Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
Тақырып. Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні
Дәріс мақсаты:Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау теориясының пәні мен жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтерін оқып білу.
Негізгі сұрақтары:
1.1 Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
1.2 Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
1.3 Жоспарлау әдіснамасының негізгі элементтері
Жоспарлаудың мәні мен объективті қажеттілігі
Шетелдік және отандық экономикалық әдебиетте «жоспарлау» түсінігінің көптеген анықтамасы бар. Г.Г.Морозова редакциясындағы «Нарық жағдайларындағы болжау және жоспарлау» оқу құралында «Жоспарлау-бұл ел, аймақтар, салалар, барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық даму болашағын әзірлеу жөніндегі мемлекеттің, басқару органдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мақсатты қызметі», Г.А.Кандаурованың жалпы редакциясындағы «Экономиканы болжау және жомпарлау» оқу құралында мынадай анықтама келтірілген «Жоспарлау мақсаттар, басымдықтар, оларға жету жолдар мен құралдарын ғылыми негіздеу үдірісін білдіреді». «Нарық жағдайларындағы болжау және жоспарлау» оқу құралында Л.П.Владимирова берген анықтамаға сәйкес «Жоспарлау-бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз мақсаттарына жетудің ұтымды мінез-құлқын экономикалық негіздеу үдірісі. Жоспарлау мақсаттарды қалыптастыру, басымдықтарды анықтау, қол жеткізу құралдары мен әдістерін анықтау үдерісін білдіреді. Ол көбіне оның барысында дамудың қандай да бір баламасын таңдау негізіндегі шешімдер қабылданатын болжаудың соңғы кезкңі ретінде қарастырылады». «Нарықтық экономика жағдайларындағы жоспарлау және болжау» оқу құралында айтылған Ж.С.Сүндетовтың пікірі бойынша «Жоспарлаудегеніміз – алдағы әрекеттерді қамтамасыз етуге айқын түрде бағытталған ақпаратты өңдеудің ойлау үдерісі». Ж.О.Ихданов, Г.Н.Сансызбаева, А.Н.Саханова секілді бірқатар қазақстандық ғалым-экономистер жоспарлауастарында экономика және оның жекеленген құрағыш бөліктері дамуының көрсеткіштер кешенін, сондай-ақ осы көрсеткіштерді орындау жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеуді ұғынады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларды сомдай келе мынанытұжырымдауға болады: экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі тетіктерінің бірі бола отырып, жоспарлау ел, аймақтар, салалар, барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен болашағын әзірлеу жөніндегі мемлекеттің, басқару органдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілірдің мақсатты қызметтерінің ғылыми-экономикалық үдерісін білдіреді.
Жоспарлаудың объективтік қажеттілігі бірқатар жағдайлардан туындайды.
Біріншіден, қазір экономиканың дамуында ҒТП әсері әрдайым күшеюде, барыншы жетілген және күрделі технологияларға, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың ұтымды нысандарына көшу жүріп жатыр, ал ол болса зардаптарды жоспарлауды, болжамды және болжауды қажет етеді.
Екіншіден, басқарудың қажетті қызметі ретінде жоспарлау мемелекетпен экономикалық дамудағы циклдікті болжау, динамикалық теңгерімділікті ұстап тұру мен пайда болатын деформацияны түзету үшін, экономикалық және әлеуметтік нәтижелердің байланысын орнату, халықтың тұрмысы төмен жіктерін қорғау үшін пайдаланылады.
Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында меншік пен шаруашылық жүргізудің нысандары және өндіріс көлеміне қарамастан кез келген фирма түпкі мақсатқа жету үшін дамудың өз стратегиясын және кәсінкерлік қызметінің тактикасын әзірлеумен шұғылдануы тиіс. Ғылыми негізделген жоспарлау негізінде даму бағытын дұрыс таңдаған жағдайда экономикада сәтті дами алады.
Жоспарлау әдіснамасының қалыптасуындағы экономикалық заңдар жүйесінің ролі
Экономикалық заңдарды тану сатылары мен талаптарын пайдаланудың органикалық бірлігі жоспарлаудың әдіснамасын бейнелейді, оны келесі схема түрінде көрсетуге болады ( сурет 1).
Уақыттың әрбір нақтылы кезеңіндегі қоғамдық шаруашылық дамуының экономикалық заңдылықтары | Жоспарлаудың (болжаудың) мақсаттары мен міндеттері |
Жоспарлуа мен болжаудың әдістері | Жоспарлаудың (болжаудың) әдіснамалық қағидалары |
Сурет 1. Жоспарлау логикасы
Бұл схема жоспарлау логикасын бейнелейді және мемлекеттік жоспар негізіне заңдар жүйесімен анықталатын жалпы талаптар емес, нақтылы тарихи жағдайлар мен нақтылы уақыт кезеңінде осы заңдар көрінуінің нақтылы нысандары жатуы тиіс екендігін көрсетеді. Жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері әрдайым анықталған заңдылықтармен өктемделуі тиіс ( кесте 1.2).
Кесте 1.2 - Өндіріс пен нарықты басқаруда пайдаланылатын экономикалық заңдардың жүйелі жіктемесі
№ | Экономикалық заңдар | Олардың қоғамдық-экономикалық өмірде көріну нысандары | Олардың өндіріс пен нарықты басқаруда пайдаланылу әдістері |
Адамзат қоғамының даму заңы | Әрбір аталмыш қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының әрекеттесу сипаты | Өндірістік қатынастардың қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейі мен сипатына сәйкестігін сипалы түрде реттеу | |
Иемдену заңы | Өндіріс нәтижелерінің адамның, адамдар тобының, таптардың немесе қоғамның іс жүзілік және құқықтық иелігіне көшуі | Иемдену объектілеріне түрлі меншік нысандарын бекіту, соның ішінде оларды жекешелендіру | |
Өндіріс заңы | Адамдардың еңбегі үдерісінде қоғам қажеттіліктеріне сәйкес өнімдерді жасау | Алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің өндірісі жөніндегі қоғамдық еңбекте адамдардың қатысуын ұйымдастыру | |
Уақытты үнемдеу заңы | Мейлінше аз шығындармен барынша көп түпкі өндіріс нәтижелеріне жету | Қоғамдық еңбек өнімділігін бұлжытпай арттыру немесе үнемдеу, жүзеге асыру | |
Қоғамдық өндірістің жроспарлы дамуы заңы | Стратегиялық және маркетингтік жоспарлар бойынша қоғамдық өндіріс пара-парлығын саналы қолдау | Адамдардың өндірістің дамуы мен өз еңбегінің өнімдерін иемденуін стратегиялық және маркетингтік жоспарлау | |
Өзінің өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет үшін тауарларды әркімнің нарықта сатып алуы | Тіршілік үдерісін тұтыну заттарымен, еңбек үдерісін өндірістік құралдарымен жабдықтауды ұйымдастыру | ||
Қоғамдық өндірістің дамуына әркімнің қосқан үлесінің сәйкестігі | Әрбір адамның, ұжымның және қоғамның еңбегі мен табысын реттеу | ||
Айырбастау заңы | Нарықтың түрлі қатысушылары арасындағы айырбас арқылы тауарларды өзара иемдену | Нарықтық қатынастар арқылы тауарлы-ақшалай нысанда еңбек нәтижелерін баламалы айырбастауды реттеу | |
Құн заңы | Тауарларды өндіруге қоғамдық қажетті еңбек шығындарын олардың нетижесімен салыстыру | Тауарлар мен қызметтерге ғылыми негізделген баға белгілеу | |
Сұраныс заңы | Сатып алушылардың тауарлар мен қызметтерге төлем қабілеті бар қажеттілігінің нарықтағы көрінісі | Төлем қабілеті бар сұраныстың объектісі мен құрылымына сәйкес өндіріс бағдарламасын реттеу | |
Ұсыныс заңы | Нарықта өткізу үшін тауарды ұсыну | Сатып алушылар, тұтынушылар сұранысына ие тауарларды нарыққа жеткізу | |
Қажеттіліктердің арту заңы | Алдыңғыларын қанағаттандырудан туындайтын жаңа қажеттіліктердің көрінісі | Сұраныстың өзгеруіне қарай өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ассортиментін арттыру және жаңарту | |
Қол еңбегін машиналықпен ауыстыру | Қоғамдық өндірісті техникалық жетілдіру және қарқындандыру | Өндірістің тиімділігі мен прогрессивтік құрылымын анықтайтын индустрия салаларын басым дамыту | |
Қорлану заңы | Адамдардың өмір сүруі мен еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау үшін қаражатты шоғырландыру | Өндірістік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы негізгі қорларды тиімді кеңейту | |
Экономикалық тепе-теңдік заңы | Бірыңғай қоғамдық-экономикалық қатынастардың тең шамалы қырлары ретінде иемденудің тәсілдері мен нысандарының өндірістің тәсілдері мен нысандарына сәйкестігі | Қоғам ауқымында өндіріс пен иемденуді, ұсыныс пен сұранысты теңдестіру |
Өндірістік қатынастардың әрбір аталмыш қоғамның дамушы өндіргіш күштеріне міндетті түрде сәйкестігінің жалпы экономикалық заңы белгілі. Сонымен бірге өндірістік қатынастардың қалыптасуы ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің әсерімен еңбектің бөлінісі мен кооперациясына негізделетін атап өту керек.