Аржылық-кредиттік жүйе
Қаржылық жүйе - әр елде ақша айналымын ұйымдастыру нысаны. Қаржы жүйесінің маңызды құрамдарына мыналар кіреді:
1. Тауар мен қызметтер бағасы көрсетілетін ұлттық ақша бірлігі.
2. Қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралы болып табылатын айырбасталымды тиын, қағаз ақша және кредиттік жүйе.
3. Ақша шығару жүйесі (эмиссия), яғни, айналымға ақша шығарудың заңмен бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеуші мәселелерді бақылайтын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесін екі негізгі түрге бөледі:
1. Барлық ақша қызметін атқаратын, толық құнды алтын және күміс тиындар айналымда жүргенде, металл ақшалардың айналу жүйесі, ал кредиттік ақшалар металл ақшаларға еркін айырбасталады.
2. Алтынға айырбасталмайтын кредиттік және қағаз ақшаның айналымдық жүйесі, ал сол өзі алтын айналымнан шығарылған.
Металл ақшалардың айналымдық жүйесі биметаллизм және монометаллизмге бөлінеді. Биметаллизм ақша сипатында пайдалануға екі металлды - алтын мен күмісті пайдаланады. Монометаллизм кезінде ақша материалы сипатында бір металл тек алтын ғана пайдаланылады.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі:
1. Алтын тиынның айналымымен және қағаз, кредиттік ақшаның алтынға еркін айырбасталуымен сипатталатын, алтын тиынды стандарт.
2. Алтын құймалы стандарт, алтынға белгілердің алтын құйылымының тек стандарттық бағасына сәйкес келетін сомаға ұсынылуы бойынша айырбасталу мүмкіндігін қарастырады.
3. Алтын девиздік стандарт, ақша банкноттарының шетел валютасына (девиздер), алтынға ұсатылуға рұқсат берілуі.
1929-33 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуіріне шек қойды. Енді ұсталмайтын кредиттік ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның ерекше белгілері:
- кредиттік ақшалардың басымдық жағдайы;
- алтынның монотарланбауы, яғни, оның айналымнан алынуы;
- банкнотты алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың алтындық құрамының күшін жою.
- мемлекет пен жеке кәсіпкерлікті кредиттеу мақсатындағы ақша
шығаруды күшейту;
- қолма-қолсыз айналымды елеулі кеңейту;
- ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Ақша айналымын нығайту және тәртіпке келтіру мақсатында ақша жүйесін қайта құру - ақша реформасы деп аталады. Оның мақсатына байланысты ақша реформасы бірнеше түрге бөлінеді:
а) жаңа ақша жүйесінің құрылуы;
ә) ақша жүйесінің кейбір бөліктерінің қайта құрылуы: ақша шығару
тәртібі, ақша бірлігінің аттары;
б) ақша айналымының тұрақтануы.
Тұрақтандыру әдістері:
1. Ақшаны нөлдендіру – мемлекеттің құнсызданған қағаз ақшаны жарамсыз деп хабарлауы.
2. Деноминация – елдің ақша бірлігін ірілендіру және ескі ақша белгілерін белгіленген қатынастары бойынша жаңаға айырбастау.
3. Девальвация – шетел валютасының қатынастары немесе халықаралық шоттық ақша бірлігі бойынша ұлттық валюта бағамының төмендеуі.
4. Ревальвация – шетел валютасына қарағанда, ұлттық валюта бағамының көтерілуі.
Ақша ұсынысы. Ақша көлемі – бұл жеке адам, бірлестік, ұйымдар және мемлекет қарамағындағы халық шаруашылығындағы тауар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қолсыз сатып алу және төлем құралының жиынтығы. Ақша көлемінің құрылымына шаруашылық айналымына нақты қызмет ететін қаржы құралына қатысты белсенді бөлігі және ақша жинағы, есеп айырысу құралы бола алатын шот қалдықтары тәрізді пассивтік бөлігі кіреді.
Ақша ұсынысы деп айналымдағы ақша көлемі түсініледі, яғни, осы кездегі елде айналымдағы төлем құралының жиынтығы.
Ақша ұсынысының сипаттамасы үшін ақша агрегаттары деп аталатын, әр түрлі қорытынды көрсеткіштері қолданылады:
М1 – бұл қолма-қол ақша және банктегі «талап етілгенге дейінгі» шоттарындағы ақша.
М2 – бұл М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақты шоттардағы ақша, мамандандырылған қаржылық институттағы депозиттер.
М3 – бұл М2 + ірі мерзімді салымдар;
L – бұл М3 + 18 айлық өтеу мерзімі бар бағалы қағаздар.
М1 агрегатын меншікті ақша деп атайды. Бұл – ақша көлемінің ең өтемпаз бөлігі. Барлық басқа агрегаттарды «жалған (квази) ақша» немесе «ақша сияқты» деп атайды.
Банк мультипликаторы немесе банкпен жаңа ақша шығару жолымен көбейген ақша көлемінің мөлшерін бағалауға мүмкіндік беретін ақша ұсынысының мультипликаторы. Оның формуласы:
М=(1/r) х 100
мұнда r – пайыздағы міндетті резервтік мөлшер, немесе
м = М/R
мұнда М – депозиттердің өсімі;
R – резервтердің өсімі.
Ақщаға сұраныс екі қызметтен шығады – айналым құралы және байлықты сақтау құралы болу. Бірінші жағдайда әңгіме сату-сатып алу (трансакциялық сұраныс) мәмілесін бекіту үшін ақшаға сұраныстың тууы туралы, екіншіде – басқа да қаржылық активтерді (басқасынан бұрын облигациялар мен акциялар) сатып алу құралы ретіндегі ақшаға сұраныс туралы.
Мәміле үшін ақшаға сұраныс қоғамның жалпы ақшалық табысымен анықталады және ЖҰӨ-нің атаулы құнына тікелей үйлесіммен өзгереді. Басқа да қаржылық активтерді сатып алу үшін ақшаға сұраныс пайыз немесе дивиденд нысанында табыс алуға тырысуымен анықталады және пайыздық мөлшерлеме деңгейінің қайтатын үйлесімділігімен өзгереді. Бұл тәуелділік ақша сұранысының қисығында көрінеді (Дм) (18.1.-сурет).
Пайыз
мөлшерлемесі,%
Дм
Ақшаға сұраныс, млрд теңге
14.1.-сурет. Ақшаға сұраныстың қисығы
Ақшаға жалпы сұраныстың қисығы тұрғындар мен фирмалар мәміле жасағысы келетін және пайыздық мөлшерлеменің әрбір мүмкін көлемі кезіндегі акциялар мен облигацияларды сатып алғысы келетін тұрғындар мен фирмалардың ақшасының жалпы санын білдіреді.
Ақша сұранысының келесі тұжырымдамалары белгілі:
1. Ақшаға сұраныс және сандық теория.
Сандық теорияның қазіргі заманғы түсінігі ақша айналымының жылдамдығы мен табыстардың қозғалысының түсінігіне байланысты. Ақша саны мен баға деңгейінің арасындағы тәуелділік кембридждік теңдеумен жазылады:
М = кРУ,
мұнда М – ақша санының атаулы құны;
к – атаулы құн табысы мен қалаулы ақша қалдықтарының арасындағы үйлесімдік;
Р – абсолюттік баға деңгейі;
У – нақты табыс.
Егер, к мен У – бұл бекітілген, өзгермейтін көлем болса, атаулы құндағы ақша санының өзгерістері бағаның абсолюттік деңгейінің сондай өзгеретіні туралы қорытынды жасауға болады.
Айырбасты теңдеу немесе Фишердің теңдеуі мынадай түрде болады:
MV = PУ,
мұнда V – ақша айналымының жылдамдығы.
Теңдеудің екі бөлігін V-ге бөліп, мына формуланы аламыз:
М = РУ / V
Бұл теңдеуден, ақша сұранысының көлемі келесі факторларға байланысты екенін көруге болады:
- бағаның абсолюттік деңгейі;
- өндірістің нақты көлемінің деңгейі (оның өсуіне байланысты нақты табыс та өседі);
- ақша айналымының жылдамдығы.
2. Кейнсиан моделіндегі ақшаға сұраныс.
Кейнсиан теориясындағы ақша сұранысы өтемпаздық артықшылығының теориясы деп аталады. Кейнс адамдардың байлығының бір бөлігін ақша нысанында сақтауға үш себеп ұйытқы болады деп есептейді:
1) ақшаны төлем құралы сипатында пайдалану үшін (ақша сақтаудың транзациялық уәжі);
2) алып сатарлық уәж – несие пайызының мөлшернің көтерілуін болжау кезеңіндегі облигация нысанындағы активтерді сақтауға шақыратын, капиталдан айрылу қаупінен туындаған ақшаны сақтау уәжі;
3) келешекте өз ресурстарының бір бөлігін қолма-қол нысанында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін (алдын-ала сақтану уәжі).
Ақшалы рынок – бұл ақша сұранысы мен оның ұсынысын пайыздық мөлшерлеме деңгейін, ақша «бағасын» анықтайтын, ақша ұсынысы мен сұранысын өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін институт желілері.
Ақша рыногындағы теіңдік сұраныс пен ұсыныстың қисығының қиылысу нүктесінде орын алады.
Ақша ұсынысының қисығы атаулы құндағы пайыздық мөлшерлеменің өзгерістеріне тәуелсіз оның бекітілген деңгейін қолдауға ұмтылған ақша ұсынысын бақылаушы орталық банк жіберіп алғандағы тік сатылы нысанына ие (14.2.-сурет)
Пайздың атаулы құндағы
Sм
мөлшерлемесі. % Дм
Ақшаның сұранысы мен ұсынысы, млрд теңге
14.2.-сурет. Ақша рыногындағы тепе-теңдік
Кредит – белгілі бір мерзімге пайыздық төлем түріндегі қайтарым жағдайындағы несиеге берілетін, қаржылық капиталдың қозғалысы.
Кредит түрлері:
Коммерциялық кредит – кәсіпорындармен, бірлестіктермен және басқа да шаруашылық субъектілерініңбір – біріне төлемін кейінге қалдыру жолымен тауарлық нысанда беріледі.
Банк кредиті – кредиттік-қаржылық мекемелерімен ( банктермен, қорлармен ассоцияциялармен) кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақшалай несие түрінде беріледі.
Ипотекалық кредит-жылжымаитын мүлікті кепілдікке алып, ұзақ мерзімдік түрінде беріледі.
Мемлекеттік кредит-мемлекет қарыз беруші болатын, ал тұрғындар мен жеке бизнес-қаржы құралдарын кредитке алушы болатын кредиттік жүйені көрсетеді.
Халықаралық кредит-халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы несиелік капиталдың қозғалыстарын көрсетеді.Кредит беруші және қарыз алушы банктер, жеке фирмалар,мемлекет,халықаралық және аймақтық ұйымдар болып табылады.
Кредиттік жүйе экономиканы дамуын реттеу мақсатында мемлекет белсенді пайдаланатын,валюталық-қаржылық мекемелердің кешенін көрсетеді.Қазіргі заманғы кредит жүйесінің негізгі тізбегі:
а)Орталық банк;
ә)Коммерциялық банк;
б)Мамандандырылған кредиттік -қаржылық институттары:зейнеткерлік қорлар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, несиелік жинақтық ассоцияциялар және т.б
Банк-кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың, төлемдерге делдалдық, қайтарымды несие беру, төлемдік пен мерзімдік, сондай-ақ, ақша шығару арқылы бос қаржы құралдарын жинақтау мен тарту бойынша операциялар жүргізетін кредиттік-қаржылық мекеме.Банктердің түрлерін 2 ге бөлуге болады:орталық банктер және коммерциялық банктер.
Орталық банктерді «банктер үшін банк » деп атайды, өйткені олар қаржылық- кредиттік мекемелерге, басқа банктерге, тіпті үкіметке қызмет көрсетеді.Олар сондай-ақ, барлық қаржылық-кредиттік жүйені және ақша айналымын бақылайды және реттейді, елдің ресми валюталық-алтын қорын, барлық банктердің қаржылық құралдарын өзінде сақтайды сондай-ақ ақша шығаруды жүзеге асырады.Коммерциялық банктер-бұлар «барлы5ы үшін банк» Олар әр түрлі клиенттермен істес болады-шағын жинақ салымшыларынан бастап ірі фирмаға дейін және жан жақты, көп операциялы немесе мамандандырылған, аймақтық, немесе салалық болады.
Банк қызметінің түрлері:
1. Жинақ салымдарын қабылдау және сақтау.
2. Кредиттеу.
3. Есеп айырысуға қызмет ету – бұл тауар жеткізілімі, еңбекақы бойынша, салықтар, кәсіпкерлер, тұрғындар және мемелекет арасындағы баж салығы бойынша төлемдегі делдалдық.
4. Вексельдерді есепке алу (дисконтирование) – мұнда банктер вексельдерді өзінің пайдасына (кейінірек) есептік пайызын (дисконт) ұстап тұрып, жабу мерзімі болғанға дейін, арзанға сатып алуы, (төлем уақыты келгеннен кейінол оларды вексель берушілерге төлем төлеуге ұсынады.
5. Ақпараттық – кеңестік қызмет.
6. Саудалық-комиссиялық қызмет-алтынмен, бағалы қағаздар операциясымен, қарыздарды орналастырумен, валюта айырбасымен, лизингпен байланысты қызметтермен, факторингпен (факторлық операциялар, мысалы қарызды іздену құқығын қайта сату, қарыз алушыдан ақшаны өзі талап етуі) және т.б. сауда жүргізумен қамтылады.
7. Сенімділік операциялары (немесе трастылық) – бұл қандай да бір меншікті (жермен, бағалы қағаздармен және т.б.) сенімхат бойынша басқару.
Банктер пассивтік және активтік операцияларды жүзеге асырады. Пассивтік операциялардың көмегімен банк ресурстарды жинайды. Активтік операциялардың көмегімен оларды орналастырады.
Мерзімдік жинақтың ағымдағыдан айырмашылығы ол одан гөрі ұзақ мерзімге салынады және оған одан гөрі жоғары пайыз төленеді.
Жинақтық салық мерзімді жинақтан айырмашылығы оның қатаң шартталған мерзімі болмайды. Оның тағы бір ерекшелігі – салымның барлығы туралы куәлік – жинақ кітапшасы болып табылады.
Мамандандырылған кредиттік-қаржылық мекеме қызмет етеді:
- инвестициялық банктер эмиссиялық-құрылтайшылық қызметпен айналысады, яғни, бағалы қағаздарды шығару және орналастыру операцияларын өткізеді;
- жинақтық салымы мекемелері тұрғындардың жинақтарына шоғырландырады және қаржылық капиталды коммерциялық және тұрғын үй құрылысына салады;
- сақтандыру компаниялары өмірді, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырумен айналысады, тұрғындардың ақшалай жинағын экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыруға шоғырландырады.
- Зейнеткерлік қорлар экономиканың сақтандыру қорын қалыптастырады, ол өзінің жиналған қаржылық резервтерін облигацияларға, жеке компанияның акцияларына және мемлекеттің бағалы қағаздарына салады, сойтіп, осындай тәсілмен мемлекет пен экономиканы қаржыландырады.
Кредиттік оепрацияларды бірнеше белгілермен жіктелімдеуге болады.
Кредиттер берілген мерзімі бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді және онкольды (талап етілмелі) қарыздар болып бөлінеді. Соңғысы клиенттің талабы бойынша жабылады.
Қаржылық-кредиттік саясаттың құралдары:
1. Кредит салымдарының өсуін шектеу. Орталық банк белгілі бір уақыт ішінде кредит операциясы арқылы өтетін, коммерциялық банктермен олар үшін көтерілген соманың пайыз мөлшерін белгілеу жолымен өткізілген, кредит салымдарының өсуін шектейді.
2. Есептік (дисконттық) саясат және ломбардтық саясат. Бұларды қолданғанда орталық банк барлық басқа банктер үшін негізгі кредит беруші ретінде көрінеді. Ол өзіне сұраныспен келген банктерге вексельдерін қайта есептегенде ғана кредит береді немесе бағалы қағаздар (ломбардтық саясат) кепілдемесімен беріледі. Осындай кредиттер бойынша орталық банкпен белгіленетін мөлшерлемені ресми есептік (дисконттық немесе ломбардтық) деп атайды. Орталық банк есептік мөлшерлемені өзгерте отыра жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысқа ықпал жасайды.
3. Ашық рыноктағы операциялар – мемлекеттің кредит жүйесінің резервтеріне құю мақсатында ашық рынокта қазыналық бағалы қағаздарды орталық банкпен сату немесе сатып алуы немесе одан алуы.
4. Ең аз резервтер саясаты. Ең аз резервтер – орталық банктің шотында ұстауға коммерциялық банктерге берілетін белгілі бір қаржы сомасы. Орталық банк міндетті резервтердің көлемін көтеріп, коммерциялық банктердің іскерлік белсенділігін қолдайды, сонымен бірге төмендете отырып, - ынталандырады.
5. Еркін келісім. Ол белгілі бір ақпарат негізіндегі белгілі бір шеңберде өзінің қызметін еркін қоятын орталық банк және коммерциялық банкпен бекітіледі.