Ірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918). 1 страница

38 мемлекетті қатыстырып, 10 млн. сарбаз өмірін қиып, 12 млн.-дай бейбіт халықты жойған аса ауқымды алапат қырғын халықтар трагедиясының драмасына айналды[1]. Осы жылы ғасыр толған жиһан соғысы жайында қазіргі тарихнамада адам өмірі мәселесі туралы әлеуметтік сұрақтар басым назарға алынып, сондай-ақ соғыстың медицинаның дамуына, әскери техниканың сыналуына, милитаризмнің қарқындауына және ең соңында жаһандану үрдістеріне ықпалы деген мәселелерді қарастыра бастады[2]. Бұған соғыс зардабына ұшыраған аз халықтардың қасіреті туралы сұрақтарды қосар едік. Өйткені, бұл соғыстың екпіні мен дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты Ресей империясының барынша отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді. Дүние жүзілік соғыстың қазақ халқына және тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы жайында кең мәліметтерді сол кезеңде ғұмыр кешкен Алаш зиялылары мұраларынан кездестіруге болады. Жаһан соғысының зардабы қазақ жерінде атақты 1916 жылғы көтеріліске әкелгенін терең талдап, алғашқы зерттеулерін жүргізген-де осы Алаш қайраткерлері болатын[3]. Қазақ өлкесінің соғысқа қатысты алғашқы қобалжуы әскер қатарына шақыру мүмкіндігі жайындағы алыпқашпа, күмәнді хабарлардан басталғаны мәлім. Өйткені, халық Ресей империясына бодан болғаннан бері мұндай міндеткерлік жүктелмеген. Сол себепті әскери қызмет қазақтар үшін күтпеген жағдай болды. Кезінде Алаш зиялылары бұл мәселемен айналысқан. «Қазақ" газеті бетінде сан алуан мақалалар осы мәселелерге арналып басылды. Мысалы, газеттің 1915 жылдың желтоқсанынан бастап, 166, 178, 179, 184 нөмірлері қазақтан әскер алынуы жайында материалдар басты. Мақалалар мазмұны соғысты халықтың түсіністікпен қабылдағанын байқатады. Олар мұны әр халықтың басында болып тұратын қалыпты құбылыс ретінде қабылдағанын Алаш қайраткері М. Тынышбаев көрсетеді. Ол негізінен қазақтарды әскери қызметтің қай түріне (атты не жаяу әскер) алынатындығы ғана ойландырғанын жаза келе, былай дейді: «Қазақтардың көпшілігі (оның ішінде мен-де) казак-орыспен теңесіп, жерімізді сақтау мақсатында атты әскер қатарында қызмет етудің тиімділігін жақтадық. Қазақтардың тек азғана бөлігі жаяу әскер құрамында болуды қалады» [4]. Алайда қазақ халқында туу туралы куәліктің болмайтыны, мұның өзі жағдайды ауырлататыны ескерілді. Сондықтан жақын арада қазақтарды әскери қызметке тарту мүмкін еместігін түсіндіре келіп автор, «бұл мәселе іске асқан жағдайда, аса қиындық болатынын, оны зиялылардың күні бұрын болжап білгендерін» айтты. Осындай шешілуі қиын мәселені орталық үкіметке хабарлау үшін Ә.Бөкейханов бастаған өкілдер Петербургта болып қайтады. Сапардың барысы туралы жазып тұрған «Қазақ" газеті, қазақтан әскер алу кейінгі қалдырылғаны туралы хабарлады[5]. Соған қарамастан қазақтарға әскери қызметтің қайсысы қолайлы деген пікір маусым айына дейін толастамаған. Бірақ қазақтар майданға алынатын болды. Ол туралы 1916 жылы 25 маусымда патша жарлығы шықты. Онда қазақтардың, Орта Азия халқымен бірге майданның қара жұмысына 19–43 жас аралығындағылары жедел шақыртылатыны көрсетіледі. Үкімет жарлығы өте асығыс жарияланды. Алдын-ала еш дайындығы болмаған халық түкке-де түсінбеді. Қазақ зиялысы мемлекеттік дәрежедегі мұндай маңызды шара ешбір әзірліксіз жүргенін көрсеткен болатын. Жарлыққа байланысты ел арасында түрлі алып-қашпа әңгімелер шықты. Халық толқыды. Патша жарлығын орындауға жедел кіріскен үкіметтің кей жерлерде күш жұмсап жіберулері-де оған себеп болып жатты. Пайда ойлаған, қолында билігі барлардың да жағымсыз іс-әрекеттері наразылықты күшейте түсті. Зиялылар елді сабырға шақыруға тырысты. Олар үкімет жарлығына қарсы шығудың орны толмас өкінішке әкелетінін халыққа түсіндірді. 11-шілде күні «Қазақ" газеті бетінде, «Алаш азаматтарына!» атты үндеу жарияланады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов қол қойған үндеуде: «Көнбейміз деушінің сүйенгені жан тәттілік болса салыстырып қаралық: …Көнгенде — шаруаға кемшілікте келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке-де ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас (қазаға ұшырар деп ауру-сырқаудан болған қазаны айтамын, әйтпесе солдат қылып алмайды, соғыстан өлмейді). Көнбегенде көретін ауырлық — бағынбай үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, жау жағадан алғанда, бас қорғап үйде қаламыз деп, мемлекетке қамшымыздың ұшын бермесек, үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер»[6] — деп жазылды. Бұл сол кезеңдегі ауыр жағдайға байланысты қабылданған шешім еді. М. Тынышбаев, «Қазақ" газетінің осы үндеу жарияланған саны, аса маңызды хабар жеткізуші нөмір ретінде тез тарап кеткенін көрсетеді. «Оқыған азаматтар газеттің осы нөмірінің бірнешеуін жаздырып алып, халық арасына үлестірген»[7]. Стихиялы түрде басталған халық толқуы біртіндеп ашық көтеріліске ұласады. Ол бірден ұлтаралық қақтығысқа айналды. Тамыз айында Жетісу өңірінің көп бөлігі көтеріліс құшағына тартылды. М. Тынышбаев генерал Куропаткин қабылдауында болғаннан кейін, Пішпек қырғыздарын сабыр сақтауға шақырады. Сөйтіп ол соңғы сәтке дейін халыққа болашақты ойлаудың қажеттігін түсіндіріп бақты. Алайда көп кешікпей оның өзі тұтқынға (үй тұтқыны) алынады. Оны үкімет көтеріліске қатысты деп айыптап, жауап алады[8]. Үкімет көтерілісті басуға жедел кірісті. Жетісу өңіріне жазалау отрядтары шығарылады. Көтеріліс қазан айында аяусыз басылды. Жазалаушы патша жендеттері жолында кездескен қазақ-қырғызды қырып-жойып, 1916 жылдың қанды оқиғасын, жергілікті халық жуық арада ұмытпайтындай етті. Көтерілістің орны толмас шығыны болды және 200000-нан астам (облыстағы қазақ халқының 20 проценті) халық, қазан айында қарлы тау арқылы жат елге (Батыс Қытайға) босып кетті [9]. Онда оларды аштық пен құлдық күтіп алды… Үкімет жұмысшы алуға одан әрі жедел кірісе бастады. Ал көтерілістің аса ірі ошағы болған Торғай даласы 1917 ж. Ресейдегі, Ақпан төңкерісіне дейін қарсыласып бақты. Алайда кейін Амангелді Имановтың өлімі кеңестік тарихнамадағы жасанды мифтік тарихты туғызды… Бүгінгі таңда мемлекеттер арасындағы өзара кикілжіңдер, әлемдік қарулы қақтығыстардың жиі орын ала бастауы адамзатты сақтап қалу туралы гуманистік ұстанымдарды туғызады. Қандай да соғыс болмасын, ол тек қасірет пен қайғыға душар етеді. Сондықтан сарабдал дипломатиялық келіссөздердің күш алуын сол адамзаттың өзі бақылағаны жөн.

5)Қазақстандағы 1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс және оның маңызы.1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменг ібилік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндег іесепшілермен бухгалтерлерді, жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты. Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пе нтәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды. Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің біріндебайлар, болысбасқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты. Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды. Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады. М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан бұрын, 2 және 3 шілде де келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс және оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанұлы және басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды ұйғарды. Нәтижесінде 17 шілдеде Жетісуда жәнеТүркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мұнда ірі әскери күштер алып келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушылары менірі қақтығыстар болады. Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаюы барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. Құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Орталық Ресейден келген және көп кешікпей көтерілісшілерге қосылған, осы жерлерде туып-өскен Әліби Жангелдин көтерілісшілердің “рухани көсемі” болды. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Әрбір қолды басқаруға тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Сардарбек жанында әскери кеңес жұмыс істеді. 22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілістің негізгі көпшілігі адам күшін сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Батпаққара ауданына шоғырланады. Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды әкеп төкті. Осыған қарамастан, Торғай облысында көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангелин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде «Алаш» қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды, - деп есептеді. Екіншіден, іс жүзінде қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды.Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына үміт артты. Империямен ақылға қонымды келісім тактикасын ұстанып, халқының аман болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» көсемдері тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыра тұрып, тиісті әзірлік жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Көтеріліс барысында орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді. Жеке-жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен жанышталып, жұмысшыларды реквизициялаумен майданға жөнелту басталды. Сол кезде “Қазақ” газетінің редакциясы тыл жұмыстарына жөнелтілген қазақтардың мұқтаждықтарына қызмет көрсетуді ұйғарды және осы мақсатпен барлық қазақ зиялыларына реквизицияланғандар жұмыс істейтін майдандарға өз еркімен барып, оларда бұратаналар бөлімін құруға шақырды. Зиялылар (көпшілік бөлігі мұғалімдер) бұған үн қосты және көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бұратаналар бөлімі құрылды. Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақ жігіттерінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтады. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.б. бастаған қазақ зиялылары Минскіде, тағы басқа тыл жұмысына шақырылғандар көптеп шоғырланған қалалар мен елді мекендерде болып, оларға қолдан келген көмектерінің бәрін көрсетті. Олар шақырылғандардың құқықтарын қорғау және олардың майдан өңірі аудандарындағы тұруы мен жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жасады. Ал мұның өзі кеңес заманында көп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген Алашорда 1916 жылғы көтеріліс кезінде ұлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің сыңаржақ тұжырым екендігін көрсетеді. Алаш көсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара жұмысына шақырылғандарға да ешқандай сатқындық жасаған жоқ. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, С.Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов және басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. К.Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

6) ХХ ғ. Басында қазақ ұлттық интеллигенциясының қызметі. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті .Дәстүрлі қазақ қоғамында алғашқы зиялы қауым өкілдері ақын-жыраулар, шешен-билер, абыздар, т.б. болды. Олар өз кезеңінде ел билеушілерге сенімді кеңесшілер бола білді. Асан Қайғыдан Бұқар жырауға, онан Абайға дейінгі қазақ ойшылдары мен ақындары қазақ қоғамының ақыл-ойының негізін қалады. 19 ғ-ға дейін қазақ қоғамындағы білім беретін бірден бір мекеме – діни медресселер болды. Медреселер, негізінен молдалар даярлады. Онда діни сабақтармен қатар аздап ислам философиясы, астрономия, тарих, тіл, медицина, математикадан да мағлұматтар берілді. Оқу мерзімі 3 – 4 жылға созылды. Кейбір діни қайраткерлер Бұхара, Стамбұл, т.б. қалаларға барып білім алды. 1786 ж. Омбыда Азия мектебі, 1789 ж. Орынборда үкіметтік мектеп ашылды. 19 ғ-да олар кадет корпустарына айналды. Тұңғыш қазақ мектебі 1841 ж. Бөкей ордасында ашылып, онда орыс тілі, шығыс тілдері, математика, география, ислам діні оқытылды. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ халқы толығымен Ресей отарына айналды. Патша өкіметі жергілікті тұрғындарды басқаруға өздеріне көмекші мамандарды даярлау мақсатында жер-жерде “орыс-түзем” мектептерін аша бастады. Осы орыс және мұсылман мектептерінің түлектері арасынан алғашқы Қ. и. өкілдері: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.-С.Бабажанов, Қ.Халиди, М.Шорманов, Ш.Құдайбердіұлы, т.б. шықты. Олар қоғам жаңалықтарын қабылдай отырып, отаршылдыққа, рулық-патриахалды артта қалушылыққа батыл түрде қарсы болды. Қазақ қоғамын зерттеп, оған озық идеяларды енгізуге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ баспасөзі пайда болды. Тұңғыш қазақ газеті – “Түркістан уәлаяты” газеті 1870 ж. 28 наурызда дүниеге келді. Петербургте, Казанда, Орынборда, Ташкентте, Семейде қазақ кітаптары басылып шыға бастады. 1911 ж. алғашқы қазақ журналы “Айқапты” шығару қолға алынды. Ол “Қазақ” (1913 – 18) газеті мен бірге қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігін жаза бастады. Ішкі Ресейдегі демокр. ой-пікірлердің әсерімен 20 ғ-дың бас кезінен бастап Қ. и-ның екінші буыны (Ә.Бөкейхан, Б.Қаратаев, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, т.б.) өздерінің саяси бағыттарын айқын танытты. 1905 ж. қазанда олар Орал қ-нда 5 қазақ облысы делегаттары съезін өткізіп, ұлттық мүддені көздейтін партия құруды көздеді. Онда кадет партиясының бағдарламасы мақұлданды, оған қоса қазақ жерін тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, қазақ тілін басқа тілдермен теңестіру, ұлттық мектептер ашу, дін еркіндігін жариялау, мешіттер салу, т.б. талаптар қойылды. Қ. и-ның беделі өсті, олардың арасынан 1-Мемл. думаға 4-депутат, ІІ-Мемл. думаға 5 депутат сайланды. Ол депутаттар кадет және мұсылман фракцияларына кіріп, қазақ халқының мүддесін қорғады. 1917 жылға төңкеріске дейін толық емес мәлімет бойынша Қазақстанда 3 мың мұғалім, 590 а. ш. маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі мед. қызметкерлері, т.б. болды. Азамат соғысы жылдарында олардың саны азайып кетті. Мыс., 1919 ж. бүкіл Қазақстанда бар болғаны 33 дәрігер және бірнеше роталық фельдшер ғана қалды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ескі интеллигенцияны пайдалану барысы, оның социализм жағына өтуі ұзаққа созылды. Бүкілодақтық ОАК 1919 ж. 4 сәуірде “Алаш” партиясының және “Алашорда” үкіметінің жетекшілеріне кешірім жариялады. Ескі интеллигенцияның өз мамандықтары бойынша жұмысқа қайта кірісуі ұзақ уақыт бойы аңсаған бейбітшіліктің орнауына, жаңа экон. саясаттың енгізілуіне, екі соғыстың салдарын ойдағыдай жеңуге игі ықпал жасады. Өлкелік партия ұйымының басшылығына 1925 ж. Қазақстанға арнаулы нұсқаулар алып келген Ф.И. Голощекин саяси қуғын-сүргінді тіпті асқынтып жіберді. Өйткені оның дем берушісі де, қолдаушысы да большевизм көсемдері еді. Бұдан И.В. Сталиннің БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті бюро мүшелеріне 1925 ж. 29 мамырда жолдаған хаты толық дәлел болады. Хатта: “Менің жақында “Ақжол” журналымен танысуыма мүмкіндік туды. Осыған байланысты мен ақгвардияшылар баспасөзіндегі Шоқаевтың мақалаларын еске түсірдім де, осы мақалалар мен “Ақжол” журналының рухани “бірлігін” көргенімде төбе шашым тік тұрды... Советтер елінде мұндай сынға жол берілмеуі керек. Дереу шара қолданылсын!..”. Мен партияда жоқ интеллигенттердің саяси және идеологиялық майдандағы күреске араласуына біржолата қарсымын” делінген. Осы талапқа орай 1926 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің ІІІ пленумында басшылық қызметтердегі қазақ коммунистері дөрекі сынға алынды. Кешікпей бұл сын жалпы қазақ зиялы қауымына қарсы ашықтан-ашық қудалау мен айыптауға ұласты. 20 – 30 ж. жоғары мектептің сан жағынан өсуі мамандар қатарының толығуы мен Қ. и-ның қалыптасуына шешуші ықпалын тигізе алмады. Өйткені, біріншіден, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары әлі шағын болатын, екіншіден, мамандарға сұраныс оларды даярлап шығару дәрежесінен көп артық еді. Соның салдарынан мамандар істейтін қызметке жұмысшылар мен шаруалар ұсынылды. Олар үшін көптеген қысқа мерзімді курстар ашылды. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру Қ. и-ның сан жағынан өсуіне алып келді. 1926 – 39 ж. Қазақстанда ой еңбегімен шұғылданатындардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті. Алайда бұл республикада оның өз интеллигенциясы қалыптасты деген сөз емес еді. Олардың едәуір бөлігінің тиісті білімі болмады. Маман қазақтардың үлес саны аз болды. 1939 ж. қазақтардың арасында интеллигенттердің саны 8%-ға ғана жетті. Әсіресе ауылдық-селолық жерлерде маман кадрлар жетіспеді. Ой еңбегі қызметкерлерінің арасында әйелдер мүлде аз еді. 1937 – 38 жылдардағы нәубет Қ. и-ның қалыптасуына ауыр зардабын тигізді (қ. Саяси қуғын-сүргін). Соғыстан кейінгі кезеңде маман кадрларды даярлауға жоғары және орта арнаулы оқу орындары шешуші үлес қосты. Тек 1945 – 57 ж. ғана Қазақстанның жоғары оқу орындары 43,5 мың маман даярлады, олардың 16,5 мыңы қазақтар болды. Көптеген жас мамандар одақтас республикаларда білім алды. 1960 – 77 ж. аралығында Қазақстанның халық ш-нда жұмыс істейтін жоғары және орта арнаулы білімі бар маман қазақтардың қатары 5 есе дерлік (65,3 мыңнан 315,7 мыңға дейін), орыстар шамамен 3 еседей (202,2 мыңнан 601,9 мыңға дейін), украиндар (33,2 мыңнан 82 мыңға дейін), татарлар 3 есе (8,3 мыңнан 23,8 мыңға дейін), өзбектер 5 есе (2,9 мыңнан 14,7 мыңға дейін) өсті.

Наши рекомендации