Ылмыстық құрамының міндетті және қосымша белгілері және олардың құқықтық сипатамасы.

Әр қылмыс - объективті және субъективті диалектикалық ----- іс-әрекет жасаушылық және іс-әрекеттік.Қылмыс құрамының элементтері - "қылмыс құрамы" жүйесінің компоненттері. Олардың құрамына байланысты олар құрамның 4 жүйесіне кіреді: объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы.Қылмыс құрамының белгілері - қылмыстың әр элементтерін мінездейтін айырмашылық ерекшеліктері. Олар қылмыс құрамының ерекшелігін айырып шығаруға, олардың іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінещіне байланысты айырмашылығын және де қылмысты қылмыс емес құқық бұзушылықтан айыруға жол ашады. Қылмыстың объектісі - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын және қылмыс арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар болып саналады. Қылмыс заты (материалдық зат). Объективтік жағы - тұлғаның іс-әрекетінің сыртқы жағын сипаттайды. Міндетті белгілері: іс әрекет, елеулі зардап, тікелей байланыс. Қосымша белгі: құрамы, тәсілі, уақыты, орны, жағдайы. Субъект - заңда белгіленген жауаптылық жасына толған есі дұрыс жеке тұлға. Субъективтік жақ - іс-әрекеттің ішкі (психикалық) мәні. Міндетті белгісі: Кінә - қасақана мен абайсыздықтың тектік түсінігі қылмыстың субъектісінің жасаған қоғамды қауіпті әрекетіне және өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетінің нәтижесіне деген психикалық қатынасы; Қосымша белгілері: Ниет - субъектінің қылмыс жасау барысында басшылыққа алатын қажеттіліктер мен мүдделері және қылмыс жасау барысында нәтижеге жетуге тырысу - мақсат осылар қылмыстың субъективтік жағын құрайды. Әр қылмыстың құрамы субъективтік және объективтік белгілерінің жиынтығы ғана емес, әр қылмыс адамның іс-қимылыретінде бір бүтін тұтастық. Қылмыстың құрамының элементтерінің бірлігші қылмыстық құқық теориясының ережесі, яғни 4 элементінің біреуінің болмауы тұлғаның іс-әрекетінде қылмыстық құрамының жоқтығын айтады.Егер қылмыс құрамының элементтері - оның бір құрылымның қажетті бөлігі болса және бірнеше белгілері болса, ал құрамның белгілерінің өзі құрамы элементтерін сипаттайды және құрамның элементтерін жекелейді.Жалпы қылмыс құрамы туралы оқу барысында барлық құрамның белгілерін негізгі және факултативті болып бөледі. Негізгі белгілері - бұл барлық қылмыстарға тән белгілері және бұл белгілерсіз ешқандай құрам бола алмайды. Осыған байланысты әр құрамда нақты объектісі, әрекет, кінә, субъектінің есі дұрыстығы және заңда көрсетілген жасқа жетуі анықталуы тиіс. Осы белгілердің біреуі болмауы қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді. Факултативтік белгілер болса басқаша болып келеді. Факултативтік белгілер бұл бір құрамдар үшін міндетті, ал басқа құрамдар үшін міндетті емес белгілер болып келеді. Мысалы: адам өлтіру үшін ниет міндетті түрде қажет, ал ұрып соғуда ниет міндетті түрде қажет емес. Факултативтік белгілер заңшығарушымен кейбір қылмысты немесе бір топ қылмыстарды суреттеу үшін қолданылады. Әрине құрамның белгілерін осылайша саралау тек қылмыс құрамының жалпы түсінігі үшін ғана жасалады. Нақты қылмыс құрамында негізгі және факултативті белгілер жоқ - бұл жерде барлық белгілер қажет болып келеді.

15. Қылмыстың объектісінің түсінігі және оның қылмыс құрамындағы маңызы.Қылмыстың объектісі болып қылмыстық құқық нормаларымен қол сұғылған үшін жауапкершілік көрсетілген қоғамдық қатынастар.Қоғамдақ қатынастар - адамдар арасындағы байланыстар және олардың белгілі бір құндылықтар жайлы тәртібі. Қоғамдақ қатынастар бұл бізді қоршаған әлемнің Қоғамдақ қатынастаробъективтік шындылық жалпы қарым-қатынастардың көрінуі. Басқа қатынастарға қарағанда қандай қиын формаларда болмаса да бұл қатынастар әрқашанда адамдар арсындағы қатынастар.Бұзылған қатынастарға байланысты қорғау сипаты анықталады. Олардың арасында ең маңыздысы бұл қылмыстық құқық нормаларымен қорғалатындары. Әр қылмыстық іс-әрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастаға қол сұғады, зиян келтіруі мүмкін немесе келтіреді, соның себебінен қылмыс болып саналады.Қол сұғушылық объектісі болып тек қылмыс арқылы зиян келтірілетін немесе келуі мүмкін объект болады.Қылмыс объектісі - әр қылмыстың қажетті құрам белгісі. Іс-әрекет қылмыс деп саналмайды, егер ол объектіге бағытталмаса немесе қылмыстық заңда көрсетілмеген объектіге бағытталса. Егер тұлға қылмыс жасап жаиырмын деп санаса да оның жасаған іс-әрекеті "жалған қылмыс" болады және ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.Қылмыстың объектісі қылмыс құрамының қажетті белгісі, ол қылмыстың мәнін қоғамға қауіпті деңгейін анықтайды. Объектіге байланысты біз қандай жасалғандығын анықтаймыз (адам өлтіру немесе қорлау, мемлекеттік мүлікті ұрлау немесе пара алу). Қылмыс объектісінің үлкен маңызы бар. Өйткені ол құқық жүйелері қорғайтын құндылықтарды ашады. Советтік қылмыстық құқығының кластық мәні өз келбетін қылмыстық құқықтық қорғау объектісінен тапты, олардың тізімі Қаз ССР ҚК 7 бабында көрсетілген. Ең жоғарғы мемлекеттік мүддегер сонан соң барып азаматтың және қоғамның мүддегері қойылды. Қазіргі кезде біздің ойымызша құқық шығарушылық және құқық қолданушылық дкеңгейде қылмыстық құқықтың маңыздысы адамдық фактордың максималдық есебі.Қолсұғушылық объектісі дұрыс анықтау қылмыстың әлеуметтік-саяси мазмұнын ашуға, оның қоғамдық қауіптілік сипатын көрсетеді және нақты қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс жіктеуге жол ашады және бұл кінәлі адамға әділ жаза тағайындауға қажетті шарт болып табылады.Қылмыс объектісі ҚК Ерекше бөлімінің жүйесінің құрамының негізі.Гуманизм позициясынан адамның өзін, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға маңызды болуы тиіс. Барлық қылмыстың құқық қорғау объектілері соңында адамға қызмет етеді, осы да олардың әлеуметтік мағынасы және құны.Мемлекеттің, қоғамның мүдделерін адмзаттың мүдделеріне қарағанда маңызды деп табу қылмыс туралы қате түсінікке және қылмыстың белгісі қоғамдық қауіптіліктің қате түсінігіне әкелді.Мысалыға социалистік мүлікке қол сұғушылық адам өлтіруден ауырырақ қылмыс болып саналған (1932 ж 7 тамыздағы заңы): ұрлық үшін жапза өлім жазасы, ал адам өлтіру үшін, ауырлататын мән-жайлардың болғанның өзінде - бостандығынан айыру.Қоғамның демократизациялануы, адамзаттың құндылығын қабыл ету, және тұлғаның өмірін, денсаулығын, бостандығын, қылмысын, құқықтарын тану қылмыстық құқықтық объектісін ашуға, қылмыстың қоғамға қауіптілігінің деңгейі мен мінезін анықтауға жол берді. Қандай да бір зиян іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік бекіту арқылы қоғам адамды оның қажеттілігін және мүдделерін қорғайды. Қылмыстық құқықтың мақсаты - қорғау механизмін ашу және оны әсерлі ету. Бұл айтылғандардың барлығы ҚР қылмыстық заңында өз орнын тапты, әсіресе Ерекше бөлімнің жүйесінде, өйткені тұлға және адам құқықтарына қарсы қылмыстар 1-ші орында тұр.

16. Қылмыстың объектісінің түрлері, олардың сипаттамасы.Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектісін жаны, топтық және тікелей деп бөлу қағидасы қалыптасқан.Жалпы объектісі деп қылмыстық заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Әр қылмыс барлық уақытта қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне қиянат келтіруінің өзі қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.Топтық объект - дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.Мысалы, қарақшылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау, тонау, оны алаяқтыұпен алу, бір топтық объектіге - басқа біреудің мүлкіне меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғуды білдіреді.Осыған байланысты бір топтық объектіге қол сұғылатын қылмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің бір тарауына жиналған. Қол сұғушылықтың топтық объектісі кожекс тарауының атында көрсетіледі, кей жағдайда заңшығарушымен Ерекше бөлемнің бабында көрсетілед, ал кейде қылмыс құрамының әлеуметтік саяси анализі арқылы пайда болуы мүмкін.Сол себепті ҚК Ерекше бөлімін құру кезінде топтық объект алынады және топтық объектілерге байланысты тарауларға бөлінеді. Топтық объект қылмыстар және жасағаны үшін жауапкершілік көзделетін нормаларды заңды, ғылыми жіктеуге жол ашады.Тікелей объект - деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.Көп объектілі қылмыстар болады. Мысалыға қарақшылық (179 б) объектісі біреудің мүлкі және тұлға. Бұл жерде бірінші объект негізгі объект, ал 2-сі қосымша объект болады.Қосымша объект 2-і объектілі қылмыстардың міндетті элементі болады және ол қылмыстық қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінезіне әсер етеді.Бұдан басқа әдебиеттерде факултативтік объектілер көрсетілген бұл объект қылмыстың міндетті белгісі емес. Қоғамға қауіпті әрекет жасалған кезде бұл объект болуы да болмауы да мүмкін. Факултативтік объектіның болуы болмауы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ қоғамға қауіптілігін арттыруы мүмкін және ол жазалау барысында есептелуі.

17. Қылмыстың заты және оның қылмысты квалификациялаудағы ролі.Қылмыстың заты - қолсұғушылық объектісінің элементі, яғни соған әсер ету арқылы қылмыскер қоғамдық қатынастарды бұзады немесе бұзуға тырысады. Мысалы, жалған ақша немесе құнды қағаздарды сату немесе жасау (206 б). Объектісі қаржы ақша жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі, ал заты - ақша немесе құнды қағаз.Кейбір қылмыстық құрамдар үшін зат міндетті түрде қажетті белгісі болады.Қылмыстың заты барлық қылмыстарда бар емес, тек қылмыстың объектісіне қолсұғушылық сыртқы әлемнің материалдық заттарына әсер ету арқылы жасалатын қылмыстарды қажет. Мысалыға қылмыстың заты зорлау, қашқындық сияқты қылмыстарға қажет емес.Кейбір қылмыстар жасау барысында кінәлі адам зардапты тұлғаға келтіреді. Бұл қылмыстан зардап шеккен тұлға жәбірленуші болып аталады. Басқаша айтқанда жәбірленуші - бұл қылмыс арқылы мүліктік, моральды немесе материалдық зиянды келтірілген тұлға.Виктимология - жәбірленушінің қылмыс жасалу барысындағы ролін, басқа қылмыстар жасауға жәбірленушінің әсер етуін зерттейді. Қылмыс затын тікелей объектімен араластыруға болмайды. Қылмыстың заты қоғамдық қатынастардың құрылымының элементі, яғни тікелей объектінің бір бөлігі сияқты. Тікелей объектіге қылмыс арқылы әрқашан зардап келтіріледі, ал затқа зардап келтірілмеуі де мүмкін. Мүлік, ақша және басқа да құндылықтар контрабанда барысында ұрланған жағдайда өз құрамдарын жоғлтпайды. Бірақ кейбір қылмыстар жасалу барысындла затқа да зардап келуі мүмкі, мысалыға мүлікті жою немесе зақым ккелтіру барысында.Қылмыстың затын қылмыс қаруларымен қылмыс жасау құралдарымен араластыруға болмайды. Егер қылмыс заты бұл қылмыс арқылы әсер ететін немесе әсер етуге тырысатын зат бролса қылмыс жасау құралдары қылмыс затына не арқылы зиян келтірілгенін көрсетеді.Сонымен қатар бір зат оның атқарған роліне байланысты бір жағдайда қылмыс құралы, ал екінші жағдайда қылмыс заты болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушіге үйіндегі құндылықтарды тонау үшін алдау арқылы есірткі зат беріп, оны есін түсінбейтін халге жеткізіп, үйін тонаса онда есірткі зат қылмыс жасау құралы болады. Ал егер есірткі зат жасалып, сатылып немесе сатып алынып жатса онда ол қылмыс заты болады. (ҚК 259 б).Қылмыс затының қылмыстық құқықтың мәні келесіде:бұл қылмыс құрамының қажетті белгісі (175, 176, 177, 178, 179 ҚК)қылмысты саралауда өзгертетін белгі ролін ойнайды (287 және 288 ҚК)қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажырататын критерий (325 б)дұрыс саралауды белгілейді (определяет)жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай.

18. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамындағы маңызы. Қылмыстың объективтік жағы - белгілі бір жағдайларда, жерде уақытта ағып жатқан және қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың сыртқа көрінісі. Қылмыстың құрамының объективтік жағы - қылмыстық қол сұғушылықтың сыртқы процесін бейнелейтін заңмен бекітілген қылмыс белгілерінің жиынтығы.Қылмыстың объективтік белгілерінің болуы қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады және олар заңда көрсетілген. Сол себепті қылмыстық жауапкершілікке тек қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттер үшін ғана тартуға болады. Тек ойы, көзқарасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Адамның негізгі құқықтарының бірі - өмірге деген құқығы: өз қалауы бойынша ойлау, қалауы бойынша оқу, музыка немесе суретпен өзінің талабы бойынша қызығу, т.б. Нақты қылмыс үшін жауапкершілік көрсетілген қылмыстық заңда объективтік жағына жақсы түсінік беріледі.Ерекше бөлімнің кейбір баптарында қылмысты қылмыс еместен бөлетін критерилері ретінде объективтік жақтар белгілерін көрсетеді.Бір немесе әртүрлі объектілерге қол сұғылатын қылмыстар бір-бірінен іс-әрекеттің формасымен, қылмысты жасау тәсілімен, келтірілген зардабымен және басқа да объективтік жағының белгілерімен ерекшеленеді. Ұрлықтың 7 тәсілі ұрлықтың 7 формасын белгілейді.Қылмыстың объективтік жағының белгілері негізгі және факультативтіболып бөлінеді. Негізгі белгілеріне: қылмыстық іс-әрекет (әрекет, әрекетсіздік) қылмыстық зардап; себепті байланыс.

Іс әрекет: әрекет (орындауға қылмыстық заң тийым салған және ерекше бөлім баптарында көрсетілген жүріс тұрыстарының бір формасы), әрекетсіздік (адамның тиісті іс әрекетті орындамауы, өоғамға қауіптілік білдіретін заңда анықтайтын жүріс тұрыс ережесінің бір формасы). Зардап: мүліктік (матер.зардап мүліктік немесе ақшалай сомасында келетін зардап түрлерін білдіреді. Көлемі бойынша: ұсақ, жай, елеулі, ірі, аса ірі), физический (өмірге, денсаулыққа келетін зардаптар: жеңіл, орташа, ауыр), моральдық (ар намысына тиетін зардаптар, олардың құрамы қылмыстық құқықта анықталмаған). Себебті байланыс:әрекет және әрекетсіздікпен туындаған зардаптың арасында пайда болған объективті байланыс. Себебі, іс әрекет мағыналығына, орын алуына қарай соған сәйкес келетін зардап туындайды. Объективтік байланыс: қажетті, кездейсоқ. Себепті байланыс: тікелей, қажетті. Факультативті белгілері: қылмыс жасалған жері, уақыты, қылмыс жасау тәсілі, қаруы және құралы. Іс-әрекеттің объективтік жағы болмаса онда объектіге қолсұғушылық та іс-әрекеттің объективті белгілерінің көрінісі ретінде қылмыстың субъективтік жағы да, субъектісі де болмайды. Және де қылмыстың басқа элементтерімен бірге объективтік жағы жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейінг тұлғаның кінәсін анықтайды және де тағайындалатын жазаның сипатына әсер етеді.

Наши рекомендации