Тақырып. Өндіріс факторлары нарығы және табыстарды бөлу. Персоналды басқару

Жоспар

1 Өндіріс факторлары нарығы

2 Табыстарды бөлу.

1 Өндіріс факторларына сұраныс тауарлар сұранысынан туындайды, себебі белгілі бір игілікке сұраныс жоғарыласа, онда оның өндірісінде қолданылатын факторларға да сұраныс жоғарылайды. Сондықтан өндіріс факторларының бағасы мен оларға сұраныс осы факторлардың нарығы мен тауарлар нарығының құрылымына байланысты болады. Еңбек нарығы өндіріс факторларының нарығына жатады. Нарықтық экономикада өндіріс факторларын осы факторларды иеленушілер, яғни үй шаруашылықтары ұсынып отырады. Көпшілік отбасы табыстарының басты көзі – еңбек. Жеке тұлға өзінің еңбегі үшін еңбекақы алады, яғни еңбекақы – жалдамалы жұмысшы еңбегінің бағасы болады.

Фирма еңбек үшін қандай шамада жалдауы керек туралы шешім қабылдағанда, пайданы мейлінше арттыруға қажетті шарт MR(Q)=MC(Q) төмендегідей түрде модификацияланады.

Тақырып. Өндіріс факторлары нарығы және табыстарды бөлу. Персоналды басқару - student2.ru = Тақырып. Өндіріс факторлары нарығы және табыстарды бөлу. Персоналды басқару - student2.ru Тақырып. Өндіріс факторлары нарығы және табыстарды бөлу. Персоналды басқару - student2.ru

TC(Q(L))=w(L)L болғандықтан MC=w+dr\dL болады. Сонымен еңбекті пайдалану шамасы көбейген сайын оның бағасы жоғарылайды. Егер қосымша еңбек күшін жалдау оның бағасының төмендеуімен ілесіп жүрсе, онда еңбектің шекті шығындары оның бағасынан төмен болады. Еңбектің бағасы тұрақты болғанда, оның шекті шығындары осы бағаға теңболады. MRP мен MC шамаларының мәндері фирманың еңбек және игіліктер нарығындағы статусына байланысты болады. Тауар және өндірістік факторлар нарықтарын да жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте көп.

2. Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және оны әрқайсысы еңбек нарығында өз қызметін ұсынады. Бір-біріне тәуелді емес.

3. Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақымөлшеріне бақылау жасамайды, оған әсер етпейді. Еңбекақыны белгілемейді.

Фирма өндірісте тек қана еңбек ресурсын қолданатын болса, онда шекті өнімділіктің азаю заңына байланысты МР белгілі бір нүктеден кейін төмендейді. Тауардың бағасы тұрақты, себебі тауар нарығы – жетілген бәсеке. Сондықтан еңбектің шекті өнімділігі азаюына байланыстышекті түсімділік, шекті өнімділіктің ақшалай мөлшері төмендейді. Қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан түсетін қосымша түсім еңбектің шекті түсімділігі деп аталады. MRP=MR.MP

Жетілген бәсекелес шарты бойынша шекті түсім бағаға тең: MR=P олай болса MRP=P.MP

Еңбектің шекті түсімділігің қисығы – жеке фирманың еңбекке сұраныс қисығы болады. Кез-келген жетілген бәсекелес фирма үшін еңбек ұсынысы өте икемді, ұсыныс қисығы айнымалы фактор орналасқан координата осіне параллельді түзу сызық болады. Еңбектің әрбір бірлігіне бірдей мөлшерде ақы төлеп еңбекақы жалданған жұмысшылар санына тәуелсіз болғандықтан, бұл түзу фирманың айнымалы факторының шекті шығын қисығы да болады. Әрбір фирманың басты мақсаты – пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізу. Пайдасын мейлінше арттыратын фирма жұмысшыларды еңбектің шекті түсімділігі еңбекақыға тең болғанға дейін жалдайды, түсім шығынға тең. Сонымен, пайданы мейлінше арттырудың шарты – еңбектің шекті өнімділігі мен нақты еңбекақының теңдігі болады.

Еңбек нарықтарының көпшілігіне жетілмеген бәсекенің қасиеттері тән болады. Жетілмеген бәсекенің бір түрі – монопсония. Монопсония кіші-гірім қалаларда, ауылдарада кездеседі. Мысалы, кішігірім қалада жұмысшыларды жалдайтын бір кәсіпорын бар және бұл қаланың барлық тұрғындары осы кәсіпорында жұмыс істейді делік. Олай болса кәсіпорын – еңбек нарығынағы басты сатып алушы және оның еңбекақы мөлшерлемесін төмендетеді. Монополистің ұсыныс функциясы болмайтын тәрізіді, монопсонияның сұраныс функциясы болмайды. Монопсонияның тепе-теңдік нүктесінде оның әртүрлі ұсыныс қисықтарына сәйкес келетін, сатып алынатын еңбектің бірнеше шекті шығындар қисықтары бір уақытта қиылысуы мүмкін. Нәтижесінде тепе-теңдік нүктесінен түсірілген перпендикуляр пайданы мейлінше арттыратын еңбек күшінің бірдей шамасын сатып алуға болатын әр түрлі бағалардың бірнешеуін көрсетеді. Осылайша монопсония жағдайында сұраныс көлемі мен бағаның арасынада бір мағыналық байланыс жоқ екенін көреміз.

Еңбекті ұсыну жағында жұмысқа жалданушылар атынан кәсіподақ тұратын жағдайда, еңбек нарығында монополия туындайды. Бұл жағдайда кез келген монополияланған нарықтағы сияқты баға тек қана сұраныс пен ұсыныстың функциясына ғана емес, сонымен қатар кәсіподақтың шығындары мен сұранысына да байланысты болады. Егер кәсіподақ еңбек нарығында монополиялық билікке ие болса, онда ол еңбекақы деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ұсынысын шектеуге тырысады. Кәсіподақтың монополиялық билігі жұмысшылар санын азайтып, еңбекақы мөлшерлемесін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Кәсіподақтың «пайдасын» мейлінше арттыратын еңбекақы мөлшерлемесін анықтайтын үрдісі. Кәсіподақтың шекті түсімнің қисығы еңбектің сұраныс қисығынан тікше болғандықтан, қарастырып отырған жағдайды еңбек нарығындағы жетілген бәсекемен салыстырғанда еңбекақы мөлшерлемесі жоғары, алу жұмыспен қамтамасыз ету төмен болып, жұмыссыздық пайда болып отыр.

2 Өндірісті ұйымдастыруға қажетті факторлар: еңбек, еңбек заттары және еңбек құралдары. Еңбек-адамның еңбек ету қабілеттілігі. Еңбек заттары-белгілі бір бұйым жасалатын, алдын ала өңдеуден өткен н.емесе өтпеген табиғат жемістері. Еңбек құралдары-өндірістің негізгі бұлшық ет жүйесі. Еңбек заттары мен құралдарының жиынтығы-өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды немесе материалдық-заттық фактор деп аталады. Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады, олар келесі топтарға бөлінеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік.

Жер-барлық табиғи ресурстар (мұнай, газ, орман, су, кен т.б). Жерден түсетін пайда-рента.

Еңбек-еңбек ресурстары (адамдардың жұмыс күші).Еңбектен түсетін пайда-жалақы.

Капитал-материалдық және қаржы ресурстары (ғимараттар, қаржы т.б.) Капиталдан түсетін пайда-пайыз.

Кәсіпкерлік-қаржылық табыс алумен байланысты ынталы, шаруашылық қызмет). Кәсіпкерліктен түсетін пайда-табыс.

Жалақы-еңбек құнының ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықты зерттеу және сегменттеуға көшу кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Жалақының екі түрі қолданылады: мерзімді және кесімді. Мерзімді жалақы нақты істелген жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді. Кесімді жалақы қажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай төленеді. Номиналды жалақы-жұмыскердің өзінің еңбегіне алатын ақшалай сомасы.

Еңбек нарығы-бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы.

Жер рентасы-жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Бұл төлемқосымша құнның арендатор капиталының орташа пайдасынан артық болу есебінен пайда болады.

Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: 1-ші және 2-ші дифференциалдық ренталар. 1-ші дифференциалдық рентаның құрылу себебін жерді шаруашылық объектісі ретінде монополиялау болып табылады. Оның мәнісі мынада: сапалық жағынан жақсы және орташа жер учаскелерін пайдаланған кәсіпкер-арендаторлар, өздерінше жерді шаруашылық объектісі ретінде игереді. Сондықтан олар оған басқа кәсіпкерлердің капитал салуына жол бермейді, сөйтіп сапалық жағынан жақсы және орташа жер учаскісінен монополды қосымша пайданы табады.

Абсолютті рента-пайданың орташа пайдадан артық бөлігі және ол барлық учаскіде сондай-ақ жердің сапасы нашар учаскісінде де туындайды, ол жақсы және орташа учаскіден тағыда қосымша 1-ші және 2-ші дифференциалды ренталар алынады.

Дифференциалды және абсолютті ренталардан басқа жекелеген кейбір жер учаскісінде монополиялық рентаның болуы мүмкін. Оның пайда болуы монополиялық бағамен түсіндіріледі, себебі ондай баға кейбір сирек ауыл шаруашылығы өнімдеріне белгіленеді.

Қазіргі дамыған нарықты тауар өндірісі жағдайында өнімнің көптеген бөлігі сату үшін шоғырланады және ұдайы өндіріс процесінің төрт фазасының бірлігін қалыптастырады: өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну. Осы бірлікте капитал ұдайы өндіріс процесінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Оның негізгі қызметі өнеркәсіп капиталына қызмет жасауға саяды және осы қызмет өнеркәсіп капиталының өнімділігі арттырады.

Наши рекомендации