Олжас Сүлейменовтің «Қыш кітабы».
1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.
"Қыш кітап" — О. Сүлейменовтің айтулы шығармаларының бірі. Бірнеше мәрте басылып шыққан бұл поэма бұрынғы кеңестік империядағы әдеби жұртшылыктың назарын бірден баурап алған болатын.
Поэма бұрынғы КСРО мен шетелдер халыктарының көптеген тілдеріне тәржімеленді.
"Кыш кітап" — біз кайдан келдік және ғүмырлық сапарымыздың мәні не? деген мәңгілік сауалдарға жауап іздеп, тарих пен казіргі дүниедегі өз орнын іздеген адам туралы ойтолғау-поэма.
Басылым өлең сөздің өресін ұғынатын, О. Сүлейменовтің өршіл өлеңдерін кадір түтатын барша оңырман қауымға арналған.
1969 жылы жарық көрген ақынның "Қыш кітабы" атты поэмасы ата-бабаларымыздың артына қалдырған адамгершілік мұрасы жайында жазылған ең күрделі, құнды еңбектерінің бірі. Кітап бірнеше тілдерге аударылды.
Ақын, аудармашы профессор Леон Робель "Қыш кітабының" әдеби құнын айрықша көрсетті. "Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде жазатын тамаша ақындардың бірі. "Қыш кітабы" тарихи терең тамырлы ғажап ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл кітаптың ерекшелігі — мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде. Бұл — нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз", — деп өте жоғары бағалайды.
Ассирияда 28 жыл бойы билік құрған, «Тарих атасы» Геродоттың өзі жазып қалдырған Мәдінінің атасы Ишпакай заманына сүңгіді. Бұл бүгінгі ұрпағы біз болып табылатын Ассирия, Мысыр, Индия, Бабыл т.б. елдеріне ықпал еткен тарихын қолдан тереңдету емес еді. Бұл-біздің дәуірден бұрын өмір сүрген шумерлер мен ашшумербаниялдық сына тақталарында «Гильгамеш» туралы Қыш кітапта сақталып бүгінге дейін жеткен нақты дерек. Тек оны Олжасқа дейін ешкім жеткізген жоқ. Ақынның іздемпаздығы арқасында сол кезде қолға түсуі екіталай түпнұсқаларды түгел ақтаруға тура келді.
Осындай қиыншылыққа, 1953 жылдың наурыз шешіміне қарамастан Олжас Сүлейменов қаламын тарихи тақырыпқа жазылған поэмалар туралы сөз қозғағанда «Қыш кітабына» тоқталу қажет. Жалпы, Олжас туындылары аса күрделі де сан қырлы, сондай – ақ, ұшан-теңіз білімі мен еуропалық және шығыс өлең өнерінің техникасын толық әрі шебер меңгерген.
«Қыш кітап» өзінің білім деңгейімен, еуропалық мәдениетімен қазіргі қазақ поэзиясындағы оқшау дүние. Олжас: «Орыстар ХІХ ғасыр сияқты алтын ғасырды бастан кешті. Ал қазақтар ХІХ ғасырдың да, ХХ ғасырдың да жүгін арқалауға мәжбүр болып қаратерге түсіп келеді. Қазақ өлеңі оқуға арналмаған, естуге құрылған»-дейтіні сондықтан. Өйткені, ақын орыс поэзиясынан, еуропалық үлгідегі поэзиядан өсіп шыққан. Оның орыс мектебін бітіруі, оның өткен тарихын білудің бірден-бір көзі жылнамалармен, бір сөзбен айтқанда, қадым заман тарихшылары шығармаларының түпнұсқасымен, «Інжіл», «Гильгамеш» туралы дастан сияқты көмбемен танысуы оның әдеби аренада жарқ етіп, жұрттан бұрын шығуына мүмкіндік берді. Сондықтан әлем, қала берді орыс әдебиеті топырағынан шыққан Олжас шығармаларының көш ілгері тұруы заңдылық.
«Қыш кітап» - көркемдігі, философиясы жағынан аса биік, этнографиялық жағынан соңы, орындалуы, техникасы жағынан шебер шығарма. Тарихи тақырыпты қозғағанмен автор оны фон ретінде алып, бүгінгі күннің шындығын айтуға тырысады. «Қыш кітап» поэмасы бұдан 3000 жыл бұрынғы оқиғалар мен қазіргі заманды жалғастыратын да, жалғастырған да алтын көпір іспетті.
Бұл жай ғана уақытша қабыстыру емес, этнографиялық негізі бар көшпенділер ұрпағының байланысы. Автордың негізгі идеясы – қазақ тарихының да терең, оның әлемдік өркениетке өз үлесі бар екенін айту. Енді автордың осы ойын жеткізу шеберлігі қандай, соған тоқталайық.
Осы орайда поэманы үш тұрғыда: тарихи шындық, философиялық, көркемдік жағынан қарастырамыз. Тарихи шындық – поэманың алтын өзегі, онсыз (деректерсіз) ақынның ойы іске аспаған болар еді. Поэмадағы кейіпкер өмірде болған, аты тасқа қашалып тарихын шыңдаған адам. Ал, дастанға өзек болған халық – скифтер мен оғыздардың ежелгі Ассирияға, қазіргі Қазақстан территориясынан қоныс аударды деген болжам бүгін ғылыми түрде расталып отыр.
Бұл тұрғыдан алғанда автормен білім жарыстыратын ғалымдар аз шығар. Түркілер, оның ішінде қазақ тарихын мыңдаған жылдарға алғаш рет ілгері жылжытып, біздің ата- бабаларымыздың әлемдік өркениетке қадым замандарда – ақ ықпал еткенін ең бірінші рет мұқият дәлелдеген Олжас Сүлейменов. Автор тарихи деректерді ойнатып, логикалық жүйемен жақсы қолдана, қорыта білді.
Олжас поэмасы мүлдем бөлек, терең дүние. Оны бір оқып шығып түсінем деу қате, өйткені поэманы түсіндіретін түйін шығарманың аяғына дейін жасырын ұсталады, не мүлдем айтылмай, салмақ оқушының өз түсінігіне, білім дәрежесіне, сана саралығына қалдырылады. Ал, поэма түсініп отырған адамның білімін шыңға көтеріп тастайды. Автор оқушыны өзімен тең ұстайды, поэма сондықтан қарапайым оқушыға шашыраңқы, ауыр көрінеді.
Кеше ғана өткен 10 жылдығы, не 100 жылдығы емес, бұдан 3000 жыл бұрынғы оқиғалар қарапайым оқырманаға ғана емес, сол тарихты жетік білетін автордың өзіне де, қайткен күнде де тұманды, күмәнді, сондықтан да ақын бүгін мен тарихты қабыстыру жолында екіұшты тәсілді қолданып, сырттай қараған көзге поэманы жеңіл жазып, сол тарихи оқиғалардың өзін мысқылдап отырғандай әсер аласың. Бұдан 2700 жыл бұрын өмір сүрген Шипакай біріншінің рухы бүгінгі қойшыға, одан студентке жетті. «Оғыздан қаны бар» тарих факультетінің студенті дәл осы Шипакай дәрежесіне жетеді. Әлгі студент кіші ғылыми қызметкер студенттен доктор Шипакайға жалған жолмен жетеді.
Дегенмен, тарихтың қалың қатпарына сүңгіген ақынның еңбегі көл-көсір. Әлем әдебиетінің алтын қорына Олжастың бұл поэмасының да қосылатынына дау жоқ.