Шикізат, пайдалы қазбалар түсінігі, жіктелуі және оларды экономикалық бағалау
Шикізат - бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады.
Шикізат - табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі. Бірнеше түрлері сараланады: борлық шикізат (бор алу үшін қолданылады, каолиндік шикізат (керамика мен отқа төзімді материалдар алуда, сондай- ақ, бірқатар технологиялық процестерде қолданылады), цемент шикізаты және т.б.
Кесте 9 – Өндірістік шикізат түрлері
Өндірістік шикізат | |
Минерал текті шикізат | Жасанды шикізат |
яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар | яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар |
минерал текті шикізаттардың табиғи түрлері кең тараған. | |
Ол өнеркәсіптің минералдық - шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электроэнергетика сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен әсер етеді. |
Еңбек заты ретінде шикізат және отын-энергетикалық болып пайдаланатын барлық материалдар ресурстары шартты түрде екіге бөлінеді.
Шикізат ресурстары әртүрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланатын еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді.
Өңделмеген шикізат деп - жерден қазып алынған немесе өңделген және соның арқасында белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек затын айтамыз.
Шикізатқа кен өндіруші өндірістің өнімі (руда, мұнай, көмір және т.б.) және ауылшаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері жатады, ал материалдарға өңдеуші өндірістің өнімі жатады.
Материалдар – өнімді дайындау және өндіріске қызмет көрсету үшін көбінесе еңбек заты ретінде пайдаланылатын әр түрлі заттай элементтер. Өнім тікелей солардан дайындалатын негізгі материалдар және кәсіпорынның өндірістік пайдалану мұқтаждары үшін пайдаланылатын көмекші материалдар (мысалы‚ жағар май) түрлеріне бөлінеді. Олардың жүйелендірілген тізбесін номенклатура деп атайды. Материалдар әрбір өндірістік циклде толық пайдаланылып‚ өзінің құнын дайын өнімге көшіреді‚ сондықтан айналым құралдарына жатқызылады. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларында олардың өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы елеулі, сондықтан оларды ұдайы үнемдеу талап етіледі. Кен өндіруші салаларда негізгі материалдар болмайды‚ өйткені мұнда табиғат заты еңбек заты болып табылады. Материалдардың пайдаланылу деңгейін бағалау үшін бұйымның меншікті материал сиымдылығының көрсеткіштері‚ материалдардың пайдаланылу және қолданылғыштық коэффициенті‚ т.б. қолданылады. Отын мен электр энергиясы да материалдарға жатқызылады.
Кесте 10 – Материалдар түрлері
Материалдар | |
Негізгі материалдар | Көмекші материалдар |
дайын өнімнің құрамына табиғи түрінде кіріп, оның материалдық негізін құрайды | дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақта оның түзелуіне әсер етеді. |
Отын мен энергия өзінің экономикалық ерекшілігіне қарай көмекші материалдарға жатқызылады, бірақта оның ерекше маңыздылығына байланысты ресурстардың жеке тобына жатқызылады. |
Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға белінеді: жанғыш —көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар; құрылыстық —гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар; химиялық шикізат — күкірт, калий тұзы, апатит,графит тағы басқалар.; отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді.
Өнеркәсіпте пайдаланатын пайдалы қазбаларды келесі топтарға бөледі.
Сурет 8 – Пайдалы қазбалардың топтары
Экономикалық тұрғыдан пайдалы қазбалар ең алдымен сапасымен және оның көлемімен сипатталады.
Сурет 9 – Пайдалы қазбалардың экономикалық тұрғыдан бөлінуі
Жердің минералды ресурстарын, яғни шикізат пен энергия қорларын пайдалану, адамзат өркениетінің барлық сатыларында дамуының негізі.
Барлау және зерттелген деңгейіне байланысты пайдалы қазбалар қорлары үш санатқа бөлінеді:
Сурет 10 – Пайдалы қазбалардың санатқа бөлінуі
Өндірістік қорлар – теңдестік қордан пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейінгі қалған қор. Пайдалану кезінде неғұрлым ысырап аз болған сайын теңдестік қор сол құрлы мол өндіріледі, соның арқасында пайдалы қазба орындары соғұрлым оңтайлы пайдаланады.
Қандай болмасын пайдалы қазба орындарының әр түрлі экономикалық маңызы болады. Олардың жақсысын анықтау үшін ең алдымен геологиялық және технологиялық бағалаудан өткізіп, сонан кейін ғана экономикалық баға беріледі.
Пайдалы қазбалардың кез келген кен орнының экономикалық маңызы болады. Ең үздігін анықтау үшін оларға экономикалық бағалау жүргізіледі. Оның алдында геологиялық және технологиялық бағалау жасалады.
Геологиялық бағалауға кен орны туралы жалпы мәліметтер, ауданның геологиялық сипаттамасы және кен орнының геологиялық құрылысы кіреді.
Геологиялық бағалау негізінде геологиялық запастар, пайдалы қазбалардың сапасы, кен орнының орналасуының геологиялық жағдайы, кен шығатын орынның тереңдігі, топырақ қабатының қуаты және басқалар анықталады.
Геологиялық бағалау үшін кен орны, оның геологиялық сипаттамасы мен қүрылымы жайлы жалпы мәліметтер пайдаланылады.
Геологиялық қорлар, пайдалы қазба орнының сапасы, кен орнының орналасуының тау- геологиялық жағдайлары, кен шығару тереңдігі, кеннің молдығы және т.б. геологиялық бағалау үшін негіз болады.
Технологиялық бағалау кен шығатын орынның технологиялық мүмкіндігін, қазбалардың өндіруге болатын көлемін, аршу, дайындау әдістерін анықтау үшін және т.б. жасалады.
Технологиялық бағалау технологиялық өңдеу мүмкіншілігін, кен шығару көлемін, жер қойнауын ашу тәсілін, дайындық жұмыстарын және т.б. анықтау үшін қажет.
Геологиялық және технологиялық бағалаудың арқасында кен орнының экономикалық бағалануы жүргізіледі және ол кез келген кен орнының пайдаланғанда келесі көрсеткіштер анықталады:
ü жалпы және салыстырмалы күрделі қаржылар;
ü өндіруге, байытуға және өнімдерді сатуға кеткен шығындар;
ü табыстылық көрсеткіші;
ü еңбек өнімділігі;
ü пайда және табыстылық;
ü өтеу мезгілі;
ü дисконтты таза табыс.
Дисконтты таза табыс (ДТТ) мына формуламен анықталады:
ДТТ = ∑ (Zt – St ) / (1+E)T - K
Zt– кен орнын пайдаланудың t -айналымында дана бойынша барлық алынған және сатылған, ілесіп шығарылған өнім құндылығы;
St - кен орнын пайдалануың t -айналымында кен өндіруге, байытуға және сатуға кеткен шығындар;
К - кен орнын өңдеуге қажетті күрделі қаржылардың дисконттық мөлшері:
К = ∑Кt × (1+Е)t
мұнда: Кt - кен орнын пайдалануың t -айналымында кен өндіруге қажетті күрделі қаржылар;
Е – дисконттың мөлшерлемесі;
t - өтеу уақыты;
Егер ДТТ > 0 болса, кен орнын пайдалану тиімді деп саналады. Неғұрлым ДТТ мөлшері көбірек болса, соғұрлым экономикалық бағасы жоғары болады. Оны анықтағанда өтеу мерзімі, табыстылық көрсеткіші, табыстылықтың ішкі мөлшері және т.б. ескеріледі.
Осы көрсеткіштерді салыстыра отырып, әрбір кен орнының әлеуеті бойынша пайдалану кезегі анықталады.