Санаторий жұмысын ұйымдастыру.
Ақылай төлемдерге немесе келісім шартқа байланысты емдеу мен профилактикалық аурулар, сондай-ақ табиғи ресурстар негізін пайдаланып демалу курорттық шипажайдың өзіндік бір түрі болып табылады .
Курорттық қызмет көрсету табиғи жерлерде осы салада қызмет көрсету мүмкіндігі болғандықтан демалу түсінігімен байланысты. Курорт дегенде табиғи аймақта емделу-профилактикалық мақсатта, арнайы табиғи емдік ресурстары бар деген түсінік қалыптасқан.
Сонымен курорттарға келесі талаптар қойылады:
- Табиғи емдік фактордың зерттелгені, құрылымының жақсы болуы мен болашақта дамуы;
- Курорттық факторларды рациональды қолдануда қажетті техникалық құралдар (ванналық ғимараттар, бассейн, балшықпен емдеу орындары т.б)
- Емделуге және тұруға арналып салынған шипажай, демалыс үйлері
- Ауруларға медициналық қызметкөрсетуді қамтамасыз ететін емдік профилактикалық мекемелердің болуы
- Сауықтыру мекемелері, спорттық алаңдардың болуы
- Қоғамдық пайдалану , тамақтандыру, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, мәдени-жандандыру мекемелердің болуы
- Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін арнайы болуы
- Ыңғайлы жол мен көліктердің болуы
- Жалпы курорттық күн тәртібін сақтау керек
Осы көрсетілген барлық бөлік курорттық қызмет көрсету түсінігі болып табылады. Қызмет көрсету - өзіндік пайда әкелу, демалатын, өз денсаулығын түзететін адамға көмектесу. Қызмет көрсету саласын кең және көлемді институттай көруге болады. Бұл түсінік өндіріс саласын материалды да, материалды емес те игілік болып табылады. Мұндай бөлу экономикалық болып саналады, дегенмен бұл сала азаматтық-құқықтық реттеуге алынды.
а) Міндетті төлемсіз көрсетілетін қызмет. Бұндай қызметтер құны жеке ұжымға қатысты және оған қатысты адамдармен құрастырылатын қормен, олар бұл қызметпен қолданылатындығына қатыссыз, жабылады.
б) Тұтынушыларымен төленетін қызметтер
Қызметтің бұл атаутізімі курорттық қызмет көрсетудің барынша тиімдісі болып табылады. Себебі жолдамаларды санатория-курорттық қымзет көрсету орталықтарына бөлу сақтандырушымен әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тыс қор құралдары есебінен бөлінеді.
Бөлімде мамандандырылған орналастыру құралдары – санаторий-курорттық мекемелердің қызметі туралы ақпараттар жарияланған.
Демалушыларға көрсететін курорттық қызмет түрлері өз деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Соның ішінде курорттың табиғи факторларын пайдалануға байланысты қызмет көрсетуге көп көңіл бөлу керек. Ал, тұрғын үй, тамақтану, байланыс құралдары, мәдени және көліктік қызмет көрсету – қосымша қызмет түрлері болып табылады.Дегенмен қосымша қызмет түрлері маңыздылығын жоғалтпау керек.
Бүгінгі таңда әр турлі курорттық қызмет көрсету саласына жататын курорттық шипажайлар бар. Шипажай – курорттық емдеуге және физиотерапевтік құралдармен, арнайы диетамен және күн тәртібімен, дыбыспен емдеуге арналған емдік-профилактикалық мекеме.
Ересектер мен балаларға арналған шипажайлар 1 профильді-аурудың бір түрін ғана емдеуге арналған, және 2 профильді – біреше арнайы жабдықталған бөлімдерден тұрады. Дәл қазіргі таңда үлкендерге арналған шипажайлардың келесі түрлері бар:
1) туберкулезбен ауыратын адамдарға арналған
2) кардиологиялық – қанайналым жүйесінде ақауы бар жандарға арналған
3) ас қорыту және зат алмасу мүшелері ауыратын жандарға арналған
4) тірек-қозғалыс шипадайы
5) нервологиялық шипажайлар
6) бүйрек және зәр шығару жолдарын емдеуге арналған
7) профессионалдық ауруларды емдеуге арналған
8) көп профильді шипажайлар
Шипажайда емделу уақыты аурудың қиындығына және курорттың түріне байланысты ереже бойынша 20-45 күн болуы керек. Тыныс алу мүшелері мен жүйке жүйесінің ауруларымен ауырған адамдардың демалу уақыты 24 күнге дейін созылады. Ал шипажайда профессионалды аурулармен ауыратын жандар 30 күнге дейін жатады. Жағдайларға байланысты кейде күндерді созуға тура келеді. Туберкулезбен ауыратын адамдар ұзағырақ емделуге тура келеді.
Демалу жүйелеріне демалыс үйлері, пансионаттар, демалу базалары енеді. Демалыс үйлері 20 ғасырдың 20 жылдарында, революциядан кейін пайда болды. Ал, пансионаттар Ұлы Отан соғысынын кейін пайда болды. Бұл мекемелер жергілікті тұрғындарды сауықтыруға қолданылды. Пансионаттардағы демалу уақыты 12-24 күн аралығын қамтиды. Көптеген демалыс үйлері мен пансионаттарда спорт алаңы, тенис корттары, бассейн, сауна, спорт тауарларын жалға беру пунктері бар. Айырмашылығы қызметшілер аясы шектеулі, емдеу процесі аздаған [20].
Демалыс базалары- жанұялық демалысқа арналған, көбінесе комерциялық негіздегі мекемелер. Жаздық маусымда жұмыс істейді. Қазіргі таңда демалу уақыты шектелмеген, осы жайтты ескере отырып сіз қалауыңызша демела аласыз.
Меншік қатынасына орай демалыс орындарын келесідй типтерге бөлеміз:
* мемлекеттік мекемелер
* ортақ серіктестіктерге тиесілі мекемелер
* жекеменшік мекемелер
Емдік санаторийлер мен пансионаттар – төсектермен жабдықталған және табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т.б.) шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды ету емімен қамтамасыз ететін емдеу - алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы мамандандырылған және бір немесе көп профильді, әдетте курорттар мен емдік сауықтыру орындары шегінде орналасқан. Жинақта бірлік саны туралы, науқастарды қабылдауға дайын, олардың саны ең көп айдағы, төсектер (орындар) туралы және емделіп демалған адамдар саны туралы деректер көрсетілген.
Санатория-профилакторийлер – төсектермен жабдықталған және қызметкерлерді жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, емдік-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы емдеу – алдын алу ұйымдары.
Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалыс ұйымдары, туристік базалар – демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен қатар туристік-экскурсиялық қызмет көрсету, және, әдетте, курорттардың, емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтар-дың шегінде орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы (жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық) жұмыс істей алады.
Санатория-курорттық емдеу – бұл, табиғи емдеу факторлары, преформирленген физикалық факторлар, сонымен қатар дәстүрлі және дәстүрлі емес медицина құралдары мен әдістерін қолдану негізінде халық денсаулығын нығайтуға бағытталған, медициналық профилактикалық, реабилитациялық және емдеу-сауықтыру шараларының кешені. 55 бапқа қосымшадан кейін бірнеше пункттер енгізілді:
Санатория-курорттық емдеу халыққа, жарақаттан кейін немесе басқа да дене ауруларынан кейін медициналық реабилитациялау мақсатында, табиғи емдік факторлар мен профилактикалық, реабилитациялық және емдеу-сауықтыру шараларының кешені негізінде халыққа медициналық көсек көрсетудің бір бөлігі болып келеді.
Денсаулық қорғау секторында атқарушы әкімшіліктің орталық уәкілеттендірілген орган санатория-курорттық емдеуге негіз болатын жарақаттар мен сырқаттар тізімін анықтайды.
Санатория-курорттық орталықтар медициналық көмек көрсететін ұйымдастырушы-құқықтық формасы мен меншіктің формасына тәуелсіз денсаулық қорғау ұйымы статусына ие болады және өз қызметкерлігін тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес берілетін медициналық қызметке лицензия негізінде ғана жүзеге асырады.
Санатория-курорттық ұйымды қайта ұйымдастыру оның Денсаулық қорғау секторында атқарушы әкімшіліктің орталық уәкілеттендірілген органының келісімімен ғана өз емдеу-сауықтандыру мамандандырылуын сақтаумен жүзеге асырылады.
Емдеу мен жарақаттарды медициналық реабилитациялауды аяқтау үшін азаматтарға, төлемі түрлі деңгейлі бюджет құралдарынан толығымен немесе бөлшектеп жүзеге асырылатын санатория-курорттық емдеу үшін жолдамалар берілуі мүмкін.