Бақылау сұрақтары. 1. Үй қойларындағы хромосома саны : (2n~)

1. Үй қойларындағы хромосома саны : (2n~)

А) 54;

В) 60;

С) 64;

D) 56;

Е) 50.

2. Дене бітімі жақсы, өнімділігі мен тұқымдық қасиеттері және сапасы жоғары жануарларды іріктеу, селекцияның алғашқы қадамы – ...

А) сұрыптау;

В) таңдау;

С) қорытынды;

D) шағылыстыру;

Е) бонитировка.

3. Тегі бойынша іріктеу келесідей жүргізіледі:

А) өнімділіктің есебі бойынша;

В) экстерьер бойынша;

С) конституция;

D) құйрықтың формасы;

Е) ата тегі бойынша.

4. Генетикалық өзгерістің жалпы фенотиптің әр түрлілігіндегі үлесі:

А) өзгергіштік;

В) тұқымқуалаушылық;

С) тұқым қуалау;

D) аралас;

Е) мутация.

5. Тұқым қуалаушылық коэффициенті мынанай әріппен белгіленеді:

А) C;

В) h;

С) G;

D) r;

Е) M.

6. Белгілі бір бағыттағы алға қойған мақсат үшін жануарларды іріктеу – ол...

А) сұрыптау;

В) жұп таңдау;

С) таңдау;

D) шағылыстыру;

Е) гибридтеу.

7. Ет, жүн және т.б өнімдерін арттыру үшін екі немесе бірнеше тұқым малдарын будандастыру кезінде бірінші ұрпақты қолдану:

А) гибридтеу;

В) таза тұқымдық будандастыру;

С) өндірістік будандастыру;

D) сіңіре будандастыру;

Е) ұрпақ беру.

8. Аз өнім беретін саулықты көп өнім беретін қошқармен шағылыстыру қатары:

А) сіңіре;

В) кезек;

С) зауыттық;

D) өндірістік;

Е) ұрпақ беру.

9. Саулықтарды әртүрлі өнімділік бағыттағы аналогиялық тұқымдарымен шағылыстыру:

А) тура будандастыру;

В) кезек будандастыру;

С) өндірістік будандастыру;

D) сіңіре будандастыру;

Е) Зауыттық будандастыру.

10. Кезек будандастырудың биологиялық басты мақсаты болып:

А) гетерозис;

В) инбредті депрессия;

С) доминанттылық;

D) рецессивтілік;

Е) гормезис.

Ойды бонитировкалау

Асыл тұқымды қой өсіретін және тауарлы мал фермаларының тұқымдық мал топтарында қойдың құндылығын анықтау және оларды одан әрі пайдалану үшін малға негізгі өнімдік белгілері бойынша баға беріледі. Малды бұлайша бағалау бонитировкалау деп аталады.

Бонитировка– малды конституциясы, экстерьері, тұқымдық қасиеті және өнімділік жағынан кешенді бағалау. Бонитировканың түпкі мақсаты - қой өсірудің қабылданған бағытына сай келетін ең жақсы малды таңдап алу және тұқымдылығы мен өнімділік сапасы төмен малдарды бракқа шығару болып табылады. Селекциялық жұмыс үшін таңдап алынған малдарды жыл сайын байқаудан өткізіп, олардағы негізгі белгілердің біліну, қайталану дәрежесіне баға беріп, оларды алдағы уақытта қай бағытта пайдалану керек екендігін анықтап, қадағалап отырады.

Бонитировка тұқымдық есеп құжаттары негізінде және бонитировка ережесіне сай малды тексеріп-байқау арқылы жүргізіледі. Оның жүргізілу уақыты - қойдың негізгі беретін өнімдері толық кемеліне келген уақытында болуы тиіс. Мәселен, биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді қойларды бір жасқа толғанда, қой қырқу алдында бонитировкаласа, қаракөл қойын туғаннан кейін 2-3 күндігінде бонитировкалайды. Ұяң, қылшық жүнді және қаракөл қойларын 1,5 жасында қосымша бонитировкалайды. Бұл кезде олардың еттік және жүндік қасиеттерін анықтай түседі. Бонитер қойдың барлық жағынан жақсы көріп бағалау үшін өз бойына қарай шұңқыр қазіп, немесе арнаулы станок - қондырғыда жұмыс істеу тиіс.

Қойды қирап, бонитировкалағанда, қозыларды бөлгенде, зоотехниялық және мал дәрігерлік тексеруден өткізгенде, қан алғанда алдын ала еккенде істелетін жұмыстарды механикаландыру үшін, сонымен қатар малды автоматты жолмен таразыдан өткізу үшін Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтының механикаландыру зертханасы (М. Абдоллаев, Қ.С. Сәбденов, Ж.Л. Қарабаев және т.б.) қойларды қарауға арналған құрылғы мен жабдық жасаған.

Оның конструкциясы күрделі емес, сондықтан шаруашылықтар өз күшімен немесе ауыл шаруашылығы техникасы кәсіпорындары жасай алады. Құрылғының жұмыс істеуі үшін қосымша энергия қажет емес, сондықтан электр энергиясы көзінің бар-жоғына қарамастан, оның жылжымалы нұсқасын жайлауларда пайдалана беруге болады.

Құрылғаның шағын бөлімшесі болады, қойды бөлетін өткелегі бар, ол тұтас қалқан қоршаулардан тұрады, қалқандар бір-бірімен және қондырғының салмақ түсетін рамасымен топса арқылы жалғастырылып бекітілген. Өткелектің жан-жағындағы қоршауының тіреулерінің төменгі жағында П тәріздес планкілер түріндегі әр қойдың қозғалуын шектегіштер бар, өткелектің ұзына бойындағы осіне перпендикуляр етіп бөліп тастайтын қалқандар орнатылған. Қондырғының негізгі рамасына роликті механизм арқылы платформаның серіппелі механизмінің есебінен жылжып тұратын тік тор орнатылған, тор өлшейтін аспаппен (динамометрмен) жабдықталған, өлшегіш құрылғының төрт тіреуге орнатылған ені тарыла беретін бекіткіші бар. Негізгі раманың алдыңғы және артқы бөліктерінде жылжып орын ауыстырып отыратын есіктері бар. Жұмысты оңайлату, сенімдірек ету және жұмысқа ыңғайлы болуы үшін бонитер жағынан көлбеу жылжытып отыруға мүмкіндік беретін роликтерге орнатылған перде қойылған.

Бақылау сұрақтары. 1. Үй қойларындағы хромосома саны : (2n~) - student2.ru

50 Сурет. Қойды қарап, бонитировкалауға арналған құрылғы:

1 - шағын бөлімше; 2 - өткелек; 3 - бөлгіштер; 4 негізгі (салмақ түсетін) рама; 5 — динамометр; 6-роликтер; 7-жылжымалы рама; 8-11 - реттейтін төлкелер; 9 -тор; 10 - рама-перде.

Құрылғы былай жұмыс істейді. Шағын бөлімшеге кіргізілген қойлар өткелекке барады да, бөлетін қалқаннан оңай аттап өтіп, тұрады, бөлгіш қалқан оны қайтадан жібермейді. Жылжымалы раманы топтағы қойлардың кеуде ені бойынша реттейді, бұл қойлардың кұрылғыға еркін кіруіне мүмкіндік береді. Содан соң алдыңғы есігін көлденең жылжыта отырып, жолды жабады. Қой торда еркін орналасады. Ол мал массасының әсерінен бастапқы орнынан жылжиды. Беліктері бар шкаламен жабдықталған динамометр автоматты түрде қойдын массасын көрсетеді. Бонитер пердені ысырып, малды қарап, өлшейді. Содан соң қой ашық есікке қарай жіберіледі, ал өткелекке келесі қой кіргізіледі. Жұмыс үрдісі осылай жалғаса береді.

Ұсынылып отырған құрылғының конструкциясы қарапайым, және қойды сенімді түрде бонитердің қасына бекітуге, өлшеуге, қарауға, емдеп, бонитировкалауға мүмкіндік береді.

Бонитировканың екі түрі бар. Біріншісі - кластық, екіншісі – жеке бонитировкалау. Кластық бонитировкалау тауарлық бағыттағы шаруашылықтарда жүргізіледі. Мұнда қойдың жеке қасиеттері жазылмайды, оның жататын класы анықталған соң, сол кластың малының жалпы санына қосылады. Жеке бонитировкалау асыл тұқымды қой шаруашылықтарында, фермаларында жүргізіледі. Мұнда арнаулы бонитировканың әдісі бойынша қойдың бойындағы барлық ерекшеліктері мен қасиеттері құжатқа түсіріледі. Бұдан алынған нәтижелер онан арғы селекция жұмысында пайдаланылады.

Жеке бонитировкалауға жататындар:

а) элита (таңдаулы) тобына бөлінген қойлар, асыл тұқымды қой зауыттар мен қой шаруашылықтарында зауыттық 1 кластық малдар;

б) өз табынын толықтыру үшін қалдырылатын және басқа шаруашылықтарға тұқым үшін сатылатын жас малдар;

в) класына қарамастан қошқарларды ұрпағына қарай тексеруге пайдаланылған саулықтар мен олардан алынған төл;

г) элита және 1 класс саулықтарының төлдері.

Қошқарларды олардың жасына қарамастан жыл сайын жеке бонитировкалау және сол жылғы күзде қойды қолдан ұрықтандыру науқанынан бұрын бағаланып, малдәрігерлік байқаудан өткізеді.

Элита және бірінші класты қойларды, сол сияқты олардың кейбіреулерінің төлдерін, есеп үшін және ерекшеліктерін бағалау үшін барлық ережелерге сай өлшеп отырады. Қырқылған жүннің түсімін, жүннің класын, таза талшық шығымын анықтайды. Таза талшық шығымын отар және әрбір аталық қошқар бойынша анықтап отыру үшін қой тұқымын асылдандыру шаруашылықтарының әрқайсысында міндетті түрде жүн зертханасы болғаны жөн.

Отарлардағы қойды жақсы азықтандырып, күтіп-баққан жағдайда, селекция жұмысын дәйекті жүргізгенде өндірілетін жүннің өнімділігі, басқа өнімдері де жақсара түседі. Мұны үнемі жүргізіп отырған есептің мәліметтерінен айқын көруге болады. Қойды 1-ші өз өнімділігімен, 2-ші тегінің көрсеткіштерімен, 3-ші ұрпақ сапасымен бағалайды.

Тұқым үшін таңдап алынған қошқарлардың тұқымдық қасиетін және өнімділік сапасын жеке бағалап, әбден зерттейді. Қошқардың өз ұрпағын жақсарту немесе нашарлату қасиеттері оның ұрпағын бағалау арқылы жүргізіледі. Ал қошқарды шығу тегі бойынша бағалау, оның генетикалық жаратылысы жөніндегі мағлұматтар арқылы жүргізіледі. Қошқардың аталық және аналық тегі жөніндегі деректер оның тұқымдық куәлігі бойынша анықталады. Егер ата тегінің өнімі рекордты, белгілі бір ата ізге жатса, не мемлекеттік тұқым мал кітабында жазылса, ондай қошқарлар жоғары бағаланады.

Тәжірибеде қошқарлардың бәрі бірдей ұрпағына өзінің жақсы қасиеттерін бере бермейді. Сондықтан да, қошқарларға ұрпағының сапасы бойынша баға беру селекция жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации