ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсарту шаралары
«ФудМастер» ЖШС-нің жалпы шаруашылық қызметін, соның ішінде қаржылық, өндірістік және маркетингтік қызметтеріне тоқтала отырып, бірнеше ұсыныстар мен жетілдіру жолдарын ұсынуға болады.
«ФудМастер» ЖШС-нің даму жолындағы негізгі мақсаты қызметінің жалпы табыстылық деңгейі мен тиімділігін арттыру. Бұл мақсаттарға жету үшін Компанияда келесідей даму бағыттары қарастырылуы қажет:
а) қазіргі кезде өндіріліп отырған өнім көлемін арттыру мақсатында өндірістік кешеннің максималды сауаттылығын іске қосу. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндіріс сауаттылығы толығымен жұмылдырылмаған, яғни кәсіпорын өнімді тапсырыс бойынша ғана шығарып, өз тұтынушыларын жоғалтып алуда;
б) сақтау мерзімін ұзартып, профильді қораптағы өнімдерді өндірудің жаңа әдісін ұйымдастыру;
в) шығындарды төмендету;
г) негізгі өндіріс пен коммерциялық және көтерме сауда департаментінің мүмкіндіктерін қосымша табыс табу мақсатында максималды пайдалану;
д) өндірілген өнім көлемін арттыру, сондай-ақ франчайзингтен қосымша пайда табу мақсатында «Жамбыл-нан » сауда белгісін жандандыру (ең алдымен сақтау мерзімі ұзақ қораптағы өнімдер үшін).
Кәсіпорын мүмкіндіктеріне келер болсақ, соңғы кездері ірі әмбебап дүкендер мен кішігірім азық-түлік дүкендерінің саны айтарлықтай көбейді. Осы негізде тұтыну көлемі ұлғая қойған жоқ, яғни сауда ұйымдары арасында бәсеке қатая түскенін көруге болады. Сондықтан да жалпы кәсіпорын табыстылығын арттыру үшін келесідей іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет.
1. Ең бастысы Компания клиенттерге бағытталуы керек. «ФудМастер» ЖШС-мен келісім-шартпен жұмыс істейтін әр бір дүкен, әр бір сауда кәсіпорындарының басқа нан зауыттарымен жұмыс істейтін әмбебап және кішігірім азық-түлік дүкендеріне қарағанда нарықтық артықшылықтарға ие болуы қажет. Осы тұрғыда кәсіпорын жүргізетін саясат клиенттермен дұрыс қарым-қатынаста ұстау болып табылады.
2. Бағасы тиімді, ал сапасы ұзақ мерзімге жарамды әрі кең ассортиментті өнім өндіру арқылы. Бұл саясат арқылы кәсіпорынға деген тұтынушы қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ сату көлемі мен олардың географиясын кеңейту арқылы пайданы көбейту.
3. Шығарылған өнім сапасын тұрақты түрде және қатал тексеріп отыру қажет. Шикізат сапасынан бастап, дайын өнім сапасына дейінгі кезекңдегі сапаны тұрақты бақылап отыру.
4. Шығындарды төмендету арқылы өндіріс тиімділігін арттыру. Шығындарды төмендету жұмыстар тұрақты сипатта болып, өндіріс процесінің барлық бөлімшелерін қамтуы қажет және де мұнда үнемділікті де ұмытпауымыз қажет.
5. Коммерциялық департаментінің (маркетинг білімімен қоса) коммерциялық департаментінің ұйымдық құрылымын өзгерту қажет. Бұл тұрғыда жылжыту логикасына көп көңіл бөлу қажет.
6. Өз сауда белгісін жетілдіру және өз уақытылы қораптама. Тек осы әдістеме ғана «ФудМастер» ЖШС-і өздігінен жарнама бюджетін көтере алмауынан тиімді жарнама компаниясын жүргізуге мүмкіндік мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл әдіс арқылы франчайззингтен қосымша табыс алуға болады.
7. Жоғары класты инфрақұрылым. Тиімді құрылымнан тасымалдау автокөліктері, жіктеу технологиясының бір сарындалағы мен ақпарат құрылымдарының қазіргі заманға сай компьютерленуі. Дұрыс, әрі тиімді құрылған инфрақұрылымсыз болашақта тұрақты жұмыс істеу мүмкін емес.
8. Нарық жағдайының өзгермелілеріне тұрақты бейімделу.
9. коммерциялық департаментінің барлық тиімді мүмкіндіктерін толық пайдалануға және де негативті факторлар жеңіп шығуға әрдайым дайын болуы керек.
10. Кез-келген шешімдердің кешенді тәсілмен шешілуі
Жоғарыда көрсетілген тезистер арқылы Компания табыстылығын арттыруға мүмкіндік бар.
Біз тоқталып өткеніміздей 2010 жылы кәсіпорын табыстылығы болмай, залалға ұшыраған. Осы негізде төмендегідей мақсаттар мен міндеттер қарастырылуы қажет.
Негізгі мақсат биылғы жылы кәсіпорын табысын көтеру. Оған жетуге, біріншіден, өнімді өткізу көлемін арқылы, екіншіден шығындарды төмендету арқылы табысты көбейту. Осы негізде өнімді өткізуді қолда бар тауар ассортиментін, өндіріс қуаттылығын толықтай іске қосу арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда айналмалы шығындар өседі, ал осының есебінен өндірілген өнімнің өзіндік құны төмендейді, сәйкесінше өнім қабілеттілігі де өседі. Сүт және сүт өнімдері нарығындағы бәсекеқабілеттілілікті арттыру үшін келесідей параметрлерді қарастыруы-мыз қажет:
- өнім сапасы мен тұтынушылық қасиеті. «ФудМастер» ЖШС-і бұл параметрлер бойынша ең жақсы көрсеткіштерге ие. Бүгінгі күні «ФудМастер» ЖШС-і Алматы облысы бойынша ең сапалы сүт және сүт өнімдерін шығарады. Алайда өнім әрдайым жоғарғы сапаға ие болуы үшін оны үнемі бақылап отыру қажет;
- қолайлы бағалар. Компания шығындарды төмендетумен үнімі жұмыс істейтіндіктен баға-сапа қатынастарын ұстап тұрады. Бірақта сүт күнделікті қажетті тауар болғандықтан, ол тұрғындардың басты бөлігі орташа және төмен табысты болғандықтан, сүт өнімдерінің бағасын төмендету керек;
- жеткізудің қолайлы уақыты. Дүкендерге сүтті жеткізудің қолайлы, әрі ең тиімді уақыты таңғы сағат 7 мен 10-ның арасы. Ал компания Есік қаласы және Алматы облысы бойынша нарықтың үлкен бөлігін қамтитындықтан 100-ден аса автокөліктер екі бөліммен жұмыс істейді. Сүт өнімдерін түнгі кезеңмен апару тиімсіз болғандықтан Компания көптеген клиенттерін жоғалтып алды. Осы келеңсіздіктерді жеңу үшін екі кезеңнің уақытын тиімді уақыт кезеңіне жақындату.
«ФудМастер» ЖШС-тің қаржылай қызметінің нәтижесін жақсарту үшін бірнеше жетілдіру шаралары ұсынылды:
- Компания табыстылығы мен менеджмент қызметін арттыру үшін ең бастысы дұрыс құрылған менеджмент бөлімі болуы керек. Жоғарыда айтып өткеніміздей «Жамбыл-нан» ЖШС-де менеджмент бөлімі толық қанды жұмыс істемейді. Ал, жалпы кәсіпорын табыстылығын, нарықтағы бәсекеқабілеттілігін арттыру менеджмент бөліміне келіп тірелетіндіктен, бөлім қызметінің тиімділігін арттыру басты мәселе болып табылады.
- Кәсіпорын үшін аса өзекті мәселе тауардың бағасын төмендету оның сыртқы тартымдылығын (дизайн) жоғарылату, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтап алып, кәсіпорынның күшті жақтарына сүйене отырып, маркетингтік стратегия дайындау. Бұл стратегия кәсіпорынның әлсіз жақтарын жоюға бағытталады.
- Алға қойғанмақсатқа жету үшін фирмада нақты құрылған басқару жоспары болуы керек. Басқару жоспарынсыз кәсіпорын нарықта алға жылжи алмайды.
Әрбір өндіруші кәсіпорынның алдына қойған мақсаты өнімнің, атқарған қызметтің жемісін көру, яғни бір көзделген нәтижеге жету./29/
ОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономикалық дербес шаруашылық субъектісі. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып табылады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу керек. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші - бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін -жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкерлік шешімдердің қажетті шарттары болып табылады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі - бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі. Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлік белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы тұрақтылғы мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.
Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелстік артықшылықтарды анықтау және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:
- қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;
- өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;
- бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);
- кәсіпорын құнын барынша арттыру.
«ФудМастер» ЖШС-тің тәжірибеден өту барысында келесі қорытындылар жасалды. Кәсіпорын кез келген елдің ұлттық шаруашылық комплексінде орталық орында тұр. Бұл қоғамдық еңбек бөлінуінің алғашқы звеносы. Дәл осында ұлттық табыс қалыптасады. Нарықтық экономикаға бұрылу көптеген ұйымдастырушылық құқықтық кәсіпорындардың көбін бұған дайын еместігін көрсетті.
Басшылардың квалификациясы олардың міндеттеріне сәйкес. Директор мен директордың орынбасарының жоғарғы экономикалық білімі бар кассирдің орта арнайы білімі бар. Экономикалық қызмет жұмысы нақты деңгейде, бірақ бір кемшілігі бар: бұл бас бухгалтердің жұмысының көптігі және оның көмекшісі жоқ ол есепті өзі жазады,еңбек ақыны өзі есептейді, экономисттің функциясын өзі атқарады. Директордың функциясына сонымен қатар, көптеген міндеттер кіреді, олар өндірістік қызметті басқару, шикізатпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, әсіресе көмірге қатысты мәселелерді шешеді.
Басқарушы персонал қызметті директормен бірлесе өндірістік көрсеткіштерді орындауға бақылау жасайды. Соныменқатар, директордың орынбасары қаржылық сұрақтарды, шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижесін талдайды және қаржылық жоспрады орындайды да болашаққа өндірістік қаржылық көрсеткіштер болжамын құрады.
Осы курстық жұмыста кәсіпорында қаржынылық жағдайын талдау мен болжамдаудың мәні, талдау мен болжамдау әдістемелігі қарастырылған. Ол қаржылық болжамдаудың барлық негізгі кезеңдерін қамтып, кәсіпорында табыстың құрылымын, қалыптасуын және бағалауын, болжамдау әдісін көрсетеді.
Екінші тарауда, өздік жүйелі талдау жүргізілді, ол негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтап, ЖШС «ФудМастер» кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін талдау мен болжамдауын көрсетті.
Соңғы тарауында, көсіпорынның қаржылық жағдайы бағаланған, жене жоспар бойынша алынбаған табыстың себептері қарастырылған. Осы табысты болжамдау бар проблемалар бойынша, тиісті шешу жолдары берілген және сонымен қатар табысты болжамдау үшін жетілдіру жолдары берілген.
Курстық жұмыстың алдынан қойылған мақсаттары мен міндеттері орындалған, өйткені осы жұмыстың теориялық негіздері қарастырылып, ЖШС «ФудМастер» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен болжамдауы, оны жетілдіру жолдары жүргізілген.