Азақстан Республикасында индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын-энергетикалық кешен

Отын мен энергия өздерінің экономикалық табиғатында қосалқы материалдарға жатады, алайда маңыздылығының күшіне қарай олар ресурстардың дербес тобына бөлінеді. Потенциалдық және нақты отын-энергетика ресурстары (ОЭР) болып бөлінеді.

Потенциалдық ОЭР – бұл тұтастай республикада, сонда немесе басқа бір экономикалық ауданда, бар барлық отын мен энергия түрлері запастарының көлемі.

Нақты (ОЭР) отын-энергетика ресурстары кең мағынада – бұл ел экономикасында пайдаланылатын барлық энергия түрлерінің жиынтығы.

Ал неғұрлым «тар» мағынада отын-энергетика ресурстары деп мыналарды түсінуге болады:

· табиғи отын-энергетика ресурстары (табиғи отын) көмір, тақта тас (сланец), тарф (шым тезек), мұнай, жер асты газы, ағаш отын, табиғи механикалық энергия;

· табиғи отын көздері – күн, жер асты нары және термальды сулар;

· отындарды өңдеу арқылы алынған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір, оның қалдықтары және т.б.);

Негізінен технологиялық процесстер кезінде алынатын екінші энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, жанатын және ыстық газдар, өңделген газ, өндіріс өнімдерінің физикалық жылуы және т.б.).

Кесте 12 – Отын-энергетикалық ресурстар түрі

Отын-энергетикалық ресурстар
Ықтималды Нақтылы
Иқтималды отын-энергетикалық ресурстарына ел бойынша, белгілі бір экономикалық аймақта бар отын мен энергияның барлық түрі бойынша қорлар жатады. Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланып жатырған энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.

Отын-энергетикалық кешен (бұдан әрі - ОЭК) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында басты рөл атқарады. Елімізде мұнайдың, газдың, көмірдің, уранның және жаңартылатын энергия көздерінің бай ресурстары бар.
ОЭК салаларының өнімдерін сатудан түсетін кірістер Қазақстанның инфрақұрылымын белсенді дамытуға, озық технологиялар трансферлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, экономиканы инновациялық дамытуға ықпал етеді, еңбек етуге қабілетті халықтың едәуір бөлігін жұмыспен қамтуға кепілдік береді, әлеуметтік саланы дамытуға ықпал етеді.
Aлайда ОЭК-тің өткен ғасыр парадигмасында дамуы Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіреді, елдің энергия қауіпсіздігін төмендетуге әкеп соғуы мүмкін, экология жағдайын нашарлатады және экономикалық өсу үшін қосымша қатерллер тудырады. Болашақ ұрпақ көркейген елде тұрып, ресурстық байлықты берекелі және тиімді пайдаланғанымыз үшін риза болуға тиіс.
Ол үшін еліміз отын-энергетикалық кешенді дамыту кезінде
ОЭК салаларының алдында тұрған сын-қатерлер мен шектеулерге жауап бере отырып, технологиялық серпін жасауға, салалардың күшті жақтарына сүйенуге және ашылған мүмкіндіктерге сергек ден қоюға тиіс.
Энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеудің өзектілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнында және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада расталады. Осы құжаттар шеңберінде бірқатар міндеттер қойылған, солардың бірі Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 25 %-ға азайту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметіне берген 2013 жылғы 23 қаңтардағы тапсырмасы шеңберінде электр энергиясын тұтынуды 2013 - 2015 жылдар ішінде экономиканың энергия сыйымдылығын жыл сайын 10 %-ға азайту арқылы үнемдеуді қамтамасыз ету қажет.

Мемлекет басшысы: «Дәстүрлі энергетика - жаңартылатын энергия көздері» технологиялық теңгерімін сақтау қажет», ол ұлттық және халықаралық энергетикалық қауіпсіздік жүйесін стратегиялық жоспарлаудан көрінеді. Жоспарлаудың мақсаты басқа елдерге қатысты халықаралық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге және энергия өндіру құрылымын кезең-кезеңімен өзгерту есебінен өзіндік энергетикалық жеткіліктілікке кепілдік беру болып табылады».
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасы әлемдік озық тәжірибиені және әлемдік энергетика дамуының соңғы үрдістерін ескере отырып, мұнай-газ, көмір, атом және электр энергиясы салаларын дамытуды бір тұтас байланыстырады.
Оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар кіреді:

ü отын және отын-энергетикалық теңдестіктің құрылымын жақсарту;

ü шикізатты өнеркәсіп кәсіпорындарында пайдалуға мұқият және сапалы дайындау;

ü шығынын азайтып, сапасын төмендетпей шикізат пен отынды тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру;

ü шикізатты кешенді пайдалану;

ü өндіріске химия саласын ендіру;

ü өндіріс қалдықтарын дұрыс пайдалану;

ü шикізатты қайта пайдалану және сол сияқты т.б.

ü Осылардың кейбіреуіне толығырақ тоқталайық.

Шикізатты алғашқы өңдеу және байыту. Өндірісте пайдаланатын минералды және органикалық шикізаттар, көбінесе, белгілі бір дайындықты қажет етеді. Осыған орай кезкелген өндіріс саласында пайдаланатын шикізатты өзіне сай өзгешіліктеріне қарай әртүрлі алғашқы өңдеу жүргізіледі.

Шикізатты алғашқы өңдеу түрлерінің негізі болып келесілер саналады:

ü шикізатты байыту (қара және түсті металлургияның рудасы, кокс алу өндірісіндегі көмір);

ü шикізатты алдын ала тазалау және стандарттау (тоқыма өнеркәсібінде мақта, тері );

ü бұзылмайтын етіп өңдеу (тамақ өнеркәсібінде: ет, балық, көкөніс);

ü кептіру, ұзақ ұстау (ағаш өңдеу өнеркәсібінде- ағаш).

Байыту -бұл техникалық жағынан және экономикалық маңыздылығына байланысты шикізаттың құрамында бар өнімді жеке дара алу үшін оны алғашқы өңдеу түрі. Байыту келесі мүмкіншілікті қамтамасыз етеді:

ü табиғи қазбада болатын пайдалы құрамдастың мөлшерін арттыру;

ü зиянды қоспаны алып тастау;

ü минералды бір-бірінен ажырату;

Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады, оның біреуі – концентрат, ал екіншісі- қалдық (хвосты) деп аталады. Қазіргі кезде түсті және сирек металдардың 95 пайызы, темір рудасының көпшілігі, фосфортитердің барлығы байытуға жіберіледі.

Байытудың экономикалық маңыздылығы келесіден тұрады:

ü өнеркәсіптің шикізат базасы кеңейеді;

ü дайын өнім алу үшін кейінгі өңдеу арзанға түседі;

ü дайын өнімнің сапасын жоғарылату қамтамасыз етіледі;

ü шикізатты алынған жерінен өңдеу орнына жеткізу көлік шығындары азаяды;

ü көлік құралдарының қажеттілігі азаяды және олардың пайдалану тиімділігі артады.

Әрбір кәсіпорын өзінің ерекшілігіне байланысты өнімнің материалдық сыйымдылығын азайтуға тиісті. Бұнымен іс бітпейді. Бұл мәселені тезірек шешу үшін мемлекеттің араласуы әбден қажет. Егер мемлекет шикізатты және отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану үшін әсерлі саясат жүргізу қажет, Өкінішке орай, мұндай саясатты әлі көріп отырғанымыз жоқ, сондықтан да бұл ұлтық экономиканың дамуына үлкен кедергі болып отыр.

Наши рекомендации