Лтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.

Қазақ елі өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі демократиялық елдердің біріне айналды. Бұл жетістіктерге еліміз қоғамдағы азаматтық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен бірге, ұлтаралық және дінБүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат
қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Ұлтаралық келісім моделі этностардың дамуы мен өзара қарым-қатынасына жүйелі әрі мақсатты түрде әсер етіп, одан белгілі бір нәтижелер алу үшін құрылады. Мұндай моделді құру өте күрделі әрі жауапты саяси іс. Өйткені, ұлтаралық қатынастар табиғаты өзінің құрылымы жағынан өте нәзік, сан қырлы. Ұлтаралық қатынастар саяси, идеологиялық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік, тілдік және психологиялық процесстерге тығыз байланысты. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.

Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.

Қазақстандық ұлтаралық келісім моделінің қалыптасуы мен дамуында Қазақстан Республикасының Конституциясы айқындаушы рөл атқарды. Оған 1991 жылғы 16 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заңы, 1993 жылғы Қазақстанның тұңғыш Конституциясы, қазір қолданылып отырған 1995 жылғы Конституция және 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда өзгерістер мен қосымшалардың енгізілуі кіреді. азіргі жағдайда ұлтаралық келісім моделінің формуласы Қазақстан Республикасының Конституциясындағы: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып…» деп басталатын жолдардан айқын көрініс тапқан.
Осылайша еліміздің Негізгі Заңы бойынша Республика азаматтарының бірлігінің мызғымас ұстанымы қаланды. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.

Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда, мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей байырғы қазақ жерінде ұлттық мемлекеттілік құру мен нығайту және де басқа қағидаттарды негізге ала отырып, қоғам мен ұлтқа Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы ұсынылады.Ұлт Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз - Ұлт жоқ. Ұлтсыз - мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз - болашақ жоқ.

Осыларды негізге ала отырып, Қазақстанның Ұлт Бірлігінің төмендегідей қағидаттары жария етіледі.

I. «БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР»- Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат – әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының – Қазақстан Республикасының – ортақ екенін ұғыну.

II. «ТЕГІ БАСҚА – ТЕҢДІГІ БІР»- Екінші басты қағидат – этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.

ІІІ . «ҰЛТ РУХЫНЫҢ ДАМУЫ»- Ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты – біріктіруші және бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту.

Осы Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ.

88. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»

Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.

Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!

Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ. Әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек. Бұл – солардың ақшасы!

Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу кеңеюде.

Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздың жекелеген топтарының ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта қарау және оның түрлі деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын.

Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын.

89. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заңы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алып, кәсіптік және тәни дамуы, сәтті әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасау және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:

қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету,

саламатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін жоғарылату, жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау, жастарға және жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, болып табылады.

Аталған заң жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне жас азаматтардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін қалыптастыру мақсатында әзірленген.

Жастар - жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұстанымдардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш және халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі – елдің болашағы туралы мәселе. Жастар саясаты мен жастарды әлеуметтендіру мәселелерімен айналысып, оларды реттеудің маңыздылығы жастардың қоғам өмірінде алатын орнымен анықталып, бүгінде өмір талабынан туындап отырған қажеттілік болып табылады. Жастар қоғамда орын алып отырған әлеуметтік- экономикалық және мәдени өзгерістерге толыққынды араласқанда ғана тиісті нәтижелерге қол жеткізуге болады. Жастар дегеніміз – жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшеліктері, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік - демографиялық топ. Қорыта айтар болсақ, жастар арасындағы позитивтік бағыттарды одан ары нығайтып, келеңсіз тұстарын жою үшін мемлекеттік жастар саясаты, жастарды әлеуметтендіру, азаматтық ұсыныстарды жүзеге асыруға және қолдауға бағытталып, жастардың саяси, әлеуметтік және экономикалық салаларға қатысу құқығын кеңейтуді, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешім қабылдауға жастарды қамтуды, олардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттыруды көздеуге тиіс.

90. ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан – 2020» даму бағдармасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленіп, іске асуда. Қазақстандықтар — жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбiр екiншi тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейiмен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан–2050» стратегиясының түйiндi мақсаттарының бiрi болып табылады.

Бүгiнде елiмiз өзiнiң алдына әлеуметтiк жаңғыру, үдемелi инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды мiндеттер қояды. Тәуелсiздiктiң 20 жылындағы жетiстiктердi бекiте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшiншi он жылдығында әлемнiң дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына кiруге ниет бiлдiредi.

Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз iстерiн жалғастыруға, ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттiлiктiң деңгейiн одан әрi жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуi мен әлемдiк танылуын қамтамасыз етуге тиiс жастарға үлкен үмiт пен жауапкершiлiк жүктеледi. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрi iске асырудың институционалдық негiзiне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Бiлiм берудi дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде iске асырылуда.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құрылды. Жалпы алғанда, қазiргi уақытта әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгiнде елiмiзде iске асырылып жатқан бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, тiлдердi дамытудың, үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттiк бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту–2020», «Бизнестiң жол картасы–2020», «Қолжетiмдi тұрғын үй–2020» бағдарламалары бағытталған.

«Жаңа Тұжырымдаманың ерекшелігі - ол білім алушы жастарға ғана арналмаған. Ол жұмыс істейтін, ауыл жастарын қоса алғанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған, сондай-ақ жұмыссыз, маргиналды және тағы басқа жастардың барлық санаттарын қамтиды

91. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдықи саясаты

Халықаралық арақатынастардың ерекше аясы болып терроризм және экстремизм табылады. Бәріміз білетіндей, аталған екі құбылыс белгілі-бір мемлекеттің аумағында орын алғанымен, бүкіл әлемді масасыздандыратын мәселеге айналды. Себебі бұл оқиғалар дүниежүзілік қауымдастықтың мүдделеріне қайшы тұрып, олардың бейбіт, тыныш және ынтымақтастық өмірін қауіпті жағдайға тірейді. Алайда, көптеген ғалымдар, бұл мәселелерді әлемдік қатынастардың жаһандануымен байланыстырады. Қазіргі заман өзінің күрделі қатынастарының қиындай түсуімен және рухани құндылықтарға кері көңілмен қараудың тенденциясымен түсіндірілетін адам және қоғам, қоғам және мемлекет, мемлекет және әлемдік қауымдастық арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соқтырады.

Мұндай жағдайда әлемдік қауымдастықтың терроризм және экстремизммен күресудегі әсерлі әреккеттер болып мемлекет тарапынан кепілденген адамдардың оған бірігіп қарсы шығуы табылады. Біз білетіндей, террордың нәтижесінде адам құқықтары мен бостандықтары жексұрын, қатігез және көргенсіз нысанда бұзылады. Ал мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде орнығуы әбден дұрыс бағыттың дәлелі.мемлекеттер бұл мәселені шешу жолында мынадый бағытты ұстануы жөн – ұлтаралық және мемлекетаралық келісім.

Тұрақтанған жағдайда Қазақстан экстремизм және терроризмге қарсы тұруға байланысты халықаралық ынтымақтастық жүйесіне белсенді түрде енуде.

Қазақстан Республикасы ланкестік оқиғалардың ошақтарынан тыс аймақтарда орналасқанымен, ланкестер күштеріне қарсы тұру іс –қимылдарының белсенді қатысушылары болып келеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет бола тұра, әлемдік қауымдастықтың мүшесі болып табылады да, терроризмді сынаумен қатар, онымен күресуде белсенді шаралар қабылдады.

Жаңа заман жағдайында, яғни конфессиялық топтардың саяси қайшылықтары кезінде аталмыш мәселе ерекше маңызға ие және оны шешу жолдары Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің саяси-құқықтық құрылымының ұлттық ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырылуы керек.

93-ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014ж 15 желтоқсандағы «Тәуелсіздік толғауы»атты сойлеген сөзінің негізгі идеяларын анықта

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін зерделеудің әдіснамалық көзқарастарын талдау және түсіндіру бойынша аймақтық семинар – кеңес

2015 жылы 11 наурызда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін зерделеудің әдіснамалық көзқарастарын талдау және түсіндіру бойынша аймақтық семинар – кеңес өтті.

Елбасының осы еңбегін зерделеудің әдіснамалық көзқарастарын талдау және түсіндіру мақсатымен семинардың өзекті мәселелері бойынша «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік Қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры С.З. Байхонова, сол сияқты белгілі ғалымдар тарих ғылымдарының докторлары С.К. Игібаев, А.С. Алексеенко, саясаттану ғылымдарының кандидаты Л.В. Столярова, тарих ғылымдарының кандидаттары Р.К. Айдарбаева, Ж.С. Аубакирова., Ж.Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп –гимназия-интернаттың директоры М.З. Иксанов, тарих пәнінің мұғалімдері С.А. Кудабаева, З.Т. Сеилгазиналар сөз сөйледі.

Сол сияқты семинар-кеңестің жұмысына 200-дей тарих, казақ, орыс тілдерінің мұғалімдері, облыстың, Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, аудандардың білім беру басқармасының органдарының жетекшілері және білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

Семинар барысы облыстың мектептері және аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттерімен он-лайн режимінде көрсетіліп, оның жұмысына 50 жуық облыстың білім беру обьектілері қосылды.

Аймақтық семинар – кеңестің жұмысы тарих ғылымындағы жалпы әдіснамалық көзқарастар және зерттеу әдістерінен басталды. Қазіргі Қазақстанның тарих ғылымы жаңа өлшемдермен – дербес қазақстандық ғылыми-тарихи және тарихнамалық кеңістікте дамып келе жатқандықтан тарих ғылымының әдіснамасына терең талдау жасау қажеттілігі туындап отыр. Семинар – кеңестің үйлестірушісі: «Осы жағдайларда егеменді Қазақстанның тарихнамасының жаңа кезеңінің сапалы ерекшеліктерін тауып, ой елегінен өткізу үшін әдіснама тарихи танымның белгілі саласы, маңызды құралы болып табылады» - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет, «Қазіргі әлемде халықтың тағдырын анықтайтын канондардың бірі, ұрпақтар және құндылықтар сабақтастығы болып табылады, тәуелсіздік-бұл еңбек. Мектеп оқушылары және студенттердің ғылымда жететін еңбегі. Барлық мамандықтағы адамдардың ұлттық байлыққа көбейтілетін еңбегі. Тәуелсіздік – бұл біздің халқымыздың ұлы бірлігі, тарихы және мәдениеті, барлық қазақстандықтардың мемлекеттік тілге және этникалық тілдердерге құрметі». 2015 жылы Қазақстан халқы төрт маңызды мерейтойлық оқиғаны – Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығын, ҚР Конституциясының және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығын атап өтеді.

Семинар кеңеске қатысушылардың сөздерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік дамуы үшін бұл ірі тарихи оқиғалардың маңызы, азаматтық әлемдегі құндылықтардың қалыптасуы, қоғамдық келісімді нығайту жайлы қарастырылып, әсіресе тарих пәні мұғалімінің рөлі, оның тарих пәні сабақтарында өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизмді және толеранттық мәдениетті қалыптастырудағы жауапкершілігі атап көрсетілді.

Аймақтық семинар-кеңес ҚР Білім беру және ғылым министрі А. Саринжиповтың 2014 жылғы 15 желтоқсандағы Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» сөйлеген сөзінің мәтінін, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы, ҚР Конституциясының және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығына арналған материалдарды Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті оқулықтарына және оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізу жөніндегі бұйрығын іске асыру шеңберінде өтті.

94 Жаңа Қазақстан-ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала мұрагері екендігін дәлелдеңіз

Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Ендеше, әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Ұлы мақсаттарға жету жолында бізге батыр бабалардың аруағы жар болсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл – біздің тағдырымыз! Бұл – біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын!» – деп түйіндеді сөзін Елбасы.

95.ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің негізгі мазмұнын ашыңыз.

1999 ж Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарық көрді.Маңыздысы-тарих қайнауын зерделей отырып,ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттілігі айтылады .Бұл кітапта қазақ даласы, мәдениет келешегі,ұлттық бірегейлік , тәртіп пен ұлттық ұғымдар,тарихтың терең шеңберлері тереңнен суреттеліп,жазылған.Өткеннің кейбір сабақтарына мән бере отырып,қазақ халқының тарихи жолы туралы ой талғап,рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. Мазмұны 1.Ұлттық келбетті ұлықтайық 2.Қазақ даласы ұлы түркі елінің қара шаңырағы 3.Мәдениет келешегі 4.Алаш мұрасы және осы заман 5.Ұлттық бірегейлік туралы 6.Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар 7.Орт.Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тоғылымдар 8.Тарих шеіберлері мен ұлттық зерде

96.Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша айту дәстүрінің ,шежіренің ,жазбаша тарихнаманың:М.Х.Дулатидың, Қ.Қ.Жалаирдің аса көрнекті еңбектерін ашыңыз

97.Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтының орнын ашып көрсетіңіз

Әр халықтыңтарихында оның даму ерекшелігін сипаттайтын құрылымдар болады.Қазақ халқының осындай болмысын айқындайтын осындай ерекшеліктерің бірі батырлар институты.Батырлар институтының қалыптасуы ежелгі замандардан бастау алады.Батрлар институты артына молтарих қалдырған ұзақ даму жолынан өткен.Қай кезеңде де ол елінің , жұрттының біртұтастығы үшін,тәуелсіздігі үшін қызмет еткен.Батырлар институтын зертеу арқылы,оның жаңа бетттерінің нәтижесінде , бүгінгі еліміздің тәуелсіздігінің бекуіне септігін тигізген.Сонымен катар қазақ батырлар тарихы өсіп келе жатқан ұрпақті отансүйгіштікке тәрбиелейді.ХVII-XVIII ғасырлар батырлар институтының даму кезеңі. Қазақ қоғамының өмірінде билер институтының алар орны мен үлес салмағы,маңызыдылығ айрықша. Өйткені,оның мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайын тек әдеттегі құқықпен ғана емес ,рухани-мәдени салт дәстүр негізіндете теңестіре отырып, қамтамасыз етуші .Бұл құрылым ол кезде мемлекеттік басқару жүйесімен тығыз астасып жатты.Билер ел,жер,малжан,кәсіп мәселелерін төрт ауыз сөзбен тындырып отырған.

98.Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен қазақ хандығының ерекшелігін ашып көрсетіңіз Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн,үйсін,қаңлыы,отра ғасырлардағы Түрік,Б.турік,Түркен,Қарлұқ,Оғыз,Қимақ,Қыпшақ,Қарахан мемлекеттерінің,одан кейінгі Алтын орда,Ақ ордамен тығыз байланысты.Мемлекеттердің атауы әртүрлі болсада, оларга ортақ нәрсе территория мен сол территорияда өмір сүрген ру тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі,шаруашылығы мен мәдениеті,діни рухани өмірлерінің тұтастығы.ХIII-XV ғ аралығында Шығыс дешті қыпшақ аумағындағы мемлекеттік құрылымдар Алтын орда,Ақ отра,ноғай ордасы ,Әбілхайыр хандығы, моғолстан мемлекеттері бір мезгілде өмір сүріп немесе бірінің орнына бірі келіп ,сол орта ғасырларда Қазақстанның саяси картасын әртүрлі түспен құбылтып тұрса,Қазақ хандығының құрылуы және дамуы әр түсті бір түске ауыстырды.Және қазақ хандығы сол кезден ақ , бір тайпадан емес көптеген тайпаның бірігуінен пайда болған хандық.

99.Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде қазақ хандғының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және қазақ хандығынң қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздегіз

100.ҚР-ның ақпараттық саясаты бұқаралық ақпарат құралдарының даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері БАҚ саласында түпкілікті өзгерістер жасауға және өз назарын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңнама түрінде қамтамасыз етуге ұмтылды.Қазақстан дербес мемлекетке айналғаннан бері ,оның дамуын бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады.Бірінші:Бұл 1992 жылға дейінгі кезең.Бұл жылға дейін БАҚның дербес ,тәуелсіз болмауы және мемлекет монополия меншігінде болуы.Екінші:1992-1996 жылдардағы даму мен ұрақтану кезеңі.Мемлекет ақпарат кеңістігінде өз ықпалын төмендетуге және жекемешік ,мемлекеттік емес БАҚтың дамуына жол берді, Сонымен бірге БАҚ саласында мемлекеттік улестерін қысқартты.Үшінші:либералдықкезеңмен сипатталады. Мемлекеттік БАҚ,полиграфиялық кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру саясаты кең өріс алды.Және жекеменшік компаниялар мемлекеттік ақпарат саясатты жүргізуге құқылы бола бастады.

101.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев 2004ж 13қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлыққа қол қойды. Кейін тағы екі кезеңге созылды 2007-2009жыл жане 2009-2011жылдар.Бағдарлама қабылданғаннан бері төрт жылда тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып , Қазақстан амағындағы 39 қалашықта,қоныста,тұрақта,обалар мен қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізілді.Қытайға;Туркияға,Моңғолияға,ресейге,Жапонияға,Египетке,Өзбекстанға,Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып,Қазақстан тарихы,этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болған 5000 жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды. «Мәдени мұраның» мақсаты:елдің тарихи мәдени мұрасын зерттеу,қалпына келтіру және сақтау ,тарихи дәстүрлерін қайтару, шет елге қазақтанның мәдеи мұрасын үгіттеу.Бағдарламаны жүзеге асыру барысында тарихқа ,археологияға, этнографияға, энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 500 аса кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды.Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істейді :ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи мәдени және сәулет ескерткіштерін калпына келтіру;Археологиялық зерттеулер;Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;Ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.Мұндай үлкен жобаны ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған қазақстан.



Наши рекомендации