымдарының 60% - ын ғана канағаттандыра алды. Осылайша әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың біртұтас халық шаруашылық кешеніндегі табиғи қорларға бай Қазақстанның рөлін анықтап берді. Индустрияландыруды жүзеге асырудың барысында Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты. 1930 жылдардың ортасында халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 24 пайызын жұмысшылар құрады. Индустрияландыру кезеңінде қалалардың урбанизациялану және ірілену үрдісі жүріп жатты. 1940 жылы қала халқының жартысына жуығы 50 мыңнан астам адам тұратын қалаларға шоғырланды. Алайда ауыр өнеркәсіптің карқынды түрде өсуі ең алдымен деревняның ендіргіш күштерін күйрету есебінен болғанын айта кету керек. Өнеркәсіптің қарқынды өсуі келікпен, тұрғын үй кұрылысымен, коммуналды - тұрмыстық қызмет керсетуді жаңғыртумен қатар жүрмеді. Индустрияландыру кезінде экономиканың көпсалалығы, жеке меншік және жұмыссыздық жойылды. Әлеуметтік салада байыпты өзгерістер орын алды: жұмысшы табының саны және мамандық дөрежесі өсті, жұмысшылар мен шаруалардан жаңа инженерлік - техникалық зиялылар тобы қалыптасты, басқарушылар аппараты өсті. Халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік тәсілмен басқару түпкілікті орнықты. 38. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстандабірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды. Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді. 1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады. Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады. Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссоркөсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді. Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті. Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды. Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты. Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды. Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады. Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды. Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді. 39. Т.Рысқұловтың мемлекеттік және саяси қызметі1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. 1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді. 1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Рысқұлов аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етеді. Осыған орай 1918 жылы 28 қарашада ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Рысқұлов басшылық еткен ерекше комиссия Түркістан автономиялық республикасының 19 уездері мен қалаларында 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. 1919 жылы 14 наурызда Түркістан Республикасы кеңестерінің 7 съезінде Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары болып Рысқұлов сайланды. Осы жылы 14 – 31 наурыз аралығында Ташкент қаласында болып өткен Түркістан КП-ның 2 конференциясында ОК жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен оның ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери бөлімшелерін құрды. 1919 жылы шілдеде Түркістан Республикасы атқару комитеті Әулиеата және Черняевуездеріндегі саяси-әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынас жайымен танысу үшін онда арнайы комиссия аттандырды. Рысқұлов төрағалық еткен бұл комиссия Әулиеата атқару комитетінің мүшелерін өз міндеттерін іске асыра алмағаны үшін қатаң сынға алып, бұл комитеттің таратылғанын жариялады. Осыдан кейін Әулиеата уездік атқару комитетінің орнына Түркістан атқару комитетінің шешімімен Әулиеата уездік уақытша Революциялық комитет ұйымдастырылды. 1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, жергілікті халықтардың құқығын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді. Атқару комитетінің төрағасы ретінде Түркістан Республиканың Конституциясына сай берілген құқықтарын пайдалана отырып орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, олардың экономикалық жағдайының жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен теңестірілуіне, орыс шаруалары мен казактардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін иелеріне кері қайтаруларына қол жеткізді. Ол Түркістан Республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. 1924 жылы 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберілді. Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының бір ауданына Рысқұлов есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын демалыс паркі бар, онда Рысқұловқа ескерткіш қойылған. 40. Қазақ ауылын кеңестендіру дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді. 1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды. Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады. 41. 1928 ж. Тәркілеу саясаты және оның саяси экономикалық салдары1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің “Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отрықшы аудандарын белгілеу туралы” арнайы қаулысы қабылданып, соған сәйкес аудандар белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге ұзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға сәйкес сонымен қатар тәркіленгендерді жер аударуға тиісті аудандар да анықталды. Тәркілеуге байланысты декретте әсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі аудандағылардың малы тәркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер бұл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тәркілеу туралы ереже бойынша жер аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды. Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уәкілдер бастаған комиссия мүшелері тәркілеу барысында кеңес үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тәркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уәкілдің қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді. Республика көлемінде барлығы 696 “бай-феодалдар” тәркіленді. Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағанын осы 1928 жылғы жүргізілген тәркілеу барысы мен оның нәтижелері көрсетіп берді. Алдын-ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді: бұл белгіленген жоспардың 64%-і ғана. Оның себебі алдын-ала жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді. Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды. Барлық тәркіленген малдың 10,2% отрықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан және 6,5% көшпелі аудандардан еді. Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға (74,3%) және колхоздарға (25,7%) таратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды. Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты. Олар қазақ қоғамынның экономикалық деңгейінің төмен екенін, сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды. Ал большевиктер болса бұл пікірлерге құлақ аспай, таптық принциптерінен ауытқымай, сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды. Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды. Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тәркілеу «қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне әкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді. Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде коперативтендіру арқылы социалистік ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 жылы желтоқсанда өткен партияның ХУ съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту шарасының орнына, керісінше нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты. Орталық билік колхоз құрлысындағы біртіндеп өз-бетінше жүріп жатқан қозғалысты жоспарлы іс-әрекетке ұластырды. Үкімет органдарының жоспарлаған межелерін партия ұйымдары да қайта талқылады, соның нәтижесінде жоспардың өзі бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Ал енді бес жылдық жоспарды белгілеу кезінде мемлекеттік жоспарлау комитеті бұл жоспардағы санды тағы ұлғайтты. 42. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы. Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.

Наши рекомендации