Ылмыстық құқық негіздері
Қылмыстық құқық —жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтары және мемлдекет қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстың құрамы дегеніміз — бұл қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіптіи іс әрекеттерді белгілі бір қызметтің қатарынга жатқызуға мүмкіндік беретін элементтер мен белгілердің жиынтығы.
Қылмыстың объектісі дегеніміз — қылмыстық заңдылық қорғайтыне қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Субъектісі — қылмыс жасаған тұлға.
Обьективтік жағы — қылмыстың заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс әрекеттері.
Қылмыстық жауаптылық дегеніміз — қылмыстық заң бойынша қылмыс деп бейнеленген нақты іс-әрекетті жасағаны үшін адамды мемлекет тарапынан айыптау шарасы болып табылады.
Жаза дегеніміз — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады. (ҚР 38-б, 1-бөлімі)
Әлеуметтік әдәілеттілікті қалпына келтіру дегеніміз — қылмыс істеген адам жарғы әділетті жаза тағайныдау, істелген қылмыстың қоғамға қауіпті келтірілген зиын мөлшері жаза тағайындаудың басты негіздері кә\інәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетіән әділ жаза тағайнвдау болып табылады.
Түзеу дегеніміз — қылмыс істеп, сотталғандар тұлғаның әлеуметтік психологиялық көзқарасын өзгертіп, қылмысты құбылысқа қоғамдық ережесін бұзуға, еңбексіз күнкөріске деген пиғылдарын жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.
Қылмыс санаттары дегеніміз— оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз.
Криминология — қылмыстылық, оны туындататын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің жеке басы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасының экологиялық және жер құқығы
Қолайлы қоршаған орта– жай күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлілікті сақтауды, ластануды болғызбауды, эколгогиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоршаған орта.
Қоршаған орта –атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы.
Қоршаған ортаны қорғау –қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
Табиғат пайдаланушы– табиғи ресурстарды пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.
Табиғи объектілер –шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи обьектілер.
Табиғи ресурстар –тұтыну құндылығы бар табиғи объектілер жер , жер қойнауы, су , өсімдіктер мен жануралар дүниесі.
Экологиялық жүйе –бірыңғайлық функционалдық тұтастық ретінде өзара әрекетте болатын организмдердің және солар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы.
Экологиялық мониторинг –қоршаған ортаның жай – күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау.
Биологиялық әртүрлілік –бір түр аясында түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әртүрлілігі.
Биологиялық ресурстар –генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері.
Жер –ҚР егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
Жер учаскесі –Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субьектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.
Жер иелену құқығы -жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Иммиграциялық жер қоры-оралмандарға беру үшін резервке қалдырылған және арнайы жер қоры құрамына кіретін жер учаскелері.
Сервитут –бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатта пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалау құқығы.
Іс жүргізу құқығы
Азаматтық iстердi қарау мен шешу тәртiбi -азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдармен белгiленедi. Республиканың барлық соттарында азаматтық iстердi жүргiзу тәртiбi азаматтық iс жүргiзу құқығының нормаларымен белгiленедi.
Азаматтық iс жүргiзу құқығы - мемлекет белгiлеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық iстердi қарау және шешу тәртiбiн, басқаша айтқанда, азаматтық iстер бойынша сот әдiлдiгiн, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртiбiн реттейтiн жиынтығы немесе жүйесi.
Азаматтық iс жүргiзу құқық қатынастарының басты, мiндеттi субьектiсi - мемлекеттiк билiк органы (бiрiншi сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы) сот болып табылады, басқа субьектiлер соттан қорғау сұраған тұлға немесе iске қатысуға жауапкер ретiнде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкiн.
Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi - азаматтық iстер бойынша сот әдiлдiгiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормаларда баянды етiлген нормативтiк актiлер болып табылады.
Қылмыстық процесс –қылмыстық істің бірінші кезеңнен екінші кезеңге өту, істі қозғаудан үкім шығаруға дейін болатын кезең.
Сот – сот билігі органы,Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кіретін істі алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот.
Судья- сот билігінің иесі.
Прокурор – өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің , анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
Тергеу бөлімінің бастығы – алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімінің тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзыреті шегінде іс- әрекет жасайтын оның орынбасарлары.
Тергеуші- өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала терг еуді жүзеге асыруға уәкілеттілік берілген лауазымды адам.
Анықтаушы- өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.
Қорғаушы – заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.
Жәбірленуші - қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам.
Сарапшы – іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам.
Маман – тергеуге және сот әрекеттеріне мамн ретінде қатысу үшін іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда,зерттеуде және бағалауда,техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам.
Аударма –аударма жасау үшін қажет тілді меңгерген және сезікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, куәлер және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайда сонымен бірге жазбаша құжаттарды аудару үшін тергеу және сот іс әрекеттеріне қатысуға тартылған іске мүдделі емес адам .