Ақұштап Бақтыгереева
Ақұштап Бақтыгереева - 23.09.1944 жылы туылған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Еңбек ауылы - ақын.
Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1966). Облыстық “Орал өңірі”, республикалық “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” басылымдарында, “Жазушы” баспасында қызмет істеген. Тұңғыш кітабы “Өрімтал” (1967), кейіннен “Наз” (1969), “Қуанышым, іңкәрім” (1971), “ Сені ойлаймын” (1973), “Аққанат” (1975), “Бақыт әні” (1978), “Жайық қызы” (таңдамалысы 1980), “Белокрылая” (1981), “Ақжелең” (1985), “Сүмбіле” (1990) кітаптары шықты. Оның азаматтық үні “Трибун-ақын”, “Ақ Жайықтың көз жасы”, “Елдің елдігі - бірлігі”, “Оралдағы ойран” сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т.б. мәселелер ақын поэзиясының арқауы. Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Оның өлеңдеріне Ө. Бәйділдаев, Ш. Қалдаяқов, Т. Бақтыгереев, т.б. ән жазған.
Мірбаяны
Ақұштап ақынның бүкіл шығармашылығын шолып шыққан адам оның жырларының ең басты екі тірегін байқар еді: ол - ақынның туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оның алпысыншы жылдардың ортасында жарық көрген алғашқы жыр жинағындағы әдеби қауымды елең еткізген "Өрімтал" атты өлеңінен бастап-ақ оқырмандар А.Бақтыгерееваны нәзік лирик ақын деп қабылдаған болатын. Дегенмен, оның осы лиризмінің өзегінде бір өжет қайсарлық аңғарылатын. Өйткені оның өр өлеңінде боямасыз өмір, тартысты тағдыр жатқан еді.
Жұлқыса жел есіріп,
Майысқанмен сынбадың.
Сыр айтпадың шешіліп,
Неше келіп тыңдадым.
Қысты жеңіп, шуаққа Жайраңдаған кезіңде,
Бойыңдағы қуатқа Қайран қалам өзім де...
Осы өлеңінде тал-шыбықпен мұңдасқан өзі де өрімтал акын-қыз шыншыл да сыршыл қалпымен жүректерде бірден үялап қалды. Ақ бантикті ақынның сол нөзік қайсарлығы келе-келе үлкен күрескерлікке, қайраткерлікке ұласты. Сол балғын шақта жазылған "Даламның қарлығаштары-ай" атты өлеңді де бей-жай оқу мүмкін емес:
Кеудемді жанап өттіңдер,
Жүр едім жырды бастамай,
Азайып неге кеттіңдер,
Даламның қарлығаштары-ай!...
Топтанып ұшқан үйірің
Достардай еді-ау жаны ізгі.
Адамнан кеткен мейірім,
Сендерде қалған тәрізді.
Сонау кеңес заманының қытымыр кезеңінде қаршадай қыз осындай өмір шындығын батыл қозғай білген. Адамнан кеткен сол мейірім қазір бізге қайта оралды ма? Міне, бұл өлеңді қайталап оқысаң да осы сүрақ кесе-көлденеңдеп алдыңнан шыққандай болады. Астарында ақынның бүгінге, келешекке қабырғадан қойған осындай өткір сұрағы тұр. Қоғам өзгерді. Бірақ Ақүштап ақын көзге шүқып айтқан "адамнан мейірім кеткен" заман таз кепешін әлі шешкен жоқ. Тіпті, бұрынғыдан бетер болып, араздық меңдеп, бақастық билеп, жүрт бір-біріне қаскөй қасқырша қарай бастаған сыңайлы. Тіршіліктегі осыншама ащы запыранның, ұлы қыжылдың түп-төркіні неде? Бүл ұлы Абай атам айтып тауыса алмай, бетін қайтара алмай түңілген түпсіз ыза еді ғой? Көңілдер неге киізге, жүректер неге мүйізге айналады? "Қолайлы жағдай? Суреткерге ол жоқ. Өмір дегеніміздің өзі қолайсыз жағдай", - деген Марина Цветаеваның сөзі де бүған жауап бола алмайды... Өйткені "өмірмен диалогта оның сүрағы емес, біздің жауабымыз маңызды" (бұл да М.Цветаева). Ақұштап Бақтыгерееваның жырларының өзіне тартар жұмбақ магнитизмі бар. Ол махаббат мақамын да өзгеге үқсатпай, өзінше, Ақұштапша жырлайды.
Махаббат, тағы саған қайта оралам,
Сен болшы тақырыбым қайталаған.
Өмір жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ,
Басқадай әңгімем жоқ айтар оған.
Ақ таңды сүю керек, нұрын күннің,
Үната білу керек түрін гүлдің.
Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен,
Аңызын оқу керек бұрынғының.
Жазғанмен махаббатты бұдан бұрын,
Қорғауға соны тағы шығам бүгін.
Жарын сүйе білмейтін жасықтардың
Елін сүйетіндігіне күмәндімін.
"Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен!" Екінің бірінің аузына түсе бермес, қаламына орала бермес бейнелі жол. Мұнда қасірет те бар шығар, бірақ ол қалтарыста қалған. Қазақ қызына, оның махаббатына деген қүрмет осындай-ақ болар. Айтқан серттен айнымас арда сезімге, ұлттың кешегі ұлы махаббатына жыр жолымен қойылған ескерткіш секілді. Қазақы әдет-ғүрып пен өнегенің аясында тәрбие алған қыздың өзі сүйген жігіттің алтын басын ардақтап, бағалай білуі бүгінгі феминистік заманда тосын естіледі.
Шырағымбысың, Шынарымбысың, Қыранымбысың, Жыр-әнімбісің.
Бәрі де сен бол, мен әйел болам, Өзіңе ғана үнауым үшін!
Бұл да тек Ақұштапша ғана айтылган айшықты ойлар, айрықша дара шумақтар. Мұндай өлеңдер, жасырып-жабары жоқ, бүгінгі саусақпен санарлық дарынды өйел-ақындардың кейбірінің жігіттерді кілең жігерсіз, жасық, ұсақ, күйкі тірлік иесі етіп көрсететін адуын жырларынан гөрі жаныма жағыңқырайды. Жігітті ардақтағаннан ақын қыздың лирикалық кейіпкері аласарып қалған жоқ, қайта өз бейнесі биіктеп, асқақтай түскен. Ол ақын да, ана да бола білген асылдардың санатынан.
Анамын бөбегін сағынған,
Ақынмын жыр болып, ағылған.
Көңілмін екіге бөлінген,
Жүрекпін екіге жарылған.
Осы өлеңді оқи отырып сүйсінесің, оқи отырып ерисің. Ақындығына тәнті боласың, аналығына басыңды иесің. Бұл да болса өлең-сөздің қүдіреті."Әйел адамға 18 жасқа дейін жақсы ата-ана, 18-ден кейін жақсы көрік керек, 35-тен кейін жақсы мінез, 55-тен кейін жақсы ақша керек" деген екен атақты американ актрисасы Софи Такер. "Ал ақын әйелге ше?" - дейді біздің бір ойымыз. Меніңше, Аллаға шүкір, Ақұштап апайға осының бәрі де бүйырған. Бірақ нағыз ақынның көңілі бәрібір байыз таппайды, дүниенің бәріне алаң. Өйткені ол мынау мазасыз әлемге, азаттықтың асау арнасына, қоғамдағы қалтқымалы ахуалға, ауылдағы жадау түрмысқа, ұлттың тілі мен ділінің болашағына ақындық жауапкершілікпен, аналық жанашырлықпен қарайды. Сондықтан да ол: Ақ айдын айырбас боп тас қалаға, Тұрсам да жанға жайлы баспанада. Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан, Мен, апа, секілдімін ақ шағала, - деп арыз-арманын жазса, шүбәсіз иланамыз - иланамыз да, ортамызда осындай арзу ақынның барына мың да бір тәуба айтамыз.