Р аудиторлық қызмет туралы» Заңы, оның мазмұны, аудиттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі және мәні
Аудиторлық қызмет мемлекеттік заңдар мен аудиторлық стандарттар және нормативтік-құқықтық актілерге негізделіп жүргізіледі. ҚР-да барлық аудиторлық қызмет №304-І 1998 жылы 20 қарашада қабылданған «ҚР Аудиторлық қызмет туралы» Заңымен реттеледі. Бұл Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет жүргізу барысында мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында пайда болатын қатынастарды реттейді. Заңда аудитің мағынасы, оның түрлері; «аудиторлық қызмет» сөзінің түсінігі туралы; аудиторлық қызметтің қағидалары; аудиторларды аттестациялау, «аудит», «аудиторлық ұйым» сөздеріне анықтама; аудиторлық қызметті жүргізу тәртібі; аудиторлар мен аудиторлық ұйымның міндеттері мен жауапкершілігі; аудиттелетін субъектінің міндеттері мен жауапкершілігі туралы қарастырылған. Заң 30 баптан тұрады.
Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдеріәр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел. Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ, Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан айратлықтай ұзақ процесс. Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау болды. 1773 жылы Шотландия астанасы-Эдинбургтің адрестік кітабында жеті аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер қоғамы" құрылды. Бұл жеке авторларға "батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А. Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор (ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында болуында"-дейді.
Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер, кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды. Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған. Нарық экономикасына көшу кезінде тексеру жүйелерінің ішінде аудитрлік қызметке зор көңіл бөлінді, себебі олар кәсіпорынның бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін талдау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу. Аудит- клиенттің қалауын бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі жөніндегі бухгалтерлік есептер мен шоттарды тексеретін мамандандырылған қаржылық бақылау түрі. Аудит, бұл негізінен қаржылық есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген бекітілген заңдармен белгіленген нормативтік актілерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.