Ауыл шаруашылық өндірісінің шығынын анықтау және өтеу жолдарын белгілеу
Жердің ауыл шаруашылық айналымынан тұрақты немесе уақытша тыс қалуы ауылшаруашылық өндірісті белгілі бір мөлшерде шығынға әкеліп соғады. Заң бойынша бұл шығындар өтелуге тиісті. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы немесе жеке меншігіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезде де ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығын өтелуге тиіс.
Ауыл шаруашылығының және жер пайдаланушылардың шығынын анықтау және оны қайтару тәсілдері әр нұсқа бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 8 қараша 2003 жылғы № 1037 «Ауыл шаруашылықтық және орман шаруашылық шығындардың көлемін және қайтару жолдарын анықтау жайында, ауыл шаруашылық және орман алқаптарын ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығынан басқа нысанада пайдалану үшін алуларына байланысты жер иелерімен жер пайдаланушыларға келетін зиянкестердің көлемін және шығындарын анықтау, оны қайтару жолдары жайында» тәртіпті бекіту Қаулысы бойынша анықталады [23].
Олардың көлемі жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік Агенттік дайындайтын нормативтер арқылы анықталады. Бұл Қаулы бойынша шығындардың мөлшері алынған жердің ауданына және жаңа жер учаскелерін игеруге қажетті қаржының көлемінде белгіленеді. Мысалы, топырақтың бонитет балына қарай оның шамасы әрбір гектарға 141,6 мың теңгеден 580,4 мың теңгеге дейін барады (2010 ж. бағасымен).
Ауыл шаруашылығына жатпайтын пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындар ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі мен олардың сапасын қалпына келтіру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейін сақтау мақсатында бюджет кірісіне өтелуге тиіс.
Бұл тәртіп бойынша ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге алынған ауылшаруашылық және орман шаруашылығы жерлерінің орнына жаңа жерлерді игеру нормативтік құны анықталады:
- ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге ауыл шаруашылық жерлерді уақытша пайдалануға бергендегі ауылшаруашылық өндірісінің шығынын пайызбен жаңа жерді игерудің нормативтік құны есептелінеді;
- ауыл шаруашылық өндірісінің шығынын қайтаруға арналған қаражаттар жер ресурстарын басқару Агенттігінің арнайы есеп-шотына аударылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығын жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезден бастап алты ай мерзімде өтелуге тиіс.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындарды өтеу тәртібі:
- ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауылшаруашылығы алқаптарын және орман шаруашылығы жерлерін алып қойған кезде, шығындардың мөлшері жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылатын жерге орналастыру жобасының құрамында анықталады;
- өтелуге тиісті шығынның мөлшері жаңа жерді игеруді немесе алқаптарды ауылшаруашылығы өнімін өндіру деңгейіне дейін жақсартуды қамтамасыз ететін нормативтерді негізге ала отырып, алып қойылатын алқаптардан алынатын өнімнен немесе олардың сапасы төмендегенге дейін алынған өнімнен кем түспейтін көлемінде анықталады;
- ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауылшаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауылшаруашылығы өндірісіндегі шығынды өтеу нормативтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
- жер учаскесі берілген заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебінен өнімділігі төмен немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабаты төселген жағдайда алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын қаражат есептеліп, шығын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеледі;
- шығынның мөлшері жер учаскесін алуға мүдделі тұлғамен келісіледі және жергiлiктi атқарушы органның шешімімен бекітілетін жер учаскесіне құқық беру туралы актімен рәсімделеді;
- жер сапасының нашарлауынан туындаған шығынның мөлшері алқаптарды бір түрден екіншісіне ауыстырмайтын жағдайларда олардың сапасының төмендеуіне сәйкес нормативтердің (жерді кадастрлық бағалау бойынша) пайызымен анықталады;
- алқаптар сапасының төмендеуіне байланысты оларды бір түрден басқа түрге ауыстырған жағдайда шығын мөлшері алқаптардың тиісті түрлеріне арналған нормативтердің айырмасы бойынша анықталады;
- ұйымдар мен азаматтардың қызметі нәтижесінде жердің сапасының нашарлауынан келген шығынды өтеу жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның өкілетті органының талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі.
Жер берілген ұйымдар, мекемелер және басқа кәсіпорындар ауыл шаруашылық өндірісі тартқан шығындарды өтеуге міндетті. Бұл талап ауыл шаруашылығының өндірістік потенциалын (жермен байланысты) алғашқы қалпына келтіру мақсатымен қойылған. Төлемдердің көлемі бөлінген жер учаскесінің ауданына тең жерді жаңадан игеруге (бүкіл керекті шаралар кешенін жүзеге асыруға) қажетті қаржылардың мөлшерімен теңестіріледі. Бұл қаржылардың көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген нормативтер арқылы есептеледі. 8.10.2003 жыл №1037 «Ауылшаруашылық алқаптарын ауыл шаруашылығына жатпайтын мұқтаждықтарға алғандағы жер иеленушілер, жер пайдаланушылар және жалға алушылар шегетін залалдар мен ауылшаруашылық өндірісіне келтірілген шығындарды анықтау реттілігі жөніндегі Ережені бекіту туралы» деген құжатты қабылдады. Осы нұсқау бойынша бұл бағыттар мен мазмұндарына нақтылау түрде сипаттама беріп өтелік.
Жердің пайдалануы, басқа табиғи ресурстардың пайдалануы сияқты құқықтық реттеуді талап етеді. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл жөніндегі арнайы құжаттар жүйесі дайындалады. Сондай құжаттардың негізгісі болып Қазақстан Республикасының экологиялық Кодексы (09.01.2007 №212-3) табылады. Бұл заңда жер мемлекеттің ерекше меншігінде екендігін ескере отырып, оның қорғауының негізгі принциптері атап көрсетілген. Оңда айналадағы табиғи ортаны қорғау заңдарының бұзылғаны үшін жауаптылықтың түрлері белгіленген. Аталған заңды бұзғаны және айналадағы табиғи ортаға зиян келтіргені, не зиян келтіруге нақты қатер төндіргені үшін лауазымды адамдар мен азаматтар тәртіптік, материалдық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Жалпы алғанда жерді қорғау жөніндегі құқықтық шаралардың мәні келесідей: әр түрлі құқықтық ic-әрекеттер арқылы жерді ысырапсыз жұмсаудан, талан-таражға салудан сақтап қалу.
Табиғат қорғау жөніндегі құқықтық шаралар жүйесінің мазмұны жалпы түрде мыналарды қамтиды:
- азаматтардың осы саладағы құқықтары мен міндеттерін;
- айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқару органдары мен экономикалық механизмдерін;
- айналадағы табиғи ортаның сапасын нормалауды;
- экологиялық сараптамалауды (экспертиза);
- шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптарды;
- айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды;
- халықтың табиғатты қорғауға қатысуы және экологиялық тәрбие мен білім беруді;
- лауазымды адамдар мен азаматтардың аталған заңды бұзғаны үшін жауаптылығын, заңның бұзылғанынан келтірілген залалдардың өтелуін.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (20 тарау 164-167 бап) жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық белгіленген. Бұнда жер учаскелерін өз бетінше иеленген, жерлерді әртүрлі химиялық және радиоактивтік заттарымен ластаған, олардың құнарлығының төмендеуіне кінәлі, нысаналы мақсатында пайдаланбаған және басқа осы заңда атап көрсетілген талаптарды орындамаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Нарықтық экономика жағдайында жерді қорғау жөніндегі шаралар экономикалық бағытқа негізделуі тиіс. Бұл - объективтік процесс, өйткені жерді пайдалану қатынастары, бірінші кезекте, шаруашылық субъектілердің экономикалық мүдделеріне негізделуге тиісті.
Қазіргі жер заңдылығы бойынша (Жер Кодексі 164-168 баптар) жерді экономикалық тұрғыдан қорғау жөніндегі шаралар ретінде оны ауыл шаруашылық айналымнан алған жағдайларда жер иеленушілерге келтірілген залалдар мен ауыл шаруашылық өндірісінің шеккен шығындарын өтеу орын алады. Бірақ бұл екі төлем ауыл шаруашылығына келтірілген залалдарды толығымен қайтармайды, өйткені бұл сала жерден жыл сайын тұрақты өнім алып тұрады, ал жер иеленушілер шеккен залалдар мен ауылшаруашылық өндірістің шығындары бір-ақ рет өтеледі, сондықтан бұл жөнінде қазіргі кезде бір қатар ғылыми іздестірулер жүргізілуде (С.А. Ткачук, Я.Я. Мауль, В.В. Акимов еңбектерінде) [15, 33б].
Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша жерді экология және экономика жағынан тиімді пайдалану үшін төлемдердің мынандай түрлерін міндетті түрде енгізу қажет:
- ауыл шаруашылығы айналымнан шығарылғаны үшін жерге төлемді, жыл сайын алынбай қалған өнімнің көлеміне теңестіру;
- жер ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылғаны үшін төлем (жыл сайынғы рента);
Ауыл шаруашылық өндірісінің шығындарын жаңа жерлерді игеру немесе суармалы жерлерді жақсарту арқылы өтеуге болады. Егер ауыл шаруашылық айналымнан суармалы жер шығарылса, келтірілген шығындардың көлемі сондай ауданды суармалы жерлерді игеру құнына теңестіріледі.
Ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі алынған жерлерің сапасына қарай есептеледі. Ауылшаруашылық алқаптардың құндылығы бағалау шкаласы бойынша орташа салмақтық аудандық (облыстық) бонитет балымен анықталады. Соңғысы мына формула арқылы табылады:
(4.14)
онда: Борт – бөлінген алқаптардың орташа бонитет баллы;
Б1,Б2,…Бn - бөлінген алқаптардың құрамындағы топырақтардың баллдары;
Р1, Р2, ... Рn - топырақтың аудандары, га.;
Р – бөлінген алқаптардың жалпы ауданы, га.
Орташа салмақтық аудандық (облыстық) бонитет баллының орташа бонитет балынан айырмашылығы – оның мәні неғұрлым үлкен ауданды алып жатқан топырақтың бонитет балына жақын болады, яғни жер учаскесін неғұрлым дәл сипаттайды.
Нақты бөлінетін жер учаскесінің құнын анықтау үшін оның бонитет балы орташа салмақтық аудандық (облыстық) бонитет балына бөлініп, сол жер учаскесі бойынша түзету коэффициенті анықталады:
(4.15)
онда: Бу – бөлінген нақты учаскенің балы.
Құрамына әртүрлі алқаптар кіретін учаске үшін төлем ақының жалпы көлемі мына фopмyла бойынша анықталады:
Та = (Р1 * Кт1 * Kc1 * К1) + (Р2 * Кт2 * Кс2 * К2) ...+... (Рn х Ктn х Ксn х Кn); (4.16)
онда: Та – төлемнің жалпы көлемі, теңге;
Р1, Р2, ...Рn - алынған алқаптардың аудандары, га;
Кт1, Кт2,…Ктn – алқаптардың сапасын ескеретін түзету коэффициенттері;
Кс1, Кс2,…Ксn - алқаптарды суармалы жерлермен теңестіретін коэффициент;
К - 1 га жаңа жерлерді игеруге қажетті қаржылардың құны, теңге.