Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері. Мүдделі топтар: түсінігі, қызметтері және жіктелуі. Қысым топтары.

Саяси партиялар және қоғамдык-саяси козғалыстар: ұғымы, мәні, белгілері және қызметтері. Партия ұғымы латынның«pars»деген сөзiнен шыққан, ол бөлу, бөлемiн деген мағынаны бiлдiредi. Неміс ғалымы М. Вебер саяси партиялардың дамуының мынадай кезеңдерін атап өткен:

· аристократиялық үйірмелер;

· саяси клубтар;

· көпшілік партиялар.

М. Вебер саяси партия дегенiмiз мүшелерiн өз ерiктерi бойынша қабылдайтын, өз басшыларына билiктi жеңiп алуына, белсендi мүшелерiнiң материалдық және жеке артықшылықтарды иеленуіне қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын қоятын қоғамдық ұйым деп анықтама берген болатын.

Сонымен,саяси партия дегеніміз саяси билiктi иеленуге немесе мемлекетте билiктi жүзеге асыруға қатысуға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ.

Саяси партияның негiзгi белгiлерi:

¨ белгiлi бiр идеологияны алып жүрушi;

¨ адамдардың ұйымдасқан бiрлестiгi (ұзақ мерзiмдiк, ерiктi, саясаттың әртүрлi деңгейi бойынша құрастырылған, жергiлiктiден халықаралыққа дейiн);

¨ билiктi жеңiп алу және жүзеге асыру мақсатын ұстануы;

¨ саясатта белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн бiлдiруi немесе қорғауы.

Саяси партияның құрылымы:

¨ партиялық аппарат;

¨ қатардағы мүшелерi;

¨ партия жақтаушылары.

Саяси партияның қызметтерi:

¨ билiк үшiн күрес, оны пайдалану және бақылау;

¨ үлкен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн негiздеу, анықтау, жинақтау;

¨ үлкен әлеуметтiк топтың белсендiлiгiн арттыру және топтастыру;

¨ партиялық идеологияны, қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзу;

¨ қоғамда саяси тәрбие жүргiзу;

¨ партия, мемлекеттiк құрылымдар мен әртүрлi қоғамдық ұйымдарға кадрлар даярлау және ұсыну.

Саяси партия қалыптасуына керi ықпал ететiн факторларға:

1 партиялардың әлеуметтiк базасының шектеулiлiгi;

2 партиялардың саяси саланы түсiнуiнiң тарлығы;

3 партиялардың қаржы тапшылығы жатады.

2 Саяси партия типологиясы.Саясаттану ғылымында саяси партиялар жiктемесi көптеп кездеседi. Мәселен, марксистер жiктеудiң негiзгi өлшемi ретiнде партияның таптық табиғатын алады, институттықтұрғыны жақтаушылар ұйымдық-құрылымдық өлшемдi алады, функционалистер партияның ең басым және орындау мүмкiндiгi бар қызметiн негiзге алады, либералдық бағыт партияның идеологиялық және саяси сипатының маңыздылығын айтады.

Саясаттану ғылымында М. Дюверженiңсаяси партия концепциясы классикалық деп танылған. Ол партияны кадрлық және бұқаралық деп екiге бөледі.

Кадрлық партия демократия дамуымен, сайлау құқығы мен принциптерi енгiзiлуiмен бiрге келдi. Бұл партияның негiзгi қызметтi сайлау компаниясын өткiзу. Партияның негiзгi мақсаты көп мүшелердi иелену. Кадрлық партиялардың ұйымдары әлсiз, құрылымы нақты емес, жергiлiктi ұйымдарының дербестiгi басым, депутаттық фракция басқа депутаттардан тәуелсiз болады. Кадрлық партияға АҚШ-тағы Республикалық және Демократиялық партиялар жатады.

Бұқаралықпартияға европалық барлық социалистiк, христиандық-демократиялық, коммунистiк, ұлттық-социалистiк партиялар жатады. Бұқаралық партиялар қатал тәртiпке ие. Демократиялық орталықтандыру принципiне тәуелдiлiк бұл партияларды бiртұтас еттi. Бұқаралық партиялар саяси жүйеге ең ықпалды партия. Парламенттiк сайлау барысында тығыз ұйымдық құрылымға ие бола отырып, жеңiске оңай жетедi.

Дж. Сартори саяси партияның мынадай типологиясын ұсынады:

1 парламенттiк-электораттық партия;

2 ұйымдық-бұқаралық партия;

3 электораттық-бұқаралық партия.

Саясаттану ғылымында саяси партияның мынадай типологиялары да кездеседi:

1 әлеуметтiк ақиқаттылыққа қатынасына қарай: революциялық, реформистiк, реакционерлiк, консервативтi;

2 идеологиялық бағытына қарай: социал-демократиялық, коммунистiк, либералды, консервативтi, дiни, монархиялық, ұлттық, фашистiк;

3 саяси билiкке қатысуына қарай: билеушi, оппозициялық, жария, жартылайжария, жасырын;

4 саяси темпераментiне қарай: оңшыл, центристiк, солшыл.

3 Партиялық жүйелердiң мәнi. ХІХ ғасырдың екiншi жартысында және ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Европа мен АҚШ-та көппартиялық, екiпартиялық, бiрпартиялық жүйелер қалыптасты. Бұл елдердегi саяси өмiр мiндеттi түрде партиялармен байланысты болды. Саяси жүйеде партиялар бара-бара шешушi рөл атқара бастады. ХlХ ғасырда партиялар саяси күрестiң идеологиялық формасын иелене бастады, сондықтан да партиялар белгiлi бiр идеяларды алып жүрушi болып табылды. Демократия – бұл саяси партия қызметiнiң, құрылуының жемiсi. Демократия партиялық қолдаусыз мүмкiн емес:

· олар парламент қызметiне қатысады.

· парламентте партиялар өздерiнiң саяси курсын ұсынады және қорғайды.

· партия парламенттiк деңгейде шешiм қабылдауға қатысады, бұл партияның күшiн сынау болып табылады.

· партия сайлауға қатысады, саяси бейжайлықпен күреседi, ел үшiн саяси басымдылықтарды анықтайды.

· саяси партиялардың көптiгi сайлаушыларға таңдау мүмкiндiгiн тудырады, билiкке таза бәсекеде жеңiске жету мүмкiндiгiн тудырады.

Партиялық жүйелер партиялардың санына қарай бiрпартиялық, екiпартиялық, көппартиялық болып бөлiнедi (М. Дюверже).

Көппартиялық жүйе(мультипартизм).Батыс Европаның көптеген елдерiнде көппартиялық жүйе өмiр сүредi. Көппартиялық жүйе елде қалыптасқан әлеуметтiк-саяси жағдайға және идеологиялық бағыттылыққа тәуелдi.

Екiпартиялық жүйе(бипартизм).Көптеген саясаттанушылар саяси жүйе бiрқалыпты жұмыс iстеуi үшiн екi партиялық жүйе тиiмдi деп есептейдi. Мұның тиiмдiлiгi билiк басындағы партияны екiншi оппозициялық партия толық бақылауға алуы. Сондай-ақ жеңiске жеткен партия тұрақты үкiметтi құруға қол жеткiзедi. Парламентке сайлауда екi партиялық жүйе қызметшiл. Бұл партия шешiмi бiршама нақты және тиiмдi. Екi партиялық жүйенiң классикалық көрсеткiшi АҚШ-тың партиялық жүйесi.

Бiрпартиялық жүйе(монопартизм).Бiрпартиялық жүйе белгiлi бiр саяси жүйеге ғана тән, олар социалистiк, фашистiк және дамушы елдер.

Бiрпартиялық жүйенiң қалыптасу белгiлi бiр әлеуметтiк-тарихи себептерге және сол партия алға қойып отырған мақсаттарға да байланысты. Мысалы, КСРО-дағы коммунистiк партия мен Германиядағы национал-социалистiк партия. Дегенмен, кейбiр ойшылдардың айтуы бойынша белгiлi бiр тарихи кезеңде бiрпартиялық жүйе үлкен жетiстiкке де алып келедi.

Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйенiң қалыптасуы.

Қазақстандағы «Саяси партиялар туралы» бірінші заң 1996 жылы 2 шілдеде қабылданған болатын. Қазақстандағы саяси өзгерістерге және демократиялық қоғам орнату талаптарына сәйкес Парламент 2002 жылдың 15 шілдесінде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды.

Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйе қалыптасуын қазақстандық саясаттанушы ғалым М. Машан мынадай кезеңдерге бөліп көрсетеді:

1 1986 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басы (ресми емес бiрлестiктердiң қалыптасуы);

2 1990 жыл мен 1991 жыл тамыз (партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуы);

3 1991 жылдың тамызы мен 1993 жылдың қаңтары (КПСС таратылуы, КСРО-ның тарауы, тәуелсiз ҚР құрылуы, саяси партиялардың тiркеуден өтуi, азаматтардың саяси белсендiлiгiнiң артуы);

4 1993 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың тамызы (бiрiншi қабылданған ҚР Конституциясынан жаңа Конституциясына дейiн);

5 1995 жылдың тамызы 1996 жылдың шiлдесi (жаңа қабылданған ҚР Конституциясынан ҚР саяси партиялар туралы Заңына дейiнгi кезең);

6 1996 жылдың шiлдесiне 2002 жылдың қыркүйегiне дейiнгi кезең.

7 жаңадан ҚР саяси партиялар туралы Заңының қабылдануы (2002 жыл 19 қыркүйек).

Қазақстан Республикасындағы саяси өмiр мен азаматтық қоғамның қалыптасу процесi демократияландырудың заңдылықтарының сақталынып отырғандылығын көрсеттi. Дегенмен мынадай қиындықтар да кездесуде:

1 көппартиялық жүйенiң жылдам және аз уақытта қалыптасуы;

2 өтпелi қоғамдағы саяси факторлардың жетекшiлiк рөлi реформаның жоғарыдан жасалынуына байланысты болуы.

3 қоғамның саяси жүйесінде қайшылықтың барлығымен байланысты.

Қоғамның саяси өмірінде қоғамдык-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы мен эволюңиясы. Қазақстандық қоғамның сяаси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі. Қоғамдық Ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуы, белгiлерi мен қызметтерi. Қоғам мүшелерiнiң белгiлi бiр тобының мүддесiн бiлдiрiп, қорғайтын, алдына қойған мақсатқа жету үшiн ерiктi түрде мүшелiкке кiрген, оған материалдық көмек көрсететiн өзiн-өзi басқаратын адамдардың бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар деп аталады. Олардың қоғамдық мәртебесi мемлекеттiк заңда және өзiнiндiк жарғыларында анықталынады. Оларға БҰҰ, Еропалық Экономикалық Одақ т.б. жатады.

Қоғамдық ұйымдар сан алуан болып келедi. Оларға: партиялар, кәсiподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтiк бiрлестiктер, шығармашылық одақтар, ерiктi қоғамдық, ғылыми-техникалық, мәдени, ағарту, спорттық, қорғаныс ұйымдары жатады. Осы қоғамдық ұйымдар арқылы көптеген адамдар қоғамды өзiн-өзi басқаруға қатысып отырады.

Қоғамдық-саяси қозғалыс дегенiмiз бұл өздерiнiң әлеуметтiк, саяси, экономикалық, рухани мүдделерiн жете түсiнген қалың бұқара халықтың қауымдастығы. Қоғамдық-саяси қозғалыстар- бұл мемлекеттiк және партиялық құрылымдарға тiкелей кiрмейтiн, алайда саяси өмiрге ықпал ететiн саяси құрылымдар. Сонымен саяси қозғалыстар дегенiмiз өкiмет билiгi үшiн күрес арқылы қазiргi жағдайды өзгертуге немесе үкiметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштер. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмашылығы ол өкiмет үшiн немесе үкiметтi жүзеге асыру тәсiлiне ықпал ету үшiн күреседi, яғни ол бұл жолда саяси тәсiлдердi пайдаланады.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегiдей саяси жағдайлар себеп болды: 1. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкiмет орындарына тiкелей жеткiзе алмайды, сондықтан да өз сияқтылармен топтасады; 2. Экономикалық және әлеуметтiк қайшылықтар, наразылықтар себеп болады; 3. Ұлттық мәселелердiң шешiлмеуi. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» ұйымдары солай құрылды; 4. Саяси қозғалыс көпшiлiк саяси партияны құру жолында алғашқы саты болып табылады.

Қоғамдық ұйымдар былайша сипатталынады:

1. оған мүшелердiң байланыс жүйесi мен мүдделерiнiң ұқсастығы;

2. iшкi ұйымдық құрылымы /ресми немесе бейресми/;

3. жалпы мақсат үшiн шешiм қабылдау қабiлетi;

4. әлеуметтiк бақылау жүйесi, сол қоғам мүшелерiнiң өзара әрекетiн қамтамасыз етушi.

Қоғамдық саяси қозғалыстардың белгiлерi арқылы жiктелiнедi:

¨ таптық белгiсi бойынша - шаруалар, жұмысшылар, фермерлер;

¨ идеологиялық белгiсi бойынша - коммунистiк, либералдық, социалистiк, дiни;

¨ ұлттық белгiсi бойыншы- интернационалдық, ұлтшыл-патриоттық т.б.;

¨ жас және жыныс белгiсi бойынша - әйелдер, жастар, ардагерлер қозғалыстары.

қоғамдық саяси қозғалыстар - бұл мемлекеттiк құрылымдар жанынан құрылатын, саяси шешiмдерге тiкелей, тура әсер ететiн ұйымдар:

¨ лобби, күш көрсету топтары. Олардың негiзгi мiндетi - болашақта солардың шешiмдерiне ықпал ете отырып, саяси қайраткерлермен және шенеунiктермен байланыстар орнату;

¨ ұйымдар, кәсiподақтар кәсiпкерлер одақтары, тұтынушылар қозғалыстары. Бұлар үшiн саяси қызмет тұрақты болып табылады;

¨ табиғатынан стихиялы болып табылатын қозғалыстар.

қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметтерi мыналар:

¨ қоғамдық пiкiрлердi, қоғамның әр түрлi әлеуметтiк топтарының көңiл-күйiн бiлу;

¨ билiк құрылымдарының қызметтерiне бақылаулар орнату;

¨ жеке адамды саяси әлеуметтендiру;

¨ жеке адамның азамат ретiнде қалыптасуы;

¨ қоғамдық өмiрдi нақты жеке адам мен әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн жүзеге асыру;

¨ саяси шешiмдердi қабылдауға қатысу.

Қоғамдық қозғалыстардың iшiндегi кең тарағаны Халық майдандары, олардың түрлерi мынадай:

1. Ұлт азаттықты алу үшiн құрылған саяси күштер. Африка және Азия елдерiнде ұлт азаттықты алу үшiн құрылған алық майданы қозғалыстары.

2. Саяси билiктi алу үшiн немесе өздерiнiң саяси мақсаттарына жетуге күштерi жетпеген кезе саяси партиялар немесе олардың көсемдерi құрған халық майдандары;

3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшiн құрылған халық майдандары.

Белгiлi жастар қозғалыстарына металистер, фанаттар, панкiлер, хиппилер, рокерлер, пацифистер жатады.

ҚР қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, олардың құқықтық қамтамасыз етiлуi.Елiмiздегi қоғамдық қозғалыстар тарихына назар аударсақ, олар қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық және саяси мүдделер бойынша құрылды. Елiмiзде 1989 жылдың соңы мен 1990 жылдары 100-ге жуық ресми тiркеуден өткен қоғамдық ұйымдар өмiрге келдi. Мұндай қоғамдық ұйымдардың қатарына, саяси белсендiлiктiң орталығына айналған, Алматы қаласындағы 1986 жылға желтоқсан құрбандарын ақтау үшiн құрылған «Желтоқсан» қоғамдық комитеттi, «Азаматтық Бiрлестiк» қозғалысы, тарихи-ағартушылық «Ақиқат» қоғамы, тәуелсiз «Бiрлесу» кәсiподағы. Сонымен бiрге, экологияны қорғау, ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей», «Арал-Балқаш», тәуелсiздiктi мақсат еткен «Азат» қозғалыстары саяси аренаға шықты. Қазақстанда 1994 жылы 500-ге жуық, ал 1998 жылы 1531 қоғамдық бiрлестiктер тiркелдi.

Соңғы жылдары билiкке ықпалы басым қоғамдық қозғалыстар пайда болуда, мәселен, 2000 жылы құрылған «Әдiл сайлау жолында» қоғамдық қозғалысы. Сонымен бiрге осы жылы құрылған «Денсаулық сақтау, бiлiм беру және өнеркәсiп қызметкерлерiн әлеуметтiк-құқықтық қорғау» қозғалысы.

Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстарды алдына қойған мақсатына қарай былайша топтастыруға болады:

1. экологиялық бағыттағы ұйымдар, «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитетi, «Табиғат» комитетi және т.б.;

2. Ұлт мәселесiн шешу мақсатында құрылған қоғамдық ұйымдар, Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бiрлестiгi, республикадағы казактар қозғалысы, немiс, Ұйғыр, грек, кәрiс т.б. мәдени орталықтары;

3. тарихи-ағартушылық қоғамдар, «Мемориал», «Әдiлет», «Ақиқат» т.б.;

4. әлеуметтiк талаптар қойған ұйымдар, «Атамекен», «Алтын бесiк», «Жерұйық», «Шаңырақ» т.б.

Сонымен бiрге, елiмiзде ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары да бар.

Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері. Мүдделі топтар: түсінігі, қызметтері және жіктелуі. Қысым топтары. Лоббизм сөзiнiң тағдыры күрделi. 1553 жылы ол шiркеудегi серуен алаңы ретiнде пайдаланылады. Онымен жүз жыл өткен соң Англияда қауым палатасының серуен алаңы аталады. Лоббизм саяси сипатқа екi жүз жыл өткен соң Америкада иелендi.

Лоббизм дәстүрi Америка Құрама Штатындағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысында үлкен беделге ие болған У.С.Грант президенттiк еткен жылдар /1869-1887ж./ қалыптасты. Американың 18 Президентi кешке өз командасымен бiр мейманханада, дәлiрек айтсақ, оның кiре берiсiнде /англ. lobby- вестибюль, прихожая/ демалуды әдетке айналдырады. Онда министрлер, сенаторлар әр түрлi адамдармен кездесiп, олардың ұсыныстарын, сұраныстарын тыңдап, оны ақша үшiн орындауға уәде берген.

Сөйтiп «лоббизм» сөзi қоғамдық санада екi мағынада бағаланды: Бiрiншi, жағымсыз мағынада - «таныс-тамыр», «протекционизм», «сатып алу» ұғымдарының синонимi ретiнде қолданылды. Яғни лобби билiк өкiлдерiне заңсыз қысым жасау, жемқорлық, сыбайластық, белгiлi бiр топтың мүддесi үшiн басқарушылық шешiмдердiң қабылдануы. Лоббизмге жағымсыз қатынас осы басқарушылық шешiмдердi қабылдауға ықпал ету мүмкiндiгiнiң негiзiнде қалыптасып отыр. Әрине бұл бiр жағынан әр түрлi әлеуметтiк құрылымдардың мүмкiндiгi мен күшiн көрсетсе, екiншi жағынан, билiктiң әлсiз жағын ашып көрсетедi.

Екiншi, лоббизмнiң жағымды жағы ол демократиялық саяси процесс институттары ретiнде әрекет етушi қалыпты, салауатты құбылыс. Бұл мағынада лоббизм ²қысым тобының² мемлекеттiк органдардың басқарушылық шешiмiне белгiлi бiр әлеуметтiк топ мүддесiн қанағаттандыру үшiн заңды формада ықпал ету.

Лоббизм саяси билiкпен тығыз байланысты. Тiптi мынадай заңдылықты ашып айтуға да болады: лоббизм ақиқат билiк қай жерде көп болса сонда көп. Лоббизм- өзiнше билiк белгiсi, керiсiнше билiк жоқ жерде немесе номиналды күш ретiнде әрекет ететiн жерде ол да көрiнiс бермейдi.

Лоббизм толық институт ретiнде мына екi жағдай бар жерде ғана пайда болады: 1) қоғамда әр түрлi мүдделер пайда болып, оның негiзiнде әлеуметтiк жiктелу күшейсе; 2) демократиялық қоғамға тән саяси плюрализм негiзiнде билiкке қолжеткiзу кеңейсе. Осыған байланысты билiк объективтi түрде бiр уақытта және толық барлық мүдделердi қанағаттандыра алмайды, сөйтiп кейбiр мүдделердi жүзеге асыру басымдылығы, кезектiгi қалыптасады. Әр түрлi топтардың және қабаттардың өз пайдалары үшiн мемлекет әрекетiне ықпал етуге талпынуы заңдылыққа айналады.

Лоббистiк қызметтiң формалары/АҚШ-та кең тараған/:

1) мүдделi жақтың бағыты айтып Конгересс комитеттерiнiң бiрiнде сөйлеу; 2) парламентте қарау үшiн заң жобасы мен ұсыныстарды түзу; 3) әзiрленiп жатқан шешiмдi қолдау немесе қолдамау мақсатында үгiт-насихат жұмыстарын және «төменнен қысым» компаниясын жүргiзу /хаттар, телеграмма, телефон соғу, ықпалды сайлаушылардың өз депутаттарына баруы т.б./.

АҚШ-та лоббизм мақсатының нәтижелi жүзеге асуы үшiн дамыған материалдық құрылымдар бар: 1) барлық iрi корпорациялар, кәсiпкерлiк одақтар, арнаулы ұйымдар өз құрамында тек ғана лоббистiк қызметпен айналысатын жүздеген адамдардан тұратын бөлiмдерге ие /бұрынғы кеңесшiлер, сенаторлар, министрлер, шенеунiктер, заңгерлер, т.б. «күштi» байланыстары, қажеттi қабiлеттерi бар мамандар/; 2) мүдделi топтар, әсiресе монополиялар жалданбалы лоббистердiң, көбiнесе ықпалды заң, үгiт-насихат, консультация фирмаларының немесе оның жетекшi мамандарының қызметiн пайдаланушы. Кейде мүшелiк негiзде кәсiпкерлiк, кәсiби немесе қоғамдық лоббистiк мақсатта ұйымдар құрылуы да мүмкiн.

Лоббизм әр түрлi салада кездеседi және әр түрлi болып келедi. Мысалы, заңшығарушы, атқарушы, сот билiк салаларындағы лоббизм. ТМД мемлекеттерiнде лоббизм көбiнесе атқарушы билiкте кездеседi. Өйткенi, бұл елдердегi түбегейлi мәселелер заңшығарушы билiк арқылы сирек шешiледi. Шын мәнiнде, барлығы президент қаулысы мен Үкiмет жарлығы арқылы шешiледi, олар құқық жүйесiнде басымдылық рөлге ие және тiкелей әрекет етуге құқылы.

Шартты түрде, адамдардың санасы мен iс-әрекетiне күштi ықпал етушi, билiктiң «төртiншi тармағы» - бұқаралық ақпарат құралдарындағы лоббизмдi де атап айтуға болады. Ал, лоббизмның өзi беделдi қызмет /АҚШ, Батыс елдерiнде/, кейбiреулер оны билiктiң бесiншi тармағы деп санайды. Мәселен, АҚШ-та лоббизм өз дамуының жоғары шыңына жеткен, кейбiр ғалымдар оны тiптi заң шығару билiгiнiң «үшiншi палатасы», «Американы басқару жүйесiнiң интегралдық элементi» деп атайды /Америкада лоббизм сонымен бiрге бизнеске айналған, Вашингтондағы лоббизмге жылына 100 млн. доллар жұмсалады/.

Демеушiлiктi /лоббирования/ қай басқарушылық шешiмде өз мақсатына жетуiне тәуелдi бөлуге болады: құқықшығармашылық /лоббизм нормативтiк актiлер арқылы заң шығару ұйымдарында/, құқыққолданушылық /лоббизм құқық қолдану актiсi арқылы/, құқықпайымдаушылық /лоббизм құқыққа түсiнiк беру актiсi арқылы/. Демеушiлiктi мүдде сипатына тәуелдi де бөлуге болады: саяси, әлеуметтiк, экономикалық, қаржы, құқықтық. Уақытына қарай демеушiлiк бiрмезгiлдiк және тұрақты болып бөлiнедi. Демеушiлiк билiктiң қай деңгейiнде жүзеге асатынына қарай да бөлiнедi: федералды /мемлекеттiк билiк пен басқарудың жоғары ұйымдары жүйесiнде жүзеге асырылады/, жергiлiктi /республикалық, өлкелiк, облыстық ұйымдарда/.

Демеушiлiктi кiмнiң пайдасына шешiлетiне қарай да жiктеуге болады. Әр түрлi әлеуметтiк құрылымдардың демеушiлiгi: қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, партиялар, топтар, қабаттар, кәсiподақтар, антиәскери және экологиялық қозғалыстар, кәсiпкерлер одағы.

Ведомствалық демеушiлiк -бұл министрлiктер, ведомствалар, мемлекеттiк комитеттер лоббизмi /энергетика, агроөндiрiс, әскери-өндiрiс комплекстерi пайдасына демеушiлiк/.

Өлкелiк демеушiлiк - билiкке республика, өлке, облыс, аудан т.б. өкiлдерi тарапынан ықпал ету, өлке үшiн белгiлi бiр артықшылыққа ие болу.

Шетелдiк демеушiлiк- бұл шетелдiк «қысым тобының» қандай да бiр мемлекеттiк ұйымға белгiлi бiр шешемдi иелену мақсатында ықпал етуi.

Лоббизмнiң артықшылықтары:

· басқарушылық шешiмге ықпал ету, лоббизм мемлекеттiк ұйымдар мен басқармаларды «форманы сақтауға» мәжүр етедi, олармен белгiлi бiр деңгейде бәсекелеседi және жарысады, оларға динамика мен үйлесiмдiлiк бередi. Билiк тармақтарға бөлiнген жағдайда әрбiр тармақ лоббидi өз мақсатына пайдалана алады. Мәселен, АҚШ Конгресiнiң заңгерлерi ресми түрде белгiлi бiр мүдделi топтың лоббистiк кадрларымен әрiптестiк қатынаста болады, ал ол заңшығарушы билiктiң бағытын күшейтедi.

· лоббизм азаматтық қоғамды ұйымдастырудың құралы ретiнде әрекет етедi, оның көмегiмен қандай да бiр заң жобасы қоғамдық қолдауға немесе оппозицияға ұшырайды, саясатқа ықпал күшейедi. Лоббизм бұл жағдайда бюрократияның қарсыласы. Мемлекет нарықтық қатынас қалыптасуы жағдайында әр түрлi әлеуметтiк топтар мен қабаттардың мүдделерiн қорғау бiрте-бiрте кейiн шегiндiрiле бередi, бұл вакуумды азаматтық қоғам құрылымдары толтықтырады.

· лоббизм азшылық мүддесiн қорғауға мүмкiндiк жасайды, немесе саяси плюрализмдi қалыптастырады.

· лоббизм әлеуметтiк мемлекеттiк емес құрылымдардың-ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, қабаттар бостандығы қағидасын ендiредi. Демеушiлiк көмегi арқылы олар өз проблемаларын шешуге тырысады және бұндай шешiмдердi таңдау жолдары мен тәсiлдерiне ие болады.

· бұл қандай да бiр мақсат пен мүдделердi өмiрге ендiрудi жеделдетуге бағытталған, тиянақты әрекетке ынталандырушы әлеуметтiк-саяси қызықтырудың өзiндiк құралы. Бұл бағытта лоббизм саясаттағы қандай да бiр процесс пен құбылысты белсендiру тәсiлi боып табылады.

· лоббизм қабылданушы шешiмнiң ақпараттық және ұйымдастырушылық базасын кеңейтуге мүмкiндiк жасайды және «айқайлаушы» проблемаға көңiл аудартады. Лоббистер мемлекеттiк билiк ұйымдарын ақпараттар ағымымен қамтамасыз етедi, сондықтан да оларды ақпарат «саудагерлерi» деуге болады.

· лоббизмдi өкiлдiлiк және атқарушы билiктердiң өзара әрекеттерiнiң құралы ретiнде қарастыруға болады. Билiктiң тармақтарға бөлiнуi оларды бiр-бiрiне қарсы қоймайды, тек қызметтiк сипатқа ие болады.

· лоббизмдi келiсiмге жету құралы, өзара салмақтылық тәсiлi, әр түрлi мүдделердiң қолданылуы ретiнде бағалауға болады.

Лоббизм кемшiлiктерi:

· лоббизм отандық мүдделерге зиянын тигiзiп, шетелдiк мүдде-лердi басым қанағаттандырудың құралы болуы мүмкiн.

· лоббизм кейде мемлекеттiк ұйымдарға заңсыз қысымдардың себепкерi болады. Мұнда оның билiктiң фундаментiн шайқалтатын қылмыстық түрлерi /жемқорлық, сыбайластық, т.б./ туралы айтуға болады.

· лоббизм «арнаулы мүдделердi» қанағаттандырудың қолайсыз формалары ведомствалық, жергiлiктiк, ұлтшылдық т.б. факторларының күшейуiне алып келедi.

· лоббизм қоғамдағы халықбилiгi бастауларына аз қауiп төндiрмейдi, яғни демократиялық институттарды жекелеген билiк топтарының күштi құралына айналдырады.

· лоббистiк шаралар белгiлi бiр жағдайда және әлеуметтiк әдiлетсiздiк қалыптасуы формасында өтедi. Мәселен, батыстық кейбiр мемлекеттерде лоббизм бизнесi басқа құрылымдарға қарағанда әлде қайда жоғары. Мұндай қайталанушы ахуалдар жағдайды тұрақсыздандыруға, шиеленiстiң өсуiне мүмкiндiк тудырады.

· лоббизм қажеттi басқарушылық шешiмдi жаулап алады, қоғамдық құнды мүдделердiң қанағаттандырылуына кедергi жасайды, шенеунiктер мүддесi жүзеге асуына мүмкiндiк бередi.

· бұл тәсiл кейде мемлекеттiк саясаттың тұрақтылығы мен белсендiлiгiне кедергi жасайды, бюджеттi тұрақты түрде қайтабөлуге, билiктiң бiр тармағының күшейуiне, қалғандарының әлсiреуiне алып келедi.

· лоббизм кейбiр қабаттардың, элитаның байуының құралы. «Лоббизм- бұл билiктегi күштi адамдар тобының бар мүмкiн шараларды материалдық ресурстар мен игiлiктердi қайта бөлу үшiн пайдаланулары» /М.Малютин. Лоббизм- всего лишь средство обогащения. //Известия, 1994, 16 ноябрь/.

Лоббизм барлық әлеуметтiк құралдар сияқты не бүкiл қоғам игiлiгi үшiн, не жекелеген партия, топтар пайдасы үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Бұның барлығы әлеуметтiк-экономикалық, саяси, мәдени дамуға, лоббизмнiң артықшылығы мен кемшiлiгiн шығаратын қолайлы жағдайларға тәуелдi. Лоббизм қоғамға пайда әкелуi үшiн мына жағдайлар қалыптасуы шарт: демократиялық институттар мен нормалардың шынайы әрекетi, экономикалық және саяси тұрақтылық, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсiздiгi, тұрақты азаматтық қоғам т.б. Осы факторлар қалыптасқан жағдайда ғана лоббизм жалпыәлеуметтiк режим және қоғамдық мүдде үшiн жұмыс iстей бастайды.

Лобби- белгiлi бiр заң жобаларына, қабылданатын шешiмдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететiн ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бiр түрiне жатады. Саяси, қоғамдық қайраткермен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкiметтiң табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздерiне керектi өзгерiстер жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлi әдiс-тәсiлдi пайдаланады /Д.А. Жамбулов/.

Лоббизмнiң түрлерi:

Лоббизмнiң мынадай формалары қалыптасқан: тiкелей лоббизм,

жанама лоббизм.

Тiкелей /iшкi/ лоббизмде лоббист пен мемлекеттiк билiк немесе ресми билiк өкiлдер арасында тiкелей байланыс орнайды.

Тiкелей лоббизм мынадай тәсiлдерi арқылы ерекшеленедi:

1. Заңшығарушылармен жеке кездесу.

2. Тыңдауларда сөз сөйлеу, пiкiрiн бiлдiру.

3. Заң жобасын даярлауда кәсiби кеңестер беру, көмектер ұйымдастыру.

4. Заңшығарушыларды әр түрлi кездесулерге шақыру.

Наши рекомендации