Азақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық дербестік мәселесі

XX- ғасырдың соңына қарай ақпараттық жүйелердің ерекше дамуы, ғылым және техникалық соңғы жаңалықтар - спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерiнің кең құлаш жаюы, ғылыми прогресстің қарқынды дамуы адамзат қауымы алдына жаңа әлемдік даму стратегиясын жасау қажеттілігін көлденең тартты.

Бүгінгі күні елімізде техникалық озық технологияларын еркін меңгерген әрбір азамат әлемнің кез-келген түкпірінен өзіне қажетті ақпаратты жылдам алатын деңгейге жетті. Шынайы және еркін, қажетті ақпараттар біздің өміріміздің қажетті де пайдалы құралына айналды. Әлемде адам баласының қоршаған ортаға әсері, елдер мен аймақтарда ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудағы алшақтық, әр түрлі проблемалар төңірегінде қайшылықтар бүгінгі күннің ғаламдық мәселелерін тудырды. Ғаламдасу үрдісі қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани барлық салаларында жаңа құндылық бағдарлардың қалыптасуына әкелді. Ғаламдасу қарама-қайшылықты процес. Ол мемлекеттердің арасында ғы әкімшілік кедергіні азайтып ақпарттық, қаржылық нарығының мол мүмкіндіктерін ғаламдық деңгейге көтеріп, қаржылық ақпараттық біртұтас кеңістік қалыптастырды. Сонымен қатар бірқатар ұлттық экономика мүдделерінің өз шегінен асып кетуі халықаралық сауда көлемінің ұлғаюына байланысты елдердің өзара тәуелділігі арттыруға жағдай жасады.Ғаламдасу процесі қоғамның әлеуметтік мәдени саласын да қамтып нәтижесінде саяси деңгейге көтерілді. Ғаламдасу процессінде ақпарттық технологиялардың таралуы ақпараттық ықпал ете отырып мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне, мәдени құндылықтарына, ұлттық ерекшеліктеріне кері нұқсан келтіруі де мүмкін.

Қайсыбiр қоғамда саяси ықпал ету ақпарат құралдарында өз мемлекеттерiнiң қарапайым артықшылықтарын насихаттаудан бастап, көршi мемлекеттiң қалыптасқан өмiр салты мен iшкi даму заңдылықтарын бұзуға қабiлеттi идеологиялық ақпараттық араласушылыққа дейiн барады. Ақпарат өнiмiн өндiрушiлер қоғамдық пiкiрдi өздерiнiң идеологиясына сай өзгертуге тырысады, дамыған елдердiң экономикалық мәдени ықпалы тәуелсiздiк жолына түскен мемлекеттерге арта түседi.

Қазiргi кезеңде халық оқшауланған күйде өмiр сүре алмайды. Себебi жер шарының барлық түкпiрiне хабар- ошар бiрнеше сағат iшiнде тарайтындай бұл кезеңнiң ең қымбат капиталы ақпарат болып отыр. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мәдениетті қорғауда, ата-салт дәстүрімізді сақтауды уағыздауға, халық санасын оятып, мемлекеттің болашағын, ұлт мүддесінің проблемаларын жан-жақты қорғауда, демократиялық мәдениетті қалыптастыруда зор үлес қосып отырған ерекше күш. Оның мақсаты –батыстың мәдени ақпараттық тасқынына қарсы , ұлттық сананы көтеру арқылы халықымыздың ғасырлардан келе жатқан мұраларын, ұлттық құндылықтарын барынша ұтымды пайдалана отырып, халық санасына жеткізу және республикамызда халықтардың рухани бiрлiгi, саяси -әлеуметтiк және этнос аралық тұрақтылықты нығайту . Қоғамдық рухани келiсiм қарапайым адамдық өзара түсiнiсу этносаралық қатынастың жеткiлiктi жоғары мәдениетiнсiз жүзеге аспайды.

Қоғамда мұндай мәдениеттi тәрбиелеу оның белсендi өмiрлiк тұғыры мен қоғамдағы саяси өмiрiне қатысуын айғақтайтын жоғары және тұрақты адамгершiлiк сапалықтары мен сипаттарын тәрбиелеуде БАҚ-ның маңыздылығы артып отыр.

Қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық, саяси, әлеуметтiк өзгерiстердi түсiну, жаңаша қабылдап бағалау процестерi ендi қалыптаса бастаған Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнен анық көрiнуде.

БАҚ- ры азаматтардың жекелеген саяси құбылыстар мен оқиғаларды қабылдауына белсендi әсер етiп қана қоймай, оларды қоғамдағы жалпы саясатқа көзқарасын қалыптастыруда, халықтың белгiлi бiр мәселе бойынша саяси белсендiлігiн арттыруда. Қоғамдағы соңғы жылдары болып жатқан саяси-экономикалық өзгерiстерге байланысты БАҚ -ның мәнi, маңызы, қоғамдағы орны қызметерімен, принциптерiне жаңа көзқарастар қалыптасты. Пiкiрлер мен ойлардың сан алуандығы мақсат, талап, пiкiр қайшылығы, саяси және әлеуметтiк әр түрлi бағыт ұстанған ақпарат құралдарының маңызы артып отыр. Бүгінде қоғам мүшелерiнiң рухани сұранысына таңдау мүмкiндiгi туды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық, саяси, әлеуметтiк жағынан жiктелуi олардың қоғамдық пiкiр қалыптастыру арқылы қоғам мүшелерiне әсер ету деңгейлерiнiң әр қилылығын аңғартады . Қазақстан үшiн дамудың тұрақты демократиялық моделiн таңдауда қоғамды еркiн және құқықтық демократиялық үлгiде трансформация жолдары мен әдiстерiн iздеу обьективтi шынайы ақпараттардың маңызы зор.

Бүгiнгi жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикасы үлкен өзгерiстер ұшырап, демократиялық жаңғарулар тереңдетiлiп қоғамды жалпы трансформациялау процестерiнiң қажеттi шарттары тұрақтандырылуда. Осындай өтпелi кезеңде БАҚ-нық қоғамдық санаға әсерi, саяси әлеуметтiк күйi айқын байқалады.

Әр халық өз мемлекетiнiң iшкi мәдениетiн шешуде өмiр салтын , әдет ғұрпын дамыта отырып, адамзаттық өзара түсiнiсуiнiң кепiлi бола алатын планетарлық ынтымақтастықты естен шығармауы тиiс.

Қоғамның саяси -әлеуметтiк өмiрiнде жүрiп жатқан демократиялық өзгерiстер оның ақпарат кеңiстiгiне де тән. Сөз бостандығы , баспасөз бостандығы, баспасөз бостандығы, пiкiрлер плюрализмi тәуелсiз жеке меншiк ақпарат құралдарының пайда болуы Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде демократиялық үрдiстердiң нәтижелерi. Яғни шын мәнiсiндегi ақпараттық қоғам принциптерi мен негiздерiнiң обьективтi алғышарттары толық қалыптасты деуге болады.

Ақпарат кеңiстiгiнiң пiкiрлер плюрализмi мен әр түрлi көзқарастар тоғысып жинақтала келгенде обьективтiк қоғамдық пiкiр туғызып қоғамдық сананы қалыптастырып қана қоймайды, халықтың саяси-әлеуметтiк белсендiгiне де ықпал етедi.

Әлемдiк тәжиiрбеге сүйенсек БАҚ белгiлi-бiр адамдар немесе ұйымдардың, органдардың бақылап, қажет болса басқарып отыратыны белгiлi. Жекелеген адамдардың меншiгiндегiнi болмаса коммерциялық ақпарат құралдарында бұл мiндеттi әлгi меншiк иелерi атқарып мемлекеттiк ақпарат құралдарында онымен арнайы мемлекет органдары айналысады. Ал қоғамдық құқықтық негiздегi ақпарат құралдары бұл қызметтi егер баспасөз құралдары мемлекеттiк заңдар сақтап отырса, жұртшылық саяси ұйымдар мен бiрлестiктер қадағалайды. Әлемнiң көпеген елдерiнде БАҚ этикалық нормаларын және заңдылықты сақтауын жалпы қадағалап отыратын арнайы органдар бар. Мысалы Франция коммуникация құралдары жөнiнде жоғары кеңес жұмыс iстейдi. Ол меншiк түрiне қарамастан елдегi барлық телерадиостанцияларының жұмысын қадағалап қана қоймайды, сонымен бiрге эфирге шығуға рұқсат ететiн мемлекеттiк рұқсат беру құқына ие.

Қазақстанда БАҚ қызметi негiзiнен мемлекеттiк Конституциясы және Баспасөз туралы заңға ақпарат құралдарының жарғылық бағдарламалық құжаттарына сүйенiп жүргiзiлуде. Қазақстанда мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым қатынасты айқындайтын құжат- “Баспасөз туралы заңның” қабылдануы болды.

БАҚ-мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас заңдылық негiзде белгiленiп, барлық мәселелер тек құқықтық нормалармен ережелер сүйене отырып, баспасөз бостандығы, пiкiрлер алшақтығы және көзқарас еркiндiгiн мойындалады, сонымен бiрге ар-ождан бостандығы да сақталуын қажет етеді.

Баспасөз бетiнде ұлттық кемсiтушiлiк, елдiң территориясымен егемендiгiне қол сұғушылыққа, Конституцияны бұзуға тиым салынған. Мiне осындай негiзгi принциптердi басқа мемлекет БАҚ- ның қызметiне араласуды қажет таппайды. Ақпарат құралдарының жұмысына орынсыз қол сұғу, басқару, бұйрық беру т.б араласушылықтарға тиым салынған.

Қазақстан қоғамдағы демократиялық процестер БАҚ қызметiн түбегейлi өзгеруде. Ақпарат құралдары тақырып таңдауда, оқиғаларға баға беруде еркiн тәуелсiз бола түсуде.

Батыстық шетел елдерiнен көптеген ақпараттар легі шекаралар асып әлем кеңістігіндегі әр түрлі мәдениеттің үлгілерін газет журналдар мен әдебиеттер, кино, телефильмдер, компъютерлік интернет жүйелері арқылы азаматтардың рухани құндылықтарына, сана сезіміне әр түрлi деңгейде әсер етіп, қоғамдық санада стандартты әдістер, мәдени құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың үлгілерін насихаттауға және ақпараттық билікке ұмтылуда. Баспасөз, радио, теледидар секiлдi күнделiктi ақпарат тарату көздерi пайда болған кезеңнен бастап алдымен түрлi қоғамдардың бiр-бiрiмен ақпараттың байланыс жасауда, хабар- ошар алысады бiрте бiрте ақпараттық ықпал етуге ауыса бастады.

Қазіргі кезде батыстың алпауыт ақпараттық корпорацияларының мәдени ақпараттық экспанция жасау мүмкiндiгi артып отыр. Ең жаңа техникалық үлгiлерiмен ақпарат таратудағы үлкен тәжиiрбесiнен өзiнiң экономикалық күш қуатына сүйенген олар мәдени тұтынушылық деңгейi төмен елдердiң бұқаралық ақпарат құралдарына өзiнiң үстемдiгiн орнатады болмаса оларды сол елдердiң ақпарат кеңiстiгiнен мүлде ығыстырып тастауға жағдайлар жасайды.

ЮНЕСКО конференциясында бiрнеше рет көтерiлгендей трансұлттық ақпараттық корпорациялар ақпарат таратудың бостандығын желеу етiп, дамушы мемлекеттердiң әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiне сай келмейтiн сұраныстар мен құндылықтарды қалыптастыруға, сөйтiп елдiң саяси тұрақтылығын шайқалтып халықтардың мәдени ерекшелiктерiн нұқсан келтіреді. Жас тәуелсiз мемлекеттер көбiнесе сырттан таңылатын пiкiрлердiң қатал қысымына ұшырайды нәтижесiнде өз қисыны бар аса күрделi iшкi процестер сырт көзқараспен бағаланып, көбiнесе үстiрт, ал кейде бiр жақты түсiндiрiледi. Бұл көптеген мемлекеттердiң шынайы тәуелсiздiктi нығайту жолында өзiндiк кедергiге айналды. Ақпараттық билiк саяси экономикалық билiк секiлдi қоғам тарапынан қадағалауды қажет етедi. Өтпелi кезеңдегi саяси жүйе мемлекеттiң iшкi өмiрiндегi қоғамдық процестер обьективтi ақпараттық қамтамсыз етiп қана қоймай, одан сыртқа таратылатын керiсiнше сырттан iшке тасымалдайтын ақпартаттар ағымының сөз бостандығы мен басқа да демократиялық құқықтық негiздердi сақтай отырып тепе-теңдiкті қамтамасыз етуi тиiс. Яғни мемлекетке өзiнiң ақпараттық саясатын жүргiзуге негiз боларлық ақпараттық дербестiк қажет.

Әлемдiк байланыс жүйесiмен коммуникация құралдарының техникалық шарықтау дәуiрiнде қашан да бiр қоғамда болсын жабық ақпарат кеңiстiгi саясатымен жан-жақты гүлдену оның өскелең рухани мәдени сұранысын толық әрi сапалы қамтамасыз ету қиын. Тап осы себептерге байланысты дербес ақпараттық саясаттың транзиттi қоғам ерекшелiктерiне сай әрi икемдi, әрi болып жатқан өзгерiстер үрдiсiне бейiм жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан мемлекеттiлiгiн нығайту негiзгi факторлардың бiрi ақпараттық дербестiк болып табылады.

Ақпараттық дербестiк дегенiмiз бiрiншiден мемлекеттiң саяси экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етiп отыр, оның құрамдас бөлiгi, екiншiден ол мемлекеттiң дамуымен тығыз байланысты, үшiншiден егемендi елдiң халықаралық беделiн қалыптастыруда әлемге таныстырады, төртiншiден әлемдiк саяси экономикалық процестерге араласуға ықпал етедi, шет мемлекеттермен өзара түсiнудi ақпараттық байланыс орнатады. Яғни әрбiр тәуелсiз мемлекет өмiрiнiң барлық саласында болып жатқан оқиғалардың көпшiлiк халыққа бұрмаланбай таратылып түсiндiрiлуi және проблемалардың мемлекет пен ел мүдесiне сай қарастырылып обьективтi шешiлуiн қажет етеді.Республикамыз халықаралық деңгейде кең ауқымды ақпарат алмасу процесiне кiрiп отыр. Қазақстанда сырттан ақпараттық экспанция мүмкiншiлiгi өте жоғары және ол болашақта үлкен қауiп тудыруы да мүмкiн сондықтанда мемлекттік тарпатан ақпарттық қауыпсіздік шараларын қарастырып дұрыс ақпарттық саясат ұстану талап етеді. 2001 жылы көктемде БАҚ-ы заңының түзетулерде радио ,теледидар бағдарламаларында шетел ақпартарын тарату жалпы көлемі 20 % аспауын көрсетеді.

Алайда сыртқы ақпарат көздерiн жабу бiз үшiн өзiмiздi -өзiмiз оқшаулау болар едi. БАҚ –да ашық қоғам талаптарының сақталуы мен мемлекетке сырттан келетін ақпарттар бақылануы ақпараттық қауыпсіздіктің маңызды факторлар ретінде саналады.Мемлекттік ақпараттық саясат ұлттық мәдениетті сақтауға жастарды қатыгездік пен жауыздық, ұлтшылдық пен шовенизм идеялар ықпалынан қорғау үшін әлеуметтік мәдени сүзгілер құруға бағытталған. Ақпараттық кеңісттік қоғамның саяси, экономикалық, мәдени ерекешеліктеріне сай құрылады. Саяси- бұл БАҚ-да құқтық нормалары мен жағдайдың болуы, экономикалық-материалдық мүмкіндіктер мен техникалық қамтамассыз етілуі, мәдени- елдің салт-дәстүр мен әдет- ғұрып, рұхани байлығының сақталуы. Ақпараттық құралдар түрлi идеялар мен iлiм, бiлiм сан алуан өркениет пен құндылықтарды саралап адамдардың ой санасын кеңейтуге белгiлi бiр идеялар төңiрегiнде топтасуға, оларды тереңiрек түсiнiп бiлуге ықпал етедi.

Егер экономика мемлекеттiң жұлыны болса оның ұлттық рухы мен санасы жүрегi iспеттес. Қоғамдағы әлеуметтiк институттардың ерекше түрi саналатын БАҚ құралдары мемлекет жүрегi арқылы оның бүкiл денесiне қажеттi нәр, азаматтардың мемлекеттiк бiрлiгi мен мақсат мүде ортақтығына түйсiнуiн таратады.

Онсыз тәуелсiз мемлекеттiң болашағын баянды ету қиын. Обьективтi ақпараттар болмауы әдетте адамдардың идеалында қате көзқарас туғызып өмiршең емес заңдылықтарға қоғамды реформалауда үлкен қателiктерге ұшырауы мүмкiн.

БАҚ- ры пайдалану арқылы қоғамдық саяси сананы жасырын түрде басқаруға талпыну адамдарды өз еркiндiгiнен тыс мақсаттарға жұмылдыру, қоғамның обьективтi ахуалын жасыру, демократиялық мемлекеттiк құрылыммен оның азаматтарына үлкен қауiп тудырады.

Қоғамның рухани өмiрiнде бұған дейiн жинақталған түрлi құндылықтарды сақтау ғана емес ендi олардың қалыптасқан жаңа жағдайға сай гүлденуi мен бiрiн- бiрi толықтыра түсуiнiң мәнi терең нақты тәуелсiздiкке жету күштi саяси қолдауды қажет етедi.

Ашық демократиялық ақпарат кеңiстiгi жаңа қалыптаса бастаған мемлекеттерде мәдени құндылықтардың қалыптасуы жариялық принциптерi тұрғысынан кең көрiнiс тапты және азаматтардың әлеуметтік ортада бейімделуін қамтамассыз етеді. Бүгiнде қоғамымыз нарықтық экономикалық саяси әлеуметтiк күрделi өзгерiстерге түсiп, жаңа жағдайға рухани психологиялық бейiмделу кезеңiн бастан кешiруде. Екiншi жағынан мемлекет идеологиясы жаңа азаматтық қоғам өркениеттi құқықтық құрылымға ұлттық бiрлiк пен теңдiк принциптерi арқылы гүлдену идеясын қолға алып отыр.

Лекция

Наши рекомендации