Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Студенттерге арналған пән силлабусы

Студенттерге арналған пән силлабусы

1. Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы Азаматтық құқығы Жалпы бөлімі Пәннің коды GPRK (och) - 1211 Кредит саны Курс, семестр 2, 3
Мамандық атауы   Мамандық шифрі 5В030100 «Заңтану» Кафедра Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу Факультет экономика және құқық
Оқу түрі іштей Оқыту тілі мемлекеттік
Кеңес беру уақыты – сабақ кестесі бойынша  
Рейтинг кестесі (7, 15 аптасы)  
Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы Рамазанова Айнур Серикхановна, доцент, з.ғ.к.   Байланысу ақпараты (жұмыс телефоны, ұялы телефон номірі, e-mail) 8(7232) 540-149, 87772981297, e-mail – [email protected]
Оқытушының қолы   Кафедра меңгерушісі Сабитова А.А.

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Курстың өзектілігі: Азаматтық құқық жоғарғы заң оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің ішінде ең бір маңызды оқу пәні ретінде танылады. Басқа оқу пәндерінен ерекшелігі азаматтық заңдардың қазіргі қоғамда алатын орнында. Себебі, азаматтық құқық саласындағы заңдар нарықтық экономиканың берік негізін, тауар-ақша қатынастарының өркендеуі мен дамуын, заңды тұлғалар мен азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғайды.

«ҚР Азаматтық құқығы» курсын Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлуге байланысты дәрістер саны оқу жоспары бойынша аталған бөлімдерге сәйкес тең мөлшерде бөлінеді. Дәрістерде негізгі азаматтық-құқықтық түсініктер, институттар, ережелер, ҚР әрекет етуші азаматтық заңнамасындағы өзгерістерін ескере отырып конструкциялар және оларды қолдану тәжірибесі айтылады. Рим жеке құқығынан алынған нормалар мен институттарға ерекше мән беріледі. Рим құқығының нормаларын білу азаматтық құқық курсын айтарлықтай толық және жақсы меңгеруге алғышарт болады. Негізгі азаматтық құқықтық институттарды қарауда өзге құқықтық жүйе мен мемлекеттердің ұқсас институттарымен салыстырмалы анализ жасалады, сол сияқты отандық азаматтық құқықтың қазіргі теориялық және практикалық мәселелері ашылады.

Пәнді оқытудың мақсаты: азаматтық құқықтың негізгі теориялық ережелерін студенттерге түсіндіру, азаматтық заңнамалардың маңызы мен олардың нарықтық экономиканың қалыптасуына ықпалы мен маңызын түсіндіру, қазіргі кездегі азаматтық заңнамалардың сапалық құрамы мен даму болашағын саралау, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарын құқықтық реттеу туралы білімін қалыптастыру, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету.

Пәнді оқытудың міндеті – студенттерге азаматтық заңнамалар негіздері туралы мәлімет беру, азаматтық заң нормаларын тәжирибе жүзінде қолдана білуді үйрету, азаматтық құқықтық қатынастар кезінде болашақ заңгерлердің азаматтар мен заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыру.

3. Пәннің пререквизиттері - курсты зерттеп және ілгері алып кету үшін Мемлекет және құқық теориясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығын, Рим жеке құқығын, Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихын, негізгі заң терминдерін білу қажет.

4. Пәннің постреквизиттері -бұл пән бойынша алған білімдер мынадай келесі пәндерді зерттеуде пайдаланылуы мүмкін: кәсіпкерлік құқық, салық құқығы, мұрагерлік құқық, қаржы құқығы, банк құқығы, аграрлық құқық, жер құқығы, отбасы құқығы, атқарушылық өндіріс, азаматтық процесс, сақтандыру құқығы, халықаралық жеке құқық, нотариат және т.б

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

  Пән тақырыптарының атауы апта Дәрісханалық сабақтар Тапсырма түрі (сипаттамасы) Барлығы (сағ)
Дәріс (сағ.) Пр/сем./зертх./ студ саб (сағ.) СОӨЖ (МОӨЖ) (сағ.) СОӨЖ (МОӨЖ) (сағ.) СОӨЖ (МОӨЖ) (сағ.) Бақылау түрі  
Азаматтық құқықтың түсінігі.   Жазбаша Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»
Азаматтық-құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау Жазбаша «Заңдылық факт» атты баяндама жасау
Азаматтық құқықтың обьектілері.   Жазбаша «Бағалы қағаздар» атты баяндама жасау №1 Есеп шығару (АҚ практикалық сабақтар материалдарын қарау )
Азаматтар азаматтық құқықтың субьектісі.     Жазбаша ҚР Конституциясынан негізгі азаматтық құқықтарды жазу, №2 Есеп шығару (АҚ практикалық сабақтар материалдарын қарау ) «Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері» атты баяндама жазу
Заңды тұлғалар. Жазбаша ЖШС, ҚЖС, АҚ-ның құрылтай шарттарының жобасын құрастыру Заңды тұлғаны тіркеу атты схема жасау №3 Есеп шығару (АҚ практикалық сабақтар материалдарын қарау )
Мәмілелер. Өкілділік. Жазбаша Жарамсыз мәмілелер кестесін жасау №4,5 Есептерді шығару (АҚ практикалық сабақтар материалдарын қарау ) Сенімхат жобасын құрастыру
Мерзімдер. Талап мерзімі. Ауызша Коллоквиум
Меншік құқығының ұғымы. Ортақ меншік. Өзге де заттық құқықтар. Жазбаша Виндикациялық және негаторлық талап жобаларын құрастыру  
Меншік құқығын қорғау. Жазбаша Кондоминиум, «ҚР меншік құқығының түрлері мен нысандары» атты баяндама жасау  
Міндеттеменің ұғымы мен міндеттемедегі тараптары.   Жазбаша Тренинг өткізу
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Жазбаша Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түрлері атты схема жасау
Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық. Жазбаша Есептер шығару
Міндеттеменің тоқтатылуы Жазбаша Есептер шығару
Шарттың ұғымы және жағдайлары. Жазбаша Оферта жобасын жасау акцепт жобасын жасау  
Шарт жасасу, өзгерту және бұзу. Жазбаша Шарт жобасын жасау Тест тапсырмалары
         

6. Зерделеуге арналған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Азаматтық құқық оқулығы. Бірінші бөлім. - Алматы, 2002 ж.

2. ҚР Азаматтық құқығы. Жалпы Бөлім. Оқулық. - Алматы: Данекер, 2011 ж.

3. Гражданское право. Т.1. Учебники российских издательств. – М., 2010 г.

4. ҚР АК түсіндірме. 1 бөлім. – Алматы, 2003 ж.

5. ҚР Азаматтық құқығы оқулығы. 1бөлім. - Алматы, 2010 ж.

Қосымша әдебиеттер:

6. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому праву РК. – Алматы, 2000

7. Басин Ю.Г. К вопросу о понятии права собственности // Юрист. - 2003. - №8. - С. 14-19

8. Басин Ю.Г. Сделки в гражданском праве. – Алматы, 2000

9. Бахтыбаев И.Ж. О результатах проверок применения законодательства, направленного на защиту прав предпринимателей // ПиП, 1997, № 16.

10. Белов В.А. Залоговые правоотношения: содержание и юридическая природа // Законодательство. - 2001.- № 11.

11. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 1 - М.: Статут, 1998

12. Брагинский, Витрянский. Договорное право. Книга 2. –М.: Статут, 2000

13. Вещные права в Республике Казахстан / Отв. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы: Жетi-Жаргы, 1999. – 360 с.

14. Джусупов А.Т. Право собственности и иные вещные права – Алматы, 1999

15. Еркинбаева Л.К. Правовое регулирование деятельности крестьянского (фермерского) хозяйства в РК.- Алматы: Баспа, 2000.- 40 с.

Наши рекомендации