Ндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесін талдау.

Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер­лікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды - жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар.

Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік - «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

Экономикалық таңдау дегеніміз– берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі ресурстардың аһуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді. Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз байланысты болып келеді. Үнемдеу мәселесі дегеніміз – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты өмірде адамдар үнемі баламалы (альтернативті) шығындармен кезігіп отырады. Бір өнімді өндіре отырып біз екінші бір өнімді өндіруден бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары.

Наши рекомендации