Жер пайдаланудың ауданын анықтау
Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылықтың өндірістік қуатына және мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажетті алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше – кішірейтеді):
- мамандығы;
- өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
- қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
- жолдардың жағдайы;
- ауылшаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
- жер массивтерінің конфигурациясы;
- елді мекендердің орналасуы;
- сумен қамтамасыздығы және т.б. Жобалауда барлық факторлар есепке алынады.
Жоғарыда айтылғандай, жер иеленушіліктің және жер пайдаланудың ауданы мен құрамы шаруашылықтың өндірісіне, мамандығына тікелей байланысты. Мысалы, соңғыларға сай олардың талаптарын қанағаттандыратын жер пайдаланудың ауданын табу. Басқаша айтқанда, ол рационалды (ұтымды) болуға тиісті – оған орналастырған ауылшаруашылық мекемесі (серіктестік немесе басқа агроқұрылым) басқаруға ыңғайлы (ара қашықты өтуге өте көп шығын шығармай), шаруашылықтың барлық салаларының табысты дамуына алқаптардың қажетті аудандары мен қатынастарын қамтамасыз ету.
Жер пайдаланудың есептік көлемін табуда:
1. ғылыми мекемелердің ұсыныстары қолданылады: орналасқан аймағына және өндірістік типіне қарай;
2. аналогтар әдісі;
3. статистикалық топтау және орта мөлшерлер тәсілі;
4. есептеу конструктивтік;
5. экономикалық - математикалық;
6. экономикалық - статистикалық модельдеу әдістері қолданылады.
Жер пайдаланудың есептік ауданын анықтауда нақты табиғи-экономикалық аймақ және шаруашылықтың өндірістік типіне байланысты ғылыми мекемелердің ұсыныстары қолданылады. Бұндай ұсыныстарда әрбір аймақ бойынша, шаруашылықтың өндірістік типіне қарай жер пайдаланудың ұтымды аудандары ұсынылады.
Сонымен қатар жер пайдаланудың тиімді мөлшерін анықтауда аналогтар (ұқсастық) әдісі қолданылады. Ұқсастық әдісінің мәні жер пайдаланудың ауданын басқа, сондай табиғи экономикалық аймақта орналасқан және сондай өндірістік типті жоғары тиімді шаруашылықтардың жер пайдалануының мөлшеріне сай белгілеу.
Бұған қосымша, қабылданған жобалық шешімдерді толығырақ негіздеу үшін экономикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Бұл әдістің мәні: шаруашылықтарды статистикалық талдауға салу арқылы ең қолайлы жер иеленушілік ауданы таңдалады. Жер иеленушіліктер олардың аудандарына қарай топтастырылып, әрбір топқа енген шаруашылықтардың экономикалық көрсеткіштерін салыстырып, мақсатқа сай жер пайдаланулардың көлемі айқындалады. Жалпы және тауарлы өнімі бір гектар га. шаққанда ең мол болған шаруашылықтың жер пайдалануының мөлшері орынды (рационалды) болып табылады.
Аталған әдістер арқылы жер пайдалануының ауданы жуық шамамен белгіленеді. Ал оның нақты ауданын табу үшін жерге орналастыру тәжірибесінде басқа бір қатар әдістер пайдаланылады. Оның ішінде баланс, нормативтік, факторлық және т.б. әдістер.
Жерге орналастыруда аса кең тараған әдіс - есептік-конструктивтік әдіс. Оның мәні бірнеше нұсқалардың әртүрлі көрсеткіштерін талдауға салу.
Қазіргі уақытта экономика-математикалық әдіс қолданып жүр. Компьютерлік технологияның және есептеу техникасының дамуына байланысты бұл өте перспективалы бағыт болып келеді.
Аналогтар тәсілі экономикалық-статистикалық тәсілмен толықтырылады. Статистикалық топтау арқылы ауыл шаруашылық алқаптарының көлемі әртүрлі шаруашылықтар кейбір көрсеткіштер (тауарлық өнімнің мөлшері және шығынды қайтару) бойынша топталу арқылы салыстырылады. Жер ауданының бірлігіне келетін тауарлық өнімнің мөлшері ең көп және шығынды қайтару мерзімі неғұрлым қысқа шаруашылықтардың көлемдері тиімді деп саналады. Бұл тәсілдердің дәлдігі төмен.
Баланс тәсілі мал азығының қажеттілігі, жасыл конвейердің, ауыл шаруашылық дақылдары егістерінің көлемінің, егістіктің құрылымын есептегенде қолданылады.
Есептеу-конструктивтік тәсілі, әртүрлі варианттарды салыстыру арқылы орындалады. Тиімді жер пайдаланудың ауданы варианттарды талдауда салыстыру принципін бұзбай, критерий ретінде 1 ірі қара мал (ІҚМ) келетін шартты кадастрлық егістің мөлшерін пайдалану арқылы анықталады. Бұл -ыңғайлы тәсілдердің бірі. Критерий ретінде алынған шартты кадастрлық егістің мөлшері:
(4.1)
онда: Р - бір ІҚМ басына келетін жер көлемі;
Pi, Pz, Рз - егістік, шабындық және жайылым аудандары;
Ki, К2, Кз - нақтылы өлшемдегі егістікті, шабындықты және жайылымды кадастрлық егіске айналдыру коэффиценттері;
N – ІҚМ мал басының саны.
Табиғи алқаптарды кадастрлық егіске аудару коэффиценттері анықталады:
(4.2)
онда: Yi, Y2 - 1 га табиғи шабындықтың және егістікте өсетін көпжылдық шөптің өнімділігі;
C1, С2 - 1 ц шабындық пен 1ц егістікте өсетін көп жылдық шөптің беретін азықтық бірлігі.
Салыстыру индексі:
И=Б: БЭ (4.3)
онда: Б, БЭ- шаруашылықтың және эталон ретінде алынған шаруашылық бойынша бонитет балы.
Бір мал басына қажетті егістің көлемін 15% ұлғайтамыз, сақтандыру қоры ретінде және шабындық пен жайылымның әр жыл бойынша табиғи құбылыстардың әсерінен өнімділіктерінің құбылмалы болуына байланысты.