Жетек қуатын есептеу және қозғалтқыш таңдау
Көтерім машинасы қозғалтқышының шамалы куаты келесідей анықталады.
(42)
мұндағы - динамикалық кесте сипаттамасы;
- аударылмалы скипті бірарқанды қондырғылар үшін - 1,4-1,8;
- аударылмайтын скипті бірарқанды қондырғылар үшін 1,3-1,4;
- көпарқанды қондырғылар үшін 1,2-1,3;
- көтерімнің бір цикліндегі қозғалыс уақыты, с; - редуктор ПӘК-і (0,85-0,93).
(43)
мұндағы - сағаттағы көтерім циклдерінің саны; - үзіліс, с.
2,5-кесте. Скиптерді тиеуге және түсіруге үзіліс ұзақтығы
Скип көлемі, м3 | Үзіліс, с |
2-3 | |
4-5 | |
7-8 | |
9-11 | |
15-18 |
(44)
Жетектік электрқозғалтқыш қуаты бір клетті және бірскипті керісалмақты көтерім үшін келесідей анықталады.
кВт. (45)
Жетектік эл.қозғалтқыш көтерім ыдысының қажетті жылдамдығын қамтамасыз етуге тиісті. Сондықтанда эл.қозғалтқышты қажетті қуаты және айналу жиілігі бойынша таңдау келесі ретте атқарылады.
1. Көтермнің болжамды ең жоғары жылдамдығы анықталады.
(32)
2. Редуктордың беріліс қатынастарының i 2 – 3 мәндері үшін эл.қозғалтқыштың қажетті айналу жиілігі анықталады.
айн/мин (33)
айн/мин (34)
айн/мин (35)
мұндағы i1, i2, i3 – таңдалған көтерім машинасы редукторының мүмкін беріліс қатынастары;
Dб – таңдалған көтерім машинасының барабан диаметрі (үйкеліс шкивінің), м.
3. Есептік қуаты бойынша есептік айналу жиілігіне жуық эл,қозғалтқыш таңдалады.
4. Көтерімнің нақтылы ең жоғары жылдамдығы анықталады.
(36)
Қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай скитік көтерім үшін ең үлкен жылдамдық келесіден аспауға тиісті.
(37)
Жетек түрі келесілерді ескере қабылданады. Қуат 1000 кВт-қа дейін болғанда фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштар пайдаланылады. Қуат 1000 нан 2000 кВт-қа дейін болғанда айнымалы тоқты екіқозғалтқышты жетек немесе тұрақты тоқ жетегі қолданылады. Қуат 2000 кВт-тан асқанда басымдылық тұрақты тоқ қозғалтқыштарына беріледі.
Редукторды оның тынышайналу білігіндегі айналдыру моменті бойынша таңдайды.
Н·м, (38)
мұндағы - қозғалтқыш қуаты; - қозғалтқыштың айналу жиілігі, айн/мин; - ротордың (якордың), махтық сәті кН·м2; - қозғалтқыштың артықсалмақ қабылдау қабілеті; R – көтерім машинасы барабанының радиусы, м; - редуктордың беріліс қатынасы; - редуктор ПӘКі.
АРНАЙЫ БӨЛІМ
Жүк тасығыш ыдыстын қалыпты қозғалысы бірқатар қорғаныстар мен блоктағыштар арқылы бақыланады. А – артық көтерілісі болдырмайтын құрылғы,в- ен жоғары жылдамдықтан асырмайтын құрылғы, с – жүк тасығыш ыдыстың төгу қисықтарында қыстырылып қалуын жане арқан ішегінің босаңсуын болдырмайтын, д- арқанның оқпанда қыстырылғанда босансуын болдырмайтын,n-ыдыстың ақырғы нүктеге келуіндегі жылдамдықты асырмау құрылғысы тсс.
Қауіпті жағдайлар пайда болса жоғарыда аталған құрылғылар шахталық көтерім қондырғысы қорғанысының басқа элементтерімен біртұтас қорғаныс жүйесіне бірігіп, қорғаныш тежегіштің 5 электромагниттің 2 өшіруге белгі береді. Электромагниттің жұмыс істегендігі туралы белгі тежегішті 3 басқару жүйесіне түседі, ал содан кейін атқару органы 4 көтерім машинасын тоқтатады.
Арқанның босансуынан қорғау.
Соңғы жылдары көтерім ыдысы қыстырылып қалғанда арқанның босансуынан бақылауға алынған аспаптардын оннан астам түрлері әзірленеді. Олар жіктеліп бағаланған бұл бақылау тәсілдерін болжауға көтерім қондырғыларының жеке нүктелері мен көрсеткіштерінің мүмкіндіктерін білуге, сол арқылы арқан босансуын бақылаудын қалай ұйымдастырылғандығын, сондай ақ белгілі құрылғылардын схемасы,конструкциясы, әсер ету принципі жане ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді.
Жіктеу негізінде бақылауды атқару ұсынылатын нүктенің орналасу орынын ескеретін белгі жатыр. Ондай бақылау нүктелері көп болғандвқтан олардың барлығы төрт топқа бөлінеді.
Бірінші ьоптын нүктелері оқпанда арқанның әр тарамдарының босансуын арқанның жұмыстық учаскелерінен жүктасығыш ыдыстар жанынан немесе тікелей олардың өзінен бақылауға мүмкіндік береді. БҰЛ РЕТТЕ оларды арқан керілісі қыстырғыш құрылғынын немесе парашюттін жетектік серіппесінің қалпы жүктасығыш ыдыстың жолы жылдамдығы немесе удеуі нақты көрсеткіштері бойынша бақылайды.
Екінші топ нүктелері жүктасығыш ыдыс қозғалысының ақырғы төменгі нүктесінің арғы жағында орналасқан жане арқан босансуын салыстыра немесе онын ілгегінен оқпандағы тірелген нүктеге дейінгі арақашықтықты өлшей бақылауға мүмкіндіктбереді.
Үшінші топқа жататын бақылау нүктелері дінде орналасқан жане әр көтерім арқанының көтерілістерін немесе дің элементтері реакцияларын бақылауға мүмкіндік береді, ал олар ақырғы салмаққа жане арқан босансуы мәніне тәуелді. Арқандардың жылдамдықтарын салыстыра бақылауға болады, ол үшін жұптарымен нүктелерін пайдалану керек.
Төртінші топ нүктелері машиналық залда орналасады, босансуды көтерім көтерім арқандарының ішегінің майысуын өлшеу арқылы барабан қаптамалары реакциялары немесе көтерім қозғалтқышындағы токты өлшеп бақылауға арналған.
Төменде әр нүктелер топтарының бағасы берілген олар жүктасығыш ыдыстың апаттық күйде кешігуін байқау уақыты негізінде орындалған.
Арқан босансуын бақылайтын датчиктер.
Жоғарыда көтерім қондырғысы жұысының қандай да бір көрсеткіштерін өлшеу арқылы арқан босансуын бақылауды ұйымдастыруға болатын нүктелер қарастырылады.
Ол өлшемдердің кез кезген өлшеуші түрлендіргіш көмегімен атқарылады, демек баұылау құрылғысының негізгі элементтерінің бірі болып табылатын датчикпен. Бұл құрылғы өлшегіш түрлендіргіштердің конструктивтік жиынтығы болып табылады, оған белгі энергия түрін түрлендіргіш кедергіден беріледі, ол белгі нысанның әсер етуші факторларының әсер аусағында орналасқан жане ол нысаннан қодталған ақпарат қабылдайды. Кез келген өлшеулер ауытқусыз болмайды. Ауытқулар бастауына байланысты әдістемелік ауытқулар жане құрал-саймандық деп бөлінеді.
Дұрыс тандалған тәсіл жане жетілген датчик ол ауытқуларды барынша азайтады жане бақылау құралдарының әсер ету сенімділігінің өсіреді. Жане керісінше дұрыс тандалмаған нүкте бақылау датчигінің көрсеткіші мен конструкциясы бақылауды сенімсіз етеді,оларды диапазоны шектеулі жане екпінді болады, ал кейде кешеуілдей көрсетеді.
Қазіргі кезде сенімді және жақсы датчиктердің болмауынан барлық қарастырылған нүктелер арқан босаңсуын бақылауда пайдаланылмайды.
Мысалы 2,9 және 10 нүктелерде бақылау ұйымдастыру үшін датчиктер жоқ . Бірақ басқа нүктелер үшін өнертапқыштық деңгейде және алғаш әзірлемелер ретінде датчиктердің конструкциялар және алғаш әзірлемелер ретінде датчиктердің конструкциялар және әсер принциптері бойынша тәжірибелік үлгілері әзірленген.
Үшқуысты датчик
Арқан керілісін бақылау датчиктері (ДНК) тегеурін датчиктерінің белгілі бір түріне жатады. Қарастырып отырған датчиктер 3 және 3нүктелерінен арқанның ауысуын бақылауға арналған , демек жүк тасушы ыдысқа таяу орналасқан арқан учаскесінен ДНК-1-дей алатын солардың бірі 10.3, а-суретте келтірілген және қораптан 8 тұрады, оның ішінде итергіш 9 бұрандалы 10 серіппесімен орналасқан. Итергіш шток 11 арқылы және қысқышпен 7 көтерім 5 арқанына қатты жалғанған.
Итергіштің екінші жағынан тұрақты магнит 12 бекітілген, ол сақина бейнелес, оған пластмассалы гильза 13 кіреді, ол қорапқа 8 бекітілген. Гильзаға геркон кигізілген, гильза бекітпесі герконның қалпын магнитке 12 қатысты реттеу мүмкіндігімен орындалған. Осылайша, гильза герконды қорап ішіне бекіту элементі болып табылады және оны датчикті құрастыру барысында механикалық әсерлерден қорғайды. Cонымен қатар, қораптың сыртқы жағынан тірекшелер 14 екі жылжымалы тіреулерімен 15 қатты бекітілген, олар көтерім арқанның бағыттағыштары болып табылады.
Эос-2-жылдамықты шектегішінің құрамдық схемасы көрсетілген, ол АЗК аспабы құрамнда қолданылады (10.13-сурет).
Айналыс көтерім машинасы 1 білігінен АЗК аспабының редукторының 2 екі симметриялық бөліктеріне беріледі, одан сельсин-датчиктер 3, 4, тохогенераторлар 5, 6, жолдық ажыратқыш 7 жетекте келеді. 5 және 6 тахогенераторлар шығаберісіне 8,9 айналысты бақылау релесі қосылған.
Редуктордың 2 беріліс қатынасы көтерім машинасы екпін алғанша сельсин-датчиктердің роторларының 50-70 градусқа бұрылуын қамтамасыз етеді. Қабылдау алаңшаларына жақын, жылдамдық шектегіш төменгі жылдамдықты бақылайтын тұста, сельсиндердің синхрондау обмоткаларының қысқыштарындағы нөлге жуық болуы тиіс.
Ыдыстар қабылдау алаңшаларынан алыстаған сайын ол кернеу бақылаудағы жылдамдыққа тікелей қатынаста өседі. Сельсин датчиктің шығаберіс кернеуі 10 және 11 диодтыфункционалды түрленіргіштермен модельденеді , олар талап етілтін заңмен жылдамыққа тапсырыс береді және берілген мәннің қажет шекте өзгеруін атқарады . 10 және 11 түрлендіргіштерінің шыгаберіс кернеуі 12 және 13 салыстыру блоктарына беріледі.
Салыстыру блоктарына сондай-ақ 14 және 15 тахогенераторлардан, нақтылы жылдамдықтарға тікелей қатынастағы кернеулерде берілеі. Бұл жылдамдықтар берілгендерден асып кеткенде, 12, 13-блоктарда белгі жоғалады, одан шығаберістегі реле қорғаныс тұйығындағы өз түйіспелерін үзеді, 18-блок функционалдық 10,11-блоктардың дұрыстығын бақылайды, ал 19-блок арналардың бүтіндігін (дұрыстығын) кезеңмен тексеруге арналған.
3 ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Технико-экономикалық көрсеткіштерге күрделі шығындар, еңбекақы мен пайдаланудағы материалдарға, энергияға шығындар, сондай-ақ көтерім қондырғысы жұмысының, үлестік көрсеткіштері кіреді. Жобалаған қондырғыны пайдалануға байланысты жұмысшылардың еңбекақысының жылдық қоры анықталады. Жабдықтарды сатыпалуға, тасымалдауға және құрастыруға және негіз құюға немесе басқада ғимараттар тұрғызуға шығындар, электр энергиясы мен материалдардың құны есептелінеді.